ЖУАНҚАНБЕТ–Берелдің шабындығы. Антропотопоним. Жуанқан
шабындығындағы беткей. (Комбаевтің шабындығы) [149].
ЖУАНТӨБЕ – тау, Алтынбел а.о. Биік, жұмыр төбелер
кездесетіндіктен қойылған атау. «Жуан» сын есімі мен «төбе» сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған[138]. М.1: – Адасып кеттім! – депті Қайсекең беті бүлк етпей. – Құдайға анық, Иісжан, орман ішінде адасып, Жуантөбе түсіп кетіппін [8, 224б.]. М.2: Үсті-басымыз, астымыздағы аттар түгел сатпақ-сатпақ. Бұл шақта Жуантөбенің үстіне қалың бұлт шоғырланып, теріскейден жел шақырған. Науаның қайқаңына ілінгенде алдымен себезгілеп ұсақ-ұсақ нөсер тамшылары білінді де, қатты жел тұрды [18,160 б.].
ЖУАНТӨБЕ – төбе. Катонқарағай а.о. Басы доғал, көлемі үлкен.
М.: Трегопункт мұнарасы бар. Алды Ақтомар, оңтүстігі Сайтансай, оңтүстік батысы Жуантөбе шабындығы, батысы Үшбұлақ (Бекалқаға асу), солтүстігі Шымқос, солтүстік шығысы Қанай[99].
ЖУАНХАН – тау, Аққайнар а.о. Бірнеше өзендер келіп түйісетін жер
болғандықтан қойылған атау болса керек. М.: Бұрынғы атауы:Түйіскен болатын. Олай аталу себебі арғы жағынан кішкентай өзен келеді. Ол өзен екіге бөлініп кетеді. Ары және бері қарай ағып жатыр. Ары аққан саласы Ресейге қарай ағады [125].
ЖУАНХАН ЖҰРТЫ – ж.а, Аққайнар а.о. Кісі атауына байланысты
қойылған атау. М.1. Жұрт – ел-жұрт [48,570 б.]. М.: Бұқпа өзенінің бер жағында орналасқан. Сол жерде Жуанхан деген кісінің жұрты мекендеген [124].
ЖУҒАНТӨБЕ – ж.а. Биіктеу, дөңес жерді су шайып кетуіне
байланысты қойылған атау. М.1. Төбе – топырақтан, құм-қиыршық тастан үйіліп қалған, дөңгелене біткен биіктеу, дөң жер [56, 320 б.].
ЖУРАВЛИННАЯ СОПКА - тырна жотасы, Маланарым а.о. Орыс
тілі сөздері арқылы қалыптасқан атау. Тырналар ұшып келіп, қонып
кететін жота деген мағынада тұр. М.: Осы араға тырналар ұшып келіп, тоқтап, қайта ұшып кетететін [123].
ЖУСАНДЫ КҮҢГЕЙ – тау беті. Жусаны көп, күн мол түсетін
жер атауы. М.: Күртінің Үстінде орналасқан. Шақыдан кейін тұр. Жусаны көп [100].