Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ  МЕН  ОҚУШЫ  
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ  БАСТАУЛАРЫ 
 
Ҽмірова  Ҽ.С. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
 
 
Мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  ынтымақтастық  пен  гуманистік 
қарым-қатынас  олардың  ҿзара  шығармашылық  іс-ҽрекетінде  іске  асады. 
Ынтымақтастық  идеясы  біріккен  ізденісті  ынталандырады,  бір  жағынан 
оқушының  қиындылықтарды  жеңудегі  ҿз  күшіне  деген  терең  сенімділігін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         15 
 
тұрақтандырса,  екінші  жағынан  мұғалімнің  ҿз  оқушыларының  рухани  күшіне 
деген сенімін кҿрсетеді. 
 
Мұғалім  мен  оқушылардың  іс-ҽрекетіндегі  шығармашылықтың  бастауы 
оқытудың  ішкі  мүмкіндіктерін  ашады,  мектептегі  бүкіл  оқу-тҽрбие  үрдісін  жаңа 
деңгейге кҿтеріп, педагогикалық идеялар мен технологияларды жаңартады. 
 
“Шығармашылық”  сҿзі  жалпыға  мҽлім  іздеу,  табу,  бұрынғы  жеке  жҽне 
қоғамдық тҽжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сҽйкес, 
оқушылардың  танымдық  шығармашылық  іс-ҽрекеті  де  дербес  ізденіс  жҽне 
жаңаны  жасау  немесе  құрастыру  (оқушының  жеке  тҽжірибесінің  негізінде  оған 
жаңа, белгісіз білім немесе ҽдіс, бірақ қоғамдық тҽжірибеде ол бұрыннан белгілі). 
Яғни,  оқушының  танымдық  іс-ҽрекетіндегі  шығармашылықтың  негізгі 
ҿлшемдері:  дербестік  (толық  немесе  жартылай);  ізденіс  жҽне  мақсатқа  жетуде 
мүмкін  варианттарды  таңдау  (толық  немесе  жартылай  кҿлемде);  мақсатқа  жету 
үрдісінде жаңа ҿнімді жасау (толық немесе жартылай түрде). 
Дербестіктің,  ізденістің,  жаңаны  жасаудың  дҽрежесін  шығармашылықтың 
тҿмен,  орташа,  жоғары  деңгейлері  анықтайды.  Шығармашылық  іс-ҽрекет  іздеу 
мақсатын  түсінбесе,  бұрын  меңгерілген  білімді  белсенді  түрде  жаңғыртпаса, 
дайын  білім  кҿздерінен  ҿзіне  қажеттіні  ала  алмаса,  дербес  ізденбесе  нҽтижеге 
жетуі  мүмкін  емес.  Кез-келген  шығармашылық  іс-ҽрекеттің  негізінде  болжам, 
мүмкін  нҽтижені  алдын  ала  кҿру  жатыр.  Сондықтан,  оқушылардың  теориялық 
материалды  шығармашылық  деңгейде  меңгеруі,  оған  болжам  жасауды  қажет 
етеді.  Мұндай  болжамның  қарапайым  түрі  сҿзжұмбақтағы  сҿздерді  іздестіріп 
табу, бұл ізденістер бұрынғы меңгерілген білімге негізделеді. 
Жаңа білімді меңгерудегі ақпаратты болжау, оны алдын ала білу екі циклға 
бҿлінді.  Бірінші  циклдың  мҽні  мида  ақпараттың  пайда  болуы,  екінші  циклдың 
мҽні  ақпаратты  ауызша  не  жазбаша  жеткізу.  Сҿзжұмбақты  оқушы  меңгерген 
білімін  есіне  түсіру,  жаңғырту  арқылы  шешеді,  сондықтан  болжам  еске  түсіре 
алушылықтың негізінде ғана мүмкін. 
Қазіргі  кезде  зерттеу  ҽдісі,  проблемалық  тапсырмалар,  проблемалық 
ситуациялар жҽне де тұтастай проблемалық оқыту белсенді үгіттеліп оқу үрдісіне 
енгізіліп отыр. Проблемалық оқытуды іске асыру мақсатында жаңа ҽдістемелерді 
қарастыру  қажет.  Сондай  ҽдістемелердің  бірі  оқушылардың  теориялық 
материалды игеруін еске түсіру мен болжамды қиюластыру негізінде құру. 
Оқушылардың  танымдық  іс-ҽрекеті  күрделі  де  ауқымды  құбылыс.  Оның 
құрамында іс-ҽрекеттің мақсаты мен міндеті, мазмұны, деңгейлері, тҽсілдері мен 
амалдары,  нҽтижелері  енеді.  Оқушының  танымдық  іс-ҽрекетін  жемісті  басқару 
үшін мұғалім болжамның басты міндеттерін ҿзі жақсы білуі қажет. 
Оқушы  ақпараттарды  есіне  түсіргенде  оның  алдында  мынадай  міндеттер 
тұрады:  а)  тану,  ақпаратты  түсіну,  ой  елегінен  ҿткізу;  ҽ)  жүйелеу,  маңыздыны, 
бастыны  таңдап  алып,  оны  есте  сақтау;  б)  алған  білімін  есіне  түсіріп,  оны 
практика  жүзінде қолдану. 
Оқушылардың  танымдық  іс-ҽрекетін  дамытудың  педагогикалық  болжамы 
есіне  алу  деңгейінен  есіне  алу  –  шығармашылыққа,  есіне  түсіру  – 
шығармашылықтан, шығармашылық деңгейге ҿтуді дҽл есепке алуы керек. 
Теориялық  материалды  шығармашылық  деңгейде  игеру  үрдісінің  ҽрбір 
болжамдық  кезеңінде  оқушылар  сҽйкес  операцияларды  орындай  алуы  керек. 
Алғашқы  болжамдық  кезеңде  кҿру,  ұстап  кҿру  операциялары,  ойлау 
операциялары  (салыстыру,  талдау,  жинақтау)  жҽне  пҽндік.  Екінші  болжамдық 
кезеңде  білімді  ауызша  жеткізу  іске  асады,  сол  себепті  негізінен  сҿздік  – 

16
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
логикалық  операциялар  орындалады.  Бұл  операциялар  бір-бірімен  тығыз 
байланыста болғандықтан олар бірін-бірі толықтырып отырады. 
Психология  ғылымы  бойынша  адамның  танымдық  іс-ҽрекетінде  ҿндірген 
білімді ауызша жеткізу кезеңі маңызды роль атқарады. Бақылаулар кҿрсеткендей 
барлық  жоғары  психикалық  үрдістер  осы  кезеңде  толық  жҽне  терең  дамиды. 
Мысалы,  ғалымдарды  бақыласақ,  жазған  кезде  олар  сыртқы  дүниеден  ҿздерін 
бҿлектеп  осы  үрдіске  тереңінен  енеді,  ой  қойнауынан  жаңа  мҽліметтерді 
шығарады. 
Б.И.Коротяев  шығармашылық  іс-ҽрекеттің  ара  қатынасының  басты 
заңдылықтарын негіздеді: 
1) еске түсіру мен шығармашылық таным тұтастықтың екі дербес буыны, 
еске түсіру дайындық буыны болса, ал шығармашылық негізгі буын. 
2)  бұл  екі  таным  тұтастық  арақатынасқа  тҽн  элементтері  бар,  бірінші 
буында  шығармашылық  элемент  болса,  екінші  буында  еске  түсіру  элементі 
болады. 
3)  бұл  екі  танымдық  іс  -  ҽрекет  арасындағы  шекара  шартты,  екі  таным 
ҿзара кірігіп жатады /1/. 
Мектеп  ҿмірінде  шығармашылықты  үздіксіз  білім  беруді  іске  асыруда 
оқушылардың  негізгі  іс-ҽрекеттерінің  (оқу-танымдық,  қоғамдық  пайдалы,  еңбек, 
эстетикалық  жҽне  спорттық)  тиімді  арақатынасын  орнықтыру  ҿте  маңызды.  Ол 
қазіргі  қоғамның  ҽлеуметтік  сұраныстарына,  мектеп  бітірушілер  жан-жақты 
даярлығының деңгейіне қойылатын жоғары талаптармен айқындалды.  
Егер  оқу  жоспары  бойынша  оқушылардың  негізгі  іс-ҽрекеттерінің 
байланысын сағатпен ҿлшеп кҿрсек, шартты түрде мынадай арақатынасты кҿруге 
болады: оқу-танымдық іс-ҽрекет басым, ол 80% құрайды, ал қалған 20% басқа іс-
ҽрекеттерге біркелкі бҿлінбейді.  
Бұдан кҿріп отырғанымыздай, оқу-танымдық іс-ҽрекетке бҿлінген уақытты 
азайтып,  басқа  іс-ҽрекеттердің  сағатын  кҿбейтуге  болады.  Мектеп  ҿміріне: 
тҽрбиелеу  мен  оқытудың  формалары  мен  ҽдістеріне,  басқару  мен  ҿзін-ҿзі 
басқаруға,  күн  режиміне,  ҿзара  қарым-қатынасқа  рухани  шығармашылық 
бастауларын енгізу бүгінгі күннің талабы.  
Бірақ  негізгі  іс-ҽрекеттердің  тиімді  арақатынасын  ешкім  анықтаған  жоқ, 
бұл  сұраққа  жауапты  ұзаққа  созылған  ғылыми-педагогикалық  қалыптастыру 
эксперименті  ғана  бере  алады  деп  есептейміз.  Тиімді  варианттардың  теориялық 
моделін  Н.Н.Скаткин,  Э.Г.Костяшкин,  Б.С.Гершунскийдің  жҽне  олардың 
шҽкірттерінің еңбектерінен кҿруге болады. 
Оқушылардың негізгі іс-ҽрекеттері мына циклдар арқылы іске асуы қажет: 
ғылым  негіздері  жҽне  оқу-танымдық  іс-ҽрекеттер;  моральдік  негіздер  жҽне 
адамгершілік  қарым-қатынас;  мінез-құлық  тҽжірибелері;  эстетикалық  негіздер 
жҽне  эстетикалық  іс-ҽрекет  тҽжірибелері,  оның  қолданбалы  түрлері  мен 
жанрлары;  еңбек  негіздері  жҽне  қоғамдық  пайдалы  іс-ҽрекет  тҽжірибелері; 
физкультура  жҽне  спорт  негіздері,  спорттық  іс-ҽрекет  тҽжірибелері.  Ҽрине,  бұл 
үрдіс күрделі жҽне ұзаққа созылады, бірізділікті талап етеді. Сондықтан циклмен 
оқытуды  біртіндеп  енгізу  керек,  ҽуелі  1-сыныпқа,  оқушылар  жинақтаған 
тҽжірибенің  негізінде  эксперименттік  вариантты  2-сыныпқа  қоюға  болады; 
осындай бірізділік жоғары сыныптарда да сақталуы қажет. 
Жаңашыл 
педагог 
Ш.Амонашвили 
оқушыларды 
тек 
біліммен 
қаруландырып  қана  қоймай,  олардың  дүниетанымын,  моральдік  қасиеттерін 
тҽрбиелеу  керек  жҽне  оқушыларға  мектепке  келген  күннен  бастап  ҿмір 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         17 
 
тҽжірибесін  үйретіп,  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырып,  оларды  еңбекке 
баулу қажет, - деп есептеді  /2/. 
Шығармашылық  рухты  мектеп  ҿміріне  енгізу  мұғалімнің  кҽсіптік 
даярлығына,  азаматтылығына,  шығармашылығына  байланысты.  Олай  болса, 
осындай мұғалімді даярлау бүгінде педагогикалық оқу орындарының үлесінде. 
Болашақ  мұғалімді  кҽсіби  жҽне  жалпы  білімдік  даярлаудың  ҿзіндік 
аспектісін  қамтиды.  Соның  бірі  –  психологиялық-педагогикалық  пҽндерді  оқу 
жүйесінде  студенттердің  психологиялық-педагогикалық  білім,  білік  жҽне 
дағдылардың  арнайы  жиынтығын  меңгеруі  жҽне  барлық  оқу  жылдарында 
педагогикалық  практиканы  ұйымдастыру  болып  табылады.  Бұл  бағытты  кҽсіби 
мамандар  педагогика,  жеке  ҽдістемелер  жҽне  психология  кафедралары  іске 
асырады. 
Зерттеуші  ғалым В.В.Шахгулари жоғары оқу  орнында мұғалім даярлауды 
қайта құрып жетілдірудің тҿмендегідей стратегиялық бағыттарын кҿрсеткен: 
-
 
қайта  құрудың  жалпы  мақсатына  сҽйкес  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларды  қайта  жасаудың  негізінде  студенттердің  оқу,  кҽсіби, 
қоғамдық іс-ҽрекеттердің күн тҽртібі мен тынысын, ырғағын ҿзгерту;  
-
 
студенттердің,  оқытушылардың,  барлық  бҿлімшелер  жетекшілерінің 
кҽсіби  жҽне  қызметтік  құқығын,  дербестігін,  жауапкершілігін  кеңейту; 
ұжымда шығармашылық ахуал тудыру; осының негізінде жаңа дҽстүрлер, 
жаңа ұрпақ қалыптастыру; 
-
 
деканаттар,  кафедралар,  оқытушылар  мен  студенттердің  кҽсіби 
функцияларын қайта бағдарлау; қағаз бастылықты жою;  
-
 
студенттер  жҽне  оқытушылар  ұжымының  іс-ҽрекеттерінің  құндылық 
бағыттары  мен  ҿлшемдерін  ҿзгерту;  алдыңғы  қатарға  идеялық-
адамгершілік  жҽне  кҽсіби  құндылықтарды,  іске  деген  шығармашылық 
қарым-қатынасты шығару. 
Сондай-ақ,  автор  оқытушылардың  студенттермен  жұмыс  жүргізудегі  іс-
ҽрекеттерінің  соңғы  нҽтижелерін  анықтайтын  негізгі  ҿлшемдері  мен  құндылық 
(тұспалдар) бағыттарын ұсынады: 
1.
 
Идеялық-адамгершілік мүмкіндіктердің қалыптасу деңгейі;  
  
ол  адамгершілік  сынау  нҽтижелері  бойынша  анықталады,  оның  мазмұны, 
күрделілік, дҽрежесі қайта құру барысында жасалады, дамытылады; 
2.
 
Интеллектуалдық мүмкіндіктердің қалыптасу деңгейі;  
 
ол  бақылау  тапсырмалары  мен  шығармашылық  есептерді  орындау 
нҽтижелері бойынша жалпы анықталады, оның мазмұны мен кҿлемі қайта 
құру барысында жасалынып дамытылады; 
3.
 
Кҽсіби мүмкіндіктердің қалыптасу деңгейі;  
 
ол  арнайы  кҽсіби  тапсырмаларды  орындау  нҽтижелері  бойынша 
анықталады, мазмұны күрделілік дҽрежесімен, кҿлемі жеке дамытылады. 
4.
 
Студенттердің  денсаулығы  (1  курстағы  деректермен  бітірушілердің 
денсаулық жағдайларын салыстыру)  /3/. 
Барлық  тапсырмалардың  орындау  нҽтижелері  студенттердің  кҽсіби  іс-
ҽрекетке  даярлығының  дҽрежесі  мен  деңгейін  анықтайтын  негізгі  ҿлшемдері 
болып  табылады.  Тапсырмалар  мазмұны  факультеттің  профилін  ескере 
жасалынады. 
Қайта  құрудың  ортасында  студенттің  жеке  тұлғасы  болады,  талаптардың 
жалпы  жүйесінде  мынадай  логика  орнығады:  ҽр  студент  кепілді  ең  аз  тҿменгі 
деңгейден,  жеке  дара  мүмкіндіктің  жоғары  деңгейіне  дейін  кҿтеріледі.  Міне, 

18
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
осындай  даярлықтан  ҿткен  студент  яғни  болашақ  мұғалімдер  оқушылардың 
шығармашылық іс-ҽрекетін қалыптастыра алады деп санаймыз. 
Мұғалім мен оқушылардың біріккен шығармашылығының аймағы шексіз: 
қалыптасқан  ҿмір  салты  жҽне  қоршаған  жағдайлардың  ҿзгеруі,  қайта  құру, 
кҿркемдік  құндылықтарды  жасау,  ҿнертапқыштық  пен  құрастыру  іс-ҽрекеті, 
оқушының  танымдық  іс-ҽрекеті  жҽне  мұғалімнің  білім  берушілік  іс-ҽрекеті. 
Соңғы  аймақ  ерекше,  себебі  ол  мұғалімнің  де,  оқушының  да  уақытының  кҿбін 
алады.  Мұнда  шығармашылықтың  ауқымы  да  ҿте  кең,  есеп  шығарудан  бастап 
оқушылардың  ҿздерінің  шығарма  жазуына  (материалдарды  құрастыру)  дейін; 
жеке  дара  шығармашылықтан  ұжымдыққа  дейін  жҽне  керісінше,  оқытудың 
мазмұнын,  ҽдістерін,  формаларын  ҿзгертуден  құндылық  бағдарлардың, 
ҿлшемдерінің ҿзгеруіне дейін кҿтеріледі. Қайта құрудың мҽні осында. 
Бұл  тұрғыда  В.Ф.Шаталовтың  шҽкірті  В.М.Шейманның  тҽжірибесін  атап 
ҿтуге  болады.  В.М.Шейманды  қайталау  мүмкін  емес,  сол  сияқты  ол  ҿз-ҿзін  де 
қайталамайды,  себебі  ол  ҽрдайым  ізденіс  үстінде:  ҿзін  жҿндейді,  толықтырады, 
қайта құрады, ойлап табады: 
-
 
мұғалімнің ҽр сабақта оқушыларды дүниені бҿлшектемей тұтас қабылдауға 
үйретуі, баулуға тырысуы; 
-
 
   мұғалімнің  мақсаттық  ұстанымдарының  тұрақтылығы  мен  негізділігін 
сҽйкестендіру, оны іске асыруда түрлендіріп отыру; 
-
 
теорияны  меңгеруде,  есеп  шығаруда  оқушыларды  мақсатты  жҽне  жүйелі 
түрде гностикалық аппаратта үйрету (есеп шығару технологиясы); 
-
 
оқушылардың ҿмірлік тҽжірибесіне сүйену, ынталандыру. 
Біз  шығармашылық  рухы  жоғары  осындай  мұғалімдердің  іс-тҽжірибесін 
қолдай  отырып,  ҿз  тҽжірибесінде  шығармашылықтың  қиындығы  мен  қуанышын 
басынан кешірген, шаршамай-талмай ізденетін жҽне ҿз оқушыларын осы ізденіске 
жұмылдыра алатын рухани бай мұғалім дайындау қажет деп санаймыз. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Коротяев. Б.И.  Учение – процесс творческий. -М., 1989г. 141-143с. 
2.
 
Амонашвили. Ш.А  Школа жизни. А., 2002. 47- 49с. 
3.
 
Шахгулари.  В.В.  Подготовка  будущих  учителей  творческой  дейятельности  в 
школе. -А., 2002. 292с.  
   
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  мұғалім  мен  оқушылардың  іс-ҽрекетіндегі  шығармашылық 
бастаулар  сҿз  болады.  Тұлға  дамуында  шығармашылық  ерекше  роль  атқарады. 
Біздің  пікірімізше  мұғалімнің  оқушымен  бірлескен  іс-ҽрекеті  ғана  ҽр  бір 
оқушының шығармашылығын дамыта алады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  творческого  начала  учителя  и 
учащихся.  Огромную  роль  в  развитии  личности  играет  творчество.  По  мнению 
автора  только  совместная  деятельность  ученика  и  учителя  дает  возможность 
развитию творческого начала. 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         19 
 
КІШІ   МЕКТЕП   ОҚУШЫЛАРЫН  ЕҢБЕККЕ  БАУЛУДЫҢ  
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  АЛҒЫ  ШАРТТАРЫ 
 
Асилбаева Ф.Б. (Алматы қ , ҚазМемҚызПИ) 
 
      Білім  беру  мен  тҽрбиелеу  жүйесінде  болып  жатқан  саяси  ҿзгерістер  баланың 
жеке  басын  дамыту,  оны  ізгілікке  баулып,  кҿркемдік  шығармашылығын 
қалыптастыру, бҽсекелестік қабілетін арттыруды талап етуде. Жас ұрпаққа тҽрбие 
беру ісін жаңа деңгейге кҿтеріп, шығармашылық іскерлігін дамыту, еңбекке баулу 
міндеті бүгінгі күннің кезек күттірмес мҽселесі болып отыр. 
      Еңбек  -  ҽрбір  жеке  адамның  ҿмірі  үшін  қажетті  материалдық  рухани 
құндылықтарды  жасауға  бағытталған  адам  қызметі  [/1/,  175].  Бүгінгі  таңда 
жастарға  осы  қызметтерді  іске  асыра  алатын  ҽлемдік  ғылым  мен  прогресс 
деңгейіне  сҽйкес  білім  беру  мен  бҽсекеге  қабілетті,  шығармашыл,  жан-жақты 
тұлға  тҽрбиелеу  біздің  міндетіміз.  Ҽрбір  адам  еңбек  арқылы  ҿз  орнын  тауып 
ҿмірде не нҽрсеге қабілетті  екенін сезініп түсіне білуі тиіс. Ҿз қолымен жасаған 
нҽрсесі  үшін  мақтаныш  сезіміне  ие  болғанда  ғана  жан-жақты  дамуға  жол 
ашылады. 
      Кҿптеген ғалымдар тіршілікке қажетті нҽрселерді ҿндіру мақсатымен адамның 
табиғатқа  ҽсер  етуі  деп  түсіндіреді.  Ҿткенге  кҿз  салсақ,  қай  ғасырда  да  ұлы 
ойшылдар, педагогтар баланы еңбекке тҽрбиелеу, кҿркемдікке баулу мҽселелеріне 
кҿп кҿңіл бҿлген. 
      Ҽбу    Насыр  ҽл-Фараби  еңбек  тҽрбиесінің  ғылыми  теориясын  жасады.  Оның 
пікірінше: еңбек – ҿмір сүрудің негізі, адамзат тіршілігінің мҽңгілік табиғи шарты 
болып  табылады.  Оқушыларға  саналы  тҽртіп    пен  сапалы  тҽрбие  беру  –  оларды 
қоғамдық  пайдалы  еңбекке  баулу  деген  сҿз  жҽне  еркін  еңбектің  адамның  жан-
жақты  дамуы  үшін  маңызы  зор  екендігін  атап  кҿрсетті.  ҽл-Фараби 
тағылымдарына  сүйене  отырып,  ҽбу–али  Ибн  Сина  ақыл  мен  ойдың  құдіретті 
күші  еңбек  тҽрбиесінің  жемісі  деп  білді.  «Еңбегі  бардың  ҿнбегі  бар»  деген 
қағиданы келер ұрпаққа тағылым етіп қалдырды [/2/, 56].   
     Ҽзербайжан ақыны ҽрі ойшылы Низамидің шығармаларында дене еңбегі, оның 
ішінде  еңбек  тҽрбиесі  адамнан  ажырамайтын,  адамның  күнделікті  тіршілігінің 
негізгі борышы делінеді. Бүгінгі педагогикалық еңбек тҽрбиесі туралы ой-жүйесі 
бостандықты,  ҽйел  теңдігі,  жеке  адманың  кҽсіптік  шеберлігі,  қолҿнерге  деген 
қабілеттілігі,  ауылшаруашылық  еңбегінің  салалары  ҽр  түрлі  мамандықты 
меңгерудің қажеттілігі жатыр делінген [/2/, 106]. 
       ХVІІІ  ғасырда  ҿмір  сүрген  түрікменнің  классик  жазушысы  Мақтымқұлы: 
«Оқу мен білім – еңбекпен келетін дүние, ҿнермен ҿрнектелген халық даналығы 
да сол еңбектің нҽтижесі»,  -деп еңбектің адам ҿміріндегі  мҽнін ашып  айтты [/2/, 
155]. Қазақ халқының біртуар ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің бала 
тҽрбиесі жайындағы құнды пікірлері ҽлі күнге дейін ҿз мҽнін жойған жоқ. 
       Орта  ғасырдағы  қазақтың  ғұлама  ғалымы  Қадырғали  Жалайри  кҿшпенді 
халықтың  мал  шарушылығымен  бірге  отырықшылықпен  айналысып,  егін  егіп, 
астық ҿсіріп жер кҽсібімен айналысуын уағыздады. Жалайри ҿз шығармаларында 
жастарды адал, таза еңбек етіп, білім алуға шақырады. 
         Дулат  Бабатайұлы  (1802-1874),  адамды  негізінен  тындырған  ісіне  қарай 
бағалау керек деген. Сондай-ақ жалпы жұрттың мүддесі үшін еңбек еткен дұрыс 
жҽне  ҿмірлік  мақсаты  –  ақыл,  парасатқа  негізделсе  ғана  оның  ұлылығы,  еңбегі 
танылады,-деп  жас  ұрпақты  тұрмыс  тіршілігіне  ерте  араласып,  еңбекке 
дағдылануға шақырады. 

