Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения


ҚАЗІРГІ АУЫЛ  МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ҚАЗІРГІ АУЫЛ  МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ 
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ  
 
Машенбаев Т.Б. (Алматы қ.,  ҚазМемҚызПИ) 
 
Білім  беру  жүйесінде  жүргізіліп  жатқан  реформалар  нарықтық  экономика 
жағдайында  ҽлемдік  кеңестік  ауқымына  бағытталып  отыр.  Дербес  Қазақстан 
мемлекетінің  болашағын  бүгінгі  ұрпақ  тҽрбиесімен  тікелей  байланыстырсақ, 
шҽкірттің  рухани  ҽлемі  ғаламдық  білімімен,  ҿз  халқының  ғасырлар  бойы 
жинақтаған асыл қазынасымен, ұлттық  салт-дҽстүрлерінің айшықты үлгілерімен 
сусындату міндетіне тҽуелді болып шығады. 
Мектептердің,  ҽсіресе  ауылдық  мектептердің  білім  беру  мақсатының 
жаңаша тұжырымдалуы оны ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдарынан 
туындайтынын  ескерсек,  мектептегі  білім  мазмұны  жасҿспірімдерге  ҿз  ұлтының 
тілін,  мҽдениетін  тарихын  терең  түсінуіне  жҽне  басқа  ұлт  ҿкілдерінің  тілін, 
тарихи-мҽдени  дамуы  жҿніндегі  мағлұматтар  арқылы  ҿз  халқының,  егеменді 
еліміздің дүниежүзілік мҽдени мұрадағы орнымен үлесін білуге мүмкін береді. 
Ауылдық қазақ мектебінің басты мақсаты – баланың ой-ҿрісін ҿсіріп, ҿзіндік 
дүниетанымын  қалыптастырып,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтіндей  жағдай 
туғызу.  Сҿйтіп,  ҽрбір  оқушының  ҿзін-ҿзі  дамытуына,  ҿз  мүддесі  мен 
қызығушылығын  қанағаттандыруына,  бойындағы  қабілетіне  сай  білімін 
тереңдетуіне ықпал жасау міндеті тұрады. 
Оқушылардың  тіл  мҽдениетін  дамыту,  сауатты  жаза  білетін,  ҿз  пікірін, 
сезімін,  ойын,  кҿзқарасын  жеткізе  алатын  азамат  етіп  тҽрбиелеу  де  -  ҿзекті  
мҽселелердің  бірі.  Білім  жоқ  жерде  ешқандай  кҿзқараста  жоқ,  яғни  «білім  –

128
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
ізгіліктің иегері». Олай болса ірілік жолындағы ізденістер екі бағытта жүреді. Бірі 
- оқып, білім алу, екіншісі - адамгершілікті қалыптастыру тҽлім тҽрбие беру. 
Адамгершілік  тҽрбие  –  тҽрбиенің  негізі  екендігін  бҽріміз    жақсы  білеміз 
жҽне  адамгершілік  тҽрбиенің  негізі  ұлы  Абайдың  даналық  ойларымен  қабысып, 
бастау алатыны даусыз  екенін тағы да ұғамыз. Бұл арайда Абайдың тҿменгі ҿлең 
шумақтары сҿзсіз ойға оралады: 
Бес нҽрседен қашық бол 
Бес нҽрсеге асық бол 
Адам болам десеңіз 
Тілеуің, ҿмірің алдыңда 
Оған қайғы жесеңіз 
Ҿсек, ҿтірік, мақтаншақ, 
Еріншек бекер мал шашпақ 
Бес дұшпаның білсеңіз 
Талап еңбек терең ой, 
Қанағат рақым ойлап қой 
Бес алыс іс кҿңсеңіз, - 
Деп келіп. 
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз, - деп насихат етеді. Бұл қашық болатын бес нҽрсе, асық 
болатын  бес  нҽрсе  -  үлкен  ұғымдары  адам  бейнесін,  оның  кісілік  болмысын 
айқындайтын парасаттылық кҿрсеткіші. Біздің ғылыми негізде дҽлелдемек болған 
ойымызды ойшыл қысқа да нұсқа жыр жолдарымен айтып берген. 
Ұстаздар  мен  ғалымдардың  екінші  Қазақстандық  съезінде  Елбасы 
Н.Ҽ.Назарбаев:  «Қымбатты  ұстаздар,  сіздер  біздің  балаларымызды  ҿсіріп, 
олардың ақыл-ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата-аналарына қарағанда 
сіздердің  беделдеріңіз  үлкен.  Жаңа  ұрпақтың  болашақ  азаматтық  бағдары, 
олардың  патриотизмі,  туған  жерге  етенелілігі  кҿп  ретте  сіздерге  байланысты. 
Оларды зиянды ҽдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты ҿмір салтын 
орнықтыруға сіздердің күш-қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын 
шағынан  тҽуелсіз  Қазақстан  үшін  мақтаныш  сезімін  бойларына  сіңіріп,  оның 
тарихы  мен  заңдарын,  мемлекеттік  нышандарын  білгені  ҿте  маңызды»,-  деген. 
Жалпы  қоғам,  халық  ҿзінің  жарқын  болашағына  саналы  азаматтарын  сүйеніш 
етсе,  сол  сүйеніш  еткен  дара  тұлғалар  –  ұстаздар  екені  Елбасы  лебізінен  айқын 
кҿрініп тұр. 
Қазіргі  ҿскелең  ҿмір  талаптарына  сай  жастарға  білім  жҽне  тҽрбие  беру, 
оларды жан-жақты дамыту - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. «Білім 
беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мҽдени дамуының 
жоғары  деңгейін  жҽне  кҽсіби  біліктілігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  тҽрбие 
беру мен оқытудың үздіксіз процесі» - деп жазған. 
Оқу  мен  тҽрбие  егіз.  Ол  бір  –  бірінен  бҿліп  алып  қарауға  болмайтын, 
табиғаты  жақын  тұрған  үрдіс.  Ұстаз  –  бір  елдің  болашағы  үшін  жасайтын  киелі 
мамандық  иесі.  Оның  парасаты,  жүріс-тұрысы,  сҿйлеу  мҽдениеті,  ішкі  жан 
дүниесі, тіпті киім киісі бҽрі баланың  назарынан тыс қалмайды. Қазақтың  кемел 
ойлы  ұстазы  А.Байтұрсынов:  «Мұғалім  нашар  болса,  сыйлы  мектепте  отырып 
сабақ  бере  алмайды.  Мұғалім  болу  оңай  нҽрсе  емес.  Тҽртіппен  жасалған  оқу 
құралдарымен оқытуға, тҽртіппен оқыта білетін мұғалім керек» -деп айтқан. 
Ҽбу Насыр Ҽл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тҽрбие берілуі керек, 
тҽрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» -деген екен. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         129 
 
Үйелмендік  тҽрбие  жеке  адамның  жан-жақты  жҽне  үйлесімді  дамуына 
жауапты.  Балалардың  үйелменде  тҽрбиеленуі  білім  беру  мекемелеріндегі  тҽрбие 
жұмыстарымен  ұштасады.  Ауылда  жергілікті  білім  беру  органдары  мен 
мекемелер,  ғылыми-зерттеу,  институттары,  қоғамдық  бірлестіктер,  еңбек 
ұжымдары  біріге  отырып,  оқыту  мен  тҽрбие  жұмысын  жақсартуда  ата-аналарға, 
оларды  алмастыратын  адамдарға  отбасы  тҽрбиесі  жайында  кҿмек  кҿрсетеді, 
жағдайлар  жасайды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  отбасында  тҽрбиелеуге 
үкімет кҿмектеседі. Ол үшін  ата-аналарға ҿтем тҿлемдері беріледі. 
Балалардың  қабілеттілігі  мен  бейімділігін  дамыту,  қоғамдық    белсенділігін 
арттыру еңбекке, кҽсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, ҿнерге, ҽдебиетке, 
спортқа,  ұлттық  дҽстүрлерге  құштарлығын  тҽрбиелеу,  олардың  мҽдени 
демалысын,  бос  уақытын,  дұрыс  ұйымдастыру  мақсатында  осы  жұмыстардың 
бҽрін мектептен тыс білім жҽне тҽрбие беру мекемелері ұйымдастырады. Мұндай 
мекемелерге:  ауылдың  мектептер,  балалар  кітапханалары,  жас  табиғатшылар 
станциялары, балалар стадиондары, спорт, музыка мектептері жҽне мектептен тыс 
басқа да балалар мекемелері жатады. 
Барлық  мектептен  тыс  білім  жҽне  тҽрбие  беру  мекемелерінің  жұмысы 
ҿздерінің  ережелері  мен  бағдарламасын,  оқушылардың  ҿз  іс-ҽрекеттерін 
мектептермен  тығыз  байланыстыра  ұйымдастырады.  Тҽрбие    жҽне  білім  беру 
жұмыстарын  осындай  принциптерді  негізге  ала  отыратын  жүргізудің 
нҽтижесінде, оқушылардың түрлі іс-ҽрекеттерінде қызығушылығы мен бейімділігі 
байқалады. Таным қабілеті дамиды, сапалы тҽрбие, терең жҽне тиянақты білім алу 
жолындағы  күресте  белсенділігі  артады.  Міне,  осылардың  нҽтижесінде  олардың 
ҿмірге, дүниеге ғылыми  кҿзқарастары, кеңиді, қалыптасады. 
Сонымен білім мен тҽрбие беру – бұл Республика азаматтарының құзыретін 
жҽне  адамгершілік,  интелектуалды,  мҽдени  дамуының  жоғары  деңгейін 
қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс. 
Үздіксіз  білім  беру  жүйесін  жақсартудың  басты  бағыттары:  оны  дамыту, 
демократияландыру, гуманитарландыру, нақты білім беру саясаты жҽне халықтың 
ҽлеуметтік-экономикалық  ерекшеліктері  білім  беру  ісін  жетілдірудің  арқауы 
болып табылады. 
Қорыта  келгенде,  ауыл  мектебі  қоғамдың  сол  ортаның  ҽлеуметтік  үясы. 
Онда  демократияландыру,  ізгілендіру  негізінде  оқушылық  ұжым  нығаяды, 
қалыптасады, идея жағынан шынығады. 
Ізгілендіру  барлық  мектеп  ҿмірін  демократияландыру  жағдайында  жүзеге 
асырылады. Ізгілендіру – бұл балаға деген  зор қамқорлық, қайырымдылық, оның 
мақсатын, тілегін мүддесін қабылдау, баланы қоғамның белсенді тұлғасы ретінде 
қалыптастыру,  теориялық  жҽне  практикалық  білім  негізінен  қаруланған  мүшесі 
етіп дайындау. 
Оқыта  отырып  тҽрбиелеу,  тҽрбиелей  отырып  оқыту  –  педагогика 
ғылымының басты қағидасы. Білім беру мен тҽлім-тҽрбиенің бірлігіне негізделген 
бұл  ерекше  маңызды  міндетті,  жүзеге  асыру-ҽрбір  сапалы  ауыл  мұғалімінің 
қасиетті борышы. 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ауылдық  қазақ  мектебінің  баланың  ой-ҿрісін  ҿсіріп,  ҿзіндік 
дүниетанымын  қалыптастырып,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтіндей  жағдай 
туғызу  мүмкіндіктері  жҽне  оқушының  ҿзін-ҿзі  дамытуына,  ҿз  мүддесі  мен 
қызығушылығын  қанағаттандыруына,  бойындағы  қабілетіне  сай  білімін 
тереңдетуіне ықпал жасау міндеті қарастырылған. 
 

130
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  вопросы  формирования  и  создания  условий  для 
саморазвития и самосознания детей казахских школ сельской местности. 
 
 
ЖАН ПИАЖЕНІҢ ИДЕЯЛАРЫНА БҮГІНГІ КӨЗҚАРАС 
 
Мирсеитова  С. (Алматы қ., Қазақстан оқу ассоциациясы) 
 
Біз ҽр уақытта оқытудағы дара қатынас туралы айттық жҽне айта береміз. 
Теориялар  ҿте  кҿп  жҽне  менің  ойымша  бүгінгі  күні  мұғалімдер  мен  мектеп 
ҽкімшілігінің    диагностикалық  тестермен  жаппай  айналысуы  мҽселені  басқа 
жағына тартады. Жалпы оқыту үрдісінде Жан Пиаже маңызды орын алады, себебі 
біз үшін басты мҽселе баланың сабақтағы «қауіпсіздігі», яғни артқа жалтақтамай 
жҽне толқусыз ҿзінің дамуына қатысуға деген құштарлықты ояту. Қазақстан Оқу 
Ассоцациясы мұғалімдермен жұмыс істегенде негізінен Ж. Пиаженің идеяларына 
сүйенеді. Біздерге дара қатынас жай тест жҽне шексіз диагностика жүргізу болып 
табылмайды, біз ҽрбір  оқушыға  «ҽлем туралы ҿз кҿзқарасын терең жҽне кеңірек 
дамытуға»  мүмкіндік  береміз  /1/.  Басқаша  айтар  болсақ,  біз  Л.  Выготскийдің 
анықтамасы бойынша баланың жҽне мұғалімнің «жақын даму аймағында» жұмыс  
жүргіземіз.  Л.  Выготский  ізіне  ілесе  отырып,  біз  білімді  «күнделікті»  жҽне 
«академиялық»  деп  бҿлеміз,  сонымен  бірге    Дж.  Дьюи  мен  Ж.  Пиажеге  ілесе 
отырып, біз күнделікті «эмоцианалдық күшті» академиялық білімде үлкен ҽсерге 
жету үшін қолданамыз. 
 
Жан  Пиаже  мұралары  ҿкінішке  қарай  біздің  кҿптеген  мұғалімдердің 
қолдарына  түспейді.  Ж.  Пиаженің  біздің  оқырманымыз  үшін  таныс  1994  жылы 
орыс  тілінде  басылған  «Сҿз  жҽне  Баланың  ойлауы»,  «Баланың  пайымдауы  мен 
талқылауы»  деген  еңбектері  1923  жҽне  1924  жылдары  жарияланған  болатын. 
Осылайша  бұл  еңбектер  оның  ұзақ  еңбек  жолы  мен  қҿптеген  жаңа 
басылымдарына  жол  ашты.  Мүмкін  ҿзгерістер  болған  шығар,  дегенмен  кҿбісі 
кеңейтілді  жҽне біздің мұғалімдердің қолына  түсе қоймаған жаңа идеялар пайда 
болды.  Мүмкін  біздің  түсіндіруімізде  оның  идеялары  басқаша  берілер  еді.  Біз 
Пиаже идеяларын американдық ғалымдар кҿзімен қарастыруды ұсынамыз, себебі 
бір  жағынан  алғанда  бұл  шындығында  да  қызықты,  ал  екінші  жағынан  алғанда, 
Пиаже  мұндай  түсіндіру  рухында  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 
ойлауды  дамыту»  (RWCT)  жобасында,  басқа  білім  философиясында,  мысалы, 
Тілге тұтас қатынас сияқты берілген.  
Неліктен біз бұны жасаймыз? Біріншіден, бұл  «оқытуды бейнелеуші» деп 
аталатын  нҽрсе  –  ҿзінің  оқыту  процесін  бақылау  жҽне  рефлексия  жасау.  Тиісті 
мұғалімдер  мұндай  жұмысты  тұрақты  жүргізеді.  Біздің  елде  сыныпты  зерттеу, 
оның  нҽтижесін  сипаттап  жазу  жҽне  жариялау  ғалымдардың  ісі  болып  саналды. 
Англия  мен  АҚШ  -  та  кеңінен  қанат  жайған  «мұғалім-зерттеуші»  қозғалысы 
мұғалімнің  сыныптағы  зерттеуінің  маңыздылығы  жҿніндегі  Дьюи  мен  Пиаже 
идеяларын    толық  кҿрсетеді.  Екіншіден,  мұғалімдер  шынайы  еңбекпен  жұмыс 
істеу  барысында  RWCT  жобасын  ішінен  «кҿруге»  тырысуы  қажет.  Ҽрине,  бұл 
оларға  Дьюи,  Пиаже  жҽне  Выготскийдің  идеяларын  тҽжірибеде  қолдануға 
кҿмектеседі.  Ең  басынан,  тіптен  біз  Дьюи,  Пиаже  жҽне  Выготскийдің  нақты  не 
айтқанын  айтпасақ  та,  барлық  уақытта  олардың  идеяларымен,  қағидаларымен 
жүрдік. Біздің сыныптағы тҽжірибемізге олардың кҿзімен қарайтын сҽт туды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         131 
 
«Тыңда! Маған бір  керемет ой келіп тұр!»  Бұл Е.Дакворттың кітабының 
атынан  кҿрініп-ақ  тұрғандай,  Ж.  Пиаженің  мектеп  пен  ойдағы  алатын  рҿліне 
арналған  кітабының    негізгі  идеясы  болып  табылады.  Е.  Дакворт  кітабын  мына 
сҿздермен  ашады:  «Керемет  ойдың  пайда  болуы  интеллектуалды  дамудың 
кҿрсеткіші  болады.  Баланың  ҿзіндік  ойын  құрып,  сол  ойды  құрғаны  үшін  ҿзін 
жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылады» /1, p.1/.   
 
Мҽселен,  белгілі  бір  нҽрсені  есте  сақтау  мен  оны  қажетті  жағдайда 
қолдану жҽне   басқа да құбылыстармен байланыстыру бүлдіршіннің жас кезінде 
қолайсыз  болады.  Не  істеу  керек?  Мҽжбүрлеп  оқытуды  жалғастыру  керек  пе? 
Немесе уақыт келгенде олар ҿз  идеяларын қалыптастырады дегенді күткен жҿн 
бе? Оларды қырнау қажет пе?   
 
Е.  Дакворт  Ж.  Пиаже  ретінде  түсіну  кезінде  осындай  шектеулерді  есте 
ұстап, кез-келген сыныптың түрлі деңгейде болатындығын есте ұстауымыз керек 
деп санайды /1/. 
        Білім  мен  интеллектуалды  даму.  Бастауыш  сынып  оқушылары  неліктен 
интеллектуалды  дамуға  талпыныс  жасайды?  Ал  осыдан  кейін  неліктен 
кҿпшіліктің  интеллектуалды  дамуы  тҿмендеп  кетеді?      Неліктен  балалардың 
білуге  деген  құмарлығы  мен  шығармашылығы  аяқ-асты  жоғалып  кетеді? 
Неліктен  тек  бірен-сараны  ғана  керемет  ойлы  болады?  Е.  Дакворттың 
пайымдауынша,  кҿпшілік  оқушылар  қоғамда  қоюға  болмайтын  сұрақтарды 
қойып,  бір  нҽрсенің  ішінде  не  бар  екендігін  кҿру  үшін  сындырғылары 
келетіндіктерін  айтатындықтан  ҿз  идеяларының  түсініксіз  болып  қалатынынан 
жүрексінеді.  Кҿпшілік  жағдайда,  –  дейді  Е.  Дакворт,  басқалардың  ҿзінікінен 
маңызды  идеясының  жоқ  екендігін  сезіндіріп,  бар  болған  күнде  де  қажетсіз 
екендігін кҿрсету үшін ҿз идеяларымызға зерттеу жүргізуге қол жеткіземіз.     
 
Е.  Дакворттың  айтуынша  керемет  идеялар  тектен-тек  шыға  салмайды. 
Олардың  шығуының  екі  шарты  болады,  біріншіден,  басқа  идеялардың  негізінде 
құрылатындықтан  бұрынғы  идеялар  тҽжірибесі,  екіншіден,  талқыланатын 
тақырыпты жеткілікті түрде білу /1, р.6/. 
 
Керемет идеялардың пайда болу жағдайын қамтамасыз ететін екі аспектіні 
кҿрсете  кету  керек.  Олардың  біреуі  –  балалардың  идеяларын  қабылдауға  дайын 
тұру. Басқасы  – балалардың керемет идеяларын, яғни ҽр баладағы түрлі  идеяны 
тудыратындай ортамен қамтамасыз ету /1, р.6/. Ойлануға тұрарлықтай  шындық 
нҽрсе  алға  тартылмайынша  керемет  идея  пайда  болмайды  деп  есептейді  Е 
Дакворт.  Сонымен  бірге,  егер  адамның  белгілі  бір  білімі  болса,  ҿзіне  қатысты 
жаңа  мҽлімет  пен  тҽжірибеден  мағына  тударуға  талпынатын  болады.  Ҽрекеттер 
репертуары мен   баланың ойы қаншалықты кҿп болса – Пиаже бойынша «нобай» 
– барлығын басына жинауға тырысу үшін де  соншалықты жеткілікті материалы 
болады /1, р.13/. 
         Тіл және ойлау. Е. Дакворт біз кҿбіне сҿз арқылы жеткізуге келе бермейтін 
нҽрселерге кҿп кҿңіл аударамыз деп пайымдайды. Сҿздердің кҿлемі ҽрқашан ой 
мен  идеяның  кҿлеміне  тең  келе  бермейді.  Ал,  айтылған  нҽрселерді  түсінген 
күннің  ҿзінде  біз  ҿзіміз  үшін  жаңа  байланыстар  жасап,  тіпті,  айтылғандарды  ҿз 
кҿзқарасымыз тұрғысынан айтып жеткіземіз де, олардың толыққанды иесі болып 
шыға  келеміз.  Егер  біз  байланыс  жасай  алмасақ,  онда  ҿзімізге  айтылғандардың 
мағынасын  түсінбедік  деген  сҿз.  Пиаженің  ойынша,  тіпті  басқа  біреу  бізге  сол 
байланысты  кҿрсетуге  ҿз  күш-жігерін  жіберген  күннің  ҿзінде  оларды  ҿзіміз 
табуымыз  керек.  Бүлдіршіндер  дүниеге  келген  алғашқы  күнінен  бастап-ақ    
интеллектуалды түрде ҽрекет ете бастайды – олар байланыс тудырып, дҽйектілік 
іздейді  де,  ҿз  ҽрекеттерін  жағдайға  байланысты  жаңалап  отырады.  Олар  бір 

132
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
нҽрсені  істеуге  неғұрлым  кҿбірек  талпынған  сайын,  соғұрлым  жағдайға 
бейімделіп,  ҿз  қолдарынан  келетіндерді  байланыстырып,  оларды  бір-бірінен 
ажырата алатын болады. Сҿйтіп,  байланыс орнатудағы ҿз ҽрекеттерін жетілдіре 
бастайды  –  ҽрекет  ету  барысында  «ойлану»  олардың  белгілі  бір  тілді 
қолданғанынан бұрын қалыптасады.  
 
«Ҽрекет  ету  барысында  олар  топтастыру,  тҽртіппен  орналастыру,  сақтау 
тҽрізді ҿз ойларын жеткізу арқылы ҽлем жайлы білетіндерін құрастырады» /1/. 
 
Мҽселен  кей  нҽрселерді  шап  беріп  ұстап  алу  оңай  болатын  болса, 
кейбіреулері үшін алдымен жұдырықты түйіп, сосын оны ашу керек болады; ал, 
ендігі  біреулерін  итеруге  болады  да,  олар  қозғала  бастайды,  бұл  тағы  да  итеру 
керек  дегенді  білдіреді.  Пиаже  осының  барлығын  «нобай»  деп  атайды.  Бұл 
нобайдың грамматика ережелері тҽрізді неғұрлым жалпы тұрғыдан берілгендігін 
есте  сақтау  керек.  Ересектер      грамматиканың  барлық  ережелерін  біле  отырып, 
оларды  кез-келген  вариантта  немесе  кез-келген  жағдайда  қолдана  алады.  Міне, 
дҽл  осы  секілді  бүлдіршіндер  де  нобаймен  жұмыс  жасайды,  ол  оны  түрлі 
қарапайым жағдайларда пайдаланады /1/. 
 
Сҿздің  бүкіл  қоғамда  қабылданған  конвенция  екендігі  мен  ҿзінің 
жапсырылған нҽрсесін білдірмейтіндігі бҽрімізге белгілі. «Балалар сҿздердің дҽл 
сол  кездегі  ҿздерінің  ойларындағы  нҽрсеге  қатысы  бар  деп    сенеді.  Пиаже  бұл 
құбылысты  эгоцентрлік  жады  деп  атайды».  Е.  Дакворттың  айтуы  бойынша 
бүлдіршін ҿзінің ойы неге қадалып тұрса, басқалар да соны кҿреді деп ойлайды. 
Жылдар ҿте келе олар ҿз ойларының бҿлінген нҽрсесі міндетті түрде басқалардың 
назарларында бола бермейтіндігіне кҿздері жетеді.     Ҽдетте біз ойымызды бар 
нҽрселерге бҿлеміз де, басқа біреу осы бағытта бірнҽрсе айта қалса, біз оны осы 
күнге  дейін  ол  туралы  ойлаған  жолымызбен  талдаймыз.  Толық  сҿйлемдер  мен 
абзацтар  соншалықты  түсіндіріле  бермейді.  «Біз    ҽдетте  ҿзіміздің  қалай 
ойлайтындығымыз  бен  нені  кҿз  алдымызға  елестете  алмайтындығымызды, 
басқаның    бҿтен  нҽрселерді  айтатындығына  икемді  келеміз»  /1,  р.21/.  Пиаженің  
бірауыздан қолданған сҿздері бойынша «біз білетіндерімізді түсінеміз», басқаша 
айтқанда    біз  миымызда  бар  нобайдың  жасаған  жұмысы  қалай  болса,  солай 
түсінеміз.  Мен  сіздердің  ҽрекеттеріңізге  басқа  біреудің  мүлде  басқаша,  тіпті 
қарама–қарсы  кҿріністе  талдау  жасалынғанының  куҽсі  болғандарыңызға 
сенімдімін. Ал, егер білім деңгейіне  болжау жасар болсақ, басқа біреудің ортасы 
мен  тҽжірибесін,  яғни  сол  адамда  бар  нобайды  ҿзіңізге  ҽдетті  нҽрсемен  толық 
сҽйкестігі бар екендігін табуға болады.  
Біздің  естігендеріміздің  санамызда  бар  нҽрсеге  қосылатындығын 
мұғалімдердің  есте  ұстағандары  жҿн.  Жақсы  түсіндіруші  қандай  талдаулардың 
болатындығын  алдын-ала  біліп  алады  да,  соның  негізінде  ҿз  дҽрісін  құратын 
болады. Сонымен қатар жақсы тыңдаушы  ҿзінің алғашқы талдауының ҽр кезде 
дұрыс  бола  бермейтіндігі  мен  басқа  да  байланыстар  мен  кҿріністерді  құруды 
жалғастыру керектігін есте ұстауы керек /1, р. 22/. 
 
Пиаже  ҿзінің  эксперименттерінің  қорытындысында  ойлау  деңгейі 
қаншалықты  жоғары  болса,    тілдің  дҽрежесі  де  керісінше  соншалықты  жоғары 
болады  деген  тұжырымға  келді.  Пиаже  бойынша  ойлау  –  бұл  ҿзімізде  бар 
құбылысты жаңасымен байланыстыру жолы. Байланысты құрудың жеке сипатта 
болуы,  кейде  басқа  біреудің  айтып  түсіндіруге  тырысып  жатқан  байланысын 
түсінуге  қиындық  тудырады.  Балалардың,  бірақ  тек  олардың  ғана  емес, 
логикалық жасамы уақытынан бұрын жетілмеуі керек. Білім ҽрқашан бар білімді 
жетілдіру  мен  қайта  құру  арқылы  соған  негізделеді.  Сҿздер  мен  формулалар 
барлық  бақыланған  ара-қатынастардың  қажетті  жалпылауыштары  болып 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         133 
 
табылады, бірақ істе олар оңайға түспейді. «Қарама-қарсы» жҽне «бірдей» деген 
түсініктердің айқын кескін-келбеті болмайды ғой. Нағыз  ақиқат жағдайдағыдан 
тысқары  ауып кету мүлде оңай. 
 
Сонымен  бірге  біз  бір нҽрсені  сҿз  немесе  формула  түрінде  жаттап  алсақ, 
бұл  білімнің қандай жағдайда қажет болатындығын біле бермейміз /1/.  Тағы да 
Пиаже бойынша, біз бүлдіршіннің интеллектуалды деңгейіне үңіліп қарап, соған 
байланысты  жеке  білім  беруді  «ҿлшеп-пішуіміз»  керек  деген  пікір  бар.  Бұл 
мүмкін  бе?  Бір  сыныпта  30-ға  жуық  оқушы  білім  алады.  Интеллекетуалды 
деңгейді анықтау үшін қанша тест құрастыру керек? Мҽселен, біз сыни ойлаудың 
диагностикасы  бойынша  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  20  тапсырмадан 
тұратын,  ал  тҿменгі  сынып  оқушылары  үшін  10  тапсырмадан  тұратын  тест 
құрастырдық.  Біз  ҽр  облыстан  4  сыныпқа  жылына  бір  рет  тест  ҿткізіп  тұрдық. 
Сонда  барлығы  бір  облыстан  120  оқушыдан  болса,  республика  бойынша  1200 
қатысушы болды. Ал біз жыл сайын қаншама тестіге талдау жасауымыз   керек 
болады – кемінде 18000. Бір сыныпта 30 адам бар десек, тестілер 20 тапсырмадан 
тұрады,  ал  диагностика  үшін  бір  сыныпта  кемінде  жылына  бір  рет  тесті  ҿткізіп 
тұру  керек  қой.  Ҽрине,  бұл  бір  мұғалім  үшін  ауыр  болмақ.  Мұндағы  мҽселе: 
Пиаже  осыны  меңзеді  ме?  Бүгінгі  таңдағы  мектептерде  балалармен  қатар 
мұғалімдердің ҿздерін де деңгейлерін  анықтау кең етек алып отыр. Бірақ мұнда 
қандай  мақсат  кҿзделіп  отыр,  нҽтижелер  қаншалықты  айқын  немесе  салдары 
қандай?  
Е.Дакворт  ҿзінің  «егер  біз  ерекше  түсініктердің,  яғни  жеке  мазмұнның 
алға  жылжуына  талпынатын  болсақ,  онда  бұл  күш-жігерлердің  мағынаға  ие 
болатындығы»  жҿніндегі  пікіріне  басқа  да  Батыс    ғалымдары  қосылады  деп 
санайды.  Ал,  егер  біз  бүлдіршінде  бар  сол  түсініктердің  тереңірек  қолданылып, 
мағыналарының кеңуіне талпыныс жасасақ, онда диагностикалық тестер ҿз мҽн-
мағыналарынан  айрылады.  Баланың  сабақ  барысындағы  ҽрекеттеріне  бақылау 
жасап  отыру  бұл  жағдайға  қажетті  жалғыз  диагностика  болып  табылады.  Бұл 
түсініктің диагностикасы емес, бұл балалар айтатын түрлі идеялардың беделі мен 
олардың  қаншалықты тереңдікке  жете  алатындығын  тану  /1,  р.48/.  Басқа  сҿзбен 
айтқанда  біз  берілген  тақырыптағы  диллеманы  шешуге  тырысқаннан  гҿрі, 
баланың білімін ҽлемнің құрылу сипатына байланысты білім мен ізденіс ретінде 
ой  елегінен  ҿткізуімізге  тура  келеді.  Жақсы  білім  жағдайы  баланың  кҿзделген 
мақсатқа  қол  жеткізуіне  жоспарлар  құруына  мүмкіндік  берумен  қатар  сол 
мақсатқа жетуде ҿз жолымен жүруіне ерік беруі керек. Егер біз осындай жағдай 
жасайтын  болсақ,  онда  балалардың  арасындағы  айырмашылықтар  арнайы 
жасалған  диагностикалық  тестісіз-ақ  есепке  алынатын  болады.  Сонымен  қатар 
балалар  біздің  араласуымыссыз-ақ  кез-келген  жағдайда  ҿз  ойларын  құруға 
талпынатын  болғандықтан,  біз  олардың  келешекте  де  ҿз  түсініктеріне  зерттеу 
жасайтындықтарына  сенімді  боламыз.  Мектептегі  білім  алу  ҿмірдегі  білім 
алудың қарапайым түрлерінен күшті болмауы керек. Біз бар болғаны балалардың 
ҿз  беттерімен    кҿңіл  аудармайтын  жақтарын  аша  отырып,  олардың  ауқымын 
тереңдетіп, ҽрі кеңейтуіміз  керек /1/. 
Білім  тапсырмалары.  Біз  білім  беруде  нені  кҿздейміз?  Балалардың 
«тұжырымдамаларды»  білулерін  бе,  жоқ  ҽлде  ҿздеріне  солай  істеу  жақсы 
болғандықтан,  бұл  түсініктермен  не  істеуден  хабардар  болғандарын  ба? 
Қызығушылық  пен  ҿздеріне  деген  сенімдері  –  45  минут  аясында  ғана      дамып 
кете  салмайтын  құбылыс  болып  табылады.  «Білімге»  қарағанда  «қызығушылық 
пен  сенімділік»  оқытудың  айқын  емес  аспектісіне  жатады.  Олардың 
маңыздылығын  түсінгендер  олармен  одан  ары  не  істеу  керектігін  білмейді.  Біз 

134
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
білім  беруде  табыстарға  жетіп  жатсақ,  басқалардың  ҿздігінен-ақ  алға 
жылжитындығына  сенеміз  Е.  Дакворт  «мен  сұраққа  қалай  жауап  іздеу  керектігі 
жҿнінде  ойлана  аламын»  дегенді»  –  мойындау  білім  берудегі  негізгі  қағиданың 
бірі екендігін айтады /1, р.59/. 
 
Міне,  сондықтан  да  балалардың  сұрақтарға  тапқан  жауаптары  аса 
маңызды  емес.  «Ҿз  зерттеулері  арқылы  жауап  алуға  болатындығын  олардың 
түсінулері маңызды болып табылады» /1, р. 59/. 
«Білмеушіліктің»    артықшылықтары.  Дұрыс  жауапты  білу  ешқандай 
ізденіс  пен  тҽуекелді  немесе  сұранысты  қажет  етпейді.  Бұл  еш  ойланусыз  аяқ-
асты келеді. Мұғалімдердің кҿпшілігі тез арада айтылған дұрыс жауапты жоғары 
бағалайды.  Жауапты  білу  оны  білудің  жолынан  жоғары  тұрады.  Білмеушіліктің 
артықшылығы сол  – ол біздің білуіміз керек  нҽрсені  дҽл анықтайды. Керісінше, 
балалардың  осындай  артықшылықтарын  дамыту  керек  секілді.  Е.  Дакворттың 
ойынша,  таңдану  мен  жұмбақ,  толғаныс  пен  ҽлденеше  реткі  талпыныстар  мен 
қателер  білімнің маңызды элементтері бола отырып, дамуға алып келеді /1/. 
Кең  және  терең  білім.  Идеяны  қалай  жылдам  дамыту  керектігі  туралы 
сұраққа Пиаженің жауабы былай болды: «Мұндағы мҽселе қаншалықты жылдам 
дамытуда  емес,  қаншалықты  ұзақтығында».  Пиаже  тұрақты  қалыптасу  туралы 
қалай  ойласа  ой-ҿрісті  дамыту  жҿнінде  де  солай  ойлайды.  Керісінше,  шапшаң 
түсінікті ұстанып, процесті тереңінен жҽне кеңінен баяулату мұғалімнің ең басты 
рҿлдерінің  бірі  болып  табылады.  Ҽйтеуір  бір  жерде  бір  дұрыс  жауап  болуы 
мүмкін,  оны  тез  тауып  алатын  жағдайлар  да  болады.  Е.  Дакворттың  айтуынша 
мұғалім  жұмысының  негізі  тіпті  ең  қарапайым  жауаптың  ҿзінен  мҽселе 
туындатып,  оны  аяғына  дейін  жеткізуінде  жатыр.  «Басқа  жауаптармен  еш 
байланысы  жоқ,  қарастырылып,  аяғына  дейін  жеткізілмеген  бір  дұрыс  жауап 
біздің  тҽжірибеміздің  кішігірім  ауқымын  білдіреді  де,  ҿмірге  деген  түсінігімізді 
тереңдеп, кеңуіне жағдай жасамайды»  /1, р.78/. 
 
Біз  ҽдетте  оқушылардың  идеяларының  дамуына  шыдамсыздықпен 
қараймыз.  «Бірақ  идеялардың  жинақталуы  толғануға  алып  келеді  де,  оған  кҿп 
уақыт  керек  болады.  Егер  біз  біліміміздің  мағынасын  тереңдетіп,  кеңейткіміз 
келсе, тосырқап қалушылыққа арналған уақытты қажет етеміз. Сұрақтар қою мен 
тығырыққа  тірелу  жҽне  ізденісті  жалғастыру  білім  мен  кез-келген  дамудың 
мағынасы болып табылады» /1, р. 82/. 
Балалардың  түсініктерін  түсіну.  Шын  мҽнінде  бүлдіршіннің  нені 
түсінетіндігін  анықтап  алу  мұғалім  тапсырмасы  болып  табылады  да,  дҽл  сол 
уақытта  ҿзін-ҿзі  бағалау  мен  ҿзін-ҿзі  талдау  процестеріне  айнала  алады.  Тіпті 
егер  бала  мағынасы  бірден  айқын  болмайтын  бірнҽрсе  істесе  немесе  айтқан 
күннің  ҿзінде  оған  түсіндірме  табуға  болады.  Мұғалімдер  баланың  айтқандары 
мен    істегендеріне  мағына  беріп,  түсінуге  тырысуы  керек,  яғни  баланың  іс-
ҽрекетіне  түсінік    іздеуі  қажет»  /1/.  Дүние  жүзінің  белді  ғалымдары,  Пиаже 
ізбасарларының осылай істеуге қалай тырысып баққандарына бірнеше мысалдар 
келтіруге болады. Жаңа Зеландиядағы Мери Кей ҿз идеясын алға тартып, «ақтап 
шығаратын оқу» деп аталатын ҽдістемесін шығарды. Ал АҚШ-тағы Кен Гудман 
балалар оқитын мҽтіндегі «Тосын ҽрекетті талдауын» шығарды. Йетта Гудман ҿз 
тобындағы балалардың қалай жазатындығы жҿніндегі зерттеуін суреттеді. Біздің 
практиктеріміз  бен  ғалымдарымызға  түсініксіз  болатын  тағы  басқа  да  мысалдар 
бар. Біздің оймызша олар ғылым да, теория да емес. Бірақ Пиаже идеяларын ой 
елегіңізден  ҿткізіп,  бұлардың  мұғалім  жұмысына  ауадай  қажет  екендігімен 
келісіңіздер.  «Кҿрмесек»,  қалай  тиімді  түрде  оқуға  болады,  оқушының 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         135 
 
жазғандарға  қалай  мағына  береді,  ол  жазып  жатқанда  сҿз  бен  тіркеске  қажетті 
ізденіс процесі қалай жүреді? 
Клиникалық  интервью.  Пиаже  бойынша  клиникалық  интервьюдің  негізі 
интеллектуалды  мҽселелерді  іріктеп  алып,  басқаларды  қызықтыру  үшін  оларды 
қалай  баяндау  керектігінде  жатыр.  Талқылынатын  мҽселені  балалардың  қалай 
түсініп, кҿз алдарына елестетіндіктерін анықтай келіп мұғалім оқушының дұрыс 
жауапқа келгендігіне кҿзін жеткізу керек деген сезімнен босайды. Оның орнына 
ол  баланың  қалай  ойлайтындығын  анықтауына  болады.  Сұрақтар  қою  арқылы 
бақылаушы баланы одан ары ойлануға итермелейді. Е. Дакворт осыған арналған 
тҿмендегі  сұрақтарды  ұсынады:  Сенің  не  айтқың  келіп  тұр?  Сен  мұны  қалай 
жасадың?  Сен  неге  олай  айтып  отырсың?  Бұл  оның  жаңа  ғана  айтқандарымен 
қалай  байланысады?  Мен  мұныңды  шынымен  түсіне  алмай  отырмын,  басқалай 
түсіндіре алмас па екенсің? Мысалдар келтіре аласың ба? Сен бұны қалай санап 
шығардың?  Ҽрине,  бұл  сұрақтар  баланың  қалай  ойлайтындығын  білуге 
кҿмектеседі, сонымен қатар оның мүмкіндіктерін кеңейтуге кҿмектеседі. Енді бұл 
бір  оқытушысы  мен  30  оқушысы  бар  сынып  емес,  мұндағылардың  барлығы  – 
оқушылар  /1, р. 97/. 
Барлығының  үйлеріне  қауіпсіз  болып  кететіндігіне  сенімді  болу.  Тек 
оқытуда  ғана  емес,  бүкіл  қоғамда  басқалардың  қауіпсіздігіне  ҿзіңдікі  тҽрізді   
қарау маңызды болып табылады. Бұған қол жеткізуге бола ма? «Мен басқаларға 
да ҿзіме секілді қарауға, ҿзім ҿмір сүру үшін қандай ортаны қаласам, айналадағы 
ортаның да сондай болуына жауапкершілікте болуым керек деген қағидамен ҿмір 
кешу  –  қиын  тапсырма»,  деп  есептейді  Е.  Дакворт  /1,  р.113/.  Оған  сынып 
сағатындағы  талқылаулар  мен  пікір-сайыстар  немесе  барлық  мұғалімдерді 
диагностикалық сынақтардан ҿткізу арқылы ғана қол жеткізу мүмкін емес. Пиаже 
бойынша  қарапайым  түсінік  жолымен  тіпті,  кҿрсету  арқылы  адамдардың  ойлап 
немесе сезінетіндерін ҿзгерту ҿте қиын. Бұл тақырып оның бүкіл еңбегінен ҿтеді. 
«Басқаның  ойлары  мен  сезімдерін  қозғалысқа  енгізу  оларды  басқа  ойлар  мен 
сезімдермен  ауыстырып,  жаттықтыру  арқылы  іске  аспайды.  Одан  гҿрі  бұл 
басқаның  ойы  мен  сезімін  түсінуге  талпынып,  одан  бас  тартқандық  болып 
табылады. Бұл басқа біреудің түрлі саладағы ойларын түрлі формада  айтуларына 
мүмкіндік  беріп,  олардың  ҿз  араларында  қай  жерде  қақтығысқа  келетіндіктерін 
кҿру дегенді білдіреді. Одан гҿрі бұл құбылыстарды қабылдаудың бір қарапайым 
мүмкіндігін  құбылыстарды  қабылдаудың  басқа  қарапайым  мүмкіндігімен  
алмастыру  емес  қиындықты  тануды  білдіреді,  яғни  сол қиындықты танып  оның 
қайда апаратындығын кҿру» /1, р. 116/. 
 
Пиаженің  тұжырымдамалары  тұрғысынан  алғанда  кҽсіби  даму  деген  не?   
Мұғалімдердің ҿз түсініктеріндегі қиындықтарды тануда оларға кҿмектесу керек 
пе, олардың ҿз түсініктерінің ерекшеліктерін мойындауларына  жҽрдемдесу керек 
пе  жҽне  олардың  ҿзіндік  түсініктерінің  құнды  екендігіне  кҿздерін  жеткізуге 
кҿмектесу керек пе? /E. Duckworth, 1996/. Жоба бойынша ҿтетін семинарларымыз 
бен  ҚазОА-дағы  жасайтын  қызметтеріміз  барысында  біз  мұғалімдердің  ҿзіндік 
түсініктерін  бағалаймыз,  сонда  олар  да  ҿз  ҽріптестерінің  түсініктеріне  
байсалдылықпен  қарай  бастайды.  Міне,  сондықтан  ғана  біз  олардың  оқытып 
жатқан балалардың ойлары мен сезімдерін дұрыс қабылдайтындықтарына сенімді 
бола  аламыз.  Кҽсіби  дамудағы  басты  нҽрсе  не  болып  табылады,  біз,  курстарды 
ұйымдастырушылар 
 
неге 
қол 
жеткізуге 
тырысамыз 
жҽне 
біздің 
қатысушыларымыз неден үміттенеді?  
Е.Дакворт  курстарды  ұйымдастыру  кезінде  біздің  жҽне  басқалардың  неге 
талпыныс  жасайтындығымызды  ойластырып  алу  дұрыс  болады  деп  есептейді. 

136
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
Біріншіден,  балалардың  ойлары  мен  сезімдерінің  қалай  дамып  жатқандығын 
түсініп, процестің басын ашып алу алу дұрыс болмақшы. Екіншіден, мұғалімдер 
балалардың  ойлары  мен  сезімдерін  қабылдап,  құрметтеуге  үйренулері  керек. 
Үшіншіден,  балалар  мен  ересектерге  ненің  оңайға  түсетіндігін  түсініп, 
құбылыстарды 
қарапайым 
қабылдау, 
бірақ 
адамдарға 
ҿз 
ойындағы 
қақтығыстарды  сыртқа  шығаруға  тырыса  отырып,  үлкен  қиындықты  кҿруге 
кҿмектесу.  Тҿртіншіден,  осы  тапсырманың  қиындығына  қарамастан  жеңіліп 
қалушының  болмауы  үшін  –  барлығының  үйлеріне  қауіпсіздікпен  кетулері 
мақсатымен  қолдан  келгеннің  бҽрін  жасау.  Иҽ,  баланың  сезімін  дамыту 
мұғалімдер үшін қиын жұмыс, ал бұл қиын жұмыс қалаулы, ҽрі іске асарлықтай. 
/1, р.120/. Бірақ сыныптағы балалармен қалай жұмыс жасау керек деген сұрақтың 
қарапайым  жауабы  жоқ  қой.  «Бұл    ҿзіңді  ойы  мен  сезімі  бар  адам  ретінде 
қатыстырып,  балаларды  да  ойлары  мен  сезімдері  бар  адамдар  ретінде 
қабылдайтын  нағыз  жағдай.  Бұл  адамдардың  басқалар  қауіпсіздігін    дҽл 
ҿзінікіндей  уайымдайтын  ҿмірді  осылай  кҿруді  дамытудың  алғашқы  бҿлімі 
болатын  ойлар мен сезімдерді табу үшін талмай еңбек ететін жағдай» /1, р.121/. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Duckworth,  E.1996.  «The  Having  of  Wonderful  Ideas»  and  Other  Essays  on 
Teaching and Learning. New York & London: Teachers College Press. 
2.
 
Пиаже  Ж.  Речь  и  мышление  ребенка.  Психология:  классические  труды.  М.: 
Педагогика-Пресс, 1994. 
3.
 
Пиаже  Ж.  Суждение  и  рассуждение  ребенка.  Психология  ребенка.  Санкт-
Петербург: Союз, 1997. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Жан  Пиаженің  «Білмеушіліктің»    артықшылықтары,  «Кең  жҽне 
терең  білім»,  «Клиникалық  интервью»  идеяларын  оның  шҽкірті,  американдық 
ғалым Элеонора Дакворттың  зерттеуі негізінде  қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  основные  положения  Жана  Пиаже  с  точки 
зрения  современного  американского  ученого  ученика  Жана  Пиаже  -  Элеоноры 
Дакворт.  Такие  идеи  Ж.  Пиаже,  как  «преимущество  незнания»,  «образование 
вширь и вглубь», «клиническое интервью», «быть уверенным в том, что каждый 
уходит  домой  защищенным»  рассматриваются    по  отношению  практического 
применения учителями в аудитории. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет