Эллин дәуіріндегі ең бір дамыған стоиктер (Стои – айлақты қала) философиясы б.з.д. III ғасырда пайда болып, өз дамуында ерте, орта, соңғы болып үш түрлі сатыдан өтті.
Стоиктер барлық табиғатты жанды деп қарастырған гилозоистер болды. Материя – енжар, керенау субстанция есебінде ақыл-ойдың (құдай) туындысы. Денемен, болмыспен бірге денесіздер қатарына жататын «уақыт», «орын», «шексіздік»және т.б. жалпы түсініктер (универсалилер) де өмір сүреді.
Болмыс ақылдан бағыт алатын заңдылықтарға ие, бәрін тағдыр билейді және бәрі мәңгілік алдын ала анықталған. «Тағдыр кім жүргісі келсе, соны билейді, ал кім керек етпесе, сүйрейді», –дейді Сенека.
Бізге жеткен бір аңызда Зенонның ұрлық істеген өзінің құлын жазалағаны туралы айтылады. Философтың тағдырға сенетінін білмеген құлы: «Маған тағдыр даусыз ұрлауды жазған», – десе, Зенон: «Тағдыр таяқ жеуді де жазған», – деп жауап беріпті.
Стоиктер мектебінің негізін қалаушы Китионнан шыққан ЗЕНОН(б.з.д. 333-262 жж.)