емес, олар тең құқылы қатынас жағдайында болады деген қорытындыға келеді.
Фичино Н. Кузанскийдің адамның шығармашылық мәні туралы ой желісін дамытады, а
дамның шығармашылық қабілеті оның әлемді тану мүмкіндігінен және жан-жақты
қызметі түрлерінен өз көрінісін табатынын мақұлдайды.
Осы теориялық негізде Фичино Қайта өрлеу заманының гуманистік дүниетанымдық көзқарастарына тән идеяларды дамытады. Фичино: «Құдай табиғаты жағынан қайда да бірдей парасат болса, онда бұл жалпыға ортақ парасатты діндердің бәрінен табуға болады. Сондықтан діндердің барлық өзіндік ерекшеліктерін алып тастап, жалпыға ортақ «Нағыз жаратылыс» дінін жасау керек», – дейді.
Фичиноның таным теориясы – сырттай қарап, пайымдаушы теория, өйткені танымның негізі сұлулықты пайымдау мен сұлулықтан ләззат алу деп есептейді. Пайымдаудың ең жоғарғы сатысы – мистикалық пайымдау, Құдаймен қосылу. Жердегі сұлулыққа қол жеткізу, одан ләззат алу мистикалық пайымдауға қайшы келмейді, керісінше, оған барар жолдағы саты болады.