20
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
       Тұңғыш  зерттеуші-ғалым  Ш.Уалихановтың  рухани  мұрасы  педагогикалық 
пайымдауларға  мейілінше  бай.  Қазақ  ұлтының  ҿзіндік  қасиеттері,  олардың 
тұрмыс-салтына,  мҽдениетіне,  орналасу  жағдайына  қатысты  ерекшеліктерден 
туындайды.  Ғалымның  пікірінше  білім,  баланы  ҽртүрлі  кҽсіпке  баулиды.  Адал 
еңбек жолына түскенде ғана адам барымта секілді індеттерден айығады. 
       Қазақ  жерінде  тұңғыш  рет  мектеп  ашқан  ағартушы-педагог  Ы.Алтынсарин 
шығармаларынан  еңбек  тақырыбы  негізгі  орынды  алатыны  белгілі.  Ұлы  педагог 
дене мен еңбек тҽрбиесінің адамгершілік тҽрбиесінің аса күрделі мҽселесі ретінде 
қарап, еңбек тҽрбиесіне байланысты ойларын терең айқын кҿрсетіп берді. Баланы 
жас  кезінен  еңбекке  араластыру,  қолҿнер  үйрету  оның  басты  мақсаты  болды. 
Алтынсариннің ҽрбір шығармасы балаларды адал болуға, еріншектік, жалқаулық 
сияқты  ҽдеттерден  сақтанып,  еңбек  етуге  дағдылануға,  еңбек  сүйгіштікке 
баулиды.  
        Кемеңгер  ақын  А.Құнанбаев  қазақ  баласының  болашағы  жарқын,  сауатты, 
белгілі  бір  талаппен  айналысатын,  адал,  еңбекқор  болуын  кҿкседі.  Еңбек-  оның 
пікірінше,  адамның  таным  қабілетін  дамытады.  Еңбек  естігенді  санада  сақтауға 
кҿмектеседі.  Еңбек  үрдісінде  адам  ҿз  білімін  ретке  келтіреді,  керекті  білімді 
керексізден  іріктеп  алып,  ақыл-ойын  арттыра  түсіреді.  Тіршіліктің  табысты 
болуының  қажетті  шарты  –  еңбек  лҽззаты,  оның  сұлулығы  ҿз  еңбегінің  рақатын 
кҿре  білу  кісіліктің  басты  белгісі.  Абайдың    ҿлеңдері,  ғақлияларының  тҽлім-
тҽрбиелік маңызы зор. Онда балаларды оқу оқып, еңбектеніп мал тап, талап қыл, 
халқыңа  пайда  келтір,  құр  жатпа  дей  отырып,  еріншек,  ҿтірікші,  мақтаншақ 
сияқты  қасиеттерден  бойын  аулақ  ұстауға  шақырады.  Осы  ойын  оның  отыз 
жетінші  қарасҿзінен байқауға болады:  «Ҿзің  үшін еңбек қылсаң ҿз үшін оттаған 
хайуанның  бірі  боласың,  адамшылықтың  парызы  үшін  еңбек  етсең  алланың 
сүйген құлының бірі боласың»,- деп тұжырымдайды. 
      Ш.Құдайбердиевтің  философиялық  тұжырымында  адамның  жақсы  ҿмірінің 
негізі  –  адал  еңбек,  нұрлы  ақыл,  ыстық  жүрек  болуы  керек.  Осы  үш  қасиет 
барлығына  басшы  болуға  тиіс,-  деп  адам  ҿмірінде  адал  еңбекті  алдыңғы  орынға 
қояды [/3/, 36]. 
       Философияда  адамның  қалыптасу  жағдайын  анықтайтын  оның  еңбегі  ҽуел 
бастан  ұжымдық  ҽлеуметтік  тұрғыда  кҿрінетін  еңбек  қызметі.  Тек  еңбек 
белсенділігінің  артуы  адам  құрылымының  табиғи  биологиялық  ҿзгеруіне 
айтарлықтай ықпал етеді делінген [/3/, 57]. 
        Қоғам  үшін  еңбек  ету  пікірін  алғаш  рет  ҽлеуметтік  утопистер  Т.Мор, 
Т.Кампанелла,  А.Сен-Симон,  Р.Оуэн  айтқан  болатын.  ХҮІІІ  ғасырдағы  орыс 
ағартушылары  Ж.Руссо,  Г.Песталоцци  оқыту  мен  еңбек  тҽрбиесін  ұштастыру 
мҽселесін  кҿтерді.  Орыс  революционер-демократтары  В.Г.Белинский,  А.И.Гер-
цен, Н.А. Добролюбов, Д.Н. Писаревтар еңбек тҽрбиесіне елеулі үлес косты. Д.И. 
Писарев  еңбектің  қоғам  дамуы  мен  жеке  адамды  дамытудағы  маңызына  ерекше 
назар  аударды,  баланы  ҿзімшілдік  пен  менмендікке  тҽрбиелеуге  қатты  соққы 
берді. 
      К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбек тҽрбиесінің негізгі бағыты политехникалық оқу 
жҽне оқыту мен ҿнімді еңбекті ұштастыру керек,-деді [/3/, 59]. Еңбек тҽрбиесі мен 
политехникалық  оқу  Н.К.Крупская,  В.В.Луначарский  еңбектерінде  үлкен  орын 
алды.  Еңбек  етуге  ҽдеттену  -  бұл  жай  ғана  еңбекке  үйрену  емес,  ол  ізгілік 
қасиеттердің  жоғары  деңгейі,  еңбекке  қызығушылық,  құштарлық,  еңбек  етуге 
дағдылану,  -  деп  тұжырымдайды  Н.К.Крупская.  Мектептегі  еңбектің 
маңыздылығына  ерекше  тоқталған  В.В.Луначарский  оқушы  оқу  пҽндерін  еңбек 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         21 
 
арқылы қабылдауы, шығармашылықпен ойлап, еңбекте алдыңғы қатарда болуын 
дұрыс деп есептеді. 
       Еңбек  тҽрбиесінің  ғылыми-теориялық  негізін  жасаған  К.Д.Ушинский, 
А.С.Макаренко,  В.А.Сухомлинский  зерттеулерінде  балаларды  қарапайым  еңбек 
түрлеріне  баулу  қажеттігі  сондай-ақ,  еңбектің  тҽрбие  құралы  ретіндегі  маңызы 
жоғары  бағаланды.  К.Д.Ушинскийдің  педагогикалық  идеялары  да  баланы  жан-
жақты  дамытуды  еркін  еңбектің  маңызын  дҽлелдеп,  табиғаттағы  жаңалық 
атаулыны  жүзеге  асырудағы  еңбектің  рҿлін  нақтылы  тұжырымдай  білді. 
А.С.Макаренко  еңбектерінде  жасҿспірімді  еңбек  процесінде  тҽрбиелеу 
тҽжірибесінде еңбек тҽрбиесін білім беру мен тығыз байланыстырады [/4/, 25].        
      В.А.Сухомлинскийдің  баланы  жас  кезден  бастап  бойында  еңбектену  талабын 
қалыптастырудың  мҽнін  аша  отырып,    еңбек  үрдісінде  оқушыларды  мектептегі 
практикалық  еңбек,  қоғамдық  пайдалы  еңбек  қызметіне  тарту  жолымен  ғана 
еңбекке қатынасының негізін қалауға болатындығын баса айтты [/5/, 466].  
      Еңбек  балаларды  ұйымшылдыққа,  жігерлі  іске,  кҿркемдік  шығармашылыққа, 
іскерлікке  баулиды.  Ал  мектептегі  еңбекке  тҽрбиелеу  мен  оқытудағы  мақсат 
баланың  толық,  жан-жақты  білім  алуына  ықпал  жасайды.  Кіші  мектеп 
оқушыларын  еңбекке  тҽрбиелеудің  басты  міндеті  –  жасҿспірімдерді  еңбек 
сүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мҽдениетіне үйрету жҽне олардың еңбек 
ету  шеберлігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру.  Сондықтан,  бастауыш  сатыдан 
бастап бала бойында жаңа ҿндірістік жҽне нарықтық экономикалық қатынастарды 
игеруге  ҽзірлік,  кҽсіптік  икемділік    ҽр  түрлі  жағдайға  тез  бейімделе  алатын, 
шығармашылық,  қабілеттілік  сияқты  жеке  тұлғалық  қасиеттердің  алғы 
шарттарының кҿрініс табуының қажеттігі туындайды.     
       Ерте  жастан  бастап  тҽрбиелейтін  ұжымдық  еңбекке  қатысу,  қоғамдық 
пайдалы  еңбекке    үлес  қосу  сияқты  ҽдеттерсіз  баланың  еңбекке  сүйіспеншілігін 
қалыптастыру қиынға соғады. Еңбек сабағында істелетін жұмыстардың барлығы 
дерлік  оқушылардан  жауапкершілікті,  ұқыптылықты  талап  етеді  жҽне 
эстетикалық сезімдерін тҽрбиелеуге септігін тигізеді.       
       Еңбекке баулу  сабағында бала ҿзінің іс-ҽрекеттерін жоспарлау тҽртібін жҽне 
оларды  іске  асыруға  қажетті  құралдарды  алдын-ала  қарастыруды  жедел 
меңгереді.  Сонымен  қатар  оқушылардың  болашақта  мамандықты  дұрыс 
таңдауына,  олардың  еңбекке  шығармашылықпен  араласуына,  қабілеттерін 
арттыруға,  ҿз  қолдарымен  жасаған  бұйымдарынан  лҽззат  алып,  кҿркемдік 
сезімдерін  оятып,  берілген  тапсырмаларды  жауапкершілікпен  атқаруға  үнемі 
қозғау салады. 
      Оқушылардың  жалпы  еңбекке  қатысы  амалсыз,  салғырт  жҽне  ынталы 
болады. Негізінен мұғалім еңбекке баулу сабағын дұрыс ұйымдастырған жағдайда 
ғана еңбекке салғырт, немқұрайлы қарайтын жҽне амалсыз еңбек ететін оқушылар 
саны азайып, белсенді, еңбекқор оқушылар саны артады.     
      Еңбекке  баулу  сабағының  тиімділігі  мен  оқушының  еңбекке  ынталылығын  
арттыру  мақсатында  тҿмендегі  педагогикалық  шарттарды  мұғалімдердің 
назарына ұсынамыз: 
-
 
оқушыларды сабақта еркін ұстау; 
-
 
еңбек  процесін  ұйымдастыруға  оқушыларды  қатыстыра  алу  керек, 
кездескен  қиыншылықты  сынып  болып,  ұйымдасқан  түрде  ҿздері  дұрыс 
шешім табуына ықпал ету; 
-
 
шығармашылық бағыттағы тапсырмалардың ретін кҿбейту; 
-
 
нұсқау беруді бірте-бірте азайту; 

22
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
-
 
оқушылардан  қосымша  білімді  талап  ететін  ғылыми  кҿпшілік 
энциклопедия, қолҿнер шеберлерінің еңбектерін үлгі ретінде жиі қолдану; 
-
 
оқушылардың  ҿздері  жасаған  бұйымдарынан  мектеп  ішілік  кҿрме 
ұйымдастыру; 
-
 
ҽрбір сабақта техникалық қауіпсіздік ережелерін ескертіп отыру. 
Бұл  шарттар  оқушылардың  еңбектегі  салғырттығын  жойып,  ынталылығын, 
белсенділігін арттыруға жҽне жеке сапаларының (шығармашылық қиялы, кҿрнекі 
образды  ойлауы,  мінез-құлқы,  ерік-жігері,  түйсігі,  қабілеті)  ашылуына 
кҿмектеседі. Оқушының еңбекке қабілеттілігі негізінен бейімділікке байланысты 
болып  келеді.  Бейімділік  –  қабілеттің  жаңадан  ашылып  келе  жатқан  алғашқы 
баспалдағы.  Егер  оқушы  бір  іске  бейімді  болса,  онда  ол  еңбектің  орындалуын 
жақсы  түсініп,  тапсырманы  орындауда  жаңа  ізденістер  жасайды.  Оқушының 
ынталы еңбек етуі  жауапкершілік сезімінен туады. Оқушы берілген  тапсырманы 
орындауға  іштей  жауапкершілікпен  қараса,  оны  нҽтижелі  орындап  шығады. 
Баланың істеген ісі де сапалы, эстетикалық талапқа сай болады. Сҿйтіп, еңбекке 
үйрену  барысында  оқушылар  ҿз  қолдарымен  жасаған  бұйымдарынан  қуаныш, 
лҽззат алып ҽсемдікті ажарсыздан, нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата 
алатын болады.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сҿздігі. –А.: Дайк-Пресс., 2000. 
2.
 
Ҽбиев. Ж. Педагогика тарихы. –А., 2006. 
3.
 
Тұрғынбаев. Ҽ.Х. Философия. –А.: Білім., 2005. 
4.
 
Қабаева. Ж. Философия білімінің негізі. –А., 2000. 
5.
 
Макаренко. А.С.Трудовое воспитание.–М.: Просвещение. 1964. 
6.
 
Сухомлинский. В.А.Сердце отдаю детям.-Киев: Радянська школа. 1987. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  еңбек  тҽрбиесінің  педагогикалық  негіздері  қарастырылған. 
Сонымен бірге, еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының  еңбекке деген 
кҿзқарасын жақсартудың педагогикалық  жағдайы кҿрсетілген 
 
РЕЗЮМЕ 
     
В статье рассматриваются педагогические основы трудового воспитания, а 
также вопросы правильного формирования взглядов на трудовую деятельность на 
уроках трудового обучения у учащихся начальных классов.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет