Список литературы:
1 Назарбаев Н.А. Мыслями с народом поделюсь. – Алматы: Изд-во «Мектеп», 2007
2 С.Алтыбаева. Нарративные модели современного казахского исторического
романа. RESPECTUS PHILOLOGICUS Nr.22 (27), 2012
3 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 1999
4 http://www.libook.info/sovremennaia_literatura_proza/66178-
tomiris.html#.UKNRJ0_9mIU
Тҥйін
Мақалада кӛркем образдар және мифологиялық кейіпкерлер қарастырылған. Сюжеттің
дамуы үшін контент-сараптама жасай отырып, кейіпкерлерді топтық жүйеге келтірілген.
Түрлі мифонимдердің жүйесі тақырыптың мазмұнын аша түседі. Шығармада әлемнің
ұлттық бейнесі бейнеленген.
Resume
The article considers artistic images, a mythical personnel. By means of the content analysis are
allocated and systematized important for development of a plot and conceptospheres of the novel
of group of a personnel. The system of various mythonyms possesses great opportunities for
implementation of the connotive contents. In work the national picture of the world is reflected.
ӘОЖ 378.016:821.512.122.
Ибраева А.Д. - ф.ғ.к., аға оқытушысы
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан
ҒҦМАР ҚАРАШҦЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҦРАСЫ
Мақалада Ғ.Қараштың әдеби мұралары қарастырылған. Ақын шығармаларының
ерекшелігі айқындалған. Поэзиялық, прозалық туындыларындағы тақырыптық
бағыттар сӛз етіледі. Ақынның публицистикалық мұралары қарастырылды.
Түйін сөздер: Ғ.Қараш, ақын, шығармалар, тақырып, кӛркемдік ерекшелік.
Ғ.Қараш – ӛткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-
зомбылықтың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін
ақталған қазақ зиялыларының қатарындағы ірі тұлғалардың бірі, қоғам және
саясат қайраткері, ақын. Ӛткен ғасыр басында ұлт азаттық қозғалысқа
қатысқан интеллигенция ӛкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді Алаш
алдына қойды. Осы мақсатта бұл ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық
оқыған зиялылары қатысты. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық
саясатына қарсы қазақ оқығандарын ӛз айналасына топтастырып, олардың
қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал етті.
Ғұмар Қараш ағартушылық бағытта ӛз заманында кӛп іс тындырады.
Қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін дамытуға да елеулі үлес қосқан
тұлға. Ӛз дәуіріндегі халыққа кең тараған «Айқап», «Мұғалім», «Шора»
журналдары мен «Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жолы» (газеттің атауын
осылай қою Ғ.Қараштың идеясы және «Дұрыстық жолы» деген ӛлеңімен
басталады) мен «Қазақ дұрыстығы» (бұл екі газет қазіргі «Орал ӛңірі»
газетінің бастауында тұрған басылымдар), тағы басқа татар тілдеріндегі
баспасӛз бетінде халыққа оң бағыт-бағдар берген, бірлікке, ынтымаққа
үндеген, білім, кәсіп игеруге бағытталған ой-пікірлері мен ӛлеңдері жарық
кӛрді.
«Ойға келген пікірлерім», «Бәдел-хажы», «Бала тұлпар», «Аға
тұлпар», «Қарлығаш», «Ӛрнек», «Тумыш», «Тұрымтай» ӛлең жинақтарын
шығарып, философиялық ой толғамдарын жазған. 1910-1912 жылдары
«Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» және «Кӛксілдер, яки
бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батырлары уә ғайри мағыналы жырлар»
деген атаумен қазақтың батырлар жырының жинағын алғаш жариялаған.
Қазақ даласында елдің мүддесін кӛздейтін бір де бір газет жоқ кезде, тұңғыш
рет «Қазақстан» атауымен халыққа білім мен кәсіп үйретуді мақсат ететін
газет шығаруды ұйымдастырды. Алғашқы ағартушылық, білім беру, сауат
ашу, тәрбие бағытында «Мұғалім» атты ғылыми журналды шығаруды
ұйымдастырып, басқарды. Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар» (Уфа, 1911),
«Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор,
1914), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген
пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Ӛрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан,
1913) дейтін зерттеу кітабы жарық кӛрген.
Ғұмар Қараштың шығармаларында, қазақ ұлтының әлеуметтік
прогресс жолына түсуі туралы кӛтерген ой-пікірлері ӛзінің ӛміршеңдігімен
құнды. Ғұмар қазақ халқының ӛркениеттік жолға түсуі үшін міндетті түрде
ғылым мен білім ең ӛзекті проблема екендігін алға тартады.
Ғұмар Қараштың «Қарлығаш» ӛлеңдер жинағында ел үстінен күн кӛрген
имандылық жолында жүрген қожа молдалар, парақор ел билеушілерін сынға
алады. Ӛмір, кӛңіл, талап жайындағы ойларын тереңдете түсті.
«Аға тұлпар» жинағындағы ӛлеңдерінің барлығы дерлік ӛсиет, уағыз,
насихат, тілек түрінде келеді. Патша ӛкіметінің жүргізген саясаты
салдарынан қазақтың ӛз жерінен қол үзіп, жікшілдік бел алып, елдің шырқы
бұзылғандығын тебірене жырлайды. Халықтың бостандық жайындағы
арманын былай жеткізеді:
Егер кӛзді ашпасаң,
Аяғың қозғап баспасаң.
Жүректен шыққан шын сӛзді.
Құлағыңа аспасаң,
Күнілгері қазағым,
Амандас еркін қонысқа.
Ақынның «Тұрымтай» жинағында ақынның «Күн туды», «Саған не болды?»,
«Кӛреміз бе?», «Ӛтер ме екен», «Келер ме екен?», «Бармысың», «Жазда
тастамаған телпек» деп аталатын ӛлеңдерінде халық, ұлт, ӛнер-білім, заман
туралы ойларын ашық айтады.
Тыңда қазақ сӛзімді
Есірке ұл мен қызыңды
Жалшылықта шірітіп
Талатпа бағлан қозыңды
Білім, ӛнер қаруын
Құралданып бойыңа,
Жігер-жихат қылышын
Қайратпен ұстап қолыңа
Әзірлен, қазақ, әзірлен
«Тіршілік» деген соғысқа
Білек күші емес, білім күшімен күрес жүргізу қажеттігін ұғындырады. Ақын
арман-мұратқа жас кездеталпынуды уағыздап, туған халқының іргелі ел
болуын арман етеді.
«Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Ӛрнек», «Тумыш»,
«Тұрымтай» ӛлең жинақтарындағы ӛлеңдерін тақырыптық жағынан былай:
-патша ӛкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталған ӛлеңдері,
-ӛнер-білімге шақырған, ағартушылық сарындағы ӛлеңдері,
-ел билеуші әкімдерді сынға алған ӛлеңдері,
-надандық, шариғат жолын бұрмалаушылық, ескі әдіспен оқытуға наразылық
бағытындағы ӛлеңдері,
-озық мәдениетті үйрену, отырықшылдыққа шақыруға арналған ӛлеңдері деп
топтастыруға болады.
Ғұмардың «Неден қорқам?» ӛлеңіндегі әрбір жолдар Қазан
тӛңкерісінен кейінгі кезең шындығын тануда айрықша болып табылады.
Аждаһа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам:
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам:
Асығыс істей салған істен қорқам,
Қандары тасқан қара күштен қорқам,
Дос болып бірге жүріп қастық етіп- [1].
Тысына қайшы келген іштен қорқам» деген ақын үрейі жаңа саясаттағы
талай қиянаттар мен зобалаңдарды ұғына түсуімізге мүмкіндік береді.
Сондықтан да ақын қан тӛгіс арқылы келген биліктің әлеуметке теңдік пен
бостандық орнатуындағы қадамдары қоғамдық даму заңдылығына қайшы
болып табылатынын және де ӛзгенің күштеп танған азаттығы мәңгілік
болмайтынын, сол себепті ӛзіңнің сара жолыңды ізде деген мұратын алға
тартады. Ақиқат жолынан адасып, сағым қуған тобырлық сананы сынға
алады.
Ұжмақ кӛктен жерге енбек емес,
Мезгілсіз бірнәрсе де келмек емес:
Ӛзің ту, ұл тусаң да, қыз тусаң да,
Әкеліп біреу саған бермек емес.
Табиғат заңы, жолы ӛзіне хас,
Ешкімнің жетегіне жүрмек емес:
Адаспа, аңдық етпе, адам ұлы,
Кӛрінген о бір сағым кӛзіңе елес.
Сағымды «су таптым» деп жұрт жинасаң,
Жындыға айтар сӛз жоқ құрып кеңес [1].
Ақынның «Адаспа, аңдық етпе, адам ұлы» деген биік гуманистік
ескертуі қай кезең үшін болмасын қашан да назарда болатын ӛшпес ұлағат
деуге болады. Ал, «Саған не болды?» ӛлеңінде елдік мәселелерді жырлағанда
жаңа жүйе икеміне жығылып, илеуіне оңай кӛндіге кеткен халқының
бейқамдығына, саяси балаң аңғырттығына налиды.
«Тұрымтай» жинағындағы қай ӛлең болмасын Алаш қайраткерлері
ұстанған тәуелсіз мемлекет құру идеясын кеңінен жырлауымен және әлеумет
санасына сіңіруімен маңызды.
«Күн туды» ӛлеңінде «Екі талай іс болып, Елге қиын күн туды.
Аспанда ай тұтылып, Жер - жиһанды қан жуды» деп, сол кезеңнің боямасыз
ақиқат шындығын алға тартқанда заман ағымы елдік үшін тез екенін, әсіресе
зарыға жеткен азаттықты сақтап қалу сыналар тарихи сәтте барша күшті ел
болуғы жұмылдыру, Отанды қорғау сияқты ұлттық маңызы ерекше болып
табылатын мәселелерді қоғамдық деңгейде кӛтереді [2].
Ғұмардың проза саласында «Томан байдың баласы-Әділмырза, я
болмаса Байғазы байдың қызы ару-Шандоз» деп аталатын әңгімесі бар.
Әңгіменің оқиға желісі Шандоз қыздың ұзатылу тойына арналған. Ә ділдің
қалыңдық алуына сапары кӛңілді суреттеледі. Шағын шығармада автор
халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан құда түсу, қалың беру, той
жабдығы тәрізді әдет-ғұрыптарымен таныстырады. Әңгіменің негізгі
танымдық, тәрбиелілік қырлары жастардың ата-анасын сыйлауы, инабатты,
ізетті болуымен байланыс ты болып келеді. Ғұмардың кӛркем қара сӛзбен
жазылған осы шығармасы кезінде Қазан қаласына жіберілгенімен белгісіз
себептермен жарияланбаған. Әңгіме мәтінімен танысу барысында кейбір
тұстары ӛшіріліп, шығарма толық аяқталмай қалған. Бірақ зерттеушілер
тарапынан шығарма аяқталмаған деген пікір кездеспейді. Бұл әлі ақынның
әдеби мұрасын толық жан-жақты қарастыру қажет екендігін кӛрсетеді [3].
Ғ. Қараштың философиялық, толғаныс түріндегі бірнеше жинақтары
бар. Соның бірі- «Ойға келген пікірлерім» 1911 жылы Орынбор қаласында
жарық кӛрді. Ақын мұнда қоғам ӛміріндегі түрлі әлеуметтік ортада
кездесетін маңызды мәселелерді қарастырады. Ақын ұрлық , қиянат тәрізді
адамды аздырар кӛптеген қылықтарды білімнің пайда болуынан емес,
оқудың шәкірт жүрегіне жол таппауы, бұл кӛбіне нәрсіз дәрістерінен деген
пікір білдіреді. «Рухани жағынан бірін-бірі қолдап отыру адамның ең жақсы
қасиеті. Адам абыройының артуы, сӛзінің ӛтімді болуы оның істеген
жақсылық істеріне байланысты»-дей келе шын білімді сопылардың уағыз,
насихатының пайдалы екендігіне баса назар аударады.
