Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет186/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
142 
 
   Мҧның  алдында  ―1962  жылы  ―Менің  дертім‖  деген  пьесасын  жазды.  Идеялық  мазмҧны 
жабық тақырыпқа арналғандықтан сахнаға бірден жол тарта алмады. Автор ӛмірлік материалға 
ҧлттық  ой-сана  дерегі  тҧрғысынан  мән  беруді  осы  пьесадан  бастады.  Драматург  табан  тіреген 
ӛмірлік  материал  1937  жылы  кӛптеген  жазықсыз  жандардың  асыра  сілтеу  зардабына 
ҧшырағандығы.  Бҧл  оқиға  жазушының  жеке  ӛміріне  де  ащы  сабағын  қалдырған.  Сондықтан 
асыра  сілтеу  -  ӛмір  шындығы.  Ал,  драмадағы  ӛзек  етілген  нәрсе  автордың  ӛз  кӛзімен  кӛрген, 
бастан  аяқ  қасында  болған  оқиғаның  емес,  жалпы  кӛпшілік  мойындаған  архив  документтері 
негізінде  дәлелденген  шындық  дерегі.  Сондықтан  ол  о  баста  халық  жҥрегіне  ҧлттық  ой-  сана 
дерегі ретінде сіңген. Осы тҧрғыда Г.Салғараева: «Гуманизм (ізгілік) жалпы алғанда дниетаным 
принципі  десек,  бҧл  адам  ӛз  мҥмкіншілігін  тҥсіну,  ӛмір  сҥру  жолындағы  қҧқығы  мен  сенімі, 
ӛмірдегі  ӛзіндік  жолы,  адам  ӛмірінің  рухани  дамуы,  ӛзінің  ӛмірдегі  орны,  атқаратын  қызметі, 
дҥниенің кҥрделі қҧрылымы – қҧндылыққа саяды» - деген ӛзекті ойды алға тартады [4; 162]. 
Бҧл  жайында  зерттеушілер  ―Драматург  белгілі  оқиғалардың  жетегінде  кетіп  қалмай, 
детективті  іздемей,  әлеуметтік  қоғамдық  мәні  бар  идеяны  қҧнттап,  психологизмге  ден  қойған 
пьеса жазуды мақсат тҧтқан. Фактіге негіздей отырып, кӛркем шығарма жасау талабын суреткер 
еркіндігіне  тҧсау  салмаған.  Қайта  қиялға  кеңістік,  ой  ӛріс  беріп,  жанр  мҥмкіндігін  жақсы 
пайдалануға себепші болған. Белгілі адамдардың аты-жӛнін ӛзгертіп, олардың әрекетін қалаған 
орайда кӛрсету автордың бейне образ мақсатын жеңілдетіп, кейіпкерлерді бір кісінің кӛшірмесі 
етпей,  таптық  ортаның  психологиясын  аңғартатын  жинақтаушылық  мәні  бар  тҧрпатқа 
айналдырған‖ [5; 128].  
 ―Жат  елде‖  драмасындағы  жақсы  сомдалған  образдардың  бірі  –  Қҧрбан.  Оның  Асанмен 
тағдыры бір. Кеңес ӛкіметін жау кӛреді. Адастырып, теріс жолға салушылардың сӛзіне имандай 
сенеді.  Анасымен  арасындағы  диалогтарда  оның  алған  бетінен  қайтпайтындығы  сезіледі. 
Қҧрбанның  трагедиясының  бір  ҧшы  осы  болса,  екінші  ҧшы  қойнындағы  әйелінің  Америка 
тыңшысы  екендігін  білмейді.  Қҧрбанның  айналасында  оған  дос  адам  жоқ.  Бәрі  оған  сенбейді. 
Қҧрбан  да  оларға  ҥнемі  кҥдікпен  қарайды.  Қ.Мҧхамеджанов  ӛзінің  айтайын  деген  тҥпкі  ойын 
осы  Қҧрбан  образы  арқылы  жеткізген.  Тҥркістан  комитетіндегілердің  ӛздеріне  жҥктеген 
тапсырмаларды орындамай, туған елі Қазақстанға ӛтіп кетуі, бҧл Қҧрбан саясатының осалдығы 
ғана  емес,  сол  кездегі  әр  тҥрлі  себептен  туған  Отанынан  бӛлініп  қалған  адамдар  жӛніндегі 
жалған  тҥсініктің  қҧйрығының  бір  тҧтам  екендігінің  кӛрінісі.  Демек,  Қ.Мҧхамеджанов  негізгі 
фонды Қҧрбан мен Асанның Мәңгҥрттігіне аудара отырып, ӛзінің шетелдегі қазақтар жӛніндегі 
тҥсінігінің  басқаша  екендігін  емеурінмен  сездіруге  тырысқан.  ―Біз  періште  емеспіз‖  пьесасы 
сахнаға жазылған уақытынан ширек ғасыр кешіктіріліп қойылған‖ [6; 128]. Бҧл екі аралықта ҥш 
рет  толықтырылды.  Басында  ―Менің  дертім‖  деген  тақырыппен  жазылған.  1960-1962  жылдар 
аралығында  екі  бірдей  нҧсқасы  дайындалған.  Кейінгі  тҥп  нҧсқасын  Ғ.Мҥсірепов  оқып  шығып 
жоғары бағалаған. Ғ.Мҥсірепов оқыған нҧсқа 56 беттен тҧрады.  
 ―Біз періште емеспіз‖ сахнаға алғаш шыққан кезде оған театр мамандарының әрқилы пікір 
білдіруі  оның  кӛркемдік  сапасының  тӛмендігінен,  немесе  оған  ӛзек  етілген  тартыстың 
босаңдығынан,  әлеуметтік  жҥктің  таяздығынан  да  болған  жоқ.  Кейбір  пікір  айтушылар 
cпектакльді қойған pежиссерден, немесе aктерлар ойынындағы кемшіліктерден іздеді. Содан да 
болар  Москвадағы  гострольдік  сапардан  оралған  соң  режиссер  Ә.Мәмбетов  спектакльге  қайта 
оралып,  жетілдірді.  Бҧл  ретте  ол  драматургке  пайдалы  кеңестерін  жасырмады.  Cпектакльді 
толықтыру  кезінде  авторларға  қатаң  талап  қойылды.  Бірақ  спектакльдің  кӛреремендерге  берер 
әсері публицистикалық сарыннан әріге аспады.  
   Бҧл  арада  драманың  жазылған  уақыты  мен  қойылған  уақытының  аралығындағы 
алшақтыққа  мән  берілген  жоқ.  Драманың  алғашқы  нҧсқасы  дҥниеге  келген  уақыттағы 
публицистикалық  сарын  кӛрермендерге  едәуәр  әсер  береді.  Кейіпкер  диалогтарындағы 
деректілік пен информациялық сипаттан да кӛрермен мол эстетикалық әсер алып жататын.  
   Бір кезде драмаға эстетикалық сапа әкелген публицистикалық сарын мен информациялық 
сипаттың тоқсаныншы жылдарға таман қоғамдағы жариялылықтың кҥшеюіне байланысты екінің 
біріне  мәлім  шындыққа  айналуы,  кез  келген  публицистикалық  мақалада  ҥстін-ҥстін  айтылып 
жатуы,  кейіпкер  диалогтарына  жалаң  салғыласу  секілді  сипат  дарытып  жадағайландырып 
жіберді.  Әдетте,  драманың  спектакльге  айналғанда  эстетикалық  қҧндылығының  тӛмендеп 
кетуінің басты қҧпиясы бҧл емес. Басты себеп драманың идеялық мазмҧнының тереңінде жатқан 
тарихи деректерді автордың ӛмірлік материал деңгейіне кӛтере алмағандығынан. Тарихи деректі 
нақты болған оқиға дерегімен сабақтастыра алмау, тарихи шындықтың жартыкеш тҧлғасын ғана 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
143 
 
кӛру  ӛмірлік  материалдың  деректік  сипаттарын  ҧлттық  ой-сана  тҧрғысынан  сараптауға  кедергі 
жасады.  
   Драматургтің  репрессия  атты  тарихи  фактінің  тӛңірегінде  шындықты  толық  елестете 
алмауы ҧлттық ой-сана дерегін ӛмірлік материалдың мазмҧнына айналдыруға тосқауыл қойды.  
   Қ.Мҧхамеджановтың 
―Біз  періште  емеспіз‖  атты  драмасындағы  қаһармандар 
психологиясын  ашудағы  табысы  мен  ҧлттық  ой-санаға  талдау  жасаудағы  табысы  бір  деңгейде 
болған  жоқ.  Ҥрей  мен  қорқыныш  билеген  қысылтаяң  уақытта  неше  алуан  қателіктер  жіберген 
кейіпкерлердің  ғҧмыр  бойы  тарқамайтын  жан  кҥйзелісіне  тҥсуі  психологизмді  ӛз-ӛзінен 
туындатып  отыр.  ―Психологизм  қазақ  драматургиясына  алпысыншы  жылдардың  бас  кезінде 
келген тенденция‖ [7; 78].  
   Бҧл тенденцияның пайда болуына және орнығуына Қ.Мҧхамеджановтың аталып отырған 
пьесасының  да  ықпалы  ҥлкен.  Ал  психологиялық  пафостың  басым  не  әлсіз  болуы  ӛмірлік 
материалдың  сҧрыпталу  деңгейіне  тікелей  қатысты  емес.  Ӛйткені,  психологизм  ӛмірлік 
материалдарды  қҧрайтын  деректік  компоненттердің  авторлық  концепцияға  сай  таңдалғанын 
айғақтамайды.  
Пародия  деген  ҧғымның  дҥниеге  келуінің  ӛзі  қайшылықты.  Пародияға  тән  кӛркемдік 
белгілер  мен  жанрлық  шарттар  ауызекі  кҥлкі  табиғатының  ажырамас  қасиеті  ретінде  сан 
ғасырлар бойы ӛмір сҥріп келе жатса да, пародия жазба әдебиет туындыcы ретінде дҥниеге келді. 
Онда  да  ӛлең  шығарушының  стиліндегі  кемшілігін  жолма  жол  қайталап  айту  тәсілі  арқылы 
жарыққа  шықты.  Пародия  деген  ҧғымның  мағынасы  қайталап  сықақтап  айту  болса,  онда  осы 
ерекшелік  ауызекі  кҥлкінің  жасалу  тәсілінен  алшақ  емес.  Халықтың  әзіл-қалжыңынан  да  осы 
қайталап айту арқылы сықақтаудың белгілері де молынан байқалады. Бірақ әдеби пародиядағы 
қайталау  тәсілі  іс-  әрекет  пародиясындағы  қайталау  тәсілінің  нақпа  нақ  кӛрінісі  секілденіп 
сезіледі. Онымен қоймай ауызекі сӛйлеу пародиясын мазмҧндаушы ӛнерпаздың (баяндаушының) 
кҥлдіру тәсілі әдеби пародияның ең алғашқы авторына ықпалын тигізгені сезіледі. Бҧдан әдеби 
пародия  ауызекі  сӛйлеу  пародиясының  жемісі  деген  қорытынды  туындап  қана  қоймай,  әуелі 
ауызекі сӛйлеу пародиясы, содан кейін әдеби пародия деген қағиданы да негіздейді.  
 Ауызекі  сӛйлеу  пародиясында  мінез-қҧлық  кемшілігі  нақпа  нақ  қайталанып, 
кӛрсетілмейді.  Оның  мазмҧнын  әр  уақытта  мінез-қҧлық  кемшілігіне  деген  сыншыл  кӛзқарас 
сипаты  қҧрайды.  Ауызекі  сӛйлеу  пародиясы  жеке  адам  мінез-қҧлқының  кемшілігіне  негізделсе 
де, оның астарына бҥкіл қоғамдық ӛзгерістердің әсерінен туған сыншыл кӛзқарас та сиып кете 
береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет