Қайта өрлеу заманының көрнекті ойшылдарының бірі Н. Кузанский (1401-1464 жж.) философ, Рим католик шіркеуінің кардиналы. Ойшылдың философиялық еңбектерінің таңдаулысы – «Ғылыми білімсіздік». Философиялық идеялары –пантеизм деп аталады.
Күрделі атауға ие болған «Ғылыми білімсіздік» еңбектің мәні ақиқатты іздеу жолында
еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Адамның (шектелген) парасаты мен шексіздік а
расындағы қайшылық, Н. Кузанскийдің ойынша, білімсіздікті туындатады.
Осы тұрғыда Құдайды тану мүмкін емес, өйткені ол – шексіздік, оны бұл жалғанның
шекті заттарымен салыстыруға болмайды.
Кузанский«Құдай абсолюттік жоғарғы шек, шексіздік бола отырып, ешқандай шектеуліден зиян көрмейді. Ол болашақ бөлшектенбейтін, абсолюттік ең кіші шек те болады», – деді. Құдайдың абсолюттік жоғарғы шекретінде пен абсолютті кіші шектің сәйкес келуі: біріншіден, Құдайдың бар ғаламды мекендейтіні (бәрі-барлығында) және әлемнің құдайдан тыс өмір сүретінін мойындау (әрбір зат белгілі бір дәрежеде өз ішінде барлық басқа заттарды ұстайды, тұтынады); екіншіден, Құдай дегеніміз – себеп пен салдардың, демек жасампаздық пен жаратылғанның бірлігі; үшіншіден, көзге көрінетін заттар мен Құдайдың мәні сәйкес келеді, ол бұл әлемнің бірлігін қуалайды.