БАҚАНАС – өзен, Үлкеннарын а.о. Сан ғасырлар бойы көшпелі өмір
салтын ұстанған түркілер де, моңғолдар да географиялық обьектінің
формасы мен көлеміне байланысты сан алуан атауларды жасағаны
белгілі. Мұндай атаулар құрамында көбіне үлкен, кіші, шолақ, ұзын, қысқа, келте, жуан, жіңішке, биік, аласа тәрізді анықтауыштар
орын алады. Моңғолдың төл топожүйесінде де объектінің ауқымына,
формасына көлеміне қатысты атаулар мухар «келте», богино «қысқа»,
урт «ұзын», нарийн «жіңішке», нам, намхан «аласа», өндөр «биік»,
бүдүүн «жуан» т.б. сөздер мен гол «өзен», ус «су», уул «тау», даваа «асу»
т.б. географиялық терминдердің тіркесуі арқылы жасалады. Бақанас атауы моңғол тілінде «қысқа, келте, шолақ» мағынасын білдіретін богино және «өзен, су» мағынасындағы ус гидронимдік терминнің тіркесуінен
жасалған, дыбыстық өзгерістерге ұшырағанына қарамастан,негізінен әу бастағы толық құрамын сақтаған моңғол текті атау [81,96б.]. Бақанас
гидронимін көптеген ғалымдар бақан+ас тұлғаларына бөледі де, бақан
сияқты басы екіге айырылған өзен деп табады. Шынына келсек, бұл
атау монғолдың баға «аз», «шағын», «қысқа» сөзі мен ус «су» түбірінің
бірігуінен жасалған: Баға (н) ус- Бағанас-Бақанас. Қазақстанда бірнеше
жерде кездесетін мұндай өзендердің көбі, расында, шолақ келеді. сөйтіп,
Бақанас-»шолақ, қысқа су (өзен)» деген мәнде тұрған атау[81,96б.].
БАҚАТ – тау, ж.а., Қатонқарағай а.о. Жергілікті тұрғындар кісі атына
байланысты қойылған атау дейді. Нақты мағынасын анықтау болашақ
зерттеулердің алатын межесі болар. М.: Кісі есімімен байланысты қойылған атау[148].
БАҚТЫБАЙ – қыстау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним[148].
М.:– Ендігі бағытымыз – «Бақтыбай» қыстауы,-деді жолбасшым, – Әлгі
өзің сұрай беретін Әкпар Нұржақыпов сонда қыстап отыр [25,154 б.].