Казахская головная архитектурно-строительная академия



бет25/35
Дата07.03.2022
өлшемі4,41 Mb.
#27182
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Антика фил

13. СКЕПТИКТЕР МЕКТЕБІ

  • СКЕПТИКТЕР (грекше skeptikos – қарастырушы, зерттеуші, сынаушы деген сөз) б.з.д. IV ғасырда философиялық тұжырымдамасы білімнің барлық күшін жариялаған, бүкіл қоршаған әлемнің түсіндірілетінін дәріптеуге бағытталған мектеп ретінде пайда болды.
  • Бір жағынан, бұл догмаға негізделген көзқарастарға қарсы күрес қаруы болса, екінші жағынан, адамның білуге деген құмарлығын шектеп, кертартпалыққа жол ашты.
  • Скептиктік бағыттың негізін қалаушы және көрнекті өкілі Эллададан шыққан ПИРРОН (б.з.д. 360-270 жж.) ойынша, заттар сезімдік және парасат танымымен аңғарылмайды, білдірілген пікірлер ақиқатқа жеткізбейді. Ол: «Заттар (құбылыстар) жөнінде еш нәрсені айтуға болмайды, өйткені олар бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі түйсіктер тудырады; біреулерге ол зат пайдалы, екіншілерге зиянды; адамдар заттан бәрі бірдей әсер алмайды, ой, пайымдаулары әр түрлі болады. Табиғат құбылысын адамның түйсігі, сезім мүшелері әртүрлі қабылдайды (күн сәулесі көзбен жарық, денемен жылу ретінде қабылданады). Адамның жан-дүниесі белгілі бір затты кез келген уақытта бірдей қабылдай бермейді. Заттар кез келген, басқа құбылыстармен бірге қабылданады да, әр жағдайда өзіндік ерекшелігімен көрінеді; бір тұжырымға оған қарсы екінші пікірді айтуға болады және олардың біреуі екіншісінен гөрі ақиқатқа жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың қолында», – дейді.
  • Скептиктер назарын адам білімінің салыстырмалы болатынына бағыттап,
  • ақиқаттың қандай да болмасын сенімді белгісінің болатындығына күмәнданды.
  • Басты қағидасы: «Білмеймін, сондықтан қалай болса солай өмір сүремін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет