Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет184/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   423
Түйін сӛздер: драма, пьеса, обьект, театр, жанр, материал, мазмұн 
 
 
Ӛмірлік  материал  болған  оқиғаның  дәлме-дәл  баламасы  емес,  суреткер  қиялында 
суарылған  әрі  әбден  сҧрыпталған,  шығарманың  идеялық  мазмҧнын  айқындауға  бағытталған 
бӛлік, дерек ӛмір шындығының объектісі болса, ӛмірлік материал кӛркем шындықтың объектісі. 
Пьесада  ӛмір  шындығының  деректері  сол  кҥйінде  алынған  кҥннің  ӛзінде  де  ол  кӛркем 
шындықтың материалы. Демек, ӛмір шындығының ӛзгертілмей, алынған дерегіне сҥйенген пьеса 
қанша  жерден  деректі  туынды  аталғанымен  кӛркем  шындықтың  объектісі  (жыршысы). 
Сондықтан да, ӛмірлік материал болған оқиғаның боямасыз кӛшірмесі деп есептеу жаңсақтыққа 
ҧрындырады.  
    Зерттеушілер  мен  кӛрермендер  және драматургтің  ӛз  әріптестері  Қ.Мҧхамеджановтың 
тартымды  комедия  тудырғанын  атап  кӛрсетті.  М.Әуезов  ―Мына  комедия  (―Бӛлтірік  бӛрік 
астында‖) кҥлкісінің сыр-сипаттарынан әр-алуан ой саларлық қасиет кӛрінеді‖ [1; 18] деп батыл 
тҧжырымдады. 
Б.Қҧндақбаев 
―Қ.Мҧхамеджанов 
пьесалары 
қазақ 
театрларының 
репертуарларынан берік орын алып, жаңа кезеңдегі комедия жанрына елеулі ҥлес қосты‖ [2; 98] 
деп жазды.  
Драмашының  жанрлық  табысы  туралы  мәселеде  пікір  қайшылығына  ҧрынбаған  театр 
мамандары  мен  рецензенттер  жоқ  деуге  болады.  Мәселен,  Ә.Тәжібаев  драматург  пьесалардың 
сатиралық  комедиядан  елеулі  айырмашылығы  бар  екендігін  ӛзінің  әрбір  ой-пікірінде  білдіріп 
отырған.  
Қ.Мҧхамеджанов комедияларындағы кҥлкі мен сол кҥлкіге ӛзек сілтеген әлеуметтік жҥктің 
қоғамдық  маңызына  қойылатын  талаптың  бір  деңгейден  шыға  бермейтіндігі  жӛніндегі  ой-
пікірлер  де  оның  жанрлық  ерекшеліктеріне  терең  ҥңіле  алмаудың  салдары  екендігіне  дау  жоқ. 
Осы комедияларды жҥйелі тҥрде зерттеп танудың қазақ халқының сан ғасырлық дәстҥрлі кҥлкі 
мәдениетінің  поэтикасына  барлау  жасауға  апарып  соқтыратындығының  маңызы  айрықша. 
Белгілі  драматургтің  адам  мінез-қҧлқын  дәл  ӛрнектеудегі  шеберлігінің  айрықша  екендігін  атап 
ӛту қажет. Оның комедияларындағы кҥлкі табиғатын тануға ірі қадам жасаған зерттеушілер бар. 
Олардың  кейбіреулері  ӛздерінің  алғашқы  кезде  айтқан  пікірлерін  қайтадан  толықтырып, 
драматург комедияларының кӛркемдік қасиеттерін анықтауға кӛмектесетін қҧнды ой-пікірлерін 
білдірді. 
   Қ.Мҧхамеджанов  комедиясындағы  кҥлкі  табиғатын  мыңдаған  жылдардың  сынынан 
ӛткен халықтық кҥлкі дәстҥрінен бӛлек қарастыруға болмайды. Ол - сол халықтық кҥлкінің шын 
мәніндегі мҧрагері. Ал, комедия жанрының туған халқының сан ғасырлық мәдениетімен жалғаса 
дамуы  әлемдік  әдебиеттің  біразына  ортақ  қасиет.  Қазақ  импровизациялық  комедиясының 
ішіндегі Алдаркӛсе мен қулардың кҥлдіргі іс-әрекеттері жӛніндегі зерттеулер мен ой-пікірлердің 
ҥлесі басымдау. Осы тҧста М.Әуезовтің есімі оқшау кӛзге тҥседі. Оның театр ӛнері мен халық 
артистері  туралы  жазған  мақалаларының  қҧндылығы  қулар  кҥлкісінің  табиғат  жайындағы 
қызықты сипаттамаларымен ӛлшенеді.  


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
140 
 
   Қ.Мҧхамеджановтың жасӛспірім кезіндегі жазушы болам деген балаң талпыныстарынан 
комедияға,  жалпы,  драматургияға  деген  ерекше  бір  жақындық  не  белсенділік  байқалмайды. 
Қ.Мҧхамеджановтың табиғи болмысына біткен кҥлдіргіштік қасиеті ӛзінің әдебиеттегі формасын 
бірден тауып ала алған жоқ. Тапқанға дейін аудармашылық, зерттеушілік,  сыншылық қабілетін 
шыңдау  мектебінен  ӛтті.  Алғашқы  мақаласын  23  жасында  жазған  ол  кейін  қазақ  театрының 
тарихы,  қазақ  драматургиясының  дамуы  мен  проблемалары,  драматургия  мен  театрдың 
жекелеген  қайраткерлерінің  ӛсу  жолы  және  шығармалары  туралы  сындарлы  ой-пікірлер, 
маңызды  тҧжырымдар  білдіреді.  ―Сӛз  театр  жайында‖,  ―Қазақ  драматургиясының  даму 
жолдары‖,  ―Ҧлы  ӛнерпаз‖,  ―Сер  ағаң  туралы‖,  ―Мҧхаң  туралы‖,  ―Театр  сыны  жайлы‖  секілді 
мақалалары  жарияланды.  Осы  мақалалардың  ӛзінен-ақ  Қ.Мҧхамеджановты  театрдың  мҧң-
мҧқтажы, проблемалары терең толғантқаны белгілі.  
   Қ.Мҧхамеджанов  комедиялары  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттерінен  ҧлттық  мінез-қҧлық 
кемістіктері  ҧлттық  ой-сана  проблемасы  ретінде  танылады  да,  ол  арнайы  категория  ретінде 
қаралады.  Ҧлттық  ой-сана  проблемасы  категориясы  сана  категориясына  қарама-қарсы 
қойылмайды. Қайта соның бір бӛлігі ретінде танылады. Бірақ, оның ӛзіне тән белгілері мен даму 
заңдылықтары алғаш рет анықталып, ғылыми жҥйеге тҥскен. 
   Қазақ  әдебиетінің  қай  жанрын  алсақ  та,  халқымыз  бастан  ӛткерген  әр  тҥрлі  тарихи 
кезеңдердегі уақыт бедерін танимыз. Бҧл сӛз әсіресе, талантты жазушылардың шығармаларына 
қатысты  айтылса  керек.  Солардан  уақыт  шындығын  бейнелеудің  неше  алуан  формалары  мен 
кӛркемдік тәсілдерін кездестіреміз. 
   Kӛркем шығармалардағы уақыт бедерінің дҧрыс бейнеленуі дегеніміз ӛмір шындығының 
кӛкем  шындыққа  толыққанды  тҥрде  айналуы.  Осы  міндеттің  орындалуы  әдеби  жанрдың 
табиғатына байланысты әртҥрлі кӛркемдік тәсілдерді қажет етеді. Тҧтас бір халықтың белгілі бір 
уақыт  аралығындағы  рухани  болмысын  жан-жақты  бейнелеуде  прозаға  қарағанда  драматургия 
жанрының  табиғаты  кӛбірек  қиындық  келтіретіні  сӛзсіз.  Кҥрделі  жанрдың  іштей  драма, 
трагедия,  комедия  болып  салаланып  кететіндігі  тағы  бар.  Демек,  драматургияда  қаламгердің 
қарымы әр тҥрлі қырынан шыңдалып отырады деген сӛз. 
   Aсылы  мҧндай  шеберлік  жазушының  жаратылыс  болмысымен  бірге  келеді.  Әрі  мҧндай 
таланттар  бір  ҧлттың  әдебиетінде  аса  кӛп  те  болмайды.  Себебі,  мҧндай  драматургтер  кӛбінесе 
туған  халқымен  сыр-мінез  болып  жаралады.  Қазіргі  әдебиеттің  тӛрінен  мықтап  орын  алған 
Қалтай Мҧхамеджанов осындай драматург. Қандай ӛнер туындысы, тіпті қандай жазушы болсын 
–  уақыт  перзенті.  Сол  сияқты  Қ.Мҧхамеджанов  та  ӛз  уақытының  ҧланы.  Оның  әдебиет 
табалдырығын аттаған уақыты сонау елуінші жылдардың соңы.  
   50-60  жылдарға  дейін  қазақ  драматургиясы  едәуір  даму  жолынан  ӛтті.  Әсіресе,  ҧлттық 
комедияның  ―Айман-Шолпан‖,  ―Алдаркӛсе‖  секілді  классикалық  ҥлгілері  дҥниеге  келіп, 
олардың сахналық қойылымдарымен кӛрермен жҧртшылық бірнеше рет жҥздесіп қойған еді. Бҧл 
кезеңде  қазақ  драматургиясы  да,  қазақ  театры  ӛнері  де,  ӛзінің  бір  кездегі  балаң  қалпынан 
арылып, шын мәніндегі професcионалдық даму жолына тҥскен болатын.  
   Алпысыншы жылдардың бас кезінде халық жаппай сауаттанды. Қала мен дала мәдениеті 
ӛзара  жарысқа  тҥсті.  Бір  елдің  мәдениетінен  екінші  елдің  мәдениетін  жоғары  қоятын  мода 
қуушылық  кҥшейді.  Міне,  алғашқы  пьесасын  тап  осы  тарихи  кезеңмен  тҧспа-тҧс  жазған 
Қ.Мҧхамеджанов  әлемдік  ақылгӛй  аренасына  қарай  бет  тҥзеген  туған  халқының  бойындағы 
келешекте кереғар нәтиже беретін келеңсіз жәйттерді аттап ӛте алмады.  
 Жалпы  алғанда,  ӛмірлік  материал  деген  ҧғымның  аясы  кең.  Бҧл  ҧғымда  қҧрайтын 
компоненттерді  шартты тҥрде:  тарихи  оқиға  деректері, болған  оқиға  деректері,  ҧлттық-ой  сана 
деректері, дәстҥрлі мінез-қҧлық деректері, детективті деректер деп бірнеше тҥрге бӛлуге болады. 
Осы аталған деректер драматургтің қай тақырыпқа қалам тербеуіне байланысты пьесада әр тҥрлі 
тҧрғыда  қамтылады.  Сондай  ақ,  ӛмірлік  материалдың  деректік  сипаты  пьесаның  идеялық 
мазмҧнын анықтайды. Тарихи тақырыпқа арналған пьесадағы ӛмірлік материалда тарихи оқиға 
дерегі  басым  болады.  Сол  оқиғаға  деген  авторлық  кӛзқарас  ӛмірлік  материалдың  мазмҧнын 
қҧрайды.  Бҧл  ӛмірлік  материалды  қҧрайтын  компоненттердің  барлығына  ортақ  заңдылық. 
Мәселен,  ―Алдаркӛсе‖  драмасындағы  ӛмірлік  материал  дәстҥрлі  ерешеліктерден  тҧрады. 
Ӛйткені, мҧндағы ел аузындағы Алдаркӛсе жайындағы кҥлдіргі әңгімелердегі мінез-қҧлық негіз 
етілген.  Аталмыш  драмадағы  ӛмірлік  материалды  дәстҥрлі  мінез-қҧлық  деректерінен  тҧрады 
деуіміздің сыры осында. Тҧрмыстық деректер тҧрмыстық драмаға тән болғанымен басқа да кез 
келеген  драма  кейіпкерлерінің  іс-әрекетінен  байқалып  отырады.  Жалпы,  ӛмірлік  материалға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет