Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет85/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   305
ЖАЛБЫРТӨБЕ – тау, Ақсу а.о. Биіктеу, дөң жердің шөбінің 
ұйысып, жалбырап жатуына байланысты қойылған атау болса керек. 
«Жалбыр» және «төбе» сөздерінен біріккен атау. Мұндағы «жалбыр» 
сөзі – ұйысып сабалақтанған, дудырап қобыраған деген мағынаны 
білдіреді [47,640б.]. М.1. Төбе 
– топырақтан, құм-қиыршық тастан үйіліп 
қалған, дөңгелене біткен биіктеу, дөң жер [77,320 б.] М.: Қысылып қара 
терге түскенде Тұйықсудың басынан елік бақырды. Оған Жалбыртөбе, 
Суықсайдан екеуі бірдей жауап қатты [171, 308б.].
ЖАЛҒЫЗ – тау, Берел а.о. Дараланып, өзі ғана көрініп тұратындықтан 
қойылған атау. М.1. Жалғыз – бір, жалқы деген мағынада [47, 650 б.]. 
[101]. М.2. Аузымда әлі күнге дәмі татыр Жалаулы Жалғыз бастау 
жуасының [29,356 б.]. М.3. Жалғыз таудың шаншыла біткен шаршы 
өрі, шаңғышыларға шалқая түскендей, барған сайын алыстай береді 
[14, 37 б.].


108
ЖАЛҒЫЗБЕТ ЖАЙЛАУЫ – жайлау. Жердің ерекшелігіне 
байланысты жазық беті көрінетін болған соң қойылған атау болса керек. 
Бұл жерде Жалғызбет / Жазықбет болып өзгеріске түскен көрінеді. 
М.1. «Бет» сөзі – таулы, қыр-қыратты жердің құлама жағы, беткейі 
[45,299 б.]. М.: Қалың ағаштың арасында жазық бет болған. Сол 
жерде малдар жайылған [156].
ЖАЛҒЫЗКҮҢГЕЙ – жайылым, таудың беті, Алтынбел а.о. Күннің 
шуағы түсетін жалғыз жер болғандықтан қойылған атау. Мұндағы 
«Жалғыз» сөзі біреу, жалқы деген мағынада қолданылатыны белгілі. 
М.1. Күңгей – күннің шуағы мол түсетін жер [50, 510 б.]. М.: Таудың 
беті. Алтай тауының бөлігі [121].
ЖАЛҒЫЗКҮҢГЕЙ – тау, Өрел а.о. Күннің шуағы мол түсетін 
жалғыз күнгей жер болғандықтан қойылған атау. М.: а Арғы Жалғыз 
Күңгей және Жалғыз күңгей деп бөлінеді[100]. М.:ә. Жердің ыңғайына 
байланысты қойылған атау [118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет