Катон-Верстка-01. indd


ЖАЗИТӨЛГЕН – ж.а. Қатонқарағай а.о. Жазит



Pdf көрінісі
бет83/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЖАЗИТӨЛГЕН – ж.а. Қатонқарағай а.о. Жазит деген кісінің 
осы жердегі өліміне байланысты қойылған. М.Жазит деген кісіні 
шекарадан асып бара жатқан жерінде қызылдар атып өлтірген. Бұл 
мекен Байбөрі асуының ең үстінде орналасқан [133].
ЖАЙДАҚ – жайлау, Алтынбел а.о. Атау «Тегіс дала» мағынасында 
қолданылған. М.1. Жайдақ – тегіс келген жадағай – жалпақ [47, 568 
б.]. М. 2Құзғынды мен Жайдақ дәп қазір пана болмайды, ол жақтағы 
ел де дүрліге көтерілген шығар [170, 25 б.]. М.: Жайдақ деген жайлау 
бар[143]. М.:б. Күршім ауданымен шекаралас жер[151].
ЖАЙДАҚ – жайлау, тақыр тау, Үлкеннарын а.о. Жердің тегіс болып 
келу ерекшелігіне байланысты қойылған атау. М.1. Жайдақ – қонысы 
қағыр бес Шеруші Құзғынды мен Жайдаққа қарай жылыса қонып 
жайлау шетіне енді жеткенде Жарылғастың екі атасы Тоғыарыстан 


106
мен Бекарыстан руласы Аралбай мен Жиеннен жырылып, іргедегі 
Саралқаға жаңа ілінгені осы болатын [35,46б.]. М.2. Жайдақ – шың 
(3420 м), Катонқарағай. Жай (сын есім) + дақ (туынды сын есім 
жұрнағы) арқылы жасалған. Мағынасы: «жадағай, жайпақ, тегістеу» 
дегенді білдіреді. Кейде жай жиі түсетін жерге де, суы жайылып 
тұратын жерге де жайдақ атауы берілуі мүмкін [15,129 б.]. М.: Таудың 
ең үстіңгі шөбі аласа бірақ, өте құнарлы [136].
ЖАЙСАҢБАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним [120]. 
ЖАЙЫЛМА – егіндік, Алтынбел а.о. Жазғытұрым қар суы көп 
жиналатын егін алқабын осылай атаған. Мұндағы «Жайылма» сөзі 
– жазғытұрым өзен, қар суы көп жиналатын алқап мағынасын 
береді [47,596 б.]. М.:Теректі өзені тасығанда, осы жерде жайылған. 
Сондықтан Жайылма аталып кеткен [115].
ЖАҚИЯ КӨҢІ – қыстау, Катонқарағай а.о. Жақия деген кісі атымен 
байланысты қойылған қыстақ атауы. Мұндағы «Көң» сөзі – қордаланып 
қалыңданған мал қиы мағынасын береді [50, 301 б.]. М.: Жақия – кісі 
аты [163]; [107].
ЖАҚЫП – ж,а., Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау. 
Мұнда Якоб деген орыс ұлтының адамы тұрған, бірақ тұрғындар өз 
тілдеріне ықшамдап Жақып деп атап кеткен болу керек. М.: Якоб деген 
орыс тұрған деседі[119].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет