106
мен Бекарыстан руласы Аралбай мен Жиеннен жырылып, іргедегі
Саралқаға жаңа ілінгені осы болатын [35,46б.]. М.2.
Жайдақ – шың
(3420 м), Катонқарағай. Жай (сын есім) + дақ (туынды сын есім
жұрнағы) арқылы жасалған. Мағынасы: «жадағай, жайпақ, тегістеу»
дегенді білдіреді. Кейде жай жиі түсетін жерге де, суы жайылып
тұратын жерге де жайдақ атауы берілуі мүмкін [15,129 б.].
М.: Таудың
ең үстіңгі шөбі аласа бірақ, өте құнарлы [136].
ЖАЙСАҢБАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним [120].
ЖАЙЫЛМА – егіндік, Алтынбел а.о. Жазғытұрым қар суы көп
жиналатын егін алқабын осылай атаған.
Мұндағы «Жайылма» сөзі
– жазғытұрым өзен, қар суы көп жиналатын алқап мағынасын
береді [47,596 б.].
М.:
Теректі өзені тасығанда, осы жерде жайылған.
Сондықтан Жайылма аталып кеткен [115].
ЖАҚИЯ КӨҢІ – қыстау, Катонқарағай а.о. Жақия деген кісі атымен
байланысты қойылған қыстақ атауы.
Мұндағы «Көң» сөзі – қордаланып
қалыңданған мал қиы мағынасын береді [50, 301 б.].
М.: Жақия – кісі
аты [163]; [107].
ЖАҚЫП – ж,а., Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау.
Мұнда Якоб деген орыс ұлтының адамы тұрған, бірақ тұрғындар өз
тілдеріне ықшамдап Жақып деп атап кеткен болу керек.
М.: Якоб деген
орыс тұрған деседі[119].
Достарыңызбен бөлісу: