Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет97/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

.
ЖЫЛҚЫ АУЫЛ – ж.а., Өрел а.о. Жылқы бағатын ауыл 
болғандықтан қойылған атау[100].
ЖЫЛҚЫБАЙ – қыстау, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау. М.: Балталап шапқандай морт-морт сынған қарағайлар 
ыстық желдің күре жолы болып, жайрап жатыр. Табиғаттың 
осыншалық тылсым күшіне қайран қалған Қиялхан Жылқыбайдың 
жұртындағы қара тасты іздеуге кірісті [18,207 б.].
ЖЫЛТЫР  жайлау, Солоновка а.о. Алыстан жылтырап көрінетін 
болғандықтан қойылған атау болса керек [123].
ЖЫЛЫБҰЛАҚ – бұлақ, Солдатова а.о. Қыста қатпайтын 
болғандықтан қойылған атау. М.: Таловка өзеніне қосылады[128].
ЖЫЛЫБҰЛАҚ– бұлақ, Алтынбел а.о. Қыста қатпайтын 
болғандықтан қойылған атау. М.: Тұғырық тауының етегінен бастауын 
алады. Қыста да қатпағандықтан Жылыбұлақ деп аталған [137].


118
ЖЫНДЫСАЙ – шатқал, Белқарағай а.о. Ауа-райы қолайсыз, 
құбылмалы болып тұратын, адамша жынданып, мінез көрсететін 
сай болғандықтан қойылған атау. М.1:Шерубай тізгінді шамырқана 
жұлқып, орман шетінде үйір-үйір боп шоғырланып жатқан жылқы 
қарасына жалтақтай берген атын Жындысайдың шұп-шұбар томарлы 
жотасына салды [171, 6б.].
ЖІКЕ – ж.а., Белқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау. 
М.: Жіке деген адам болған. Сол жерде бейіті орналасқандықтан 
осылай айтады[134].
ЖІНІШКЕ ҚАЛА – ауыл, бұлақ бойы, Алтынбел а.о. Өзен жолы 
суының жіңішке болуымен байланысты қойылған атау. М.: Жіңішке  
енсіз, сидам мағынасын береді [49,44б.]. 
ЖІҢІШКЕ – ж.а., Өрел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты атау. 
М.:Тауешкілер мекендейді [100].
ЖІҢІШКЕ – өзен, Өрел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет