Ертедегі Грецияда ең бір маңыздысы – Пифагор (б.д.д. 580-500 жж.) мектебі. Ол сұлулықты сандық пропорцияға теңестірді (90-60-90).
Пифагор ғылым саласы ретінде математиканың негізін қалаған оның философиялық көзқарасы көп жағдайда математикалық түсініктермен байланыстырылады. Ол «бәрі де сан болады», «барлық заттың сандық мәні бар» деп, әлем түсінігінің тек бір жағын ашты, яғни мөлшерлік, сандық өлшемділігін айтты.
Әлемді тану үдерісі – Пифагордың ойынша, оларды басқаратын сандық мөлшерді тану. Бірлік сандар жүйесінің негізі, математикалық білім таза ой негізінен алынады. Ойды сезімнен жоғары қойған ойшыл сезімдік әлемді математикалық идеалға еріксіз енгізді.