Жарғылық мақсаттарға сәйкес
қордың сарапшылар кеңесі
құрылып, алғашқы отырысы
қарашада өтті
Кеңес құрамына 13 тілгер-мамандар мен қоғамдық сарапшылар
кірді.
Кеңес мүшелерінің басты міндеті – қазақ тілінің жағдайын
күшейтуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп
әзірлеу, сондай-ақ, мемлекеттік тілдің дамуына кедергі боларлық
себептерді талдау.
Қор өңірлерде де осындай Кеңестердің құрылуын қарастырды.
Қазіргі кезде осындай қоғамдық Кеңестер ел өңірлерінің
тоғызында – Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда,
Ақмола, Атырау және Павлодар облыстарында құрылды, басқа
облыстарда да құру қолға алыну үстінде.
38
39
«Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде» атты дөңгелек үстелдер
2008 жылдың желтоқсан айынан 2009 жылдың мамыры
аралығында Қор директоры Б. Әбдіғалиев « Қ а з а қ с т а н н ы ң
болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстелді Павлодар,
Петропавл, Көкшетау, Өскемен қалаларында өткізді.
Бұл шараларға қазақ тілін меңгерген қазақ емес жастар,
жергілікті зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік тіл беделін көтеру мен
оның қолдану аясын кеңейту мәселелері қаралып, этностық
топтарда қазақ тілінің таралуы жайы талданды.
Сонымен бірге, Б. Әбдіғалиев оннан аса шараларға:
отаншылдар форумы (Семей қаласы, Қарағанды қаласы),
халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, мысалы,
«Ресей қазақтары: тарих пен қазіргі кезең» (Омбы қаласы) атты
мәслихаттарға қатысты.
«Достық тілінде» -
аймақтық семинар-тренингтер
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қор
еліміздің аймақтарында этномәдени топтар өкілдері мен оларға
қазақ тілін оқытатын оқытушылардың қатысуымен өңірлік
семинар-тренингтер өткізді.
Бұл шараларды Қор Қазақстан халқы Ассамблеясы және Орыс,
славян және казактар ұйымдарының Ассоциациясымен бірлесіп
ұйымдастырды.
Жоба мақсаты – этностық топтардың белсенді мүшелерін тілдік
мәселелер мен қазақ тілінің беделін арттыруға жұмылдыру.
Шаралар негізінен пікірталас форматында өтті. Қатысушылар
бір-бірімен мемлекеттік тілді әйгілеу мен оны үйрену әдістемелері
жөнінде ақпарат, идея және ұсыныстар алмасты.
Биылғы тамыз-қараша аралығында Петропавл, Көкшетау,
Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Қарағанды,
Талдықорған, Қостанай, Павлодар қалаларында 12 семинар-
тренинг өткізіліп, бұл шаралар барлығы 300-ден аса этностық
топтар өкілдерін қамтыды.
40
41
«Бейбітшілік тілі» –
«Араздық тіліне қарсы» –
БАҚ-тар үшін мастер-кластар
Елдің алты аймағында (СҚО, ОҚО, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды,
Алматы облыстарында) Қор «Атақазақ» қоғамдық бірлестігімен
бірігіп, этносаралық қатынастарды БАҚ-тарда жария ету мәселелері
бойынша журналистерге арналған мастер-кластар өткізді.
Журналистермен кездесуді Ақпараттық даулар жөніндегі
сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова мен Мемле-
кеттік тілді дамыту Қоры директорының орынбасары Серік Ерғали
жүргізді.
Жобаның басты мақсаты – БАҚ қызметкерлерін тілдің призмасы
арқылы толеранттық журналистика тәсілдеріне баулу.
Тренинг аясында этникалық сезімдер мен адамдардың
абыройына тиісу нәтижесінде соттық іске айналған жарияланымдар
қарастырылды. Қатысушыларға толеранттық журналистика тәсіл-
дері мен әдістері түсіндіріліп, оларға қаталдық пен зорлықты,
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемдікті
насихаттау мен үгіттеуге қатысты тартылатын жауапкерлік
қарастырылған заңдық нормалар ұғындырылды.
Тыңдаушылар «Бейбіт журналистика» дағдылары мен тәсіл-
дерін, этностық қасаңдықтың, этноәсірешілдік пен кемсіту көрініс-
терін ажыратуды меңгерді; этносаралық мәселелерді кеңінен ұғуға
жетіп, жаңа деңгейге көтерілді; құқықтық және этномәдени қанығу
деңгейін көтерді.
Әр қатысушыға журналистерге арналған «Жария ет, бірақ
жауластырма», «Даулы мәтіндердің лингвистикалық сарабы»,
«Қазақстан БАҚ-тарындағы саяси әдептілік: үйлесім іздеу» секілді
кітаптар таратылды.
Жоба 200-дей өңірлік БАҚ журналисін қамтыды. Әрбір мастер-
класс жергілікті баспасөзде кеңінен насихатталды.
«Саяси қатынастағы қазақ тілі»
дөңгелек үстелі
«Саяси қатынастағы қазақ тілі» атты дөңгелек үстел 9
қарашада Астана қаласында болып өтті. Оған сарапшылар
қауымы, мемлекеттік ұйым өкілдері мен қазақтанушы-
филологтар қатысты.
Жобада
Гуманитарлық-саяси
конъюктура
орталығы
әзірлеген (Алматы қаласы) қазақ тілінің саяси кеңістіктегі рөлі
«Ұлт бәсекелестігінің стратегиясы»
семинары
Қор биылғы 7 қарашада өткен «Ұлттың бәсекелестік стратегиясы»
семинарын ұйымдастырушылардың бірі болды. Бұл бірлескен жобаны
атқаруға сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақ
халқының рухани даму қоры», «Ұлттық даму институты» ЖШС қатысты.
Жоба мақсаты – қазақ халқының мемлекетқұраушы ұлт ретіндегі
рөлін, сараптамалық тұрғыдан талдау, ұлттың бәсекелестігін арттыру
жөніндегі ұсынымдар қарастыру.
Семинар тақырыбын айқындай отырып, ұйымдастырушылар мем-
лекеттің бәсекелестігі мемлекет құраушы ұлттың бәсекелестігі – өзара
тығыз байланыстағы құбылыс екендігін ескерді.
Мемлекет құраушы ұлт болу деген сөз – елдің бірлігі мен тұтастығы,
оның бүгіні мен болашағы үшін, елдегі өзге этностардың дамуы
жолындағы жауапкер болу.
туралы баяндаманы
дөңгелек үстел қа-
тысушыларына
та-
ныстырды.
Грант мөлшері – 650
мың теңге.
Семинарға сарапшылар
қауымы, мемлекеттік ұйым
өкілдері мен журналистер
қатысты.
Қатысушылар
саны – 30 адам.
42
43
БАҚ-тағы жарияланымдар
Қор қазақ тілін БАҚ арқылы белсенді түрде насихаттап келеді.
2009 жылы Қор директоры 20-дан астам өз пікірін жариялап,
«Хабар», «Астана», «Қазақстан», сондай-ақ, Қазақ радиосында
тікелей эфир хабарларына қатысты. 30-дан астам сұхбат беріп,
мақалалары «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан»,
«Айқын», «Жас алаш», «Время», «Литер» және басқа басылым-
дарда жарық көрді.
Қордың 2010 жылы
атқарған іс-шаралары
44
45
Қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдерінің қауымдастығы
Қаңтар
айында Астанада «Қазақ тілін оқытудың
инновациялық
технологиялары» атты семинар өткізілді. Іс-шара
аясында
Қордың бастамасымен және қолдауымен жаңа қоғамдық
құрылым – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы
құрылды. Қауымдастықтың басты міндеті – оқушыларды қазақ
тілінің болашақ басты тұтынушылары ретінде қалыптастыру және
олардың отаншылдық сезімдеріне мемлекеттік тіл арқылы жол
ашу;
ата-аналар әлеуетін оқу үдерісіне жұмылдыру; орыстілді
мектептер
мен балабақшаларда қазақ тілін оқытудың жаңаша
шешімдерін іздестіру мен әзірлеу.
Бүлдіршіндерге
арналған қазақ тілі
«Бүлдіршіндерге арналған қазақ тілі» әдістемелері
республикалық байқауы тіл үйретудегі инновациялық
үдерістерді,
тиімді әдістемелік құралдарды, осы саладағы
ұстаздар ұжымы мен
қоғамдық ұйымдарды ынталандыру,
қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Ақпан айында аталған
байқаудың
қорытындысын шығару шарасы Қор Қамқоршылық
кеңесінің мүшесі – Президенттік Мәдениет Орталығының
директоры Мырзатай Жолдасбековтың қатысуымен өтті.
46
47
Ерлік пен Жеңіс
Алматы қаласында маусым айында Жеңістің 65 жылдығы мен
ұлтымыздың қаһарманы Б. Момышұлының туғанына 100
толуына
орай «Ерлік пен Жеңіс» тақырыбындағы мектеп
оқушылары
шығармаларының байқауын қорытуға арналған баспасөз мәсли-
хаты өтті. Байқаудың міндеті – оқушылардың
отаншылдық
тақырыбына, әсіресе Б. Момышұлының біртуар
тұлғасына қызы-
ғушылығын туғызу және жасөспірімдерді сөз өнері мен қазақ әдеби
тіліне бауыр бастыру. Әрбір жеңімпазға Қордың
арнаулы
дипломы, «Ұлан» газеті жас тілшісінің куәлігі, сондай-ақ
«Beeline»
компаниясынан ұялы телефоны тапсырылды.
Жастар – Отанға! жобасы
Тамыз айында Қор «Жас Отан» Жастар қанатының
«Жастар–Отанға!» жобасы аясында ұйымдастырған білім
беру инновациялық лагерінің жұмысына қатысты. Лагерьде
еліміздің
барлық өңірлерінен 18-29 жас аралығындағы жоғары
оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер,
мемлекеттік
емес ұйымдар мен шағын және орта бизнес
өкілдері, жеке
кәсіпорындардың қызметкерлері мен жастар тобы
бас қосты.
Шараның мақсаты – жастар, мемлекеттік мекемелер және
бизнес өкілдері арасында олардың бойына сіңірген талант-
қабілеттерін айқын көрсететін білім беру алаңдарын құру болып
табылады. 1-11 тамыз аралығында өткен лагерьдің «Отаншыл»
«Патриот» ауысымы аясында Қор Сараптамалық Кеңесінің
мүшелері семинар-тренинг өткізіп, патриотизм мен қазақ тілі,
тарихы және мәдениеті туралы пікір-талас, викториналық және
дисскуссиялық ойындар өткізді.
Сондай-ақ, шарада «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының»
Жобасы
талқыланды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен
көркем
әдебиеттер, қазақ тілін оқытудың әдістемелік құралдары
табыс
етілді.
48
49
Қазақ тілін кең
насихаттағандары үшін
Маусым айында Халықаралық журналистер күніне
орай баспасөз бен электронды БАҚ-да қазақ тілін кеңінен
насихаттағандары үшін бірқатар журналистерге сыйлықтар
тапсырылды. Қордың әрқайсысы 50 мың теңге көлеміндегі
алғашқы
үш ақшалай сыйлығына мына журналистер лайық деп
табылды: «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары
Ержан Байтілес, «Казахстанская правда» газеті бас редакторының
орынбасары Сәбит Малдыбаев, Шығыс Қазақстан облыстық
«Рудный Алтай» газетінің тілшісі Қабдылқайыр Құдайбергенов.
Баян-Өлгий аймағының
құрылғанына 70 жыл толуына орай
Шілде айында бір топ қазақстандық жастар Баян-
Өлгий
аймағының құрылғанына 70 жыл толуына орай
Моңғолиядағы
қазақ
диаспорасының арасында бірнеше күн
аялдап,
қандастарымыздың хал-ахуалымен танысып қайтты.
Делегация құрамы «Жас Отанның» белсенділерінен және жас
өнерпаздардан жасақталды. Сапар барысында Қордың өкілдері
Баян-Өлгий
жастарына М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының
аудио-дискілері, қазақ тіліндегі көркем және ғылыми әдебиеттер
мен түрлі
сөздіктер сыйға тартты.
«Қаламгер-Азамат»
III Республикалық форумы
Тамыз айында Қор Астанада «Қаламгер-Азамат» III Респуб-
ликалық форумын ұйымдастыруға атсалысты. Шарада
18-23
жас аралығындағы қазақтілді БАҚ-ң 100-ден астам өкілдері
бас қосты. Ұйымдастырушылар форумға, ең алдымен, жас
журналистердің шеберліктерін шыңдаудың, өзара идеялар
мен
пікір бөлісу, тәжiрибе алмасу алаңы ретінде қарайды.
Шараға
қатысушыларға үш күндік бағдарлама аясында «Қазақ
басылымдарының дамуы», «Қазақ интернет-журналистикасы»,
«Жаңалық сюжеттері мен телебағдарламалардың сапасы»
сияқты
тақырыптарды талқылау ұсынылды. Сонымен қатар,
форум аясында тәжірибелі журналистер мен белгілі теле-
жүргізушілердің, баспа және электрондық БАҚ-ның бас редактор-
ларының шеберлік-сыныптары өткізілді.
50
51
Тілге құрмет – елге құрмет
Қыркүйекте «Нұр Отан»
партиясы Төрағасының бірінші
орын-
басары Нұрлан Нығматулин
Қазақстан халқы тілдері күніне
арналған «Тілге құрмет – елге
құрмет» атты республикалық
байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Мемлекеттік тілдің
дамуына сүбелі үлес қосқан үздік
ұйым аталымында Мемлекеттік
тілді дамыту қоры мен «Медиа
Астана» продюсерлік орталығы
және Моңғолиядағы «Шұғыла»
журналының редакциясы
қошемет
пен құрметке ие болды.
Тілдерді қолдану мен дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының
жобасын талқылау
Қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы мен Мемлекеттік тілді
дамыту Президенттік қоры «Тілдерді қолдану мен дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
жобасын талқылау үшін Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара
барысында партия жанындағы жемқорлыққа қарсы медиа-
орталықтың жетекшісі Берік Уәли, Мәдениет министрлігі Тіл
комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Нұртазин, Қордың
директоры Азат Шәуеев пікір білдіріп, ұсыныстар айтты. Шарада
айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы Мәдениет министрлігіне
жолданды.
52
53
«ТІЛектестер ШАШУы»
I жастар фестивалі
Қазан айында Астанадағы «Жастар» Сарайында Қордың
ұйым-
дастыруымен
«ТІЛектестер ШАШУы» атты І жастар
фестивалі
өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында қазақ тілін насихаттау,
олардың өз Отанына, туған елі мен жеріне деген
сүйіспеншілігін
арттыру және ұлттық, патриоттық тақырыптағы жаңа
әндердің
дүниеге келуіне ықпал ету. Ақысыз ұйымдастырылған бұл жастар
фестиваліне 1000-нан аса көрермен жиналды. Концертке белгілі
жұлдыздармен қатар жас әншілер қатысып («Бәйтерек», «Дабыл»,
«Аламан» топтары, Медет Шайкелов, Қасымхан Бұғыбай, Ғайни
Жұмашева, Асқар Жайлаубаев және т.б.) ел мен туған жер, Отан
және Ана тіліміз туралы патриоттық әндермен шашу шашты.
Мемлекеттік тіл және қазақстандық
патриотизм - бәсекеге қабілетті
мемлекетті құру факторы ретінде
Қараша айында Қор Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов
атындағы мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тіл
және
қазақстандық патриотизм бәсекеге қабілетті мемлекетті
құру факторы ретінде» атты республикалық конференция
ұйымдастырды. Конференцияға «Қазақ газеттері» ЖШС-
нің
директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы, саясаттану
ғылымдарының кандидаты Жұмабек Кенжалин, Қор директоры
Азат Шәуеев, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің проректоры Аманай Сейітқасымов, Ақмола облысы
Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ғосман Төлеғұл және т.б.
қатысты. Алқалы жиында қазіргі қоғамдағы тіл мәселесі жан-жақты
талқыға түсіп, әр тараптан түрлі ұсыныстар ортаға салынды.
54
55
«Қырағы көз!» айлығы
Қараша айында Қор мен «Жас Отан» жастар қанатының
«Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығы
өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты тауарлардың мемлекеттік
тілде
жазылған жапсырмалары, орамдары мен нұсқаулық
мәтіндеріндегі
қателерді анықтау болатын. Волонтерлар мен
қала тұрғындары аралаған барлық сауда орталықтарынан
қателерінен көз сүрінетін
сауатсыз жапсырмалар анықталды.
«Акция қорытындысы 100-ден
астам отандық және шетелдік
тауар өндірушілер өнімдегі жапсырмалардың қазақ тілінде
дұрыс жазылуына селқос
қарайтынын көрсетті. Акцияға
қатысуға Астананың тұрғындары тартылды. «Жас Отан» жастар
қанатының астаналық филиалына қазақ тіліне қате аударылған
жапсырмаларды неғұрлым көп әкелген алғашқы 20 адам Қордың
арнаулы сыйлықтарына ие болды.
«Қазақша білесің бе? Досыңа
үйрет!» тілдік байқауы
Желтоқсан айында Астанада қор
«Қазақша білесің
бе?
Досыңа үйрет!» тілдік байқауын өткізді. Байқауды Қор
Қазақстан-Ресей университетінің (ҚРУ) негізінде ұйымдастырған
болатын.
Байқауды өткізуде өзара бірлесе оқып-үйрену қағидаты
басшылыққа алынды: ҚРУ-дың мемлекеттік тілде сөйлейтін 20
ерікті студенті өз курстастарын «шәкірттікке» қабылдап, оларға
екі айдың ішінде ауызекі қазақ тілін үйретуге тырысты. Байқау
алдында әрбір «шәкірттің» тілді білу деңгейін анықтау үшін
«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу жүргізілді. «ҚАЗТЕСТ»
жүйесі бойынша жобаға қатысушыларды қайта тексеру
нәтижесі және қазылар алқасы мүшелерінің байқауға түскен
«шәкірттермен» қазақ тілінде әңгімелесуі мұндай әдіспен тіл
үйренудің мүмкін және нақты қолдан келетін іс екенін көрсетті.
Байқау жеңімпаздары Қордың және BEELINE компаниясының
арнайы дипломдары мен бағалы
сыйлықтарына иеленді
.
56
57
Қордың 2011 жылы
атқарған іс-шаралары
Іргесі берік бірлік - тұғырлы
тәуелсіздік
Желтоқсан айында Қор Тәуелсіздік мерекесіне орай
Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Алматыда ұлттық
мәдени орталықтардың өкілдері бас қосқан салтанатты
форум
ұйымдастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының
басшылығы
мемлекет ісіне үлес қосқан бір топ азаматқа «Ерен
еңбегі үшін»
және «Еңбегі сіңген қайраткер» медальдары мен
арнайы гранттар тапсырды.
58
59
КВН телевизиялық Лигасы
Қаңтар-ақпан айларында Қор
Алматы қаласындағы Ө. Жол-
дасбеков атындағы Студенттер
Сарайында «Еларна» теле-
каналымен бірлесіп «КВН теле-
визиялық Лигасының»
бірнеше
хабарын ұйымдастыруға қолдау
көрсетті.
Бұл теле-ойынға
еліміздің ең
үздік студенттер командалары-
мен қатар ТМД-ның да бірқатар командалары қатысты. Ойын шарты
бойынша жастар
арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында
командаларға түрлі қойылымдар көрсету тапсырылған болатын. Әзіл-
қойылымдар мемлекеттік тілді меңгермеген жастарға ой салатындай
сәтті шығып, теле-ойын барысында жастар арасында
қазақ тілі кеңінен
насихатталды. Теле-ойын 2011 жылдың ақпан-наурыз айларында
прайм-тайм уақыттарында «Еларна» телеканалынан бірнеше рет
көрсетілді.
«Азамат» жастар бағдарламасы
Наурыз айында Қордың тікелей бастамасымен «Еларна» теле-
арнасында апта сайын берілетін «Азамат» жастар бағдарламасының
бірін Алматы қаласындағы сыртқы жарнамалардың қазақ тіліне сауатты
аударылуы тақырыбына арналды. Хабарға өкілетті мемлекеттік
органдардың, қоғамдық
ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері
қатысып, осы
тақырыпты қызу талқыдан өткізді. Хабар 2011 ж. 23 наурыз
күні эфирге шықты.
Жастардың қазақ тілін насихаттау
жөніндегі үздік жобасы байқауы
Алматыда наурыз айында Қор Жастардың қазақ тілін
насихаттау жөніндегі үздік жобасы байқауының қорытындысын
шығарды. Оған студент және оқушы жастардың екі жүзден астам
өкілі қатысты. Байқауға «Еларна» телеарнасы ақпараттық қолдау
көрсетті. Байқаудың мақсаты еліміздің мәдени кеңістігіне қазақ
тілін енгізудің жаңа әдістерін іздеуге жас ұрпақтың қатысуын
ынталандыру болды. Байқаудың қазақ тілін өрістетуге байланысты
елеулі ұсыныстар берген тағы жеті қатысушысы Қордың арнаулы
дипломдарымен марапатталды. Байқаудың жеңімпаздарын
марапаттау рәсімі «Еларна» телеарнасының «Азамат» жастар
бағдарламасында көрсетілді.
60
61
«Сонымен, солай дейік...»
Мамыр-маусым айларында мемлекеттік тілді кеңінен
насихаттау мақсатында Қордың тікелей бастамасымен
«Хабар»
телеканалында
күнделікті
көрсетілетен
«Сонымен, солай дейік...» атты ток-шоудың екі бағдар-
ламасы қазақ тілі тақырыбына арналды. Олардың бірі –
«Қазақ тілін оқыту курстары қаншалықты тиімді» - деген
тақырыпқа арналса, екіншісі
«Өзге ұлт өкілдеріне ауызекі
қазақ тілін үйрену қиын ба?» - деген
тақырыпта өтті. Бұл
екі хабарға студенттер, жастар қоғамдық ұйымдарының
өкілдері қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |