Софистерден (грекше sophia – даналық деген сөз) – грек философиясының рационалистік дәуірі басталады. Б.д.д. V ғасырда арнайы даналықтың, шешендіктің кәсіби ұстаздарын дайындайтын философиялық мектеп, білімді басқаларға ақы алып үйретушілер ретінде қалыптасуына халық жиналыстарында, соттарда айқын, дәлелді сөйлеуге деген сұраныстар себепші болады.
Софистердің басты мақсаты – ақиқатқа жету емес,тыңдаушылардың көзін жеткізуге бағытталған шеберлік. Сондықтан, риторика – шешендік өнері бірінші орынға шығады. Олар объективті ақиқатты жоққа шығарып, ақиқат әр уақытта субъективті дегенді дәріптейді. Басты назарын адамға және оның таным мүмкіндіктеріне аударады.
Софистер арасындағы кең танымал тұлға – Протагор (б.з.д. 481-411 жж.)