Тән сұраныстарын қанағаттандыру, ішкі жан дүние сезіміне тыныштық орнату оның рухани жағдайының тепе-теңдігі үшін керек. Адамның жаны осы қанағаттанудың нәтижесінде жайбарақат, алаңсыз тыныштыққа кенеледі. «Парасатпен өнегелі және әділетті өмір сүрмей, жағымды тіршілік мүмкін емес және керісінше, жағымды өмір сүрмейінше, парасатпен өнегелі және әділетті тұрмыс құра алмайсың».
Этикалық қатынастарда қастық пен сүйіспеншіліктің өзара байланысына, әрекеттестігіне ой жіберіп, Эпикур қастандықтардан арылуды ұсынады, өйткені ол әр түрлі азап, жапа шегуді алып келеді. «Тек қана сүйіспеншілікке жетіп, біз жағымсыз қасіреттерден арыламыз, – дейді ол, – ал бақытқа ұзақ оқу мен жаттығулар арқылы қол жеткізіледі».
Негізінде «сүйіспеншілік» түсінігі жатқан Эпикурдің этикалық ілімі де өз уақытында
кеңінен танылды. Ол адам бақыты сүйсіну сезімін алуында деп есептеді.