Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


Исанска советтік жазалаудың теперішін бастан өткерген Тадеуш Исанский



Pdf көрінісі
бет187/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Исанска советтік жазалаудың теперішін бастан өткерген Тадеуш Исанский есімді поляк азаматтарының 

қолдауымен  куәгерлердің  естеліктерін  жинау  үстінде.  Сол  материалдар  ішінен  Ащысай  руднигінде 

жұмыс істеген кенші поляк азаматы Витольд Стемпень мынадай естелігіне назар аударсақ, ол: «Біздерді 

балаларды  шахтаға  кіре  беріс  жерден  тоқтатып,  мастерімізден  рұқсат  қағазын  тексерді.  Біздер  тура  бір 

үйректің балаларындай бірімізден соң, біріміз бір қатармен жүріп келе жатырмыз. Ұзын коридордың іші 

тас қараңғы. Жарық жоқ. Жарық тек мастерде болады. Бір жерде кеншілер вагонеткаларға руданы жинап 

жатыр. Басымды тасқа соғып алар ма екенмін деп қатты қорқып келемін. Кейін мен осы жерде 30 ай бойы 

жұмыс істедім. Мастер таныстырып болған соң бізге: «енді сендер де вагонеткаларды рудаға толтыратын 

боласыңдар,  бос  уақыттарыңда  оны  жуасыңдар»  деді.  Өңірдегі  руданы  жер  бетіне  шығару  ісі  советтік 

жазалау  тәжірибесінің  түрлі  үлгілері  негізімен  іске  асырылды.  Совет  одағындағы  бұл  әділетсіздіктерді 

көзімен  көрген  Витольд  Стемпень  Польшаға  оралу  сапарында  Қызылорда  станциясынан  көргенін 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

135 


жазады. Онда ол: «...темір жол бойынан таңертең Ташкентке жасырын беталған 4 жасөспірім балаларды 

көрдік.  Олар  балалар  үйінен  қашып  барады  екен,  ата-анасынан  жетім  қалғандар.  Жастары  сол  8-15 

шамалас болып қалады. Оларға қарағанда жүрегің ауырады. Үстерінде киім дейтін киімдері де жоқ. Тым 

жұпыны. Оларға қолымыздағы кішкене көгерген қара нанымыздан қалдырдық. Олар қатты қуанып кетті. 

Сол сәтте-ақ жеп алды. Совет қоғамының әбден ашыққан балалары! Біз өз елімізге жансақтауға қашып 

барамыз, ал бұлар ше, өз елінен жансақтауға қашып барады. Қандай қайғылы көрініс!» [17], - деген терең 

ойды, философиялық мазмұнды және тура ойды жазады. Міне өз халқына осынша қатыгездікпен қараған 

совет  мемлекетінің  басқару  жүйесін  бүгінде  қалай  қорытуға  тиіспіз?  Дәл  осыған  саятын  ойды  поляк 

азамтшасы Дзыра Юзефа  да өз естелігінде баяндайды:  «меніңше бұл жерде бізді күйзеліске ұшыратып 

жатқан неміс басқыншылығы емес, басқа нәрсе сияқты» [18], - деп салмақты қорытынды жасайды. Айтса 

айтқандай-ақ  совет  өкіметі  өз  қылмысын  бүркемелеу  үшін  соғысты  ылғи  да  желеу  етті  десек 

қателеспейміз. Оған дәлел болатын факт мынау: Кеңестік тылдағы жөнелтілген азық-түлік заттары мен 

жылы  киім-кешек  шығындары  өз  орнын  ақтай  алған  жоқ.  Себебі,  соғыс  жылдарында  мемлекеттің 

қоймасында орасан зор қор болды. 1944 жылдың 1 қаңтарына қарай наркомат заготовкасында адам 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет