102
ЕЖЕМБАЙ ДАРАСЫ – дара, Өрел а.о. Кісі атына байланысты
қойылған үлкен аңғарлы жер атауы.
Дара – жерг. сай, жыра мағынасын
береді [46,497б.].
М.: Кішкентай кезімізден Ежембай дарасы деп
атайды. Өте үлкен аңғар, ойық жер. Текелер мекендейді [100].
ЕККЕН ҚАЙЫҢ – ж.а., Өрел а.о. Қайың ағашын егуге байланысты
қойылған атау.
М.1. Берелден Аршатыға баратын жол бойында.
Қоңжайдан кейін тұр [100].
М.2.. Қайың тұқымын егуге байланысты
қойылған атау [118].
ЕКІ ҒАШЫҚ ЗИРАТЫ – зират, Үлкеннарын а.о. Екі ғашық болған
адамдардың зиратынының болуына байланысты қойылған атау.
М:
Сұлушоқының үстінде қос ғашықтың бейіті бар [150].
ЕКІАША – жайлау, Үлкеннарын а.о. Алыстан қарағанда екі ашаға
ұқсас болып келетін болғандықтан қойылған атау.
М: Осы Сұлушоқының
етегінде ата-бабамыздың ежелгі жұрттары, жайлаулары бар.
Жазғытұрым осы Қалес, Батал, Исабай, Сұлушоқы, Бөденелі, Екі
аша, Қос науа жайлауларына аталарымыз малдарын айдап әкеліп,
бағып, күзде әкетіп отырған [153].
Достарыңызбен бөлісу: