Еңбекауылында дүниеге келген [2,462б.]. М.2. Еңбек аулы тауға тым тақау орналасқаны соншалық, осы желтоқсаннан бастап үш ай күн түспей, сыпыра таудың ар жағымен өтіп кететін [24,16
б.]. М.3. Бесінші сыныпқа «Еңбек» ауылына бардық. Үйге жаяу барып, жаяу қайтатынбыз [89,60б.]. М.4. Менің туып-өскен жерім осы күнгі Катонқарағай ауданындағы Еңбек ауылы. 1929 жылға дейін Шыңғыстай ауданы деп аталды да, одан кейін Катонқарағай ауданымен бірікті. Аудандастыру 1928 жылдан басталып, оған дейін болыс деп аталып келді [3,38 б.]. М.5. Екінші күні Бұқтырманың сол жағасына өтіп, Еңбек ауылын бетке алғанбыз[7,84б.]. М.6. Ауылды жел меңдетіп, Еңбек дей ме? Мейманы сыйлаған соң, еңбектей ме? Қысында бір ай бойы күн түспесе, Жазында салқын самал тербетпей ме? Жарылқап Нілібайдан Жалғыз бұлақ, Көктаста отырғаны байқалмай ма?[80,10б.]. М.7: Ауылымды Таңба дейді, Еңбек дейді, Осынау алып жатқан кең беткейді. Басқаның талғамында жұмысым жоқ, Мен үшін бұл араға жер жетпейді [80,12б.]. М.: Бұл ауылды бұрын «Таңба» деп аталған, Совет заманында ескі атауды өзгерткенде Еңбек деп атаған [154].
ЕРЕСЕЙ – ж.а., Белқарағай а.о. Өзге ұлт өкілдерінің қоныстануымен
байланысты қойылған атау болса керек. Мұнда «ересей» сөзі жерг. орташа алынған есеп мағынасын береді [47,342б.]. М.:Белқарағай (Медведка) 1861ж. Қарашекпенділердің қоныстануымен байланысты [120].
ЕРКЕБАЙ – ж.а., Катонқарағай а.о. Адам атына байланысты
қойылған атау. М.: А захоронения простых людей либо рядовых воинов в немалом числе имеются и на упамянутых нами Солонцах и дальше в ту сторону на участке Еркебай. Они уложены камнями, но уже вросли в землю. Однако весной и осенью на этом плато заметны очертания около 50 курганов [12, 36с.].