Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 161
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ӘОК 371. 3
КӘСІПТІК БIЛIМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Абдижаббарова С.Қ. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту
тұжырымдамасында “ҽлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдастырылған жҽне жеке
тұлға мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын кҿп деңгейлi үздiксiз
бiлiм берудiң ұлттық үлгiсiн қалыптастыру үшiн бiлiм берудi дамытудың
стратегиялық басымдықтарын белгiлеу, бiлiм берудi одан ҽрi демократияландыру;
Қазақстанның тарихи, ұлттық, демографиялық, географиялық, экономикалық
жҽне мҽдени ерекшелiктерiн ескере отырып дамыту; бiлiм сапасын бағалаудың
ұлттық жүйесiн құру; бакалаврлық бiлiм беру мазмұны, кең кҿлемдi базалық
кҽсiптiк даярлау жҽне болашақ мамандардың iргелi пҽндiк бiлiм алуларына,
болашақ мамандардың кҽсiптiк шығармашылығын дамытуға, ҿзiне-ҿзi бiлiм беру
қызметiндегi қажеттiлiктi қалыптастыруға бағытталуы тиiс екенi атап
кҿрсетiлген /1/.
Бакалаврлық бiлiм беруде болашақ "Кҽсiптiк бiлiм" мамандарының
кҽсiптiк шығармашылығын қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: жалпы жҽне
базалық пҽндер бойынша теориялық даярлықтар мен педагогикалық практика.
Бiлiмдi дамытудың ең бiр басты жҽне тиiмдi жолдарының бiрi-ол мұғалiм
бiлiмнiң ҿмiрмен байланысын, практика мен теорияны, бақылау мен тҽжiрибе
байланысын пайдалана бiлу қасиетi үлкен роль атқарады. Оқу-тҽрбие мiндетiн
орындау барысында ҿмiрмен байланыстыра бiлу педагогиканың ең басты
принципi болып есептелiнедi. Бұл принциптi iске асырудың тиiмдiлiгi студент-
практиканттардың немесе болашақ мұғалiмдердiң ҽдiскерлiк дайындығынан,
олардың оқушыларға сабақты түсiнiктi,сауатты жеткiзу шеберлiгiн арттыра бiлу
қабiлетiмен тығыз байланысты.
Студент-практикант, ҿз пҽнiнiң басқа пҽндермен байланысын тиiмдi
пайдалана бiлу, пҽннiң тиiмдiлiгiн арттырып қоймай, оның ҽрi қарай дамуына,
мҽртебесiнiң кҿтерiлуiне оқушылар алдында беделiнiң ҿсуiне алып келедi.
Студент-практикант сабақты талқылауды тиiмдi пайдалануы жҽне оның
ҿмiрiндегi мысалдарына арқа сүйей бiлуiнiң үлкен маңызы бар. Бұл жағдайды бiз
немiс ғалымдарының зерттеу жұмыс нҽтижелерiн сараптай отырып жазған
А.Смолкиннiң еңбегiнен кҿре аламыз. Бұл мҽлiметтер сабақты меңгеру деңгейi,
ҿткiзу ҽдiстерiне байланысты екендiгiн кҿрсетедi.
Зерттеу нҽтижесiнде ғалымдар оқу материалдарына ҽртүрлi ҽдiстер
қолданып, қай дҽрежеде ұғымды болғанын тҿмендегiдей кҿрсетеді:
- дҽрiс (лекция) оқылғанда ең жоғарғы 20% ;
- кҿрнекi құралдарды қолдана отырып оқыған дҽрiс 30%;
- тыңдау, кҿру құралдарын пайдаланғанда 50% ;
- талдау, талқылау барысында 70%-ға дейiн ;
- ҿмiрде кездесетiн жағдайларды жҽне мысалдарды қолданғанда 90%-ға
дейiн меңгерілетіні анықталған.
Талдау жҽне талқылау бiр жағынан сабақтың тиiмдiлiгiн кҿтеруге
пайдасын тигізсе, екiншi жағынан оқушылардың жеке басының дамуына ҽсер
162
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
етедi. Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, қазiргi заманда тҽрбиелеудiң
негiзгi мақсатын анықтау проблемасы қаралады. Х.И.Лийметс одан кейiн
А.В.Харламов анықтағандай – тҽрбиенi жеке бастың даму процесiн басқару
жүйесi деп түсiну керек. Қазiргi уақыттағы даму негiздерiне сҽйкес тҽрбие
сапасының мынадай мақсаттарын ұсынамыз:
-
жеке бастың жан-жақты даму идеясы ретiнде тұжырымдалады жҽне ол тек
қана қазiргi елiмiздiң ҽлеуметтiк – экономикалық ҿзгерiстер жағдайында
ғана емес барлық уақытқа бағытталған;
-
бiрiншi мақсат ҽр ҽлеуметтiк – экономикалық құрылым бұл ұғымға
белгiлi бiр жеке бастың даму деңгейiн енгiзедi жҽне бұл деңгейдi басып
озуда жеке бастың қазiргi кезеңдегi белгiлi оқымыстылығы есепке
алынады;
-
екiншi мақсат азаматты Отан патриоты ретiнде тҽрбиелеу идеясы.
Патриотизм дегенiмiз – азаматтың ҿз отанының құндылықтарын сыйлай
отырып басқа халықтардың, ҿркениеттiң құндылықтарын бағалай бiлу қасиетi.
Педагогикалық практика барысында студенттердiң теориялық дҽрiс алу кезiнде
алған арнайы бiлiмдерi нақтыланып, оқу-тҽрбиелiк тапсырмаларды орындауда,
педагогикалық-психологиялық бiлiмiн одан ҽрi тереңдете түседi. Студент-
практиканттарға мектеп ҿмiрiндегi оқу-тҽрбие жұмыстарымен танысу,
оқушылармен сабақ жүргiзу, сыныптан тыс жұмыстарды ҿткiзу кезiнде де
болашақ мұғалiмге тҽн қасиеттердiң қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi /2/.
Бiлiм беру жүйесiндегi ҿзгерiстер, болашақ мамандардың ҿсiп-жетiлуiн
жақсартуға ықпал етедi, бұл тек рухани жан-жақты дамыған мамандарды ҽзiрлеу
емес, сондай-ақ ғылым мен техника жаңалықтарын шеберлiкпен пайдалана
алатын мамандар даярлау. Сондықтан да, мектепте ҿткiзiлетiн педагогикалық
практика барысында бүгiнгi студент - ертеңгi ұстаздың белсендiлiгiн арттыру,
интеллектуалдылығын қалыптастыру, оқу – тҽрбие үрдiсiн ұйымдастыру, жаңа
технологиямен оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру, тҽрбие мҽселелерiн шешетiн
ҽдiстердi таңдау, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану ҿте маңызды
мҽселе болып табылады. Студенттердiң педагогикалық практикасы олардың
дағдысын, iскерлiгiн қалыптастырып, мамандыққа деген ынта-жiгерiнiң арта
түсуiне үлкен кҿмек жасайды. Қазiргi студент болашақ қоғамның белсендi мүшесi
ғана емес, сол қоғамда ҿмiр сүрiп, оны ҿзгертуге қатысатын жастарды
тҽрбиелейтiн ұстаз. Болашақ қоғам мүшесiнiң ҿзгермелi жҽне ҿскелең заман
талабына сай ой-ҿрiсi дамыған, шығармашыл, ҿз ортасымен қарым- қатынас
этикасы қалыптасқан адам болуы тиiс. Мұндай талапты орындауға студенттердi
болашақ маман ретiнде дайындауды педагогикалық практиканы жалпы жҽне
теориялық даярлықтармен бiрге жүргiзуiн қалыптастырудың ҽр кезеңдерiнде
мынадай бағыттарда қорытындысын шығарып отыруға мүмкiндiк бередi:
- студенттердi ғылыми ҽдебиеттер,мақалалармен жұмыс жасауға үйрету;
- студенттердiң ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы;
- студенттердiң шығармашылық жұмыстарымен айналысуы;
- дипломдық жұмысқа бағыттау.
Осы бағыттарда студенттердiң бiлiмдерiн шығармашылықпен қолдану
жағдайларын
ескердiк.
Себебi,
педагогикалық
практика
студент-
практиканттардың немесе болашақ мұғалiмдердiң кҽсібилігін қалыптастырады:
- кҽсiби шеберлiгi мен педагогикалық iскерлiгiн дамытуды, ҿздiгiнен бiлiмiн
арттыруды, ҿз-ҿзiн тҽрбиелеуі, тҽрбие ҽрекетiне шығармашылық кҿзқарасын
қалыптастыруды кҿздейдi;
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 163
- кҽсiптiк бiлiм жҽне қолҿнер оқу-тҽрбие барысында алған теориялық
бiлiмдерiн тереңдетiп бекiтедi жҽне педагогикалық тапсырмаларды шешуге,
шығармашылық жұмыстар жүргiзуге, пайдалануды үйретедi. Сондай-ақ, студент-
практикант кҽсiби шығармашылықты дамытуға, пҽнге байланысты жұмыстарды
жүргiзу түрлерi мен ҽдiс-тҽсiлдерiн үйренуге, ҽдiстемелiк даярлықты жүзеге
асыруға мүмкiндiк туғызады /2/.
Мемлекеттiк оқу жоспарында 050120 – бакалавр, "Кҽсiптiк бiлiм" мамандығы
бойынша болашақ маманды кҽсiби даярлауда педагогикалық практика
жоспарланған. Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институтының оқу
жоспарында кҽсiптiк бiлiм мамандығы бойынша 1-4 курстарда педагогикалық
практикалар ұйымдастырылған. Педагогикалық практика үздiксiз жҽне арнаулы
мамандандырылған деп екіге бҿлінеді. Бастапқысы 1-шi курстан басталып,
маманның кҽсiби қалыптасуында негiзгi қызмет атқарады. Практиканттың негiзгi
мақсаты шығармашылық жұмысын талдау, технология жҽне қолҿнер
шеберлерiнiң идеялық шығармашылық iзденiстерi арқылы оқушының
эстетикалық кҿзқарасын жҽне кҿркемдiк қабiлетiн жетiлдiруге жағдай жасау,
олардың кҽсiптiк шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыру. Қолҿнердiң
мҽнi мен алатын орнын оқушының меңгеру деңгейiн дамыта отырып, ҿз
халқының ұлттық дҽстүрiне, мҽдениетiне деген эстетикалық сезiмiн
қалыптастыру, жан-жақты тҽрбие беру.
Педагогикалық практикадағы тҽжiрибе жұмысын жоспарлауда болашақ
мамандардың кҽсiби шығармашылығын дамыту бүгiнгi күн талабына сай болу
керек деген қағиданы негiзге алдық. Үздiксiз педагогикалық практика
бағдарламасындағы
талаптар
мазмұнын
игерудегi
мақсат:
мектепте
педагогикалық мамандықпен танысу; басқада оқу орындарымен байланыс
ұстау; мектеп құжаттарымен танысу жҽне теория мен практиканың байланысын
қалыптастыру; педагогикалық жаңа технологияны үйрену. Осыған байланысты
алға қойған мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай мiндеттер жүзеге
асырылады:
-
оқушылардың қазақ қолҿнерiне, тiгiн iсiне қызығушылығын арттыруын
бақылау;
-
қазақ қолҿнерiнде халықтық тҽлiм-тҽрбие дҽстүрлерiнiң негiзi бар
екенiн дҽлелдеу /3/.
Осы мақсат-мiндеттер негiзiнде 1-4 курс студенттерiмен ҽр түрлi мазмұнда
жұмыстар орындалады, мҽселен:
1-шi курста ұйымдастырушылық жҽне теориялық жоспарлау, 2-шi курста
ғылыми-ҽдiстемелiк, 3-шi курста тҽжiрибелiк бақылау кезеңдерi жүзеге
асырылады, арнаулы маманданған практика 4-шi курста жүргiзiледi. Оның
мақсаты: мұғалiмді шығармашылық тұрғыда кҽсiптiк ҽдiс-тҽсiлдерге үйрету,
мектеп мұғалiмдерiнiң жұмыс тҽжiрибелерiн практикалық түрде үйрету /4/. Бұл
мақсатты меңгеруде студент-практиканттар "Машинатану", "Тiгiн бұйымдарының
технологиясы", "Кҽсiби еңбектi оқыту ҽдiстемесі", "Тiгiн бұйымдарын
құрастыру", "Педагогика" т.б. пҽндерден алған теориялық бiлiм негiздерiне
сүйенедi. Студенттер жалпы бiлiм беретiн мектептiң технология сабақтары
бағдарламаларын оқып-үйренiп, зерттеу мен олардағы тақырыптар мазмұнына
қосымша материалдар енгiзу, соның нҽтижесiнде сабақ беру, жаңа
технологияларды қолдану үлгiлерiн кҿрсетедi.
Педагогикалық практика барысында студенттердiң тапсырмаларды
орындау, зерттеу нҽтижелерiн талдай келе:
164
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
-
базалық жҽне арнайы пҽндер негiзiнде алған бiлiм, шеберлiк,
дағдыларын жетiлдiрумен бiрге, эстетикалық тҽрбие беруде пайдалануға
деген қызығуын қалыптастыруға ҽсер етедi;
-
болашақ мұғалiмдердiң дүниетанымдық ойлау қабiлетiн дамытып,
ҿздiгiнен ғылыми iздену мен еңбекке деген белсендiлiгi артатындығын
анықтайды;
-
студенттердiң арнайы мамандандыру пҽндерiнен бiлiм қорын молайтып,
практикалық жҽне ҽдiстемелiк шеберлiк дағдыларын жетiлдiредi деген
қорытынды жасадық.
Студент-практиканттардың педагогикалық практика кезiндегi мектептегi
атқарған жұмыстарының сапасы, оларға ҽдiскер пҽн мұғалiмдерiнiң жҽрдем
кҿрсетуiне тiкелей байланысты екендігі белгілі. Студенттердiң педагогикалық
практика барысында атқарған iс-шаралары ҽр түрлi бақылау түрлерiмен
қорытындыланады. Пҽн ҽдiскерлерi практиканттардың мектептегi жұмыстарын
үнемi бақылау, олардың сабақтарына, тҽрбиелiк кештерiне қатысу, пҽн
мұғалiмдерiмен ҽңгiмелесу жүргізілді /3/. Осылайша нақты жҽне жүйелi
ұйымдастырылған педагогикалық практика студенттердiң шығармашылық
iскерлiктерi
мен
дағдыларының
қалыптасуына
мүмкiндiк
туғызады.
Педагогикалық практика студенттердiң кҽсiптiк шығармашылығын, ғылыми
iзденушiлiгiн дамытуда тиiмдi кҿрсеткiш бола алады дей отырып, қолҿнер
бұйымдарын дайындау жобасының ҽдiстерiн қолдануды қажет етедi. Бұл жоба
мынадай
бҿлiмдерден
тұрады:
ұйымдастыру-даярлау,
құрастыру
(конструкторлық), технологиялық жҽне қорытынды кезеңдерi.
Ұйымдастыру – даярлау кезеңi, бұйымды таңдау, эскизiн жҽне оны
орындаудың техника ҽдiстерiн қарастыру; сыртқы түрiн сипаттау; тақырып
таңдаудың негiздемесi; бұйым туралы шығармашылық материалдарды iздестiру;
таңдап алынған қолҿнер бұйымы жҿнiндегi тарихи деректер жинақтау; бұйымның
таралу, қолдану аймақтары; ҿлшемi жҽне дамуы; бұйымды дайындау үшiн
материал таңдау жҽне оның түрлi–түстi гаммасын, түс сҽйкестiгiн қарастыру;
құрал–жабдықтарды iрiктеу.
Құрастыру
(конструкторлық) кезең, бұйымның сыртқы пiшiмiне
байланысты бұйым эскизiн дайындау, үлгiсiн қағаз бетiне түсiру, сызбасын
құрастыру. Схема бойынша түсiн таңдап алу.
Технологиялық кезең. Бұйым дайындаудың технологиялық тiзбектiлiгi немесе
ретi. Бұйым бҿлшектерiн құрастыру жҽне түрлi ҽшекеймен ҿңдеу. Бұйымның
сапасын тексеру.
Қорытынды кезең. Бұйым бағасының экономикалық есебi. Бұйымды қорғау.
Қолҿнер бұйымдарын орындау жобасының түсiнiктеме қағазын дайындау.
Мазмұны бойынша қолҿнер бұйымдарын дайындау жобасының түсiнiктеме
қағазы тек қана қолҿнер бұйымдарының белгiлi бiр арнаулы түрiне тҽн
бҿлiмдерiнiң айырмашылығы бар. Барлық негiзгi бҿлiмдер ҽртүрлi жобаларда
бiрдей сақталады.
Түсiнiктеме қағазы мынаны қамтиды: титулдiк бет, мазмұндама.
Кiрiспе: Тақырыпты таңдаудың негiздемесi; бұйым жҿнiнде жҽне таңдап
алынған бұйымға орындалу ҽдiстер техникасы туралы мҽлiметтер, бұйымның
сыртқы кҿрінiсiне немесе пiшiмiне сипаттама.
Негiзгi бҿлiм: бұйымның эскизi немесе иллюстрациясы, (фото сурет);
бұйымның сызбасы немесе үлгiсi; қолданылған материал жҽне құрал-жабдықтар
тiзiмi; бұйым бҿлшектерiн дайындауда технологиялық ҿңдеу ретi; бұйымды
жинақтау технологиясының тiзбектiлiгi.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 165
Қорытынды бҿлiм: бұйымның құны кесте түрiнде; бұйымның жарнамалық
жобасы; қосымша оқушыларды қызықтырарлық кҿрнекіліктер (ребус, ҿлең,
жұмбақ т.б.) жұмыс нҽтижесi жҽне жобаның ҿзiндiк құны.
Жобаны бағалау белгiсi (критерийі). Жобаны бағалау кезiнде есте
сақтайтын жағдайлар: бұйымды орындау сапасы (күрделiлiгi, ұқыптылығы,
бiлiктiлiкке, дағдылыққа, ептiлiкке сҽйкестiгi). Түсiнiктеме қағазының жоба
жайлы жұмысқа сҽйкестiгi жҽне оны ҿңдеу ҽдiс-тҽсiлiне сҽйкестiгi. Сҿйлем
құрастырудың ерекшелiгi, тыңғылықтық, терминалогияны дұрыс қолдана бiлу.
Жобаға тҽн қағазды орындаудың жалпы қағидалары. Жобаның түсiнiктеме
қағазы қара пастамен жазылады немесе компьютерде басылады. Жобаның ҽр беті
сол алаң 30мм, ал қалған алаңдар 20мм болады.
Жобаның бiрiншi бетi. Жоғарғы жағында оқу орнының аты толық
кҿрсетiледi, "тақырып" деген сҿз жҽне жобаның тақырыбы түгел жазылады.
Жобаның тақырыбы неғұрлым қысқа түсiнiктi болуы қажет жҽне де негiзгi
мазмұнына сай. Тҿменде сол жағында орындаушы студент-практиканттың аты–
жҿнi, курсы жҽне жетекшiсiнiң аты-жҿнi жазылады. Ең тҿменде орындалған
"қаласы" мен жылы кҿрсетiледi.
Мазмұны: мазмұнында түсiнiктеме қағазының тақырыптары толық
кҿрсетiледi жҽне қай парағында екенi кҿрсетiледi, тақырыптарды қысқарту
немесе басқаша мазмұнда кҿрсетуге тыйым салынады. Барлық тақырыптардың
аты жазба ҽрпiмен жазылады жҽне соңына нүкте қойылмайды. Барлық беттің
сандары соңғы санға теңелiп жоғарыдан тҿмен (столбцом) жазылады. Жаңа
тақырып сҿздiң соңынан жазылмауы керек, тақырыптың бҿлiмдерi жаңа беттен
басталады. Беттер тҿменгi оң жақ бұрышында номерленедi. Түсiнiктеме
қағазының бiрiншi парағы жҽне мазмұны номерленбейдi бiрақта саналады.
Осылай белгіленген жүйемен жұмыс жасау нҽтижесінде болашақ маман иелерінің
кҽсіби шыңдалуы іске асырылады. Бұл үрдіс педагогикалық практика барысында
дағдыланып, қалыптасады.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту
тұжырымдамасы. //Қазақстан мектебi. №2, 2004.
2.
Симонов В.П. Педагогическая практика в школе. Учебно-методическое
пособие для преподавателей и студентов.- М.: 2000.
3.
ЮсуповБ.Ю., МашенбаевТ.Б., ҼбiлдаевЕ.С. Педагогикалық практика. -А.,2005
4.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандарты. 050120 - Кҽсiптiк бiлiм. Астана, 2004.
ТҮЙIНДЕМЕ
Мақалада „Кҽсiптiк бiлiм“ мамандарының педагогикалық практикадағы
зерттеу болжамының мҽнi, маңызы, құрылымы жҽне оған қойылатын ҽдiстемелік
талаптар қаралған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается значение педагогической практики в развитии
профессионального творчества будущего специалиста профессианального
обучения.
166
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
ДАМЫТУ
Абдурахманова Ғ. А. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қазіргі Қазақстандағы білім жҽне тҽрбие үрдістерінде “Қазақстан
Республикасының Конституциясы”, “Қазақстан Республикасының Білім туралы”
Заңы, “Қазақстан Республикасының тҽрбие тұжырымдамасы” т.б. мемлекеттік
құжаттар басшылыққа алынады. Жас ұрпаққа білім мен тҽрбие беру мҽселелері
мемлекет
болашағының
негізі
болып
табылатындығына
Қазақстан
Республикасының Президенті де назар аударып келеді.
Бұл мҽселе бойынша бүгінгі оқушылардың шығармашылық қасиеттерін
қалыптастырып, дамыту да тиісінше орын алмақ. Ҿйткені ҿркениетті заман
жастарының шығармашылық іс-ҽрекеті қоғам дамуының алғы шарттарының бірі
болып табылатындығы белгілі. Жастарды шығармашылыққа тҽрбиелеудің
ғылыми негіздері педагог-ғалымдардың еңбектерінен кҿрініс тапқан.
Қазіргі кездегі мектептің ең маңызды мақсатының бірі оқушының
шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, потенциалдық мүмкіндіктерін ашу
жҽне қабілетін дамыту болып табылады. Оқушылардың білімдер жүйесін жай
түрде қабылдауы жеткіліксіз, сол себепті жастарға ҿздерінің шығармашылық іс–
ҽрекеттерін ҽрі қарай дамытулары керектігін түсіндіру қажет. Оқулық пҽндерінің
функциясының үнемі ҿзгеріп тұруына байланысты оқып-үйрену объектісі жеке
оқушыны дамытудың тҽсілі болып қалады. Бұл жағдайларда мектеп курсында
бірнеше пҽндердің оқу процестері кезінде оқушының шығармашылық
тҽжірибесін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту технологиясын дайындау туралы
ҿте ҿзекті сұрақ туады. Мұғалім (оқытушы) шығармашылық жҽне танымдық
қабілетті жеке адамның белсенділігін арттыруға жетелейтін оқыту тҽсілдерін
меңгеру керек. Оқушыларды тұрақты белсенділікке үйрете отырып,
шығармашылық мҽселелерді шешетін белсенді, іздемпаз, қайраткер адам
шығаруға болады. Педагогика ғылымы неғұрлым, шығармашылық жҽне ойлау
процестерін ашқан сайын, мектепте соғұрлым балалардың білімге, белсенді ақыл-
ой еңбегіне деген құлшынысын, сүйіспеншілігін нақты түрде арттыруға
тҽрбиелейді.
Біздің зерттеулерде оқушының жеке танымдылық, бағалық, шығармашылық
жҽне коммуникативтілік потенциалын бағалау үшін ақпаратты техникаларды
қолдана отырып, бейнелеу қызметінде оқушының шығармашылық белсенділігін
дамытудың, бағалаудың ҿлшемдері қолданылады:
-
жаңа идеяларды генерация жасауға қабілеттілік;
-
жаңа техникаларды игеру қабілеттілігі;
-
визуалды мҽдениетті кҿркем талғамға ие болу;
-
коллективті жұмыс үшін жылдам болу түрде ҿзін-ҿзі анықтау жҽне
ұйымдастыру.
Алғашқы үш ҿлшем оқушының жеке қасиеттерін анықтау үшін
бағытталған:
продуктивті
жҽне
репродуктивті
қызметке,
стереотипті
шығармашылыққа, ойлауға бейімділік, оқушының ой-қиялының даму деңгейі.
Ұжымдық жұмыста ҿзін-ҿзі анықтау жылдам ұйымдастыруды дамыту,
оқушыларды тҽрбиелеудің барлық контекстерінде маңызды, ол адамның мінез-
құлқына, оның қоғамдағы қарым-қатынастарының қалыптасуына ҽсер етеді.
Бұл тҽсіл жеке адамның коммуникабельдік потенциалын бағалауға кҿмектеседі.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 167
Критерийлерді дамытудың деңгейлері мен бұл критерийлер жеке адамның
психологиялық қызметтік жол табуында теориялық жағдайлары негізінде
жасалған (С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский т.б.). Осы теорияның негізінде
зерттеу мақсатын жҽне бейнелеу қызметінде оқушының шығармашылық
белсенділігін арттыруға болады. Қызмет теориясының негіздерінде адамның кез–
келген қызметі оның игерген ақпарат негізіне жатады. Қызмет кезінде ақпаратты
қолдану сипатына байланысты екі түрлі болады: репродуктивті жҽне продуктивті.
Репродуктивті қызмет кездерінде адам ҿзіне белгілі іс–қимыл ережелері мен
бұрын игерілген қолданыстарды қайта қолданады. Продуктивті қызметті орындау
кездерінде бала үшін жҽне адамзат үшін жаңа ақпарат жасалады. Жаңа
технологияларды игеруге қабілеттілік (жеке адамның танымдылық потенциалы),
біздің есептеуімізше, жеке адамның танымдылық потенциалын кҿтереді.
Бейнелеу үрдісінде іс-ҽрекет кешенді түрде болады. Осының нҽтижелерінде
кҿркем ой визуальды түрде беріледі. Бұл жағдайда ҿнердің визуальды ҽдісі,
кҿркем ҽдісінің құралдары, сондай-ақ бейнелеу қызметінде қолданылатын
технологиялық кешені, технологияны беру техникасы шешуші роль атқарады.
Осылайша, бейнелеу ҿнерін модельдеу курсына бағыттау жҽне жобаны
орындау техникасын таңдау, компьютерлік графикаға бағыттау мҽселесі айқын
қойылады.
Оқушының жаңа технологияларды игеру қабілетін бағалау үшін олардың
негізгі операцияларды игеру жылдамдығы үш этапқа бҿлінеді: (олардың
анықтамасы үшін интелекті белсенділігі деңгейлері негізге алынады),
Д.Б.Богоявленская бойынша стимулды-ҿнімді деңгейде негізгі операцияны игеру
жылдамдығы тҿмен.
Эвристикалық деңгейде негізгі операцияларды игеру жылдамдығы орташа.
Бұл деңгейде оқу қызметінің жоғары мотивтермен жҽне мақсатты түрде
қабылдаумен байланысты түсінік қана емес, жаңа техниканы қолданудың
жолдарын іздеу бақыланады.
Ақпараттық деңгейде негізгі операцияларды игеру жылдамдығы жоғары,
бұрын алынған білімнің жҽне жаңа техникада негізгі білім, біліктілік пен
дағдының белсенді қолданылуы тез ҿтеді. Шығармашылық ҿнім іс-ҽрекет
сипатына ие болады, осының нҽтижесінде іс-ҽрекетінің мақсаты ҿз бетінше
қойылады, жаңа ережелер жасалады
Ақпараттық жҽне компьютерлік технология оқу мен тҽрбиеде адам
қабілетінің дамуына оның ақыл–ойының, барлық танымдық үрдістердегі
біртұтастық негізгі құралы болып табылады. С.И. Архангельский оқытуда
автоматтанған техниканы пайдалану “оқушыларды интеллектуалды еңбектен
босату емес, бұл еңбекті ҽлдеқайда жоғарғы сатыдағы шығармашылық қызметте
ойлауға, автоматталған техникалық құралдарды пайдалану сапасын күшейтуге
қолдану” – деген.
Визуальдық мҽдениет пен кҿркем талғам критерийлері бойынша жеке
адамның бағалау потенциалын, А.А.Мелик-Пашаев пен З.А.Новлянскийдің ҽдісі
бойынша екі шығармашылық жаттығудың кҿмегімен ҿткіздік. 1-жаттығу
бойынша түс арқылы қайырымды сиқыршы мен зұлым сиқыршының бағы белгілі
бір кҿңіл-күйді беруі керек. Бұл жаттығуда мазмұнды жҽне кҿркем аспектілерді
түстің кешенді құрылымымен байланыстыру қажет болады. Тапсырма баланың
кҿркем шығармашылықты игеруіне.
Келесі жаттығу оқушы шығармасының образдық мазмұнын түсінуге
бағытталған, тапсырма кҿркем шығарманы талдауға, шығарманың терең
мазмұнын түсінуге арналған. Бұл үшін сюжетті жалпы сезімдік тонға қарама-
168
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
қайшы болатын сҽйкес шығарма алынады. Балаларға суреттен алған ҽсерін айту
жҽне сҽйкес тақырып табу ұсынылады.
Жеке адамның бағыт потенциалын визуальды мҽдениет жҽне кҿркемдік
талдауға ие болу критерийлері бойынша бағалау үшін екі жаттығу бойынша
жалпыланған сипаттамалар қолданылады.
Стимул ҿнімді деңгей түстік мҽнер үшін бір жай түстер алынады,
жұмыстың жалпы колориті, автордың шығармаға эстетикалық қатынасын
білдірмейді. Берілген ҿнер туындысының образды мазмұнын түсіну тҿмен, ҿнер
туындысын
игерудегі
оқушының
инициативасы,
іс–ҽрекеті
сыртқы
стимулдарының ҽсері бойынша анықталады. Ол туындының оқушылар ойлап
тапқан тақырыбы формальды түрде сюжетті білдіреді. Ақпараттық деңгей түстік
мҽнер, орта, негіздерінде бірыңғай емес, күрделі түс қолданылды. Шығарманың
жалпы колориті жеткілікті, белсенді түрде автордың бейнеленген затқа
эстетикалық қатынасын кҿрсетеді. 2–жаттығудағы ойлап шығарылған тақырып,
ҿнер туындысының мҽнін ашады, оқушының образды мазмұнды түсінуі,
шығармашылық автордың терең ойымен ұштаспайды, шығармашының жазған
жері мен уақыты жайлы ҿзіндік кҿзқарастар жҽне ойлармен толығады.
Жетекшілікті мҿлшерлі жоғары жалпы мҽдени деңгей мақсатты саналы түрде
қабылдаумен сипатталады (ҿнер туындыларында ҽлемдік мұраның игерілуі).
Ақпараттық деңгей сезімді нҽзік ұжымдық шешімде, ҿрнекті белсенді қолдануда
жҽне жоғарылық фактураның кҿрінуі. Шығармашылық ҿнімді іс-қимылымен
сипаталады, осының нҽтижесінде іс-ҽрекеттің мақсаты ҿз бетінше қойылады,
жаңа ережелер жасалады жҽне зерттеліп жатқан құбылыстардың жаңа жақтарын
іздеу жүргізіледі.
2-жаттығуды орындау кездерінде автордың шығармасына қызығушылық
пен шығармашылық мҽнін түсіну ғана емес, жалпы мҽдени контексте
шығармашының авторлық ерекшеліктерімен жалпылау бақыланады.
Келесі екінші ҿлшемдерді шығармашылық белсенділікті дамыту деңгейін
ҿнімді қызметте бағалау үшін қолдандық.
Қорытындылар 5-6 сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін
қалыптастырудың шешуші негізі (ақпараттық техникаларды қолдану арқылы
компьютерлік графика мен бейнелеу ҿнерінің модульды курсын игеру
сабақтарында) :
-
ҽлемдік мҽдениетті игеру сабақтарында кҿркем шығармашылықтарды
қабылдау, оқушының образды кҿркем бейнелеу құралдарын игеруі
(репродукция іс-ҽрекеті);
-
шығармашылық дамуға септігін тигізетін практикалық іс-ҽрекет,
(продуктивті қызмет).
Жоғарғы сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытуды
бағалаудың ҿлшемі , (бейнелеу қызметі үрдісінде).
Репродукция қызметі: жаңа техникаларды тез игеру қабілетілігі (жеке
адамның тандаулық потенциалы); визуальды мҽдени, кҿркемдік талғауына ие
болу ( бағыт потенциалы).
Продуктивті (ақпараттық) қызметі: жаңа идеяларды генерациялау қабілеті
(жеке адамның шығармашылық потенциалы); ұжымдық жұмыс үшін жылдам
ҿзін-ҿзі анықтау жҽне ұйымдастыру (компьютерлік потенциалы).
Оқушының шығармашылық белсенділігін игеру бойынша эксперимент
барысында біз оның диагностикасы үшін мына авторлардың ақпараттық
бағытарының ҽдістерін қолдандық (Д.Ж.Гильфорд, Е.Горранс).
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 169
Алайда, іздеу экспертизінің нҽтижесі, сипатталған белгілер (жылдамдық.,
нҽзіктік т.б.), жеке адамның психологиялық қасиетін бағалау үшін қолданылады.
Зерттеу экспериментте біз құрал-жабдық ҽдістер мен суретті мҽтіндерді
оқушының белсенділігін дамытуға, талдау жасау үшін жҽне репродуктивті,
продуктивті ақпаратты қызмет ретінде біріктіруге тырыстық.
Репродуктивті қызметінің даму деңгейін білдіретін олардың ҽдістерін шартты
түрде екі топқа бҿлдік:
–
оқушының кҿркем шығармашылықтарын бағалау;
–
оқушының кҿркем шығармасының бағалау ерекшеліктері шығармашылық
белсенділік феноменін қарастыру.
Біз қазіргі уақытта кең тараған жеке психологиялық қасиеттерін ҿлшеу жолы
арқылы сандық бағалаудан алшақтауға тырыстық. Негізгі кҿңіл оқушының
кҿркем шығармашылығын қабылдауын жүйелеу жҽне ҿзара байланысқа,
оқушының кҿркем шығармасын замандастарының бағалауы, балалар мен
жасҿспірімнің шығармасының психологтың сипаттамасына бҿлінді. Эксперимент
топтың мүшелері бір уақытта оқушының кҿркем шығармасын бағалайтын
эксперттер мен кҿркем шығарма иелерінің ролін орындады. Осылайша
А.А.Мелик-Пашаев мен З.А.Новлянскийдің ҽдісі оқушының репродуктивті жҽне
продуктивті шығармашылық қызметін дамытуда пайдаланды.
А.А.Мелик-Пашаев
пен З.А.Новлянский ҽдістемесі баланың кҿркем
шығармасын игеруге бағытталған жҽне бұл үрдісті негізгі белгіде модельдейді.
Ҽдістеме бойынша оқушылар бір контурлы суретті екі рет бояуы қажет.
Бірінші жағдайда оқушыларға бұл қайрымды сиқыршының бағы, екіншіде, зұлым
сиқыршының бағы деп түсіндіріледі. Мұнда, балалардың түстік мҽнерді қолдануы
қатты айшықтанды. Кейбір оқушыларда екі сурет бірдей, ал қалғандарында түс
сезімді беру тҽсілі болды: қайратты сиқыршының бағы ашық түстермен, зұлым
сиқыршының бағы күңгірт түстермен боялды. Берілген жағдайларда, балалардың
алдында тұрған мҽселе ҽдеттегі сурет салумен салыстыруда қарапайым - оған
суретті, оны нақты ойлап табу, кешенді ұйымдастыру қажет емес, алайда оның
түстен жұмысы бҿлек болып келеді.
Күрделі потенциалды білімді меңгеретін интернеттерді ақпараттылық
қорды мҽдени жҽне білім хабарлары бағытында тарату – бұл электронды
кітапхана, анықтауыштар, үздік мұражайлар т.б. Ғалымдардың мҽлімдеуінше,
мҽдени, гуманитарлық ой-ҿрісін кеңейтуді интернетпен біріктіре, ұштастыру
ҽлдеқайда ұмытылыспен ҿтуде.
Достарыңызбен бөлісу: |