ас-ауқаты жоқтың қасы. Бізге берілетін 900 сом небәрі бір аптаға жетеді. Сөздің қысқасы, «Костлявая
рука голода хватает нас четырех по горло» дегендей, біз әрі қарай қалай өмір сүреміз, көзіме елестете
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
133
2. Азаматша
Рогожникова М.А.: Хантағы руднигінде тұрады: «... бізге
нанды өте мардымсыз етіп береді, бәрін қысқартып тастаған. Өмір сүруіміз қиындап кетті, халық
ашығуда, ал қант алмағанымызға бес ай болды, мысық жылағандай халдеміз. Халық шетінен ауру,
өйткені тойып тамақ ішпейді ғой...»;
3. Азматша Кукушкина – Хантағы руднигінің тұрғыны: «... Иә, әке! –
Сіздер орден алып жатырсыздар, ал біздер мұнда аш отырмыз. Әке бүгін мен дүкенде ИТР шайкалары
қалай май, ет, колбаса, балық, конфет алып жатқанын көрдім, ал мен сілекейім ағып үйге келдім, суық
бөлмеме кірдім...».
Дәл осындай мазұндағы шағым хаттар Майзаводы жұмысшыларынан да түскен. Соның ішінде
әсіресе, Федорова Вера Осиповна, Түркістан станциясы, Переездная көшесі, № 4 үйдің тұрғыны жазған
хат мазмұны ерекше ауыр. Ол: «...Мына қарғыс атқыр Түркістанда өте нашар өмір сүріп жатырмын,
әкемнің ізімен О дүниеге кететін сияқтымын. Қызым Лилияны, анамды, әпкемді ауруханаға жатқыздым.
Онда азық жоқ, жартылай аш жатыр. Олар өлсе, мен де пойыздың астына түсіп өлемін. Мына өмірде
маған ешқандай бақыт қалмады...», - деп жазады.
Ал балалардың қалжыраған жағдайы Майзаводының жұмысшысы Карцева хатында былайша
көрсетілген: «... Мұнда тұру мүмкін емес, нағыз ашаршылық заман өтіп жатыр. Мен Николайды оқуға
бердім, ал ол заводта келе жатып әлсіздіктен құлап қала береді, сондықтан осы қыстан аман шығамыз деп
ойламаймын, нанның үлесін де қысқартып тастады, мен не істерімді білмеймін, пойыздың астына түсемін
бе...»;
УС Е. Г. есімді кісі, ол да Майзаводында істейді: «... Бұл қалада тура айдаудағы тұтқындар
сияқтымыз, сондықтан бұл жерден қашып шыққандар ең бақытты адамдар. Біздер майдангерлердің
әйелдеріміз. Қорғанымыз жоқ. Байқап қарасам күйеуі барлар ғана адамға ұқсап өмір сүріп жатыр. Ал
балаларының жүздері кәдімгі балаға ұқсайды. Ал біздер адам болмысымыздан толығымен айырылғанбыз.
Жақында шүберек киіп жүретін боламыз ...»;
Захарова Р.М.., Түркістан станциясының, Пионерская көшесіндегі № 22 үйдің тұрғыны: «... Біздің
өміріміз аса ауыр, менің айлығым үш-ақ күнге жетеді, жұмыс ұйымынан ешқандай көмек жоқ. Мұнда үш
жыл болды тұрамын, ешкім де 3 баламен жалғыз қалай өмір сүріп жатқанымды сұрап білген емес.
Үшінші жыл болады, еденде ұйықтаймыз, көмір жоқ, қалай өмір сүрсең солай өмір сүр. Военторгтан бір
тарелке судан басқа мен ештеңе алмаймын....», - деп жазған.
Сол сияқты Түркістан станциясы, Арычный тупик № 14 үйдің тұрғыны Юнонова В.И., Ащысай
руднигі, Советская көшесі № 9, 9 пәтер тұрғыны
Галенко Анна Федоровна, Хантағы руднигінің
тұрғыны Юлесниченко Анна Михайловнаның, Түркістан қаласы, Мұратбаева көшесі, № 2 үйдің
тұрғыны Филатова В.П. хаттары тіркелген [13, 38-39].
Міне соғыс жылдарындағы өңір тұрғындарының жағдайы осындай еді. Майданды оқ-дәрімен
қамтамасыз етіп тұрған кеншілер ашаршылықты бастан өткерген. Кеңестік идеологияның қатаң қыспағы
жағдайында жазылған советтік тарихнама соғыс жылдарындағы аштыққа байланысты ауыз ашпады. Бұл
жөнінде постсоветтік кезең тарихшысы В.Ф. Зима [19] өз еңбегінде ашық жазған болатын. Алайда,
жоғарыда көрсетілген материалдар да, айтылған ойдың нақты фактісі бола алады деп ойлаймыз.
«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы «Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты
тақырыпта орындаған ғылыми жобада, бұл мәселе жан-жақты қырынан көрсетілген [20].
Достарыңызбен бөлісу: