Түйін сӛздер: кәсіби құзіреттілік, тұлға, маман, білім, шеберлік
Технологиялық инновациялар және еңбекті ҧйымдастырудың жаңа тҥрлерінің енуі,
нарықтағы тҧрақсыздық барысында туындаған ӛзгерістер кәсіби қҧзіреттілік тҥсінігіне мән
беруді талап етіп отыр. Қазіргі шарттарда ӛз кәсібінің нағыз иегерін қалыптастыру білім, қабілет
пен дағдылар жҥйесі, кәсіби қҧзіреттілік, маманның дара қасиетін айқындаумен байланысты.
Еліміздің еуропалық ғылыми және білім беру кеңістігіне енуі жоғары білім жҥйесінде кӛптеген
ӛзгерістерге әкелді. Сондықтан кәсіби қҧзіреттілік тҥсінігі қазіргі замандағы жетекші
педагогикалық теорияға айналды.
Бҥгінгі таңда кәсіби қҧзіреттілік ҧғымына бҥкіл қоғам ерекше назар аударып отыр. Бҧл
кәсіби даярлық бойынша ескі жҥйенің қазіргі заман талабына сай ӛзектілігін жоғалтуына
байланысты деп ойлаймыз. Заманауи шарттарда әрбір ел ҥшін еңбек ресурстарының кәсіби
деңгейі бойынша кӛрсеткіштер маңызды мәселеге айналды. Барлық ғылым салаларында кәсіби
қҧзіреттілік ҧғымын кешенді тҥрде талдауға ҧмтылыстар жасалуда. Дегенмен, қазіргі ғылымда
кәсіби қҧзіреттілік тҥсінігіне байланысты нақты анықтамалардың қалыптаспағандығын да айта
кеткеніміз жӛн. Сондықтан берілген мәселенің мәні мен негізгі қағидаларын талдау басымдығы
мол міндет болып табылады.
Жалпы кәсіби қҧзіреттілік тҥсінігі бойынша зерттеулерге Ресей ғалымдары кӛп назар
аударғандығы байқалады. Тақырып бойынша зерттеулер ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап
кеңінен таралғаны кӛрініп тҧр.
А.К. Маркова кәсіби қҧзіреттіліктің тӛрт тҥрін кӛрсетеді:
- арнайы немесе қызметтік кәсіби қҧзіреттілік қызметті жоғары кәсіби деңгейде игеруді
сипаттайды және арнайы білімнің болуымен қатар, оны тәжірибеде қолдану шеберлігін қамтиды;
- әлеуметтік кәсіби қҧзіреттілік кәсіби байланыс барысындағы қауымдастықта
қабылданған бірлескен кәсіби қызмет пен ынтымақтастық тәсілдерін игеруді сипаттайды;
- жеке кәсіби қҧзіреттілік ӛз болмысын кӛрсету және ӛздігінен даму тәсілдері, кәсіби
ӛзгерістерге қарсылық таныту қҧралдарын игеруді сипаттайды. Мҧнда маманның ӛз кәсіби
қызметін жоспарлау, шешімді жеке қабылдау, мәселені кӛру қабілеті де жатады;
- дербес кәсіби қҧзіреттілік ӛзін-ӛзі реттеу, кәсіби ӛсуге даярлық, кәсіби тозуға ҧшырамау,
тҧрақты кәсіби ынталану тәсілдерін игерумен сипатталады [1; 34].
С.А. Дружиловтың [2; 33] ойынша, кәсіби табыстылыққа жету кәсіби қҧзіреттілікті қажетті
деңгейде қалыптастырумен байланысты. Кәсіби оқыту алдағы уақыттағы кәсіби қҧзіреттілік
негіздерін қалыптастыру ретінде қарастырылады. Ол жаңа материалдармен алғашқы танысу
(кәсіби білім, тҧжырымдамалар, дағдылар) кезеңінен бастап қалыптасқан кәсіби қҧзіреттілікпен
аяқталатын кәсіби оқыту ҥрдісін сипаттайтын тӛрт кезеңді атап кӛрсетеді.
Бірінші кезең: ойланбайтын біліксіздік – адамда қажетті білім, шеберлік, дағдылардың
жоқтығы және ол табысты қызметке қажетті талаптарды білмейді. Бҧл кезең келесі кәсіби ӛзін-
ӛзі бағалаумен сипатталады: «Мен білмейтінімді білмеймін». Адам атқарып отырған қызметіне
қажетті білімі, шеберлігі, дағдылардың кемшіліктерін білген жағдайда екінші кезеңге ӛтеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
209
Екінші кезең: саналы біліксіздік – адам кәсіби білімі, шеберлігі, дағдылардың
жетіспеушілігін сезінеді. Мҧнда екі нәтиже шығуы мҥмкін: конструктивтік (тҧлғалық және
кәсіби белсенділіктің кӛрінісі), деструктивтік (әлеуметтік селқостықтың тҥрі).
Конструктивтік жол субъектінің ӛз кәсіби біліксіздігін сезіну арқылы жетіспейтін кәсіби
білім, шеберлік, дағдыларды иелену бойынша ынталандыруды арттыруды қамтиды.
Деструктивтік нәтиже алдағы уақыттағы кәсіби оқытуға кедергі келтіретін ӛз кҥшіне сенімсіздік,
психологиялық жайсыздық, мазасыздықтың артуы секілді сезімдердің пайда болуына әкеледі.
Екінші кезең ҥшін «Мен білмейтінімді білемін» тҥсінігі тән.
Ҥшінші кезең: саналы құзіреттілік – адам ӛз кәсіби білімі, икемділігі мен дағдылары
қҧрылымға енетітін және осы қасиеттерді тиімді пайдалана алатынын біледі. Ҥшінші кезең ҥшін
кәсіби ӛзін-ӛзі бағалаудың мына тҥрі сәйкес келеді: «Мен білетінімді білемін».
Тӛртінші кезең: ойланбайтын құзіреттілік – кәсіби дағыдалар толықтай бірігіп, мінез-
қҧлыққа орныққан; кәсіпқойлық тҧлғаның бӛлігі болып табылады. Қҧзіреттіліктің бҧл тҥрі
шеберліктің деңгейін кӛрсетеді. Дегенмен, осы кезеңде кәсіби ӛзгерістің орын алу қауіптілігі
жоғары.
А.С. Роботова редакциялығында жазылған еңбекте кәсіби қҧзіреттілік кәсіби қызметті
жҥзеге асырудағы маманның теориялық және тәжірибелік даярлығының бірлігімен сипатталады
[3; 66].
А. Дорофеев [4; 31-32] кәсіби қҧзіреттіліктің тӛмендегідей қырларына мән береді:
1.
Біліктіліктің ӛзектілігі (кәсіби саладағы білім, шеберлік пен дағдылар, кәсіби қызметті
жҥзеге асыруға қажетті және жеткілікті заманауи компьютерлік технологияларды игеру
қабілеті).
2.
Когнитивтік даярлық (әрекет деңгейінде жаңа білім, жаңа қҧралдар, жаңа ақпараттық
және компьютерлік технологияларды игеру шеберлігі, ақпараттық тапшылықты айқындау,
қажетті және жеткілікті ғылыми ақпараттарды іздеу мен игеру қабілеті, ҥйрену және ӛзгені
ҥйрету шеберлігі).
3.
Коммуникативтік даярлық: ана тілі мен шетел тілін білу, базалық және сабақтас
ғылымдар мен салалардың тҥсініктік аппараты мен лексикасын қолдану қабілеті, байланыс
техникасы мен технологияларын игеру, патент, авторлық қҧқық алу негіздері, еңбек
қатынастарының қҧқықтық саласы, кәсіби қатынастардың іскерлік этикасы мен ҧжымды
басқаруды білу, демократиялық және авторитарлық басқаруды ҥйлесімді тҥрде қолдану
шеберлігі, пікірталас жҥргізу, ӛз шешімін вербальды, бейнелік тҥрде ынталандыру және қорғау.
4.
Ӛндірісті оңтайландыру мен ізгілендіру мақсатында техникалық-экономикалық,
экологиялық-бағдарлық талдау әдістерін иелену.
5.
Креативтік даярлық – белгілі міндеттерді шешуде жаңа тәсілдер ізденісінің қабілеті
немесе кәсіби және сабақтас салаларда жаңа міндеттерді қою және шешу.
6.
Рухани, саяси, әлеуметтік және экономикалық ҥрдістерге сәйкес кәсіби сала мен
техносфераның даму қағидалары мен негізгі бағыттарын тҥсіну.
7.
Кәсіби жетілу мҧқтаждығы, ҧмтылысы мен даярлығы, корпоративті ӛзін-ӛзі тану мен
жағдай жасау.
8.
Жоғары ӛзін-ӛзі бағалау барысындағы жауапкершілік, мақсаттылық, табандылық,
тӛзімділік, талапшылдық және ӛзіне сын кӛзбен қараушылық секілді кәсіби маңызды тҧлғалық
қасиеттер.
В.И. Волынкиннің пайымдауынша, кәсіби қҧзіреттілік бҧл психикалық және тҧлғалық
(кісілік) қасиеттердің ҥйлесімі, мҧндай психикалық және тҧлғалық (сезімталдық) кҥй ӛздігінен
және жауапкершілікпен әрекет етуге мҥмкіндік береді. Бҧл нақты еңбек қызметін орындаудың
қабілеттілігі мен шеберлігі [5; 232].
Е.А. Гнатышина маманның кәсіби қҧзіреттілігі ҧғымын кәсіби қызметті тиімді жҥзеге
асыру қабілеті және бҧл ҥрдісте ҥздіксіз ӛзін-ӛзі дамытуға даярлығы ретінде айқындайды [6; 62].
Аталмыш еңбекте ол тҥсінікке мынадай анықтама береді: «когнитивті, операциялы-
технологиялық, мотивациялық-еріктік және коммуникативтік қҧрамдастар жиынтығын, кәсіби
қызметті тиімді орындау қабілеті деңгейін кӛрсететін, қозғалыс, кәсіби еңбектің ғылымды
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
210
қажетсіну деңгейінің артуы мен оның нәтижесі ҥшін жеке жауапкершілігінің ӛсуін қҧрайтын
полиаспектілі сипаттама» [6; 68].
Р. Гурина [7; 82-83] ӛз еңбегінде кәсіби қҧзіреттіліктің шектік сипаттамалық белгілерін
кӛрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |