118
ЖЫНДЫСАЙ – шатқал, Белқарағай а.о. Ауа-райы қолайсыз,
құбылмалы болып тұратын, адамша жынданып, мінез көрсететін
сай болғандықтан қойылған атау.
М.1:Шерубай тізгінді шамырқана
жұлқып, орман шетінде үйір-үйір боп шоғырланып жатқан жылқы
қарасына жалтақтай берген атын Жындысайдың шұп-шұбар томарлы
жотасына салды [171, 6б.].
ЖІКЕ – ж.а., Белқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау.
М.: Жіке деген адам болған. Сол жерде бейіті орналасқандықтан
осылай айтады[134].
ЖІНІШКЕ ҚАЛА – ауыл, бұлақ бойы, Алтынбел а.о. Өзен жолы
суының жіңішке болуымен байланысты қойылған атау.
М.: Жіңішке –
енсіз, сидам мағынасын береді [49,44б.].
ЖІҢІШКЕ – ж.а., Өрел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты атау.
М.:Тауешкілер мекендейді [100].
ЖІҢІШКЕ – өзен, Өрел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты атау.
Достарыңызбен бөлісу: