Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет134/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
94 
 
белсендіреді, шешімді іздеуге қызығушылық тудырады. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып 
қызығушылығын  оятуға  және  логикасын  дамытуға  бағытталған  белгілі  бір  ой  жҥктемесі  бар 
математикалық  тапсырма  ойын  сюжеті,  сыртқы  деректер  және  мәселенің  жағдайы  оқушыға 
жасырын тҥрінде беріледі. Білім алушының математикалық сауаттылығын жетілдіру мақсатында 
ребустарды, кроссовордтарды, әртҥрлі деңгейлік тапсырмаларды жасауға болады. Міндеті ойлау 
қабылетін дамыту болып табылатын тапсырмалар: фигураны жасау, ӛзгерту, шешім табу, санды 
табу  ойын  тҥрінде  жҥргізілетін  әрекеттер  арқылы  жҥзеге  асырылады.  Тапқырлықты  дамыту 
қызығушылыққа  негізделген  белсенді  ойлау  іс-әрекетінде  жҥзеге  асырылады.  Тапсырмаларға 
ойын  элементтерін,  логикалық  жаттығулар,  басқатырғыштар  математикалық  материалды  қосу 
абзал.  «Балаларға  әлем  ойын  арқылы  ашылады,  олардың  шығармашылық  мҥмкіндіктері 
анықталады.  Ойынсыз  толыққанды  ойлау  жоқ,  болуыда  мҥмкін  емес  және  дамуда  жоқ»,  -  деп 
жазды  В.А.  Сухомлинский.  Мәселен:  «Екі  таяқшасының  кӛмегімен  ҥстел  ҥстінде  квадратты 
қалай  жасауға  болады?»  ерекше  сипатты  сҧрағы  баланы  қиял  ойына  жетелейді.  Іс-қимылдың 
қисынына  негізделе  отырып,  қарапайым  ойын-сауық  материалының  әрқайсысында 
шарттылықты,  математикалық  ойындар  мен  тапсырмаларды,  дамытатын  (дидактикалық) 
ойындар  мен  жаттығуларды  шарттастыруға  болады.  Осыған  орай,  топтарды  іріктеу  негізі  - 
белгілі бір тҥрдегі материалдың сипаты мен мақсаты. 
5-6 сынып оқушылары ҥшін логикалық мәтін есептер мысалдары: 
1. Бӛлменің тӛрт бҧрышының әрқайсысында мысық отыр. Бҧл мысықтардың әрқайсысына 
қарсы ҥш мысық отырады. Бӛлмеде қанша мысық бар? 
2. Әкесінің алты ҧлы бар. Әрбір баланың қарындасы бар. Әкесінің қанша баласы бар? 
3. Киім тігу шеберханасында, 1 наурыздан бастап, кҥнделікті ҧзындығы 200 метр матадан, 
20 метрден мата кесіліп отырды. Соңғы мата кесіндісі қай кҥні кесілді? 
4. Торда 3 қоян бар еді. Ҥш қыз әрқайсысына бір қояннан беруді ӛтінді. Әр қызға қоян 
берілді. Бірақ торда бір қоян қалды. Бҧл қалай болды? 
5. Алты кҥнде алты балықшы алты кӛксерке жеді. Он балықшы қанша кҥнде он кӛксерке 
жейді? 
6. Ҥш жылқы 30 шақырымға жҥгірді, әр жылқы қанша шақырым жҥгірді? 
7. Екі қолда 10 саусақ бар, 10 қолда қанша саусақ бар? 
8. Бір килограмм мақта жеңіл ме немесе бір килограмм темір жеңіл ме? 
9. Бес қайың ағашы ӛсірілді. Әр қайыңда 5 ірі бҧтақ бар. Әр ірі бҧтақта 5 шағын бҧтақ бар. 
Әрбір шағын бҧтақта - 5 алма. Барлығы қанша алма? 
 
Қазіргі мектептегі білім беруді ҧйымдастырудың негізгі тҥрі - әртҥрлі әдістерімен 
сипатталатын сабақ. Сыныпта оқу жҧмысының келесі тҥрлері бар: 
жалпы сыныптық
• топтық; 
• жеке жҧмыс. 
Оқу  процесін  ҧйымдастырудың  топтық  тҥрін  сипаттай  отырып,  К.Д.Ушинский  барлық 
балаларға дайындық деңгейіне сәйкес тапсырма әзірлеу ҥшін сыныпты топтарға бӛлуді ҧсынды. 
Ол  былай  деп жазды:  «Сыныпты біреуі  екіншісінен  «мықты»  топтарға  бӛлу  зиянды  емес,  тіпті 
пайдалы,  егер  тәлімгер  бір  топпен  жҧмыс  жасаса,  қалғандарына  ӛзіндік  жҧмыс  бере  алады». 
Топтық жҧмыс жҥргізу қандай мҥмкіндіктер береді? Бҧл әрбір білім алушының жеке қасиеттерін 
(оқу  деңгейі,  дамуы,  ойлау  ерекшеліктері,  жады,  пәнге  деген  қызығушылық  және  т.б.)  білу 
арқылы,  әр  баламен  сыныпта  жҧмыс  істеудің  ең  лайықты  және  тиімді  жолдарын  анықтауға 
мҥмкіндік  береді.  «
Дараландыру -  оқу  ҥдерісінде  барлық  оның  нысаны  мен  әдістерінде 
оқушының  дара  ерекшелігін ескеру
»,  -  деп  атаған
  Ю.А.Конаржевский  [7].  Осыған  орай,  тиімді 
оқыту ҥшін білім алушыларды қалай топтастыруға болады? 
Шын мәнінде, барлығы бір сҧраққа 
тіреледі: білім алушыларды топтастырғанда не маңызды болып саналады, олардың білім деңгейі 
әлде қабілеттері  ме,  әсіресе  бҧл  қасиеттерге  ие  емес  оқушылар  туралы  айтатын  болсақ.  Жақсы 
оқып  жҥрген,  бірақ  әдеттегіден  гӛрі  әлдеқайда  қиын  тапсырмаларды  орындауға  қабілетсіз 
балаларды,  сондай-ақ  кҥрделі  ойлау  операцияларын  талап  ететін  тапсырмаларды  сәтті 
орындайтын,  бірақ  білім  деңгейі  орташа  немесе  тіпті  ортадан  тӛмен  оқушыларды  қай  топқа 
орналастырамыз?  Саралап  оқытуды  ҧйымдастыру  кезінде  оқушылардың  ескеруді  қажет  ететін 
ерекшеліктері: оқу, оқу қабілеті және танымдық қызығушылық болып табылады. 
Оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша бiлiмдi қалай меңгергенiн емес, оны нақты 
ӛмiрде  қалай  қолдана  алатындығы  тҧрғысындағы  мҥмкiндiктерiн  бағалауды  кӛздейтiн  Жоғары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет