Софистика іс жүзіндегі емес, жалған даналық, және софист іс жүзіндегі даналықтан емес, жалған даналықтан пайда іздейтін адам…
Пікірталас жүргізу үшін ғана және жеңу үшін ғана пайымдайтындар неше мақсатты көздейтінін ең әуелі анықтап алу қажет. Мұндай мақсаттар бесеу:теріске шығару; жалған; жалпы қабылданғанмен келіспейтін; сөйлеудегі кемістік және, бесіншісі әңгімелесушіні боссөздікке, яғни бір нәрсені жиі қайталауға мәжбүрлеу.
Софистикалық терістеудің екі тәсілі бар: бір терістеулер сөз айналымдарына байланысты, басқалары сөз айналымдарына байланысты еместер. Сөз айналымдарының негіздерінде алдамшы терістеу жасаудың тәсілдері алтау: аттастық, қос мағыналылық, біріктіру, бөлу, екпін немесе айту және жеткізу формасы… Диалектикада шебер адам ой түйіндеу өнерінің көмегі арқылы сынайтын адам.
(Аристотель. Собрание сочинений в четырех томах. Т.2. М., 1978.).
6. САЯСАТ
Отбасы дегеніміз күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін табиғи түрде пайда болған араласу. Бірнеше отбасынан тұратын және ұзақ уақытқа созылатын қажеттіліктерді орындауды мақсат еткен араласу елді мекен.
Мемлекет табиғатынан өмір сүретінге жатады, адам табиғатынан саяси тіршілік етуші… Бұл қасиет адамдарды қалған тіршілік етушілерден ерекшелендіреді:тек адам ғана ізгілік және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік және тағы сол сияқты ұғымдарды қабылдауға қабілетті… Демократиялық құрылымның негізгі бастауы еркіндік. Екінші бастау әркімнің өзі қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүруі; бұл ерекшелік еркіндіктің салдары дейді, ал құлдықтың салдары қалауы бойынша өмір сүрудің жоқтығы.