Мақалаларының кӛпшілігінде дерлік ислам дініне қатысты пікірлері
Ғұмардың имандылық жолын ұстандығын, дін ӛкілдеріне сын кӛзбен
қарағандығын байқатады. «Ислам дінінің тек ахирет үшін ғана емес, бұл
дүние үшін маңызы бар», «Құран кәримнің айтуы бойынша дін жалған нәрсе
емес, адамдардың шын табиғи сенімі. Бұған қарағанда ешқандай адам дінсіз
ӛмір сүре алмайды», «Біздің халқымыз ақиқат дінді ұстанса, біз надан
жалқау боп қалмаған болар едік.... Діннің ӛзі адамды дұрыс сақтайды, дұрыс
жолға бағыттайды. Ислам дінін дұрыс ұстай білуіміз керек», «Адам ӛзін тани
алса жаратушысын да танымақ». Ақынның мұндай пікірлерінің барлығы
жақсылық қырларын дәріптеумен қатар, тәрбиелілік, әлеуметтік жақтарын
танытумен ерекшеленеді.
Ғұмардың 1911 жылы Уфада шыққан «Ӛрнек» жинағы да ақынның ой-
толғаныстарынан тұрады. Мұнда адам бойындағы қалыптасқан әдетпен бірге
күнделікті ӛмірге қажетті құбылыстар сараланады. Мақалаларындағы
айтылар ой ӛлеңдеріндегі оймен астасып жатқандығы байқалады. Адам
бойындағы жалқаулық, тоғышарлықтың негізін шариғат жолымен қатар,
адамдық ӛлшем тұрғысынан алып танытады.
Ғұмар Қараш - әртүрлі мерзімді баспасӛзде кӛп жазған қаламгер. 1911-
1913 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары
Орынбор қаласында Шәңгерей Бӛкеевтің қамқорлығымен ел аузынан
жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Кӛксілдер» атты екі
жинақ жариялайды. Ғұмар Қараш-20 ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ
дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай»
сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар Қараш
шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар
Қарашұлы», «Ғұмар әл-Қараши», «Бӛкей елінің бір баласы», «Ғұмар Қараш»,
«Ғ. Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ», «Оразақай», «Қазақаев», «Ғұмар
Қарашев» деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар Қараштың
шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық кӛрген «Қазақ
поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстан ақындары» жинағында, мерзімді
баспасӛз беттерінде жарияланған. Ӛлең, толғаулары мен философиялық ой-
толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен жарық кӛрді.
Ғұмартанушы ғалым, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы
Мақсат Тәжмұраттың мәлім еткеніндей, Ғұмар Қараш – Алаш қозғалысына
дейін-ақ ел ӛміріне ерте араласып, соңына бай мұра қалдырған ақын.
Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының кӛмегімен ауыл молдасынан
сауат ашса да, кейін ӛзінің білім-беделі арқасында ӛз заманының ең кӛзі
ашық, халқын алға жетелеген зиялы ӛкілдерінің қатарынан табылады.
Ғұмардың бірінші қыры ұстаздығы болса, екінші еңбегі 1911-1913 жылдары
«Қазақстан» газетін ашуда айқын кӛрінеді. Басқасын айтпай-ақ, әуелі Ордада,
кейін Оралда жарық кӛріп тұрған аталмыш газет «Қазақстан» сӛзін тұңғыш
рет ресми қолдануымен де құнды, сонысымен де айрықша бағалы. Соның
ӛзінен-ақ «Қазақстан» газетін (редакторы Елеусін Бұйрин) ашқандардың ойы
ауыл-аймақ тӛңірегінде емес, тым әріде екендігі, болашақ ел мүддесін
кӛздегені бірден сезіледі [4].
Ғұмар
Қараштың
ӛлең-толғауларында,
кӛсемсӛздері
мен
мақалаларында заман, ӛмір, дін шариғат, табиғат, махаббат т.б. мәселелер
туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті
әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Ӛз тілі
мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті
елдерден үлгі алуды насихаттайды. Ӛлең толғаулары философиялық ой-
пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. Қайраткер-ақынның ұлт бірлігіне
қатысты да айрықша ойлары бар. Елін, жерін аса қадірлеген, сол үшін
азаматтықта да, ақындықта да аянып қалмаған Ғұмар адамзат пен ұлтқа ең
ділгір қасиет ретінде ар-ожданды атайды. Татардың «Шора» журналында
1911 жылы жарияланған «Ар-ождан – сенім ӛлшемі» атты мақаласында ол:
«Әрбір жағдайда ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті
жоғары болмақ»,-деп жазады.
Жалпы қоғамдық-саяси ӛмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға
белсене араласқан Ғ. Қараш ХХ ғасырдың басындағы қалыптасқан ұлттық
ояну мен жаңғыру идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, ӛзінің
еңбектері арқылы халқын ағартушылыққа шақырған қайраткер ретінде
таныла білді. Ғұмардың ар-ождан, моральдық қасиеттерді санаға сіңіріп,
жеке адамды қалыптастыру арқылы мемлекетті нығайту, ӛркениетті деңгейге
кӛтеру идеяларының мазмұны мен мағынасы бүгінгі таңда да ӛзінің мәнін
жойған емес.
Әдебиеттер тізімі:
1 Қараш. Ғ. Замана. – Алматы, 1994
2 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы, 1993.
3 Әбдиманұлы Ӛ. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы. – Алматы:
Қазақ университеті, 2002.
4 Қазақ поэзиясының антологиясы (ХХ ғасырдың бас кезі). – А.,1993
Резюме
В статье проанализированы литературное наследие-Г.Караша. Отмечены специфические
характеристики
произведения
поэта.
Рассмотрены
тематические
направления
произведения Г.Караша. Исследованы основные публицистические наследие.
Summary
The paper analyzes the literary heritage-G.Karasha. Marked by specific characteristics of the
poet's works. Addressed themes of the works G.Karasha. The basic journalistic heritage.
ӘОЖ 373.21.57. 21.27
Рысбекова А.Қ., Жаздықбаева М.Б., Қожабаева Д.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы
АВТОРЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРМЕН ЖҦМЫС ЖҤРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада халық ауыз әдебиетінің маңызды құрамдас бӛлігі ертегілерді оқыту әдіс-
тәсілдері туралы айтылған. Халықтық ертегілердің негізінде жазылған заманауи
авторлардың әдеби ертегілері, яғни авторлық ертегілерге анықтама берілген. Авторлық
ертегілермен жұмыс жасау барысында негізге алынатын ұстанымдар мен
қолданылатын кӛрнекі құралдардың түрлері сӛз болған. Авторлық ертегілерді кезең-
кезеңмен оқытудың тиімділігі жӛнінде пікірлер келтіріліп, аталған кезеңдерге
сипаттама берілген.
Тірек сөздер: Мектепке дейінгі тәрбие, бала, халық ертегілері, авторлық ертегілер,
оқыту ұстанымдары, оқыту кезеңдері.
Бала тәрбиесі - күрделі процесс. Ӛйткені ол процесте әр күн
маңызды. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,
жауапкершілік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, ӛз-ӛзіне
сенімді тұлға етіп тәрбиелеу - заман талабы. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына 2014 жылы жолдаған «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР
МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» Жолдауында «ХХІ ғасырдағы
дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»
деген сӛзі пікірімізді нақтылай түседі[1].
Жеткіншек ұрпаққа жан-жақты дамыған мықты азамат етіп тәрбие
берудегі тиімді құралдардың бірі – ертегілер. Ертегі халық ауыз әдебиетінің
маңызды құрамдас бӛлігі. Осындай халықтық ертегілердің негізінде
жазылған заманауи авторлардың әдеби ертегілері, яғни авторлық ертегілер де
жетерлік. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайра
Жиенбаеваның пікірінше, авторлық ертегілерді де балалардың барлығы
дерлік оңай қабылдайды, ӛйткені: «Қазақ ертегілерінің кӛпшілігі бұрынғы
заманда жазылғандықтан бүгінгі баланың ӛмірінен алшақ. Ал балалар ӛзі
ӛмір сүріп отырған заманмен байланысты ертегілерді естігісі келеді. Кейінгі
жылдары жарық кӛрген ертегілерді оқып отырып, авторлардың мектеп
жасына дейінгі балалардың ерекшелігін ескеретінін аңғарасыз. Бұған қоса,
халық ертегілерінің кӛпшілігі дерлік жан-жануарлар туралы. Қала балалары
жан-жануарлардың ӛмірімен жақсы таныс болмағандықтан, оған кӛп
қызықпайды»[2].
Атақты педагог Сухомлинский «Бала кезде үш жастан он екі
жасқа дейінгі аралықта әр адам ӛзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін
де ертегіден алады» деп атап кӛрсеткен[3].
Сондықтан тәрбиешілер ертегіні оқыту барысында ең тиімді әдіс-
тәсілдерді таңдап, оны балаға жан-жақты, әсіресе, рухани-адамгершілік
тәрбие берудің басты құралдарының біріне айналдыруы тиіс.
Авторлық ертегілермен жұмыс жасағанда тӛмендегі ұстанымдарды
негізге алған жӛн:
-тәрбиенің ӛмірмен байланыстылығы ұстанымы: оған ӛмірлік
жағдаяттарға, адамдардың қарым-қатынасына және адамдардың отбасында,
ӛзге ортада ӛзін ұстауына арналған авторлық ертегілердің мазмұны арқылы
қол жеткізуге болады.
- тәрбие үдерісінің барлық құрамдас бӛліктерінің кешенділігі, тұтастығы
және бірлігі ұстанымы: оған авторлық ертегілерді пайдалануға арнап
әзірленген әдістемелік нұсқаулар арқылы, аталған ертегінің мектепке дейінгі
мекемедегі балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі арқылы қол жеткізуге
болады.
- тәрбиешінің басшылығы және баланың жеке белсенділігі ұстанымы:
бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл ӛмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны ӛзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен ӛзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі ертегілерді рӛлге бӛліп атқару
барысында байқалады. Ӛзара қарым-қатынас барысында балалардың
құрдастарымен ӛзара қатынасы ӛзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы
түрлі рӛлдік ертегілерді ойын ретінде атқара отырып, әлеумет ӛмірінің,
ӛндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
- бала бақша мен отбасы талаптарының бірлігі ұстанымы: оған баланы
адамгершілікке тәрбиелеуде балабақша мен отбасында, ӛзге тәрбие
құралдарымен қатар ертегіні де қолдану технологиясына байланысты қол
жеткізуге болады.
- қол жетімділік ұстанымы: ертегі жұмыс жүргізіліп отырған балаға
мағынасы жағынан түсінікті болуы тиіс.
- жас және жеке ерекшелігін ескеру ұстанымы: ертегінің тілі мен оған
байланысты қойылатын сұрақтар тәрбиеленушілердің түрлі ерекшеліктеріне
сай қолдану.
-жеке сараланған тәсіл ұстанымы балалармен жеке-дара сабақ ӛту
барысында, сонымен қатар баланың қызығушылығы мен проблемеларын
ескеру арқылы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты ертегіні қолдану
технологиясын қолдануды тұлғаға бағытталған деуге болады.
- кӛрнекілік ұстанымы: оған ертегімен жұмыс барысында ертегінің
мазмұнына сай, қуыршақтарды, суреттерді немесе Пропп карталарын
қолдануға болады.
Кӛрнекілік – оқытуда заттар мен дыбыстардың ӛзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы кӛзбен кӛру, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық құбылыс. Кӛрнекілік
тәрбиешілердің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарға қарап,
оқу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Кӛрнекіліктерді
пайдалануда қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор кӛңіл бӛле
отырып, «Қазақ жастары ғылым ӛнерді, кітап сӛзі деп қарамай, заттай
кӛзімен кӛріп, ажырата білулері керек» деп тұжырым жасаған[4].
Кӛрнекілік ежелден қолданып келе жатқан принцип, әсіресе
балабақшада әр түрлі жас топтарда жиі қолданды.
Кӛрнекіліктің негізгі түрлері:
1 нақты кӛрнекілік – яғни заттар мен құбылыстарды тікелей кӛрсету;
2 бейнелеу кӛрнекілік – бұл сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма;
3 дыбыстық – үнтаспа, диафильм;
4 кӛркем сӛз арқылы бейнелеу – тәрбиеші балаларға заттар мен
құбылыстарды түсінікті де жеңіл баяндау.
Аталған кӛрнекі құралдары ертегі оқып отырған тәрбиешінің сӛзін
тереңдетіп шыңдай түседі. Балалардың дүниетанымын жетілдіреді.
Аталған технологияны қолданудың нәтижелі болуы үшін қолданылатын
ең басты педогогикалық тәсілдің бірі - авторлық ертегіні даярлық топ
балаларында кезең-кезеңмен қолдану.
Бірінші кезең танымдық-ынталандыру кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде
педагог балалар ертегі арқылы адамгершілік туралы негізгі білім алуына,
сонымен қатар адамгершілік проблемеларына қызығушылық және ауыз
әдебиетінің аталған түріне қызығушылығын қалыптастыруға кӛп кӛңіл бӛлуі
тиіс.
Танымдық-ынталандыру кезеңінде педагог баланың ертегіні тыңдау
барысында болатын психологиялық ӛзгерістерге ерекше назар аудара
отырып, баланың ертегіні қабылдау деңгейін анықтай алады. Мысалы,
қиялдау алаңында ӛзгеріс. Ӛйткені қиялдаудың дамуынсыз және жетілуінсіз
мектепке оқу кезеңінде басқа шығармашылық әрекеттер сияқты зияткерлік
әрекеттер дамымайды.
Екінші эмоциялық-бағалаушылық кезеңде педагогтың негізгі назары
руханилық пен адамгершілік категорияларын қалыптастыруға аударылады.
Егер бірінші кезеңде аталған категория жӛнінде базалық білім алса, бұл
кезеңде бағалау-пайымдау бойынша ӛз білімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік
берілуі тиіс.
Ал соңғы әрекет ету кезеңінде ертегі оқиғаларын драмалық бейнелеу
қарастырылған.
Ертегілерде әділдік, адалдық, намыс, құндылық т.б. туралы алғашқы
түсінік беріледі. Ертегі баланы кейіпкермен бірге қуанып, бірге қайғыруға
бағыттайды, бала ойша кейіпкермен бірге сюжет жолымен жүреді. Ертегі
композициясы баланы ары қарай не болатынына қызықтырып эмоциялық
шиеленісте ұстап тұратындықтан бала үшін қызықты болады.
Ертегіде жақсылық пен жамандық әсіреленіп кӛрсетілетіндіктен,
алданған, жолы болмаған, кемсітілген кейіпкерге аяушылық тудырады,
демек ертегі баланы сырттан бақылаушы ғана емес, ертегі оқиғасының
қатысушысына айналдырады. Ұшқыр қиялдың және кейіпкерге кӛмектессем,
қиындықтан шығар жолды нұсқасам деген жүрек қалауының әсерінен бала
тӛмендегілерге қол жеткізеді:
- тіл кӛркемдігі: ертегі баланың сӛздік қорын дамытады немесе
ұмытылған немесе кӛптеп қолданылмаған сӛздерге еске түсіреді, сонымен
қатар қазақтың шұрайлы тілдік қорына терең үңілуге мүмкіндік береді;
- кейіпкердің сӛзі, ойы және ісі арасындағы себеп-салдарлық
байланысты орнату: бір мезетте ӛткен заманда немесе болашақта болуға, бір
сәтте әлемнің кез-келген нүктесінде болуға мүмкіндік бертіндіктен бұл
байланыстарды бала бірден-ақ байқай алады. Яғни ертегіде уақыт пен
кеңістік заңын бұзуға мүмкіндігі бар;
- бас кейіпкер мен оның жақындары үшін қиын жағдайдан шығудың
ертегі ұсынатын бірнеше жолдары мен оның салдарларын қарастыру
мүмкіндігі.
Қиялдың кӛмегімен бала тікелей қабылданатын әлемнен тыс ойша шығу
қабілетіне ие болады. Ертегі тыңдау балаға кӛз аясындағы әлемнен шығып,
тыс қиял әлеміне шарықтауға мүмкіндік беретін факторлардың бірі. Даярлық
тобындағы балалар шыншыл ертегіні де, қиял-ғажайып образдар мен
оқиғаларды да бір деңгейде қабылдайды. Сондықтан «Біз мектепке барамыз»
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту
бағдарламаcында да халық ертегілері және әдеби ертегілер қамтылған[5].
Аталған ертегілерді оқыту барысында ең тиімді жолдарды басшылыққа алу
маңызды болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |