Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


Хантағы кен байыту фабрикасына кірме жолдар



Pdf көрінісі
бет184/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

 Хантағы кен байыту фабрикасына кірме жолдар. Тар табанды темір жолдарының кірме трассасы 

494-54 делінген белгісі бар рельске қарама-қарсы беттен орналасқан темір жолдың тұйықталған басынан 

750 мм қашықтықтан басталады, терең емес ойықтағы Құш  Ата арығының бойынан өтеді де, әрі қарай 

жер  бедерімен  жүріп,  0,019  биіктіктегі  тауға  көтеріледі.  Тұйықтықтан  жол  артқа  қарай  бұрылады  да 

Хантағы поселкесіндегі тұрғын үйлерге қарай өтеді.  

 Даяр өнімді жөнелту. Сүзгіден өткізілген концентратты 0,7 тн жүккөтеретін вагонеткаларға артады. 

Әрі  қарай,  тар  табанды  темір  жолдармен  қолмен  тасып  шығару  арқылы  өнімді  ашық  ағаш  алаңға 

тасымалдайды. Даяр өнім салмағы темір жол платформасындағы таразыда өлшенеді.  

 Түркістан станциясында концентрат жабық вагондарға қайта артылады да Шымкент металлургиялық 

заводына жөнелтіледі [10, 2-14].  

 Міне  қорғасын  өндіру  ісі  осындай  ауыр  да,  азапты  жұмыс  күшін  қажет  етті.  Мұндай  ауыр  еңбектің 

тауқіметін  Ащысай  полиметалл  комбинатына  қарасты  Ащысай-Хантағы-Қарасай-Каракенсай-

Сүйлеменсай рудниктерінің кеншілері мен жұмысшыларының иығымен көтерді. Өкінішке орай, сол ауыр 

еңбек өз дәрежесінде ақталған жоқ...  

 Хантағыдағы  Қызыл-Қорған  колхозы  жөнінде.  Жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан  Хантағы 

жұмысшы поселкесіне 40 км қашықтықтан 1935 жылы «Қызыл-Қорған» атты колхоз ұйымдастырылады. 

Байбеков  Ибадулла  қарт  «колхозды  1936  жылы  құрылған,  онда  24-ақ  үй  бар  еді»  деген  болатын,  бұл 

айтылған  тарих  архив  деректеріндегі  мәліметтермен  дәл  келді.  Кентау  өңірлік  архивіндегі  құжаттарда: 

«1935  жылы  аудан  орталығынан  40  км  жерде  24  шаруашылықтан  Қызыл-Қорған  колхозы  құрылды. 

Колхоз  иелігіндегі  жер  көлемі  294,54  га  жерді  құрайды.  Ол  Қаратау  шатқалында  орналасқан.  Колхоз 

шаруашылығының  кірісі  аз,  суы  тартылған,  жері  шабындыққа  қолайсыз»,  -  деп  көрсетіледі  [11,  201]. 

Колхоз 1940 жылға дейін сақталып, сосын ол басқа колхоздармен біріктіріледі. Колхоздарды біріктірудің 

түрлі нұсқалары жасалынып, ең соңғы 1940 жылдың 21 қараша айындағы Түркістан ауданының шешімі 

бойынша Қызыл-Қорған Шоқтас колхозымен біріктіріледі, оның бұрынғы орындары Мемлекеттік қорға 

өткізіледі [11, 204]. 

 

 Соғыс жылдарындағы Хантағы. Сонымен, сұрапыл соғыс та басталып кетті. Соғыс жылдарындағы 



өңір  тұрғындарының  өмірі  бұрынғыдан  да  ауырлады.  Мемлекет  халықтың  еңбегін  қанағаны  былай 

тұрсын,  ендігі  таңда  «Бәрі  де  майдан  үшін,  бәрі  де  жеңіс  үшін!»  деген  өңі  өзгертілген  жалған 

идеологияны  желеу  етіп,  халықты  тығырыққа  тіреді.  Соғыс  жылдарындағы  жұмысшылардың  тұрмысы 

газет  беттерінде  былайша  көрсетілді:  «1944  жылғы  Қаратау  кеншілері  газетінің  (29  қазан)  №  46  (870) 

санында  «...  №  40  жатақ  үйде  тұратын  көптеген  жұмысшылар  төсек-орынмен  қамтамасыз  етілмеген. 

Мұнда қайнаған су, бет-қол жуғыштар жоқ, үйдің едендері былғаныш. Дәл осындай төзгісіз жағдайлар 

Мырғалымсай  кеншілерінің  жатақ  үйлерінен  де  кездеседі.  Ащысай,  Қантағы  кен  басқармасының 

коммуналдық  бөлімдерінің  басшылары  (Қосмағамбетов  пен  Бергман  жолдастар)  бұл  кемшіліктерді 

жоюдың орына жауапсыздыққа салынып келеді... тек Ащысай кенінің өзінде октябрь айында 30-дан аса 

жұмысшылар  өндірісті  өз  бетінше  тастап  кеткен...  »  [12],  -  деп  жазды.  Бұдан  жан  сауғалап  халықтың 

босып  кеткен  жағдайын  байқау  қиын  емес.  Әрине  бұл  Қосмағамбетов  пен  Бергманның  кінәсі  емес, 

өкіметтің қарапайым жұмысшылар өміріне деген селқос қатынасы деп түсінуге болады.  

 Әсіресе,  Түркістан  ауданы  НКГБ  бөлімінің  «аса  құпия»  делінген  грифі  бар  құжаттарында  Хантағы 

поселогі  тұрғындарының  арыз  шағымдары  кездеседі.  Онда:  «...1.  Хантағы  руднигінің  инженері  жолдас 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет