Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі болады. «Мәңгілік дүниеге келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактілі қарапайымнан нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады.
Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін, оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді.
Н. Кузанский табиғат әлемін, әлемдік жанмен жанданған тірі ағза есебінде елестетеді. Бұл әлемнің барлық бөліктері жалпы байланыста болады, қалыпты қозғалыста өмір сүреді. Табиғат қайшылықты, ол қарама-қарсылықтардың бірлігі есебінде көрінісін табады.«Барлық заттар, – дейді ол, – қарама-қарсылықтардан тұрады, біреуі екіншісін жеңуі арқылы өз табиғатын екі түрлі қарама қарсылықтар арқылы айқындайды... шексіздік бізді кез келген қарама-қарсылықты толық меңгеруге мәжбүр етеді» (Кузанский Н.).