Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата26.02.2017
өлшемі5,1 Mb.
#5002
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53

 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                              
255
 
 
Б. Ж. Доскеева 
 
ТІЛ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
 
Еліміздегі  дүбірлі  өзгерістер,  қайта  жаңғы-
рулар  білім  беру  жүйесіне  де  айтулы  рефор-
малар  мен  жаңа  мақсаттар  әкелді.  Білім  беру 
стандарттарының  жасалынуы,  инновациялық 
технологияны  дамыту,  білім  мазмұнын  байыту, 
әлемдік  білім  кеңістігіне  ену – сол  өзгерістері-
міздің  куәсі.  Әсіресе,  білім  берудің  кредиттік 
технологиясы  жүйесіне  көшу  бүгінгі  таңда  елі-
міздің  жоғарғы  оқу  орындарында  ұзақ  жылдар 
бойы қалыптасқан дәстүрлі әдістерден біртіндеп 
бас  тартуды,  оқытудың  академиялық  және 
ұйымдастыру құрылымдарын өзгертуді, әдістері 
мен  технологиясын  жаңартуды  талап  етеді. 
Мемлекеттік  тілді  үйретуші  оқытушы  алдын-
дағы  ең  үлкен  мақсат –  қысқа  мерзім  ішінде 
студентті  өз  мамандығы  бойынша  қазіргі  таң-
дағы  жетістіктер  мен  проблемалар  туралы  сөй-
лей  алатындай  және  жоғары  деңгейде  түсіне 
алатындай  дәрежеге  жеткізу,  болашақ  маман-
ның  мемлекеттік  тілде  қарым-қатынас  жасау 
біліктілігін  арттыру,  яғни  ауызекі  сөйлеу  дең-
гейінен  кәсіби  деңгейге  көтеру,  ертеңгі  күні 
олар  Қазақстан  азаматтарымен  мемлекеттік  тіл-
де  жатық,  таза,  еркін  сөйлесе  алатындай  етіп 
шығару.       
Соңғы  жылдары  еліміздің  жоғарғы  оқу 
орындарында  дебат технологиясын қолдану ар-
қылы студенттердің пәнге қызығушылығын арт-
тыру жайлы, сондай-ақ , білім алушылардың ой-
өрісін дамытуда және тіл дағдыларын қалыптас-
тырудағы тиімді әдіс екендігі туралы  жиі айты-
лып  жүр.  Мемлекеттік  тілді  оқытуда  дебат 
технологиясымен енгізе оқытудың мақсаты мен 
міндеттері мынадай: 
  мемлекеттік  тілде  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыру; 
  таным қабілетін дамыту; 
  білімге  құмарлық,  рухани  сенімін  арт-
тыру; 
  пікір – шектелмейтін  еркін  шығамашы-
лық екеніне сенім ұялату;  
  қарма-қарсы  ой  стратегиясы  болғандық-
тан, сөз әдебіне үйрету; 
  шешендікке баулу;  
  саяси еркін көзқарастардың бәсекелілігін 
тудыру;  
  тыңдаушы мәдениетін насихаттау; 
  студенттің  өзін-өзі  қадағалап,  тексеріп 
отыруына баулу; 
 
 
  студент дербестігін дамыту.   
Дебат    технологиясы  білім  беру  жүйесіне 
сөйлеу  мәдениетін  дамыту  мақсатында 1993 
жылы бір топ американдық педагогтардың ұсы-
нысымен  енгізілген  болатын.  Бұл  технология 
студентті  өмірдің  әр  саласында  мысалы,  меди-
цина,  білім,  өндіріс,  бизнесте  және  басқа  тақы-
рыптарда  туындайтын  мәселелер  бойынша  өз 
ойын, көзқарасын  және мүддесін қорғай білуге 
үйретеді,  азаматтық  құндылықтарды  сақтай 
отырып,  ғылыми,  кәсіби  тұрғыдан  бәсекеге  қа-
былетті, сөз-сайыс жүргізе алатын маман дайын-
дауға ықпал етеді. Дебатты мынандай салаларда 
жүргізуге болады:  
  оқытудың  бір  формасы  мен  техноло-
гиясы ретінде білім беру үрдісінде; 
  ғылыми-зерттеу жұмыстарында (ғылыми 
ізденісті,  ғылыми  ақпарат  көздерімен  жұмыс 
істеуді, зерттеу жүргізуді қалыптастырады); 
  тәрбие жұмыстарында; 
  танымдық ойын түрі ретінде.                                          
Дебат – бәсекелесу  мен  жарысудың  белгілі 
бір  деңгейін  болжайтын  ойын  технологиясы. 
Бұл  жерде  логикалық  жағынан  мейлінше  қи-
сынды  дәлелдер  келтіре  алған  алған  адамның 
жеңісі маңызды, себебі дебатта анық бір жақтың 
дұрыс  болып шығуы мүмкін емес. Бұл, бір қара-
ғанда,  дидактика  принциптеріне  қайшы  келеді, 
бірақ  дебат  өмір  мен  әлеуметтік  практикаға 
жақын,  неге  десеңіз,  кез  келген  мәселенің  екі 
жағы  бар,  кез  келген  шешімге    жақтастар  да, 
қарсыластар да табылады. Логика мен дебат тех-
нологиясы  амалдары  арқылы  шешіп,  мақсатқа 
жету үшін  төмендегі негізгі үш принципті сақ-
тау қажет:                                                                                       
1.  Қарсыластың  идеялары  мен  пікірлеріне 
қарсы  аргументтерді  тұжырымдап  айтуға  бо-
лады,  бірақ  сол  қарсыластың  өзін  сынауға  бол-
майды.  Дебат  жеке  тұлғаға  қарсы  бағыттал-
мауы керек.                                                                                     
2. Дебаттың негізі – шындық. Кейде шындық 
өте  қиынға  түседі,  бірақ  аргументтердің  жоқ-
тығы  мен  қисынға  келмейтін  жағдайларды 
мойындауға тура келеді.                                                               
3.  Жоғарғы  оқу  орындарында  өтетін  дебат 
студенттердің  дамуы  мен  білімі,  қоғамдағы 
орны  үшін  қолдануға  арналған,  сондықтан  оны 
оқу  үрдісіндегі  студенттер  арасындағы  немесе 
оқытушы  мен  студент  арасындағы  жарысқа, 
айтысқа айналдырмау керек. Бұл ойында  қаты-

256                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
сушылардың  құқығы  бірдей  болады.  Қатысу-
шыларға өз білімдерін көрсетуге, тәжірибе ауы-
суға  болады.  Дебат  тіл  жетілдірудің  дамуын 
қамтамасыз ететін педаогикалық әсер ету тәсілі, 
бірақ, ол үшін сабақтың тақырыбы дебат жасау-
ға лайық болуы қажет. Тақырып таңдаған кезде 
төмендегілерді есте сақтау керек:  
  жақтайтын  жақ  үшін  жағымды  тұжы-
рымдары бар;  
  нақты мәліметтері бар; 
   зерттеу жұмысын жүргізуге дем беретін-
дей болуы; 
   айтыс, дау қозғайтындай болуы; 
  көкейкесті мәселелерді қамтитын, қозғау 
салатын  болуы тиіс.   
Жақтаушы жақ өзі ұстанған көзқарасын нақ-
ты фактіге негізделген мықты біліммен, шешен-
дігімен  мойындатса  ғана  жеңеді.  Қарсылас  жақ 
жақтаушылардың ұстанымдарының дұрыс емес-
тігі  мен  аргументтерінің  кемшіліктерін  дәлел-
деуі  қажет.  Дебат  технологиясының  артықшы-
лығы – осы. Егер біз «Халық медицинасы» деген 
тақырыпты дебат ойынының қарары етіп алсақ, 
ойынның  шарты  бойынша  критерий  құрамыз.  
Ойынға  қатысушылар  топқа  бөлініп,  екі  крите-
рий бойынша  дайындалады.   
Критерий: Халық медицинасының адам ден-
саулығы үшін пайдасынан зияны көп. 
1.  Аргумент.  Арнайы  медициналық  білімі 
жоқ адамдар айналысады.                                                                       
2.  Аргумент.  Хируриялық  ауруларды  емдей 
алмайды.                                                                                                                                             
3. Аргумент. Олардың  ем-домдары  уақытша 
ғана әсер етеді. 
Осы  аргументтерге  мысалдар  келтіре  оты-
рып (газет-журнал материалдарын пайдаланып), 
халық  медицинасының  әдіс-тәсілдерін  дұрыс 
қолданбай, уақытша табыс көзі етіп жүрген «ем-
шілердің» кесірінен халық медицинасы  туралы 
қоғамда пайда болған көзқарастар жайында  сөз 
қозғайды.                                                                                                                                                                                   
Критерий: Халық медицинасының адам ден-
саулығы үшін пайдасы зор.                                                                    
1.  Аргумент.  Ерекше  қабілет  дарыған  емші-
леріміз  ешқандай  құрал-жабдықсыз  адамның 
ауруын (диагнозын) дәл таба білген.                                                                                                                                     
2.  Аргумент.  Халық  емшілері – сынықшы, 
жарықшы,  оташылардың  емі  ешқандай  талас 
тудырмайды.                                                                                                                                                                 
3.  Аргумент.  Халық  медицинасында  қолда-
нылатын дәрі-дәрмектердің негізі табиғи дәрілік 
шөптерден,  минералды  заттар  мен  жануарлар-
дың мүшелерінен  алынатындықтан,  адам ағза-
сына зияны болмайды. 
Әр  критерий  мен  аргументті  алдын-ала  бе-
рілген  авторлардың  еңбектеріндегі  үзінділер 
арқылы  нығайтамыз,  фактілер  арқылы  дәлел-
дейміз.  Мысалы,  ұсынылған  еңбектердің  бірі –  
«Қазақтың  халық  медицинасының  құпиясы» 
деген  кітапта  көптеген  нақты  материалдар  не-
гізге  алынып,  халық  емшілерінің  ауруды  анық-
тау, табу, емдеу тәсілдері осы күнгі ғылыми ме-
дицина  тұрғысынан  талданады.  Халық  медици-
насындағы  емшілердің  ішкі  ауруларды  ғана 
емес, хируриялық ауруларды да емдеп, жазғаны 
туралы  қызық  фактілер  келтіріледі. «Халық  дә-
рігері  (емшісі)  науқастың  сыртқы  пішініне,  жү-
ріс-тұрысына,  өңіне,  реңіне  көз  сала  отырып, 
оның  денесіндегі  ерекшеліктерді  байқаған.  Ол 
қолдарының  ұшымен  өте  епті  және  сезімтал-
дықпен  науқастың  ауырған  жерлерін  басып 
сипалап,  сол  жерді  анық  білуді  дұрыс  санаған. 
Тыныс  алудағы  көңіл-күйді  байқаған,  тамыр 
ұстап, жүрек жұмысын тексерген, қарынды, ішті 
еппен  басып,  ішкі  ағзалардың  орнын,  дененің 
ыстығын анықтаған, түкіріктің, дәрет пен зәрдің 
шығу мөлшерін білген, олардың иісі мен түріне 
назар  аударған.  Тердің  қалай  пайда  болып,  қай 
жерден  шығатынына  назар  аударған,  бірнеше 
түрге:  бұршақ  тер,  жабысқақ  тер,  сасық  тер, 
қара тер, құрғақ тер деп бөлген.  Жөтелді де бір-
неше  түрге  бөлген:  көк  жөтел,  құрғақ  жөтел, 
шиқыл жөтел. Қақырықты да түр, түске бөлген. 
Оның  түсінің  өзеруін  өкпе,  кеңсірік  аурулары-
ның белгісі деп білген».  Қазіргі кезде де халық 
медицинасы көмегімен талай адам ауруынан ем 
іздеуде.                                                                                            
Дебат  технологиясы  студент  бойына  мына-
дай қасиеттерді қалыптастырады: 
  жан-жақты білім;  
  тапқырлық; 
  шешендік;  
  зеректік;  
  аңғарымпаздық;   
  сын тұрғыдан ойлауды; 
  өз ойын ашық айтуға 
  адамдармен дұрыс сөйлесе білуге; 
  көпшілік алдында сөйлеп үйренуге;  
  адамдармен  мәдениетті  қарым-қатынас 
жасауға.   
Сондай-ақ,  дебат өткізуді кері байланыс эле-
менті  ретінде,  оқу  материалдарын  бекіту  және  та-
нымдық  қабілетті  активтендіру  ретінде  пайда-
лануға болады. Бірақ бұл технологияны қолдан-
ған кезде төмендегідей қиыншылықтар ұшырасты:  
  кейбір пікірсайысқа қатысушылар басқа-
лардың  сөйлеуіне,  өз  ойларын  толық    жеткізу-
леріне бөгет жасайды; 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                              
257
 
 
  қатысушылар  кейде  берілген  тақырып-
тан ауытқып кетеді; 
  барлық идеялар мен ұсыныстардың логи-
калық  байланысын  бақылап,  жазуды  жүргізу 
қиынға соғады. 
Қорыта айтқанда, орыс тілді аудиторияда қа-
зақ  тілін  үйрету, дамыту, жетілдіру  мақсатында 
қолданылатын  әдістердің  бірі  ретінде  дебат 
технологиясын  сабақта  қолдану  студенттің  өз 
бетінше,  дербес  ізденуіне  жол  ашады,  тіл  үй-
ренушінің  танымдық  өрісін  дамытады,  белгілі 
бір  мәселелерді  шешуде  өз  бетінше  әрекет 
жасауына ықпал етеді. 
 
 
1. Современные образовательные технологии. Учебное 
пособие. Москва, 2011.                                 
2.  А.  Алдашев,  Ж.  Әлімханов.  Қазақтың  халық  меди-
цинасының құпиясы. Алматы, 1992.                       
3.  Захарова  И.  Г.  Информационные  технологии  для 
качественного  и  доступного  образования.  Педогогика. 
2002, №1. 
4.  Герасимов  Г.И.,  Иллюхина  Л.В.  Инновация  в  обра-
зовании. – Ростов на Дону, 1999. 
* * * 
В  статье  рассматривается  технология  дебатов  в  про-
цессе преподавания казахского языка. 
* * * 
In article the technology of debate in process teaching the 
Kazakh language is considered. 
 
 
 
 
 
А. С. Жанбиршиева,  А. Қ. Мамбеталиева 
 
СИНТАКСИСТІК ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА  
ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
 
Қазақ тілі әдістемесінде күні бүгінге дейін аз 
зерттелген  мәселелердің  бірі – синтаксистік 
ұғым  қалаыптастыруда  жаттығулар  жүйесінің 
алатын  орны  мен  маңызы.  Жаттығулар – бір 
мақсатқа  бағытталған,  өзара  байланысты  әре-
кеттердің  тұтастығы.  Ол  әрекеттер  тілдік  және 
ой  операциясының  күрделенуіне  байланысты 
бірінен  соң  екіншісі  орындалады.  Қазақ  тілін 
оқыту әдістемесінде жаттығулар жүйесін түріне, 
тәсіліне,  типіне,  мақсатына  қарай  жіктей  келе, 
Н.Ж.Құрманова  жаттығуларды  негізінен  «тіл-
дік»  және  «сөйлеу»  жаттығулары  деп  топтас-
тырады  және  жаттығулардың  қазіргі  кезде 30 
шақты  түрі  бар  дейді [1, 63 б.].  Бастауыш  сы-
ныпта  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушыларда 
синтаксистік  ұғым  қалыптастыру  үшін  оқулық 
бойынша  төмендегідей  жаттығу  түрлерін  орын-
датуға болады.Мысалы 
 Оқушылардың түсінігін бақылау. 
 177-жаттығу.  Бағандарды салыстыру. 
1. Екі бағанды салыстыру. 
2. Қай бағандағы сөздер сөйлем емес? 
3. Қай бағандағы сөздер сөйлем емес? 
4. Неліктен? 
5. Сөйлемдерді көішіріп жаз. 
Сергіту сәті: 1 минут.   
                   Бірігіп  түгел  сынып 
                   Көтерілдік  биік, 
                   Бойларыңды  тік  ұста, 
                   Қисаймасын  иық. 
                   Тағы  отырып,  тұрып, 
                    
 
Қозғала  түс,  шынық. 
                    Бәрін  жасап  болсаңдар, 
                    Отыр  да,  енді  тынық. 
Кітаппен жұмыс. 
178-жаттығу. Жатқа жазу сәті. 
Топтық жұмыс. 
I-топ:  Сөйлемдер  дұрыс  құрылған  ба?  Түзе-
тіп қайта жаз. 
II-топ:  Сөйлемдердің  орны  дұрыс  па?  Рет 
санын қарындашпен белгіле. 
III-топ:  Берілген  екі  сөйлемнің  байланысын 
тап. 
 «Бес жолды өлең» құрастыру. 
1. Қыс. 
2. Салқын аяз. 
3. борайды, жауады, үскіреді. 
4. Қыс мезгілі қандай тамаша! 
5. Суық мезгіл. 
VIII. Венн диаграммасы. 
Мәтін мен сөйлемнің ортақ қасиеттерін топ-
тастыру. 
Үйге тапсырма. 180-жаттығу. 
Жаттығу 
Ұстаздан шәкірт озар. 
Күш білімде. 
Талаптаға нұр жауар. 
Жалаң жіне жайылма сөйлемнен тұратын ма-
қалдарды көшіру. 
Сөйлем мүшелеріне талдау. 
Білім туралы мақалдар айту. 
Дарынды оқушымен жұмыс. 

258                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
Берілген  сызба  бойынша  тиісті  сөйлем  мү-
шелерін жазу. 
30 – жаттығуда    «Ерулік»   мәтіні    түсініп  
оқылып,  әрбір    сөйлемнің    бастауышы    тапты-
рылады. 
Ерулік 
Біздің  ауылға  біраз  үй   көшіп  келді. Олар-
ды  жұрт  қуанып  қарсы  алды. Күн  сайын  әр  
үй    қонаққа    шақырып,  ерулік    берді.  Домбыра  
тартылады, ән айтылады. Жұрт бір-бірімен  әзіл-
десіп, көңілді  отырды. Монғолиядан көшіп  кел-
ген  туыстарды  біз  осылайша  қарсы  алдық.                                                                    
(«Балдырған»  журналынан)  
Тапқан бастауыштары кестеге толтырылады.  
31 – жаттығуда  берілген   «Күз  дәнімен  кө-
рікті,  Қыс    қарымен    көрікті»  мақалы    жатқа  
жаздырылып, бастауыштары  таптырылады. 
Операциялық-орындаушылық  кезең. 
Оқулықпен  жұмыс. 
36 – жаттығуда  Ермек  Өтетілеуовтің  тө-
мендегі  өлеңі  көшіріп  жаздырылады: 
                     
 Тырс-тырс! 
                     Жаңбыр   кеп  жауады, 
                     Тамшылар  тамады. 
                     Тырс-тырс! 
                     Жапырақ  жылайды, 
                     Жардан  су  құлайды. 
 
Қарамен  жазылған  жауады, тамады, жы-
лайды, құлайды  сөздеріне  сұрақ  қойдыру  және  
бұл  сөздер  сөйлемнің  қай  мүшесіне  қатысты  
екенін  сызбамен  көрсету. 
Үлгі: Тамшылар  тамады. 
 
 
37 – жаттығуды  «Тауып  айт»  ойынын  ой-
нату    арқылы    ұйымдастыруға    болады.  Ойын-
ның  шарты: Сынып  төрт  топқа  бөлініп, беріл-
ген  сөздерге  қатысты  қимылды  білдіретін  сөз-
дерді  табу  тапсырылады  және  бұл  сөздердің  
қандай    мүше    болып    тұрғаны    анықтатылады. 
Қай  топ  бірінші, әрі  дұрыс  орындаса, сол  топ  
жеңімпаз  атанады. 
 
...                                                                ... 
Аңдар                   ...                                   Құстар                 ...                         
                              ...                                                                ... 
 
                              ...                                                                ... 
Оқушы                  ...                                          Су                 ... 
                              ...                                                                ... 
Рефлексиялық-бағалау  кезеңі. 
Міндетті  емес  бөлікте  берілген  38, 39 – жат-
тығуларды осы кезеңде пайдалануға  болады. 
Бастауыш  сыныптарда  жаттығу  түрлері  мәтін 
арқылы  іске  асады.  Мысалы: 56 – жаттығуда  
мәтінмен  шығармашылық   жұмыс  ұйымдасты-
рылады: 
1. Мәтінді  оқу. 
2. Мәтінді  суреттер арқылы ары  қарай  жал-
ғастыру. 
3. Оспан  қандай  оқушы?  Сұрағына  жауап  
беру. Жауап  болатын  сөйлемнің  бастауышы  мен  
баяндауышының  зат  есімнен  болуы.  
Тіл  дамыту  жаттығуы. Мәтін   мазмұны-
ның  одан  ары  өрбу  барысын  болжау  парадиг-
малық  (синтагмалық)  ассоциативті  байланыста  
құрылады. 
1.  Мәтіннің    алғашқы    екі    азат    жолын  
(абзацын)  мұғалімнің  оқуы: 
Екі  дос  үй-үйдің  арасымен  әңгімелесіп  келе  
жатты.  Оның    біреуі – Ақселеу    де,  екіншісі – 
Абыз. Абыздың  денсаулығы  нашар, көп  жүгіре  
алмайтын, демікпе   сырқаты  болатын. 
Бір  үйдің  жанынан  өте  бергенде, дәу  қара  
төбет  абалап  үріп  шыға  келді... 
1.1. Бірінші  кідіріс. 
Ары    қарай    не    болды    деп    ойлайсыңдар? 
Балалар    не    істеді? (Балалар    Ақселеу    мен  
Абыздың  итпен  кездесуінде  не  болғаны  жө-
нінде  әңгімелейді.) 
1.2. Мәтінді  ары  қарай  жалғастырып  оқу. 
- Ақселеу, қаш, әне, ит  келіп  қалды! – деп  
Абыз  айғайлап  жүгіре   жөнелді. 
Ақселеу  жерден  бір  шыбық  алып, қашпас-
тан  итке  қарсы  ұмтылды. Айбат  шекті. Көрші-
лер келіп, Ақселеуді  айырып  алды. Бірақ  оның  
шалбары  жырым-жырым  болды. 
1.3.  Оқушылардың  жауабын  мәтінмен  са-
лыстыру. 
А.Байтұрсынов  мәтін  туралы  былай  дейді: 
«Дүниедегі  нәрсенің  қайсысы  туралы  сөйлесек 
те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз 
қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға 
алсақ,  я  ол  адамның  істеген  ісін.  Айтқан  сөзін 
әуезе  қылып  сөйлейміз,  я  тұлға-тұрпатын,  кес-
кінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз, 
я  болмаса  ол  адамның  істеген  істерінің,  өзінің 
жақсы-жаман  болғанының  мәнісін,  себебін  тек-
сере,  байымдай  сөйлейміз.  Осыған  орай  сөйле-
ген  сөзіміздің  түрі  не  әуезе,  не  әліптеме,  не 
байымдама  болып  шығады» [2, 121 б.].  Бұл  тұ-
жырымдамадан шығатын қорытынды, мәтінімен 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 259
 
 
жұмыс  істеу  оқушыны  ойлауға  салыстыра  білу-
ге,  аңғарымпаздыыққа  және  бақылампаздыққа 
үйретеді. 
Қорыта  келе,бастауыш  сыныпта  синтаксис-
тік  ұғым  қалыптастырудағы  жаттығулар  жүйе-
сін тілдік әрі әдістемелік тұрғыда зерделеу бола-
шақтың ісі деп білеміз. 
_____________ 
1.  Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі син- 
 
 
 
 
 
таксисін  дамыта  оқыту  технологиясының  ғылыми-әдісте-
мелік  негіздері:  пед.  ғыл.  докт. ... дис. – Алматы:  Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогика  институты, 2004. –345 б. 
2.  Байтұрсынов  А.  Шығармалары:  өлеңдер,  аудар-
малар, зерттеулер. 
Алматы: Жазушы, 1989. –320 б. 
* * * 
В статье рассматривается роль синтаксических умений 
на примере тренировочных упражнений. 
* * * 
Rote of syntactic skills on the example of traininj execises. 
 
 
 
 
Р. Т. Изгуттинова, М. Ж. Хусаинова 
 
ОРЫС ТОПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ  
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
 
 
Өркениетті  елдер  қатарына  көтерілу – еге-
менді  еліміздің  алғышарты.  Қазіргі  қоғам  жеке 
адамнан прогрессивті ойлай алатын, рухани бай, 
жан-жақты болуды талап етеді.  
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, 
білім,  мінез  деген  қасиеттермен  озады»  деген 
ұлы  Абай.  Озық  ойлы  білімдар  адамдар  заман-
ның,  қоғамның  дамуына,  өзгеруіне  өз  үлесін 
қосады.  Сондықтан  қазіргі  білім  берудің  басты 
мақсаты  - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қа-
лыптастыру болып отыр. Қай заманда болмасын 
алға жетелейтін құдіретті күш  білімге ғана тән. 
Қазақ  тілін  орыс  топтарында  оқыту  әдіс-
темесінің  мақсаты - сөйлей  білуге,  өз  пікірін 
өзгеге жеткізе білуге, тіл қорын дамытып, қазақ 
тілін  қатынас  құралы  ретінде  пайдалана  білу 
екендігі  баршамызға  аян.  Бұл  мақсатқа  жетуде 
қазіргі  таңда  орыс  топтарында  қазақ  тілін  оқы-
тудың  өзіндік  әдіс-тәсілдерін  қарастырған  көп-
теген еңбектер жарық көруде. Бүгінгі күні қазақ 
тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  үйретеміз  деп,  мұға-
лімдер  бүкіл  сабақты  қазақ  емес  ұлт  өкілдеріне 
арнап, қазақ студенттріне жеңіл-желпі тапсырма 
беріп,  соны  сұраумен  шектелуде.  Орыс  топ-
тарындағы  қазақ  студенттерінің  ана  тілін  ары 
қарай тереңдетіп оқытылуы ақсап тұр. 
Педагог  К.Д.Ушинский  «развивать  в  детях 
дар  слова-значит  почти  то  же  самое,  что  разви-
вать  в  них  логичность  мышления» [1] деген 
екен.  Олай  болса,  бүгінгі  қазақ  жастары  сту-
денттерінің,  болашақ  зиялы  қауымның  қанша-
лық іскер, қабілетті, білімді болып шығуы оқы-
тушының  тілді  қалай  меңгертуіне,  оқытуына 
байланысты  екені  ескерілсе,  оқытушы  жүгі 
ауырлай  түспек.  Сондықтан  ұстаз  алдында  елі-
міздің болашағы тұр. 
 
 
Ыбырай  Алтынсарин: «Жақсы  мұғалім  маған 
әр  уақытта  қымбат,  өйткені,  ол  мектептңң  жү-
регі» - [2,219] десе,  А.Байтұрсынов: «Бала  оқы-
туды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға үй-
рететін  нәрселерін  өзі  өте  жақсы  білерге  керек. 
Екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын 
танитын  адал  боларға  керек.  Оны  білуге  туған-
нан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы 
кіретін  жолын  білерге  керек.  Баланың  ісіне, 
түсіне  қарап,  ішкі  халынан  хабар  аларлық  болу 
керек», - [3,448] деп, сапалы білім мен саналы тәр-
бие берудегі оқытушының рөлін баса көрсеткен. 
Орыс  топтарындағы  қазақ  балаларының  ана 
тілдерін  тереңдетіп  меңгерту,  олардың  бойын-
дағы  қабілетін  көру,  оны  жетілдіру,  ізденгіштік 
қасиеттерін  датыту – оқытушының  сабақ  беру-
дегі  шеберлік,  ізденушілік  қабілетіне  байла-
нысты.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін  мұғалім  оқу-
шылардың  дара  тұлғалық  қабілеттерін  ескере 
отырып,  олардың  әрқайсысына  жеке  тұлға  ре-
тінде  қарап,  өздеріне  деген  сенімдерін  артты-
рып, шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет.  
Шығармашылық тұлға қалыптастыру қазіргі 
оқу  процесінің  ең  басты  талаптарының  бірі.  
Мұғалім сабақты дұрыс  жоспарлап,  сабақ беру-
дің  жаңа  технологиялық  үлгілерін,  әдіс-тәсіл-
дерін  тиімді  қолдана  білсе  ғана  көздеген  мақ-
сатына жете алмақ. Ал, шығармашылық жұмыс-
тар  сабақтың  нәтижелі  болуына  бірден-бір  се-
бепті әрекет. «Шығармашылық» сөзінің төркіні, 
этмиологиясы  «шығару», «ойлап  табу»  дегенге 
келеді.  Шығармашылық  адамға  ғана  тән  құбы-
лыс.  Дегенмен  де,  ол  адамның  еңбек  етуін, 
дамуын  және  шығармашылық  қабілеттерінің 
туындауын  талап  етеді.  Шығармашылықтың 
дамуына  ең  негізгі  және  ең  қажетті  жағдай-

260                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
лардың  бірі – бұл  жеке  тұлғаның  ішкі  бостан-
дығы,  ол  бостандық  адамға  өзінің  жекелігін 
толығымен көрсетуге мүмкіндік береді.  
Шығармашылық  ізденістер,  тапсырмалар 
оқушылардың қызығушылығын арттырады, оқу-
шының  теориялық  алған  білімін  күнделікті 
өмірде  қолдана  білуге  машықтандырады,  олар-
дың өзіндік көзқарасын қалыптастырып өз ойын 
жеткізуге, байланыстырып сөйлеуге, дәлелдеуге, 
салыстыра  білуге,  ізденушілікке,  сөйлеу  мәде-
ниетінің  қалыптасуына  үйретеді.  Осындай  жұ-
мыстарды жүйелі жүргізу – оқушыларды шығар-
машылыққа  баулуға,  шәкірт  бойындағы  талант 
көзін ашып, қиялын ұштап өз бетінше ізденуіне, 
тілін  байытуға  дағдыландырады.  Осындай  әдіс-
тәсілдерді  пайдалана  отырып,  жүргізген  сабақ 
жоспарын ұсынымыз. 
Сабақтың тақырыбы: ДОСТЫҚ 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  «Достық»  туралы  түсініктерін 
кеңейту, сөздің мағынасын ашу, дос пен достық-
ты  қастерлеуге,  оны  қорғауға,  өз  ойын  тұжы-
рымдап айта білуге, жаңа технологиялар арқылы 
шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету. 
Дамытушылық:  түрлі  әдіс-тәсілдерді  пай-
далана  отырып  сабаққа  қызығушылығын  ояту, 
компьютерлік  технологиялардың  негізінде  бел-
сенділігін  арттыру,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге 
дағдыландыру. 
Тәрбиелік:  достықты  бағалау,  адамның 
жақсы  мінез-құлық  қасиеттерін  бойына  сіңіру, 
жаман қасиеттерден жирендіру, адал достық пен 
амал достықты ажырата отырып бойына дарыту, 
өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың  әдістері:  талдау-жинақтау,  сұх-
бат, алдын-ала тапсырма беру, мәтінмен жұмыс, 
ой қозғау, ойын  т.б. 
Пәнаралық байланыс: әдебиет 
Сабақтың  көрнекілігі:  интерактивті  тақта, 
компьютер, достық туралы нақыл сөздер, мақал-
мәтелдер.  
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру: 1) Сәлемдесу.  Түгендеу.  Са-
баққа дайындау. 
2)  Үй  тапсырмасын  сұрақ-жауап  әдісі  ар-
қылы тексеру. 
а) - Дос деген кім? Достың жолдастан   айыр-
машылығы бар ма? 
сыр бөлісетін адам 
мені өте жақсы түсінетін адам 
көмекке әрдайым дайын адам 
қандай  жағдай  болмасын  бір-
ге болатын адам  
сенімді адам 
ә)  Жағдаяттық  сұхбат.  Бірге  оқыған  курс-
тасыңызды кездестірдіңіз. Арада 10-15 жыл өтті, 
өзгеріп  кеткен  (тұрақты  сөз  тіркесін  пайдалану 
арқылы суреттеу). 
б)  Дос  туралы  қандай  мақал-мәтел  біле-
сіңдер?  
1)  Нағыз  дос  қиналғанда  қасыңнан  табы-
лар. 
2)  Дос сыртыңнан мақтар, 
Дұшпан көзіңе мақтар. 
3)  Дос жылатып айтады, 
Дұшпан күлдіріп айтады. 
4)  Досы көпті жау алмайды. 
5)  Аққуды атпа, досыңды сатпа. 
6)  Доссыз адам, тұзсыз тағам. 
7)  Жолдасы көптің олжасы көп. 
в)  Достық,  дос  туралы  қандай  жаңылт-
паштар білесіңдер? 
Айдос Олжаспен жасты 
Олжас Алмаспен жасты, 
Айдос Алмаспен жасты болса, 
Алмас қай доспен жасты? 
Жаңа сабақ: Достық 
Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ.   Мақал-
мәтелдерді толықтырыңыз. 
1.  Ағаш тамырымен 
    ... досымен мықты. 
2.  Жаманмен ... болма, 
    Жақсымен қас болма. 
3. ... – жанына жолдас, 
   Жаман малына жолдас. 
4.  Абысын ...болса ас көп. 
     Ағайын ... болса ат көп.                                                      
5.  Ақылсыз достан  ... 
          дұшпан артық. 
6. Адал достық  алтыннан...   
 
Оқытушы  сөзі:  Достық  туралы  айту.  Жал-
пы  достық  сөзінің  мағынасы  кең,  үлкен,  киелі 
ұғым.  Достық  тек  адамдар  арасында  емес, 
мемлекет, ұлт арасында сонымен қатар адам мен 
жануарлар арасында да болады. Мысалы: Біздің 
мемлекет  көптеген  елдермен  достық  қатынаста, 
Елбасы  саясатының  арқасында  Отанымыздың 
 
Д 
 
 
 
О   
 
 
 
 
С 
 
Т 
 
 
 
 
 
Ы   
 
 
Қ 
 
 
 
 
 
Дос 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 261
 
 
барлық  ұлт  өкілдері  бірлік  пен  татулықта,  сый-
ластықта  өмір  сруде.  Көптеген  әдеби  шығар-
маларды,  ертегілерді  алсақ  адамдардың  итпен, 
құспен,  атпен  достықтарын  көреміз.  Біз  сіз-
дермен бүгін екі адам арасындағы өзара сенімге 
негізделген  қарым-қатынас  туралы  ой  қозғай-
мыз.  Дос – адамның  сыр  бөлісетін,  қуанышпен 
қайғыда  қасынан  табылатын  ең  жақын  адамы. 
Адам  үшін  ата-анадан  кейін  ең  жақын - жақсы 
дос.  Өмірде  адам  болған  соң,  жақсылықты,  жа-
мандықты,  қасіретті  де  басымыздан  кешіреміз. 
Сондай  да  егер  біз  жалғыз,  оңаша  қалсақ,  ол 
ауыртпалыққа  төзе  алмай,  шыдамас  едік,  қиын 
болар  еді.  Сол  кезде  әрдайым  адам  баласының 
қасынан  ең  жақын  туыстары  және  достары  та-
былады.  Қиындықты,  қуанышты  бірге  көтері-
сетін  кімдер?  Достар!  Әрине , сондықтан  қазақ 
халқы  «Таптырмас  байлық – достық  татулық, 
сыйластық» деген.  
Білмеген дос қадірін не біледі? 
Көңілің шын доспен семіреді. 
Тар үйде тарыққанда досың келсе, 
Дүние, жан жадырап, кеңиеді!... 
Студенттерге тақырып бойынша алдын –ала  
«Достық деген не?  оны қалай түсінесіңдер, дос-
тықты неге? кімге? теңер едің?» деген тапсырма 
беріледі.  Әрбір  студент  «достық»  деген  сөздің 
мағынасын  түсіндіретін  бір  суретті  салып,  не 
себепті  достықты  сол суретке теңегенін түсін-
діру керек, яғни тақырып арқылы шағын әңгіме 
құрастыру,  дәлелдеу,  ауыз  әдебиет  үлгілерін 
пайдалану, өз ойын  жеткізу шығармашылықпен 
жұмыс болып табылады. 
 Интерактивті  тақтамен  жұмыс.  Берілген 
тапсырма  бойынша  студенттердің  салған  су-
реттерін  презентация  арқылы  көру,  ойларын 
тыңдау. (Өздері  салған  суреттер  бойынша  ой 
бөлісу,  талдау-жинақтау).  Мысалға  кейбір  сту-
денттердің айтқан ойларын келтірейін. 
1) 
  адамдар  арасындағы  бай-
ланыс 
2) 
 шеңбер 
3) 
 бәйтерек 
4) 
жүрек 
5)  ана мен бала суреті 
6) 
 кітап 
 
АСИМА 
Мен  баласын  көтерген  ана  суретін  салдым. 
Өйткені, достық ана мен  бала арасындағы сезім 
сияқты  махабатты,  тазалықты,  пәктікті  білді-
реді. Ана мен бала егіз сияқты, бірін-бірі тілсіз, 
жүрекпен, көзбен ұғады. Достық та сондай болу 
керек. Достық сезімі анаға деген махабатпен тең 
сияқты.  Менің  әжем  маған  айтады: «Анаға 
баладан,  балаға  анадан  артық  жан  жоқ»  дейді. 
Сол  сияқты  мен  де  адамды  доссыз,  достықсыз 
елестете алмаймын. Бірақ, осындай ана мен бала 
арасындағы  махабаттай  таза  дос  табу,  дос  болу 
қиын деп білемін. Неге?... 
 
ДИНА 
Мең  достықты  шеңберге  теңедім.  Өйткені, 
шеңбердің  шеті  жоқ,  ол  шексіз,  мәңгі.  Достық 
та,  махаббат  сияқты  жырланатын  мәңгілік 
тақырып.  Достық  екі  адам  арасында  өзінен-өзі 
қалыптасады,  ал  осы  достықтың  шынайы,  мәң-
гілік  болуы  екрек  деп  ойлаймын.Көңілдері  таза 
болуы керек, шатасқан  кездері немесе қате жол-
ға түскен уақытта бір-біріне ашық, батыл айтып 
түзу жолға салу керек. Сонда – достық мәңгілік 
жасайды... 
 
ГҮЛНАЗ 
Мен  достықты  Бәйтерек  тоғайына  теңедім. 
Өйткені,  қазақ  халқында  мынадай  мақал  бар: 
Адам  досымен  мықты,  ағаш  тамырымен  мықты 
дейді. Себебі, бәйтерек тамыры терең жайылған, 
нық тұрған ағаш мықты ағаш. Достық бәйтерек 
ағаша  сияқты  (ешбір  жаман  ниеттен,  ойдан) 
адамдар  қиналған  кезде  қасыңнан  табылып, 
ағаш сияқты сүйемелдеп құлатпайды... 
 
МЕРУЕРТ 
Мен  достықты,  досты  кітапқа  теңедім.  Өйт-
кені,  дос  сияқты  біздің  ақылшымыз.  Кітап  дос-
тық сияқты – алтын қазынамыз. Достық – кітап-
ты  оқу  арқылы  достық ақыл – кеңес  бізді  кітап 
сияқты – түзу  жолға  салады,  дұрыс  шешім  қа-
былдауға көмек береді. Кітап достық сияқты мұ-
ғалім, ұстаз. Кітап достық сияқты адамның сыр-
ласы,  жолдасы.  Біз  кейде  жауап  бере  алмайтын 
сұрақтарға  досың  сияқты  жауап  беретін  кеңес-
шіміз... 
 
КАМИЛА 
Мен достықты күнге теңедім. Себебі, күннің 
нұры жылы, шуақты, сол сияқты достықтың құ-
шағы жылы, ыстық, оның құшағынан пана таба-
мыз.  Досымызды  көргенде  көңіліміз  көтеріліп 
қуанамыз. Күн сияқты өзінің сәулесін шашады... 
 
БОТАГӨЗ 
Мен  достықты,  жүрекке  теңедім.  Өйткені, 
жүректің  дүрсілі – достықтың  үні  сияқты.  Екі 

262                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
достың бір-біріне деген сезімі сол жүректе. Шын 
адал достықты адам  - жүрегімен таниды. Жүрек 
жылуы ешқашан алдамайды. Достық жайлы бір 
өлең жолын оқығым келеді. Достық! 
Қасиетті достық. Махаббаттан жоғары 
Нағыз достық бір жүрекпен соғады 
Бір-ақ – жүрек қос кеуде 
Махаббаттан достық биік әрқашан 
Нағыз бақыт – дос жүрегін тапқаның 
Опасыз боп егер досты алдасаң 
Отаныңды сатқаның 
Достық – Одақ! 
Опасыз күш кіре алмас 
Бұзылмас орда, тас қамал 
Достық – құдірет, рухтары ұрандас 
Жаттары да жаулары да жасқанар... 
Тақырыпқа қатысты «Достық» туралы мәтін 
беріледі.  Рөлге  бөліп  оқу.  Сын  есімдерді  теріп 
жазу,  түріне  қарай  ажыратып,  жасалу  жолын 
түсіндіру. 
Достық. 
Әйтімбет  деген  сөзге  шешен  кісі  болыпты. 
Бірде оның замандастары: 
-  Достық  нешеу? – деп  сұрақ  қояды.  Сонда 
Әйтімбет тұрып: 
-  Достықтың  екі  түрі  болады.  Бірі – адал 
достық, екіншісі – амал достық. Сонда «Енді оны 
қалай ажырата аламыз» дейді замандастары. 
- «Адал достықтың өмірі ұзақ, амал достық-
тың өрісі қысқа» деп жауап берген. 
Пікірталасу. 
Адал достық - ... 
Амал достық - ... 
Оқытушы:Студенттердің  пікірлері  тыңдал-
ған  соң  адал,  амал  достыққа  қатысты  Ы.Ал-
тынсариннің  «Жаман  жолдас»  әңгімесін  ком-
пьютер  арқылы  тыңдатып,  «Жалғастырып  көр» 
ойыны  арқылы  мәтінді  есте  сақтағандары 
бойынша  бірінің  сөйлемін  бірі  жалғастырып 
айтып шығу.  Мысалы:: Екі дос келе жатып..... 
(есте сақтау қабілетерін дамыту) 
Басты  кейіпкерлерге  мінездеме  беру  үшін 
мәтінге байланысты сұрақтар: 
-  Әңгіменің  тақырыбы,  идеясы  (айтқысы 
келген ойы)  
-  Ауру  жолдас  аюдың  құрбаны  ма  немесе 
қорғансыз жан ба? 
-  Жаман жолдастың ең басты қателігі не? 
-  Екі  жолдастың  бір-бірінен  айырмашы-
лығы неде? 
 
-  Жазушы осы екі адамның бейнесі арқылы 
не айтқысы келді? 
Тақырыпқа  байланысты  көрнекілікке 
алынған мақал-мәтелдерді қолдану. 
1)  Жақсылыққа асық бол,  
 
2) Дос болсаң берік бол,       
Жамандыққа қашық бол.                  
Досыңа серік бол.  
Сабақты қорытындылау.  
Оқытушы: Жақсы, сонымен бүгінгі сабақты 
қорытындылай келе сіздермен достық деген не? 
дос  болу  үшін  қандай  болу  керек  тағы  басқа 
көптеген  сұрақтарға  жауап  алдыңыздар........ 
Естеріңізде  болсын,  шын  достық  ақылдыға  тән 
екенін  ұмытпаңдар.Достықтың  көзі  ақылдан 
басталады.  Ал  ақылды  сіздерге  ата-ана,  шәкір-
тіне  ұстаз  және  адал  дос  айтады.  Өмірде  адал 
дос табу ақылдыға қиын, ақымыққа оңай. Ақыл-
дының  досы  аз,  ақымақтың  досы  көп  болғаны-
мен,  жақсылығы  жоқ.  Жақсылығы  жоқ  достың 
қастығы аяқ астында жатады. Достарың ақылды 
болса,  өздерің  дана  боласыңдар.  Орыс  халқы 
айтады: «Скажи,  кто  твой  друг,  и  я  скажу  кто- 
ты».  Сондықтан  достарыңды  дұрыс  таңдай  бі-
ліңдер.  Адал  досқа  үлкен  құрметпен  қарап, 
өзара  қамқорлық  жасап,  достықтарыңызды  сақ-
тай білініздер. Достарыңыздың  айтқан сын сөз-
ді  дұрыс  қабылдай  біліп,  ақылмен  тыңдай  білі-
ңіздер,  сонда  сіздердің  достықтарыңыз  мәңгі 
жасайды.  Адам  баласына  тән  жақсы  қасиеттер-
дің барлығы сіздердің бойларыңыздан табылсын 
деп тілеймін. 
Бағалау.  
Үйге  тапсырма. Берілген  сұрақтарға  жауап 
 
іздеу. 

  Сіздің досыңыз қандай, сізбен адал ма? 

  Сіз өзіңіз қандай доссыз? 

  Менің  курстас достарыма тілегім... 
Сабақ Т.Молдағалиевтің «Жан досым» әнін 
орындаумен аяқталад.  
________________ 
1.  К.Д.Ушинский. Сбор.соч.том 5 стр.19 
2.  Ы.Алтынсарин.  Таңдамалы  шығармалары. – Ал-
маты. ҚазССр Ғылым Академ баспасы, 1955ж. 
3.  А.Байтұрсынов.  Тіл  тағлымы. -Алматы.  Ана  тілі 
1992ж. 
* * * 
В  статье  рассматривается  творческий  подход  к  изу-
чению  родного  языка  студентов  в  русскоязычной  ауди-
тории.  
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                              
263
 
 
К. Т. Кенжеева 
 
ЯЗЫК ПУБЛИЧНОГО ВЫСТУПЛЕНИЯ. 
ОТЛИЧИЯ УСТНОГО И ПИСЬМЕННОГО ЯЗЫКА 
 
 
В  этой  статье  мы  хотим  найти  ответ  на 
вопрос,  почему  слушатели  с  трудом  восприни-
мают  письменную  речь.  Наша  цель – рассмо-
треть  различия  между  устной  и  письменной 
речью  в  их  соотношении  к  грамматике,  выбору 
слов  и  построению  предложений.  Сравнитель-
ный  анализ  даст  нам  возможность  определить, 
какие  есть  преимущества  у  письменного  языка, 
а какие у устного. Мы попытаемся показать, что 
пренебрежение этими различиями между устной 
и  письменной  речью,  может  отрицательно 
сказаться на аудитории.   
Остановимся  на  некоторых  отличиях  уст-
ного  стиля  и  письменного,  чтобы  использовать 
результаты  небольшого  исследования  на  прак-
тике.  А  именно,  обучить  студентов  некоторым 
приемам  ораторского  мастерства  в  элективном 
курсе  «Русский  язык  для  профессиональных 
целей».  Научить  их  овладевать  вниманием 
аудитории  без  риска  быть  непонятыми.  И  чем 
проще  во  всех  отношениях  будет  выступление, 
тем больше оно послужит интересам аудитории. 
Устную  речь  характеризуют  слова:  произ-
носимая, звучащая, говоримая речь. Живая, соз-
даваемая  в  считанные  секунды.  Когда  же  мы 
читаем что-то вслух, то произносим, озвучиваем 
письменную речь – так возникает ее озвученный 
(звучащий)  вариант.  Сопоставим  фрагменты 
двух  текстов:  первый - из  научной  статьи,  
 
 
 
второй – из  выступления с научным докладом: 
…решение  по  данному  вопросу  может  быть 
принято лингвистом после консультации у специа-
листа; …ну,  вот,  относительно  этого  послед-
него, очевидно, э, когда я дойду до таких крите-
риев,  которые  требуют  обращения  к  специа-
листу, я тогда особенно на этом остановлюсь. 
Интересно  услышать  ответы  студентов  на 
следующий  вопрос:  чем  устный  текст  (второй), 
зафиксированный  с  помощью  магнитофона  или 
диктофона,  отличается  от  письменного  (пер-
вого)  текста?  Каковы  же  особенности  устной 
речи.  Это  избыточность  устной  речи  (повторы, 
различные  уточнения,  пояснения).  Экономия 
речи (пропуск слов). Перебивы (самоперебивы). 
Незаконченность предложений, поправки и т.п. 
Студентам можно предложить самостоятель-
но подготовить следующее: небольшой доклад в 
группе  (без  чтения  подготовленного  текста);  
поздравление  куратора  с  юбилейной  датой  на 
торжественном  собрании;  участие  в  прениях  на 
собрании;  взять  интервью  у  преподавателя  или 
декана  факультета.  Затем  прослушать  аудиоза-
писи  студенческих  выступлений  и  интервью  с 
целью  их  последующего  анализа  и  сравнения  с 
соответствующими письменными вариантами. 
Думается,  что  будет  полезен  для  студентов 
предварительный анализ таблицы-схемы «Стили 
и жанры»: 
СТИЛИ И ЖАНРЫ УСТНОЙ ЛИТЕРАТУРНОЙ РЕЧИ 
 
Разговорный стиль                                             Книжный стиль: 
- беседа в семье 1. 
Научный 2. 
Деловой 3. 
Публицистический 4. 
Художественный 
- анекдот - 
доклад - 
отчет - 
парламентск.выступл. - 
рассказ со сцены 
- рассказ (о себе) - 
дискусс.выступл. - 
репортаж 
                                                                       
- интервью 
                                                                              
- дискусс.выступл. 
Студентам необходимо определить, какие из 
указанных  жанров  особенно  значимы  для  их 
будущей  профессиональной  деятельности.  Еще   
 
одну  таблицу  желательно  проанализировать  со 
студентами: 
 
ПОДГОТОВЛЕННОСТЬ УСТНОЙ ЛИТЕРАТУРНОЙ РЕЧИ И ЕЕ ЖАНРЫ 
  Озвученная письменная речь 
  Прочитанная речь 
  Прочитанный доклад 
Неподготовленная 
Частично подготовленная 
  Подготовленная 
спонтанные жанры 
частично спонтанные  жанры  словесно спонтанные жанры 
- разговор в семье за обедом - 
деловая беседа - 
выступл. оппонента в дискусс. 

264                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
- интервью  
- подготовлены вопросы интервью - 
публичная юбилейная речь 
- выступл. в прениях - 
юбилейная публичная речь  
 
-  научный доклад 
 - 
научный доклад  
 

научный доклад 
Во  время  работы  обратите  внимание  на  то, 
что  графа  «озвученная  письменная  речь»  отде-
лена  от  графы  Устная  Литературная  Речь.  Най-
дите  ответы  на  вопросы: 1) почему  они  стоят 
обособленно  друг  от  друга?; 2) почему  некото-
рые жанры встречаются дважды?  
Когда мы готовимся к речи или презентации, 
то, вооружаясь ручкой или включая компьютер, 
наш  мозг  переключается  в  «режим  письма».  В 
результате  возникает  текст,  похожий  на  статьи, 
отчеты,  запросы  и  прочие  письменные  доку-
менты. Между языком, на котором мы пишем, и 
языком, на котором мы говорим, существует ряд 
не  слишком  очевидных  различий.  Они  делают 
нежелательным  использование  письменного 
слова в презентациях и речах. Согласитесь, если 
зачитать  слушателям  готовый  текст  «слово  в 
слово»,  то    в  процессе  чтения  мы  обнаружим, 
что  он звучит не  так, и  пытаемся  внести  в него 
изменения.  Наша  речь  звучит  вполне  прием-
лемо,  но  при  прослушивании  ее  в  дословной 
форме,  например,  аудиозаписи    выглядит  чрез-
вычайно  странно. Читая  запись  подготовленной 
лекции,  даже  неплохо  подготовленной,  после 
прослушивании  записи  на  ленте  можно  только 
удивляться.  Откуда  взялась  эта  речь?  Речь, 
игнорирующая  правила  грамматики,  полная 
незаконченных  предложений  и  повторов!  Мно-
жество  пауз  из-за  поиска  слов  в  памяти  при 
попытке показать, что владеем информацией без 
подглядывания.  
Перейдем  к  рассмотрению  различий  между 
устной  и  письменной  речью.  Выступающий 
человек,  заранее  готовясь,  может  показаться 
окружающим  высокопарным  и  напыщенным, 
прячущимся  за  завесой  формальности  из-за 
«сверхправильности».  Главное  отличие  устной 
речи от письменной в том, что в устной речи мы 
обращает  гораздо  меньше  внимания  на  правила 
грамматики. Грамматически правильное предло-
жение  состоит  из  подлежащего,  сказуемого  и 
дополнения.  В  беседе  или  выступлении  больше 
предложений  этому  правилу  не  соответствует. 
На  письме  мы  стремимся  к  грамматической 
правильности,  чтобы  читатели  не  обнаружили 
ошибки  и  не  сочли  нас  безграмотными.  Мы  не 
всегда  принимаем  к  вниманию  автоматические 
поправки,  так  как  соблюдение  правил  письма 
считается 
обязательной 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет