Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет185/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
141 
 
деректік сипат беретін компоненттердің барлық тҥрі бірдей негізгі ӛмірлік материалдың бойынан 
табыла  беруі  мҥмкін.  Бірақ  соның  ішінде  бір  екі  дерек  қана  пьесаның  идеялық  мазмҧнын 
айқындауға белсенді ықпал етеді. 
   Қ.Мҧхамеджановтың ―Жат елде‖ драмасындағы ӛмірлік материал болған оқиға негізінен 
алынған.  Драма  кейіпкерлерінің  тҥп  тҧлғасы  тарихи  болған  адамдар.  Есімдері  туған  отанынан 
безген сатқындар қатарында аталатын Қарас, Уәли Каюмовтар сол кездегі мерзімді басылымдар 
арқылы халыққа кеңінен белгілі адамдар. Олар Шығыс Тҥркістан комитетін қҧрып, қазақтарды 
орыстардың  бҧғауынан  азат  етуді  мақсат  етіп  қойған.  Пьесаның  идеялық  мазмҧны  да  осы 
жалпыға  бірдей  шындықтан  кӛп  ауытқымайды.  Драмтургтің  жеке  архивінде  сақталған 
мәліметтер  қауіпсіздік  комитетінен,  басқа  да  мҧрағат  орындарынан  алынған.  Қарас  пен  Уәли 
Каюмовтардың  тағы  басқалардың  жазған  хаттарынан,  сӛзбе  сӛз  кӛшіріліп  алынған  ҥзінділер 
мерзімді  басылымдардағы  мәліметтермен  дәлме  дәл  келеді.  Драматург  сол  мәліметтерді  ӛз  ой 
елегінен  ӛткізгенде  Кеңес  одағы  мен  капиталистік  мемлекеттер  арасындағы  идеологиялық 
тартыстың  ізімен  жҥреді.  Болған  оқиға  деректерінің  мән  мазмҧнына  Кеңестік  идеология 
тҧрғысынан  қарау  Қ.Мҧхамеджановтың  шындыққа  тура  қарауына  мҥмкіндік  бермесе  де,  ол 
тарихи  дерек  деген  ӛзінің  авторлық  кӛзқарасын  жасырып  қала  алмады.  Бҧған  драматургтің 
ӛмірлік материалды қҧрайтын компоненттердің ішінен ҧлттық ой-сана деректеріне айрықша мән 
беруі дәлел.  
   Шындығында  да,  Қ.Мҧхамеджанов  идеологиялық  тартыстың,  таптық  кӛзқарастың 
жетегінде кетпей ҧлттық ой-сана деректерін ӛмірлік материал мазмҧнына айналдыра білген. Бҧл 
мазмҧн  драматургтің  болған  оқиға деректеріне деген  ӛзіндік  кӛзқарасына туындап  жатыр.  Осы 
арада  тек  болған  оқиға  дерегі  мен  ӛмірлік  материал  деген  ҧғымның  бір  бірінен  елеулі 
айырмашылығы бар екендігі тағы да кӛзге тҥседі.  
Ӛмірлік  материалды  екшеу  қай  драматургке  де  оңайға  тҥспейді.  Материалды  сҧрыптау 
тәсілінен драматургтің тақырыпты екшеу мен алға қойған идеялық мақсатын жҥзеге асыруда іс-
тәжірибесі  де  аңғарылады.  Драматург  пен  ӛмірлік  материал  арасындағы  қарым-қатынас 
мәселелерін айқындауға Қ.Мҧхамеджановтың ―Жат елде‖ және ―Біз періште емеспіз‖ пьесалары 
қызықты  мәліметтер  ҧсынады.  Қ.Мҧхамеджанов  ―Жат  елде‖  драмасын  алғашында 
―Шерменділер‖ деген атпен жазған. Осы бір драмаға қойылған екі тҥрлі тақырыптың ӛзінен ӛмір 
шындығына  деген  авторлық  кӛзқарастың  ӛмірлік  материалдың  мазмҧнын  екшеуге  жасаған 
ықпалы анық байқалады. 
    ―Шерменділер‖ драманың алғашқы нҧсқасы. Кейіпкерлерінің саны жағынан да, олардың 
аты-жӛнінен  де,  сондай-ақ  идеялық  мазмҧнының  астарындағы  негізгі  конфликтінің  ӛрілуі 
тҧрғысынан  да  кейінгі  нҧсқадан  кӛп  айырмашылығы  бар.  ―Шерменділердегі‖  басты 
кейіпкерлердің  біразы  архив  материалдарындағы  есімдермен  жҥр.  Олардың  ӛзара 
диалогтарындағы  сӛз  қолданыстарында  да  архив  жазбаларындағы  сӛздердің  жолдарының 
қайталанатын  тҧстары  аз  емес.  Драматург  болған  оқиға  деректерін  кӛбірек  басшылыққа  алуға 
тырысқан.  Осының  ӛзі  ӛмірілік  материалдың  ҧлттық  ой  сана  дерегіне  деген  сҧранысын  толық 
қанағаттандыруға  кедергі  туғызған.  Авторлық  концепциядан  ҧлттық  ой-сана  дерегі  айқын 
аңғарылып тҧрғанымен ӛмірлік материалдың мазмҧнына толық айналмаған.  
   Сондықтан да, пьесаның идеялық мазмҧны нақты айқындалмаған деуге болады. Расында 
да  ―Шерменділер‖  нҧсқасы  ―Жат  елде‖  нҧсқасында  10-15  бетке  дейін,  тіпті  әрбір  бет  сайын 
ӛзгеріске  ҧшыраған.  Бірақ  ―Шерменділердегі‖  кейіпкер  диалогтары  тҧтасымен  алынып 
тасталмаған.  Тек  олардағы  ой  мен  іс-әрекет  тереңдетіліп  толықтырылған.  Бҥтіндей  қайта 
жазылған  диалогтардың  ӛзінде  о  бастағы  ой  желісі  тҧтасымен  сақталып  отырған. 
―Шерменділердегі‖ бір кейіпкердің аузымен айтылған сӛйлемдер ―Жат елде‖ нҧсқасында екі ҥш 
кейіпкердің  аузында  бӛлініп,  іс-әрекет  динамикасын  кҥшейткен.  Қайта  ӛзгертілген  диалогтар 
жаңа кейіпкерлердің диалогтары арқылы толықтырылған.  
Жалпы алғанда, Қ.Мҧхамеджанов драмалық туындыларында комедиялық туындыларында 
ҧстанған авторлық концепциясын заңды тҥрде жалғастырды. Ол ҥш бірдей драмасында ӛмірлік 
материалға ҧлттық ой-сана дерегі тҧрғысынан қарады. Бір ерекшелігі осы ҥш бірдей драмадағы 
ӛмірлік материалды екшеу тәсілі ҥш тҥрлі.  
   ―Жат  елде‖,  ―Біз  періште  емеспіз‖  драмаларындағы  ӛмірлік  материал  болған  оқиға 
дерегінен бастау алғандықтан пьесалар дерек пен ӛмірлік материалдың ара қатынасын анықтауға 
ең  қызықты  объект  бола алады.  Бҧл  туралы: ―Жат  елде‖  Қалтайдың  алғашқы  драмасы.  ―Драма 
1966 жылы жазылған‖ [3; 78].  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет