Литература:
1. Новые педагогические и информационные
технологии в системе образования: Учеб. по-
собие для студ. пед. вузов и системы повыш.
квалиф. пед. кадров / Е.С.Полат, М.Ю. Бухар-
кина, М.В. Моисеева, А.Е. Петров. – М., 2001.
2. Селевко Г.К. Современные образовательные
технологии: Учебное пособие. – М.: Народ-
ное образование, 1998. – 256 с.
3. Ясвин В.А. Образовательная среда: от мо-
делирования к проектированию. – М.: Смысл,
2001. – 365 с.
* * *
Мақалада презентациялардың қолданылуы бұл iскер
ағылшын тiлiн модулдiк үйренуде тиiмдi форма ретiнде
қарайды. Шет тiлiн кешендi кәсiби бағдарламада зерттеу,
үйрену қазiргi кезеңде тәлім-тәрбиенің басты ұстанымы
болып табылады. Мақалада таныстырылымның (презента-
цияның) мақсаттарын ерекшелейдi, кезеңдерін және пре-
зентацияның әзiрлеуiнiң әдіс-айлаларын көрсетеді; пре-
зентацияны ресiмдеу және көлем талаптарын айқын-
дайды. Таныстырылымның (презентацияның) iскер ағыл-
шын тiлiн модулдiк үйренуде қолдануы кәсіби, тілдік,
және коммуникатив құзырдың дамуы үшін көкейкесті
ерекшелiгі көрсетіледі.
* * *
Article addresses the issue of the use presentations as an
effective form of modular teaching business English. Stresses
that a comprehensive, professionally oriented foreign language
learning is the main principle of education at the present stage.
Allocate objectives, stages and methods of preparation of the
presentation; specify the requirements for the preparation and
terms of presentation. Using presentations, it is important for
the development of the linguistic, professional and commu-
nicative competence.
С. А. Сулейманова
134
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Оқулық жазу шарттары және оның тәрбиелік негіздері
А. М. Таганова
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті аға оқытушы, Ақтөбе, Қазақстан
Аннотация. 5-6 сыныптағы оқушыларға ана тілінен сапалы білім берумен қатар дарынды,
сауатты, парасатты, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, әлемдік, ұлттық, отбасылық тәрбие
құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар тәрбиелеу жөнінде айтылады. Мақалада қазіргі заман
сұранысына орай, педагогиялық, психологиялық, әдістемелік және т.б. негізгі талаптары
сақталған оқулық жазу мәселесі жан-жақты талданады.
Қазақ тілі пәні – оқу осы тілде жүретін
мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің
ортақ өзегі әрі ұйытқысы.
Қазақ тілі адамның түрлі коммуникативтік
жағдайларға еркін араласып қатысуын, сауатты
бағдарлай алу қабілетін дамытып, жүзеге асы-
ратын табиғи тіл. Сондықтан пәннің тіл туралы
оқушының қажетті білім алуына, ауызекі сөй-
леуін дамытып, ойын жазбаша сауатты жеткізу
біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз
өрнектері арқылы бейнелеп қабылдауына кеңі-
нен жол ашатын танымдық, тәрбиелік, дамыту-
шылық мүмкіндіктері мол.
Оқыту үдерісінде оқулықтың атқарар қыз-
меті күрделі. Дидактикалық, әдістемелік тұрғы-
дан бүгінгі зерттеулер бойынша сүйене отырып
айтсақ, оның атқарар қызметі алуан: а)білімді
хабарлау, баяндау; ә)оқушыларды әр түрлі дағ-
дыларға жаттықтыру, алған білімін өмір кәде-
сіне жарата білуге үйрету; б)белгілі пәнді біл-
мекке ынталандыру, қызықтыру; в)сан түрлі
хабарларды оқушылардың өздігінен пайдалана
алуына жағдай жасау.
Оқулық – ғылыми жұмыстың ерекше бір
түрі. Ол ғылыми идея мен тұжырымның дидак-
тикалық тұжырыммен тоғысуынан жаралады.
Егер де оқу пәнінің мазмұны, соның ішінде
оқулық мазмұны сол пәнге негіз болған ғылым
заңдылығына ғана, соның логикасына ғана құ-
рылса, онда жақсы оқулық жасалмақ емес.
Демек, педагогикалық проблеманы ескермейін-
ше соның жетістіктеріне сүйенбей, иек артпай,
оқулық жасау мүмкін емес. Әрине, мұнан ғы-
лым заңдылығын, оның логикасын, жүйесін ес-
кермеу, елемеу деген ұғым тумаса керек [1].
Қазіргі оқулықтарға қойылар талап та күр-
делі. Бүгінгі жаңа мектептегі оқулықтар идео-
логиялық, дидактикалық, эстетикалық, психо-
логиялық, логикалық, тілдік, әдістемелік, поли-
графиялық, экономикалық негізгі талаптар биі-
гінде болуы керек. Сондай жағдайда ғана жаңа
бітімді оқулық жасай алмақпыз.
Оқулық оқушыға ғылым негізін меңгерту-
мен қатар, оны білік, дағдыға, алған білімін
өмір кәдесіне жаратуға баулуға тиіс. Бұл оқу-
лықта мақсатты жүйелілікті жүзеге асыруға
байланысты.
Оқулықта оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері де ескерілуі керек. Олай болса,
психологиялық жүйелілік те оқулықтың сапалы
болуының кілті. Оқулықты күрделі құрылым,
біртұтас бітім, жүйе дейтініміз де содан.
«Жоғары білікті оқулық – дейді педагог
ғалым И.Зверев, - ойлылық пен эмоционал-
дықты, ғылым мен көркемдікті, материалды
бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі» [2].
Қазақ тілінде оқытатын мектеп ашып, оқу-
лық жазу ісі ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жы-
лында едәуір жандана түсті. Бұл кезде қазақ
зиялыларының әмбебап дарынды және қоғам-
дық-саяси белсенділігі күшті, қуатты шоғыры
қалыптасқан еді. Олардың көпшілігі алғашқы
қадамдарын мұғалімдіктен бастаған, ағарту
ісіне жетік кісілер еді. Олар халықтың болаша-
ғын жас ұрпақты оқытып, оларға жаңаша білім,
тәрбие беретін ұлттық мектеппен байланыс-
тыра қарастырды.
Қазақ тілінде оқитын орта мектептер мен
жекелеген факультеттерге арнап шын мәніндегі
сапалы оқулықтар жазған аса көрнекті ғалым-
дар: Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев,
Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Е.Бекмаханов,
Б.Кенжебаев, М.Ақынжанов, М.Ғабдуллин,
Т.Тәжібаевтің, оларға ілесе шыққан дарындар:
С.Қирабаев,
З.Қабдолов,
А.Нұрқатов,
К.Аханов, Ә.Хасенов, Х.Әбілқаевтың т.б. ға-
лымдардың еңбегі ерекше. Алайда қоғамдық
ғылымның өкілдерінен басқа ғылым салалары-
ның қазақша ғылыми тілін қалыптастырып,
аударма-түсіндірме сөздіктерін түзіп, оқулық-
тарын сапалы етіп аударған белгілі ғалымдар
баршылық. Бұл ретте О.Жәутіков, Б.Бірім-
жанов, Т.Дарқанбаев, М.Ысқақов, Т.Мұсақұ-
лов, Р.Бөкейхановтардың еңбегін ерекшелеп
атамау әділеттік болмас еді. Олар өз оқулық-
тары арқылы әр түрлі ғылым саласы бойынша
кейінгі ұрпақтарды даярлауға үлкен үлес қосты
[2, 23-24 бб.].
Оқулық жазу шарттары және оның тәрбиелік негіздері
135
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлы-
ғымен және қазіргі замандық біліммен қару-
ландырып қана қоймай, олардың бойына жаңа
сапалы дағдылар мен икемділіктерді дарытуда
да жаңа буын оқулықтары үлкен рөл атқарады.
Ал мұндай ауқымды, тарихи мәнге ие міндеттің
үдесінен шығу және оны біршама қысқа мер-
зімде ойдағыдай іске асыру оңай шаруа емес.
Оқулық шығаруға қажетті объективті және
субъективті шарт-жағдайлары сайма-сай өрке-
ниетті елдердің өзінде жаңа оқулықты құрас-
тыра бастаудан оны пайдаланушыларына –
оқушылар мен оқытушыларға жеткізуге дейін,
шамамен, бес жылдай уақыт кететін көрінеді.
И.Фогельсон бұл істе оқушының мынадай
қасиеттерін қалыптастыратын оқулық болу қа-
жет деп есептейді: а) ойлы және эмоцияналды
түрде ғылыми материалды жеткізу; ә) кітапты
таңдап оқуға үйрету; б) күнделікті басылым-
дардан өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты
материалдар табу; в) сол материалдарды түсіне
және талқылай білу; г) баланың ауызша және
жазбаша тілін дамыту. Мұндай жетістіктерге
жету үшін оқушының «танымдық, шығарма-
шылық іскерлігін дамыту қажет» дей отырып,
И.Фогельсон оқулыққа қойылатын талаптарды
тек оқулықта берілетін материалдармен ғана
шектестіреді [3].
Н.Байбуртян оқулық мазмұны мен түсі
жағынан тартымды, онда берілетін оқу мате-
риалдары балалар түсінігіне ыңғайлы әрі қара-
пайым болу қажет деп оқулықтың бала өмірін-
де аса маңызды рөл атқаратындығын атайды
[4].
Ал И.Лернер оқулыққа енетін элементтерді
былайша айқындайды: «...жаңа оқыту жүйесін
сипаттайтын әрбір оқулық 4 негізгі элементті
қамтуы қажет:
1) ақпараттық (вербальды немесе көрнекі
құралдары арқылы ұсынылған);
2) репродуктивті, яғни білім мен іс-әрекет
әдістерін ұйымдастырушы;
3) шығармашылық іс-әрекетке ынталанды-
рушы;
4) тәжірибені ақиқатқа әлеуметтік тұрғыдан
бағытталған эмоционалдық қарым-қатынасты
игеруге ықпал етуші» [5].
Оқулық түзуге қойылатын талаптар үш
топқа біріктіріледі:
1. Оқулықта берілетін материалдар.
Бұл - басты талап. Себебі материалдарды дұ-
рыс таңдап, оларды орын-орнына дұрыс қоя
білу балалардың біліміне, сөздік қорының, тілі-
нің дамуына игі ықпал жасайды. Ал материал-
дарды қалай өту, түсіндіру, қызғылықты өту –
мұғалімнің міндеті.
2. Оқулықты безендіру ісі.
Дұрыс безендірілген оқулық балалардың
кітапқа деген қызығуын арттырып, түрлі меди-
циналық-гигиеналық талаптарға жауап береді.
3. Дидактикалық.
Оқулықта берілетін материалдар балалар-
дың оқуға деген қызығуын оятуға түрткі болуы
шарт.
Оны жетілдіруде мұғалімдердің алатын
орны ерекше, сондықтан сабақта түрлі әдістер
қолдану арқылы оқулықтың көмекші серіктерін
(кестелер, диктант, шығарма, мазмұндама жи-
нақтары, сызбалар мен түрлі көрнекілік құрал-
дар, т.б.) дұрыс пайдалана отырып, сабақты өту
керек.
А.Құсайыновтың айтуынша, оқулық түзу-
шіге пәнді терең және жетік білуінің өзі де әсте
жеткіліксіз, оқулық авторы мұның сыртында
жан-жақты білімдар, ой-өрісі кең оқымысты,
жалпы оқулыққа, оның ішінде өзі жазғалы
отырған пән оқулығына қойылатын дидактика-
лық-әдістемелік талаптардан жете хабардар
адам болу тиіс. Оқушылардың жас ерекшелік-
тері мен психологиясы жөнінде терең түсінігі,
бағдарламада көрсетілген білімдерді анық та
тұжырымды, тартымды да жүйелі етіп жеткізе
алатындай қалам шеберлігі де болуы керек.
Бұларға қоса, кейбір пән оқулықтары үшін
автордың мақсатты түрде айлар, жылдар бойы
жинап-теріп, талғап-іріктеген сапалы да мол
материалы болмаса, басқа шарты толық бол-
ғанымен, діттеген мақсатын ойдағыдай іске
асыра алмауы әбден мүмкін.
Оқулық авторына қойылатын талап оқулық-
тың өзіне қойылатын талаптан әлдеқайда жо-
ғары. Кез келген білімді не зиялы маман автор
бола алады деу түсінбестік. Олар арнайы
дайындалып, жан-жақты әзірліктен соң барып,
оқулық жазуға кірісе алады. Бұл туралы «Оқу-
лықтану. Өзекті мәселелері» атты еңбектің ав-
торлары төмендегіше тұжырым жасайды: «Оқу-
лық теориясын, екінші сөзбен айтқанда,
оқулық жазуға қойылатын дидактикалық
талаптарды
үңіле
зерттеп,
сол
негізде
жазбақшы оқулығына қатысты тыңғылықты
әзірлік жұмысын жүр-гізбей тұрып, кім де
болса, төтеден килігіп, сапалы оқулық жазып
шығам десе, онысы – күпіршілік.
Қазақ тілі оқулығына автор болу арнайы
дайындығы бар шын шебер ғалым-педагог, қа-
ламгердің ғана қолынан келеді. Сол себепті де
осылардан жақсы хабары бар немесе мехнатын
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
А. М. Таганова
136
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
өз басынан кешкен кісіге оқулық жазу өте қиын
да қызықты, азапты да қуанышты шығарма-
шылық еңбек болса, білмеген кісіге үйде оты-
рып, балаға ақыл үйретудің ар жақ, бер жа-
ғындағыдай оңай жұмыс көрінуі де ықтимал»
[2, 36-43 бб.].
Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар,
жедел ақпараттандыру, экономикалық саладағы
түбегейлі өзгерістер адамзат қоғамы алдында
білім сапасын арттыру қажеттігін туындата-
тыны анық.
XXІ ғасыр – білім ғасыры болса, жас ұрпақ-
тың ой-өрісінің даму үрдісін (тенденциясын)
заман талабына сай дамыту бүгінгі мектеп құ-
рылысына үлкен өзгеріс енгізді. Жас ұрпақ –
егеменді еліміздің есті азаматы болып өссе, ол
қоғам үшін де үлкен мұрат. Ол үшін оқу үдерісі
барысында оқушылардың білім деңгейін арт-
тыру, танымдық қабілетін дамыту, ой-өрісін ке-
ңейту жеткіліксіз. Сонымен қатар, оларды бү-
гінгі күннің сұранысына сай мектеп қабырға-
сында адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматтар
ретінде тәрбиелеуіміз керек. Өйткені, қазіргі
таңда оқушыны пәндік, білім, білік дағды-
ларының бір жиынтығымен қаруландыру емес,
оқу
үдерісін
қалыптастыру
негізінде
оқушылар-дың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу
мақсаты қойылады. Ең алдымен білім, білік
дағдыларын меңгерудің негізі ретінде оқушы
дамуы мен тәрбиесінің қамтамасыз ету
міндеттерін шешу көзделінеді.
Тәрбие – ол жеке тұлғаны дамытуға, қазіргі
заманғы мәдениетке сай, жас ұрпақты тәрбие-
леуге бағытталған ұстаздың мақсатты кәсіптік
қызметі. Тәрбие – баланы әлеуметтік даму
факторы ретінде қабылдап, мәдениеттің барлық
қол жеткен табыстарын игеруге м‰мкіндік бе-
ретін, оның жоғары мәдени деңгейде дамуына
әсер ету.
И.П.Подласый тәрбие ұғымын төмендегіше
түсіндіреді: «Педагогикалық тар мағынада ал-
ғанда тәрбие – белгілі бір тәрбиелік мақсатты
ж‰зеге асыруға бағытталған, тәрбие жұмысы-
ның нәтижесі» [6].
Ғалымдар Н.В.Бордовская мен А.А.Реан тәр-
бие ұғымына мынадай анықтама береді: “...тәр-
бие жеке тұлғаны немесе адамдар тобын қайта
өзгерту іс-әрекетінің бір түрі болып табылады.
Бұл практика арқылы іске асатын іс-әрекет
психологиялық күйді, көзқарасты және сананы,
білім мен іс-әрекет қабілеттілігін, тәрбиелену-
шінің жекелік және құндылық бағдарлауларын
өзгертуге бағытталады”.
Ал Н.В.Бордовская мен А.А.Реанның пікі-
рінше, бүгінгі таңда тәрбие ұғымы мынадай
мәселелерді қамтиды:
әлеуметтік тәжірибе мен әлемдік мәде-
ниеттің берілуі;
жеке адамға, адамдар тобына немесе
ұжымға тәрбиелік ықпал (тура және жанама);
тәрбиеленушінің іс-әрекеті мен өмір сүру
салтын ұйымдастыру;
тәрбиеленуші тұлғасының дамуына жағ-
дай тудыру, яғни оған отбасылық мәселелерде,
оқудағы қиындықтарда, кәсіби іс-әрекетте не-
месе қарым-қатынаста көмек көрсету және қол-
дау [7].
Әдіскер-ғалым Н.Ж.Құрманова: «...тану тәр-
биенің де, рухани тәрбиенің де түпкі мақсаты –
адамшылықты тәрбиелеу. Оның айқын жолы -
баланың, жасөспірімнің дүниенің сырын тануға
деген құлшынысын ашу, қалыптастыру, дамы-
тып отыру» дей келе, тәрбие берудегі өзіндік
деңгейлер бар екенін айтады. Олар:
І деңгей – Әлемдік көзқарас, әлемдік құн-
дылық бағыты тәрбиесі.
ІІ деңгей – Жер шарындағы рухани және
материалдық құндылықтарды меңгерту тәр-
биесі.
ІІІ деңгей – ұлттық шеңбердегі руханият пен
материалдық құндылық тәрбиесі.
IV деңгей – отбасылық рухани дәстүр мен
материалдық мирас тәрбиесі.
V деңгей – әрбір жеке адамның өзінің дербес
рухани әлемі мен материалдық құндылыққа
деген көзқарасын қалыптастыру [8].
Ғалымның айтуынша, тәрбиелік үдеріс осы
аталған бес деңгейдің айналасында қарасты-
рылуы тиіс.
Сондықтан да, орта мектеп алдында негізгі
мақсаты – тәрбие әрекетінің қажетті бағытта-
луын дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Білім беру саласында тәрбие мәселесі әр-
қашан да өзекті, өйткені өскелең ұрпаққа қан-
дай құлықтылық бастауы берілсе, ұрпақтың
қандай қоғам құратындығы және болашақта
олардың қандай мұраттарды үгіттейтіндігі осы-
ған негізделеді.
Әдіскер-ғалым Н.Ж.Құрманова жасөспірімді
тәрбиелеуді төмендегі бағыттарда жүргізілген
дұрыс деп санайды:
• Әлемдік тәрбие беруде Абайдың «27 қара
сөзіндегі»: «Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне
ақылың жетпейді, келісті һәм қандай лайықты
жарастықты законімен жаратылып, оның еш-
бірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың
Оқулық жазу шарттары және оның тәрбиелік негіздері
137
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың жет-
пейді, осының бәрі де кез келгендікпенен бір
нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір
өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен бол-
маса, бұлайша бұл хисабына, өлшеуіне ой жет-
пейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола
жаратылып һәм бірі-біріне себеппен байланыс-
тырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұ-
ғын мықты көркем законға қаратылып жара-
тылды» – деген
ұлағатты
қағидасына
сүйенеміз.
• Жалпы адамзат баласына деген құр-
метке баулу да Абайдың: «Адам баласын сүй,
адам баласы – бауырың» деген ойы концепция
ретінде алынады.
• Ұлттық жан-дүниені қалыптастыру –
оқушылардың, болашақ қазақ азаматтарының,
санасын Абайдың ізімен: «Қалың елім, қазағым
қайран жұртым» дей алатын дәрежеге көтеру-
ден басталады.
• Аймақтық тәрбие – кең-байтақ Қазақ-
станның әрбір бөлігі – Отанның ыстық топы-
рағы дейтін түсінік тууына игі әсерін тигізе-
тіндей ұйымдастырылуын талап етеді.
• Отбасылық тәрбие – ата-ананың, бауыр-
дың, ағайынның қадірін жақсы білетін, сезім-
тал, сол арқылы адамзат баласына деген сый-
ластығы мен сүйіспеншілігін қалыптастыра
алатын бала тәрбиелеуге бағытталады.
• Жеке бас тәрбиесі болса – әрбір адам
өзінің осы Жер бетіндегі өмірінің уақытша
екендігін анықтаудан туындайды. Өйткені,
осылай тәрбиеленген әрбір адам ғана екінші
адамға да дәл өзіндей қарай, бағалай алады.
Міне осы аталған бағыттар жасөспірімдерді
тәрбиелеудің негізіне алынуы қажет деп санай-
мыз.
Әлемдік тәрбие беруде өскелең ұрпақта
әлемдік сананы тәрбиелеу мәселесі білім беру
саласында ерекше орын алады.
Ғалым Н.Құрманованың тұжырымдауынша,
«әлемдік сананы тәрбиелеу – тым асқақтап кету
емес, тұтас дүниетаным қалыптастырудағы
негізгі міндет, жүйелік көзқарас қалыптастыру»
[8, 65].
Жас ұрпақта әлемдік көзқарасты қалыптас-
тыруда, ең алдымен, бүкіл әлемге әйгілі көне
ғасырлардан сақталып келе жатқан қазақ хал-
қының асыл мұраларын басшылыққа алып оты-
руды қажет етеді. Осындай мәдени құндылық-
тардың бірі Орхон-Енисей ескерткіштері болып
саналады. Өйткені, бұл ескерткіштер, ғалым-
дар-зерттеушілердің сөзімен айтқанда: «...та-
рихи мазмұны мен деректанулық тұрғыдан аса
құнды. Онда Түрік Елінің саяси тарихы толық-
тай қамтылмаса да, едәуір дәрежеде хатталы-
нып қашалған. Сондықтан Орхон бітіктастары
мен ескерткіштері ішінде ең ірісі Білге қаған
бітіктасы мен Күлтегін бітіктасында көне
түріктердің этносаяси тарихы, этномәдениеті
және тағы басқа жақтарына қатысты мол де-
ректер бар. ...Орхон бітіктастары мен ескерт-
кіштері археологиялық, тілдік, мәтіндік, архео-
графиялық және т.б. этносаяси, этноэлеуметтік,
этномәдени тұрғыдан көптеген жайттарды анық-
тауға мол септігін тигізетін аса мол мұралар
болып табылады» [9].
Жасөспірімдерді осындай біздің ата-бабала-
рымыздың көне жазуы, мәдениеті мен салт-
дәстүрлері туралы құнды мағлұмат бере алатын
рухани мұрамен таныстырудың тәрбиелік-та-
нымдық маңызы зор екені даусыз. Сондықтан
6-сыныптағы қазақ тілі оқулығында, оқушылар-
ға ана тілін терең таныту мақсатында, аталған
ескерткіштердегі қазақ тіліне қатысты тілдік
фактілердің берілуі өте құнды.
Қазақ тілі оқулығында әрбір грамматикалық
тақырып бойынша грамматикалық түсінікке қоса,
оқулық авторлары қосымша мағлұмат ретінде
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі грамматика-
лық ережелерді ұсынады. Бұл жөнінде оқу-
лықтың авторлары: «Қазіргі қазақ тілі – көне
түркі тілінің бір бұтағы. Сондықтан, біздің тілі-
міздегі көптеген тілдік құбылыстардың заңды-
лықтардың дені, сол көне тілден бастау алады.
Бұдан былай біз сендерді көне түркі тілінің
айнасы - Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі
грамматикалық заңдылықтармен де танысты-
рып отырамыз», – деп жазады.
Ал әдіскер-ғалым Н.Құрманова: «Орхон-
Енисей ескерткіштеріндегі ұлағаттар жазылуы-
ның өзі – соған жеткізуге мүмкіндік берген
даму нәтижесі. Сонда, тәрбиенің жас ұрпаққа
өзіне дейінгі және өзінің кезеңінде түйсікке
түйген құндылық қасиеті таныла түседі», –
дейді [8, 68].
Үлкен танымдық ақпаратты көрсетумен қа-
тар, Орхон-Енисей ескерткіштері болашақ ұр-
пақ үшін мол рухани байлық болып табылады.
Сонымен қатар әлемдік құндылықтармен та-
нысу арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімі
жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты да-
миды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының
болашақ азаматтарына патриоттық тәрбие бе-
рудің көзі де отбасын танып білуден және оны
сүюден басталады. Тек отбасында ғана жоғары
рухты
, білікті де парасатты,
отансүйгіш
еліміз-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
А. М. Таганова
138
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
дің болашақ азаматтары қалыптасады. Олай
болса, оқушыларға біздің жазушыларымыз жаз-
ған көркем әдебиеттерде отбасылық тәрбие
жайлы көптеген мағлұмат беру өте тиімді.
Оның дәлелі ретінде (Қосымова Г., Дәулет-
бекова Ж. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мек-
тептің 5-сыныбына арналған оқулық) 5-сынып-
тағы «Қазақ тілі» оқулығындағы 126-жаттығуда
берілген Б.Момышұлының ой-пікірлерін кел-
тірген дұрыс: «Ешкім батыр болып тумайды.
Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны
секілді өнегелі
ата-ананың тәліміне сусындап,
адалдық, еңбекс‰йгіштік, бауырмашылдық рух-
та ер жеткен бала мектеп, қоғам тәрбиесін де
бойына тез сіңіреді. Батырлықтың негізі бауыр-
машылықтан туады. Ерлік аспаннан т‰спейді,
ол Отанды с‰юден туады. Ал Отанды с‰ю,
‰й
ішіңнен, отбасынан өседі. Ата-ананы, апа-қа-
рындасты, аға-ініні сыйлап, құрметтеген жан
халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадір-
леген сын сағаттан с‰рінбей өтеді. Елін с‰йген
ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін
с‰йе білген адал ж‰ректе» [9, 56].
Біздің ұлы ақынымыз Абай отбасы, ата-ана,
бала туралы өз пікірлерін философиялық, өмір-
лік тәжірибеге толы Қара сөздерінде жеткізген.
Мысалы, Абайдың жетінші қара сөзінде «адам
болу» туралы жазады: «Адам ата-анадан туған-
да есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, д‰ниедегі жақсы, жаманды таниды-
дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады. Естілердің айтқан сөзде-
рін ескеріп ж‰рген кісі өзі де есті болады. Әрбір
естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден
естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны
адам десе болады».
Сондықтан, бала тәрбиесінде Абайдың «адам
болу» тұжырымдамасын негізге ала отырып,
жас ұрпақты адал да ізгі адам болып өсіру ‰шін
қ
азақ халқының әйгілі ақын-жазушыларының
құнды ой-пікірлерін, ата-бабаларымыздан қал-
ған асыл мұраларын белсенді түрде пайдалануы
тиіс.
6-сыныптағы «Қазақ тілі» оқулығында: « Тіл
тазалығы, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі
үшін күресу – мәдениет құралы үшін күресу»
(Ә.Хасенов), « Ана тілін құрметтемеу – анаң-
ды да сыйламау деген сөз» (Ғ.Мүсірепов) (263-
жаттығу, 135-бет, 6-сынып) [10, 135 б.].
5-сыныптағы «Қазақ тілі» оқулығында:
Т.Әбдірахманованың «Ана тілім – әрекеті азығы»
өлеңі (4-жаттығу, 5-бет), Н.Айтовтың «Ана ті-
лім» өлеңі (31-жаттығу, 15-бет), Ш.Айтматов-
тың ана тілі туралы пікірі (6-жаттығу, 6-бет).
Қазақ тілі сабағында оқушылардың жан-дү-
ниесінің рухани және өнегелі баюына әсер ете
алатын тілдік материал пайдалану өте тиімді.
[9, 6-15 бб.].
Сондықтан оларды грамматикалық ереже-
лерді меңгеру мақсатында тапсырмалар ретінде
ұсынылуы өте тиімді. Өйткені, біріншіден, оқу-
шылар өткен грамматикалық тақырыпты иге-
реді, екіншіден, тәрбиелік мәні зор материал-
дармен танысады. Мысалы,
144-беттің 332-жат-
тығуындағы келтіріп отырған ұлы жазушы
Мұхтар Әуезов пен Расул Ғамзатовтың арасын-
дағы әңгімелесу жасөспірімдер ‰шін тәрбиелік
маңызы зор мәтін деп санаймыз.
Сайып келгенде бүгінгі таңда мектептің
маңызды міндеттерінің бірі - қазіргі заманға
сай 5-6 сыныптағы оқушыларға ана тілінен
сапалы білім берумен қатар дарынды, сауатты,
парасатты, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең,
әлемдік, ұлттық, отбасылық тәрбие құндылық-
тарын бойына сiңiрген ұрпақтар тәрбиелеу.
Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрпын, танымдық-ғибраттық, тарихи-мә-
дени және дiни-рухани мұраларды қастерлей,
сақтай бiлетiн Қазақстан Республикасының
болашақ азаматтарын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |