Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет81/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЕРКЕТАЙ ҚИЯСЫ – ж.а., Алтынбел а.о. Адам есіміне байланысты 
қойылған атау. Мұндағы «қия» сөзі «құлама жар» мағынасын береді 
[51,597 б.]. М.: Шақа руынан шыққан Еркетай деген адамының есімін 
қойған [137].
ЕРТІС – өзен, Берел а.о. Ең ірі өзендердің бірі. Өзен атауының 
қалыптасуы туралы мәліметтер өте көптеп кездеседі. Солардың 
бірнешеуін ұсынып отырмыз: 1-н.: Ертіс және Қатын (Катунь) Ертіс... 
орысша нұсқасы: Иртыш... Түрік тілінен аударғанда: артыш- асу, 
асып кету.. [167,101б.].2-н.: Моңғол Алтайынан Қу Ертіс, Бала Ертіс, 
Қара Ертіс деген аттармен басталып ағады. Ертіс атауы өте ерте 
кезде жасалғандықтан, мағынасы әлі толық ашылмай отыр. Біздің 
жорамалдаумыз бойынша, көне түркі тіліндегі ерт + сіз тұлғаларынан 
жасалып, «өткелсіз» деген мағына беретін сияқты. Өйткені, құрлықты 
көлденең кесіп ағатындықтан, оны кешіп өту мәселе туғызып отырған. 
М. Қашқари дәл осыған меңзейді [15,129 б.]. 3-н.: Топономика 
ғылымында өзен-су аттары (гидронимдер) ең алғаш пайда болған 
көне атауларға жатқызылады, себебі адам өмірінде өзен-судың алатын 
орны ерекше екені ескертіледі (К.Мэтьюс). «Ертіс» өзен атауы ретінде 
бірінші рет «Күлтегін» ескерткішінде кездеседі: «Ол йылқа түргіс тапа 
Алтун йыншық тоға, Ертіс үгүзіг кече йорыдымыз». Орта ғасырда 
М.Қашқари сөздігінде толығырақ сөз болады: «Ертіш Иемек (Қимақ-
Б.Б) даласындағы бір өзеннің аты. Бірнеше тармақтық бұл дария сол 
жердегі бір көлге құяды. Бұл дарияны «Ертіс суы» дейді. Бұл судан 
өтерде «Кім тез өтеді?» деген мағынада қолданылған Ертіш-Ертіс 
сөзінен алынған»[15,67б.].М.1: Алтайдан құс бұрым болып ағып 
шығып, мұхитқа бірігіп құятын алып өзен [76,41б.]. М.2. Ертіс – Ер 
түбірлі өзен. Бастауын Өр Алтайдан, Найрамталдан алып, қазақтың 
мұхитқа құяр дарабоз өзені [76, 41 б.]. М.5. Асау Ертістей тасыған, 
Жалғанды жарып өткім келеді, Халқымды сипап басынан, Тірлігін 
жарық еткім келеді [29,8б.]. М.3. Ойраттар қыс ішінде Ертістен 
өтіп, қазақ жеріне басып кірді. Жолдан шеткері Алтайдың күнгей 
қойнауларын, Сарымсақты, Ертістің асау салаларын жайлаған рулар 
бодан болып қалды [2,145б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет