Казахского государственного женского педагогического университета


Ӛндірістік  үрдісте  мәселелердің  болуы



Pdf көрінісі
бет274/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Ӛндірістік  үрдісте  мәселелердің  болуы  кәсіби  қҧзіреттіліктің  ҥшінші  шектік 
сипаттамалық  белгісі  болып  табылады.  Ол  кәсіби  қызметте  қиындықтарды  жеңу  мінез-қҧлық 
дағдылары мен тәжірибелерінің болуы немесе жоқтығын айқындайды. 
Еңбек  нарығындағы  бітірушінің  бәсекеге  қабілеттілігі  білім  беру  мекемесі  тҥлегінің 
кәсіби  қҧзіреттілігінің  қосымша  шектік  сипаттамалық  белгісі  болуы  мҥмкін.  Бәсекеге 
қабілеттіліктің  сапалық  кӛрсеткіші  ретінде  білім  беру  мекемесі  бітірушісінің  жҧмысқа 
қабылдануы  саналады.  Кӛп  жағдайда  жҧмысқа  қабылдау  әңгімелесу  және  конкурстық  іріктеу 
арқылы жҥргізіліп, алдына қойылған мақсатқа жетуді айғақтайтын қҧзіреттіліктің эмоционалды-
еріктік қҧрамдасын кӛрсетеді. 
И.М.  Карицкая  [8;  57-58]  әлеуметтік-кәсіби  қҧзіреттілік  терминін  қолданады.  Ол 
әлеуметтік-кәсіби қҧзіреттілікті тӛрт бӛлімге бӛледі: 
Базалық: 
-  зияткерлік-қамтамасыз 
етуші  (даму  нормалары  деңгейіндегі  негізгі  ойлау 
операциялары).  Осы  блокқа  сәйкес  дамудың  нормасы  ретінде  ЖОО  бітірушісі  анализ  және 
синтез;  салыстыру;  жҥйелендіру;  шешім  қабылдау;  болжау;  ҧсынылған  мақсатқа  сәйкес 
қимылдар нәтижелерінің қатыстылығы секілді ойлау әрекеттерін иеленуі керек. 
Тҧлғалық  шеңберіндегі  адамға  тән  жауаптылық,  жинақылық,  мақсаттылық  секілді 
тҧлғалық ерекщеліктер.  
Әлеуметтік: 
-  адамның  әлеуметтік  қамсыздандырудағы  ӛмір-салты  мен  ӛзге  адамдар,  топтар, 
ҧжыммен ӛзара қимылдардың баламалылығы. Осы блокқа сәйкес бітіруші мынадай қабілеттерді 
иеленуі керек: 
-   ӛз ӛмірін салауатты ӛмір салты әлеуметтік маңызы бар ҧсыныстарға сай ҧйымдастыру; 
-  жатақханада азаматтың қҧқықтары мен міндеттерін басшылыққа алу; 
-  ӛз 
мінез-қҧлқында  болмыс  (ӛмір),  мәдениет,  әлеуметтік  ӛзара  қимылдар 
қҧндылықтарын басшылыққа алу; 
-  ӛзін-ӛзі  дамытудың  (ӛзін-ӛзі  кемелдендіру)  келешек  ізденістерін  қҧру  және  жҥзеге 
асыру; 
-  иелену ҥрдісінде білімді біріктіру және әлеуметтік-кәсіби міндеттерді шешу барысында 
қолдану; 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
211 
 
-  адамдармен ынтымақтастықта болу, басқару және бағыну; 
-  ана тілі мен шет тілінде ауызша және жазбаша тҥрде араласу; 
-  қалыпсыз ахуалдарда шешімді табу; 
-  әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шығармашылық тҧрғыда шешуді табу; 
-  ақпаратты  қабылдау,  сақтау,  ӛңдеу,  тарату  және  қайта  қҧру  (кітапхана  каталогтары, 
ақпараттық жҥйелер, Интернет, электронды пошта және т.б.).  
Кәсіби: 
-  кәсіби  қызметті  орындаудың  баламалығын  қамтамасыз  етеді.  Осы  блокқа  сәйкес 
бітіруші мамандық, бағытталу бойынша кәсіби міндеттерді шеше алуы керек. 
Е.В.  Василевская  [9;  98]  ғылымда  қҧзіреттілік  және  кәсіби  қҧзіреттілік  тҥсініктерін  алты 
бағытта қарастырылып жатқандығын дәйектейді: 
1)  «кәсіби  қҧзіреттілік»  категориясы  «мәдениет»  категориясына  ара  қатыстылығы  басым 
және  тҧлғаның  дамуы,  оның  білімділігі  мен  тәрбиелілігінің  нәтижесі  ретінде  қарастырылады 
(Е.В. Бондаревская, Б.С. Гершунский, А.И. Пискунов, Е.В. Попова, Н. Розов және т.б.); 
2)  кәсіби  қҧзіреттілік  сапа,  шеберлік  жҥйесі  ретінде  тҥсіндіріледі  (Т.Г.  Браже, 
Н.И. Запрудский және т.б.); 
3) кәсіби қҧзіреттілікті қалыптастыру мақсатындағы кәсіби даярлық пен қайта даярлықты 
ҧйымдастырудың мәселесі (Е.М. Павлютенков, А.И. Пискунов және т.б.); 
4) «кәсіби қҧзіреттілік» пен «кәсіби қызметке даярлық» категорияларының байланысы;  
5)  психологияда  тҧлғаның  қасиеті,  сипаттамасы  мен  оның  мазмҧнындағы  нәтижелі 
компонентке кіріспе; 
6)  кәсіби  қҧзіреттілікті  тҥсіндірудегі  әрекеттік  тәсіл  ҧстанымы  бойынша  маман 
білімділігінің деңгейі ретінде (Б.С.Гершунский, А.Д.Щекатунова және т.б.). 
Бҥгінгі  таңда  отандық  ғалымдар  кәсіби  қҧзіреттілік  тҥсінігіне  қызығушылық  танытып 
келеді.  Қҧзырлылықты  педагогикалық  категория  ретінде  дамуын  теориялық-әдіснамалық 
тҧрғыда  негіздеген  ғылыми  еңбекте  К.С.  Кудайбергенова  [10]  кәсіби  қҧзіреттілік  ҧғымына 
ерекше  мән  береді.  Кәсіби  қҧзыреттілікті  қалыптастырудың  теориялық  және  практикалық 
аспектілерін  Ш.Х.Қҧрманалина  (колледж  жағдайында  бастауыш  сынып  мҧғалімдерін  кәсіби 
даярлау),  Б.Т.Кенжебеков  (жоғары  оқу  орны  жҥйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби 
қҧзыреттілігі),  М.В.Семѐнова  (жоғары  оқу  орындарында  болашақ  педагогтардың  кәсіптік 
қҧзыреттілігін  қалыптастыру)  т.б.  ғалымдар  зерттеді.  Соңғы  жылдары  кәсіби  қҧзіреттілік 
мәселелеріне  арналған  докторлық  диссертациялардың  [11,  12,  13]  қорғалғандығы  баршамызды 
қуантатындығы анық. 
Ф.Н.Жҧмабекованың  [14;  73]  пікірінше:  «кәсіби  қҧзіреттілікті  қалыптастырудың  барлық 
қҧрылымдық  қҧрамдас  бӛліктері  болашақ  мамандардың  білім  беру  ҧйымдарындағы  қызметіне, 
атап  айтқанда,  нақты  педагогикалық  жағдайларды  шеше  алу  шеберлігіне  бағытталған. 
Мамандардың  кәсіби  даярлығы,  яғни  оның  білім  беру  қызметі  барысында  иеленген  білімі, 
тәжірибесі,  жеке  және  әлеуметтік  қасиеттері  мен  қҧндылықтарын  жҧмылдыру  қабілеті  оның 
кәсіби қҧзіреттілігін қалыптастырып, біліктілігін арттыруды қҧрайды және оны ӛз тәжірибесінде 
тиімді пайдалана алуымен ӛлшенеді». 
Г.М.Касымова  [15]  ӛз  еңбегінде  студенттерді  кәсіби  даярлаудағы  кейс  әдісінің  кәсіби 
қҧзіреттілікті  арттырудағы  маңыздылығы  туралы  айтады.  Ғалым  әдісті  студенттерді 
кәсібилендіруге  ықпал  ететіндігі  және  олардың  есеюге  деген  қызығушылығы  мен  оң 
мотивациясын  қалыптастыратындығын  дәйектейді.  Ал.  Н.У.Сайбекова  [16]  ӛз  зерттеуінде 
«қҧзірет», «қҧзіреттілік» және «кәсіби қҧзіреттілік» ҧғымдарына талдау жасайды. 
Қорыта  айтқанда,  кәсіби  қҧзіреттіліктің  мәні  мен  негізгі  қағидаларын  тҥсіну  арқылы 
болашақ  мамандардың  еңбек  нарығына  даярлығын  айқындай  аламыз.  Жалпы  зерттеу 
жҧмысында  ҧсынылған  материалдарды  талдау  негізінде  кәсіби  қҧзіреттілікті  дамытудың 
маңызды белгілері мынада деп ойлаймыз: 
1. 
Кәсіби  дербестік  берілген  талаптарды  орындау  қабілеті,  ӛз  қызметін  жоспарлау, 
ҧйымдастыру, реттеу мен бақылау, бастамалар кӛтерудің қабілетімен байланысты. 
2. 
Маманның  ойлау  ҥрдістеріндегі  логикалық,  жылдамдылық  пен  креативтілік  кәсіби 
міндеттерді 
жылдам 
шешу 
шеберлігі 
және 
осы 
шешімдердің 
бірегейлігі 
мен 
бейқалыптылығымен ӛлшенеді. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
212 
 
3. 
Кәсіби  жҧмылу  оңтайлы  жылдам  шешім  қабылдау,  ахуалдар  ӛзгерістеріне  даярлық 
қабілетінен байқалады. 
4. 
Коммуникативтілік 
тҧлғаның 
қарым-қатынастарға 
бейімділігі, 
адамдармен 
байланысқа тҥсу қызығушылығы мен тӛзімділігін кӛрсетеді. 
5. 
Ӛз шешімі мен қызметі барысында орын алған нәтижелерге жауапкершілік. 
6. 
Денсаулық  физикалық  және  психикалық  қызметтерді  сақтау  мен  дамытудың,  тиімді 
еңбекке қабілеттілік пен әлеуметтік белсенділіктің негізі болып табылады. 
Бір  мақала  шеңберінде  кәсіби  қҧзіреттілік  туралы  ғылымдардағы  барлық  тҥсініктерді 
талдау  мҥмкін  емес  екендігі  анық.  Мәселені  талдау  мақсатында  жҥргізілетін  ғылыми-зерттеу 
жҧмыстарын  ҧйымдастыру  алдағы  уақыттың  еншісінде.  Зерттеу  кӛрсетіп  отырғандай,  кәсіби 
қҧзіреттілік  ӛмірлік  және  кәсіптік  міндеттер  бойынша  тиімді  шешімдер  қабылдаумен  тығыз 
байланысты. Кәсіби қҧзіреттілікті зерттеу кәсіби әрекеттердегі нәтижелерге жетуге бағытталған 
тҧлғаның  тәжірибе,  білім,  шеберлік  пен  қатынастар  бойынша  ӛзара  байланыстарды  талдау 
кешенін қҧрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет