Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет205/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   493
УДК 327 

ГРНТИ 03.01.19  

 

Ыдырыс Қ.С. 



1

 PhD, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Халықаралық қатынастар» 

кафедрасының доцент м.а. 

 

Ыдырыс С.С. 



2

 экономика ғылымдарының докторы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 

«Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры 

 

Мунасипова М.Е. 



3

экономика ғылымдарының кандидаты, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 

университеті «Экономика және қаржы» кафедрасының доцент м.а. 

 

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ 

РЕСЕЙДІҢ ОРНЫ 

 

Аннотация 

 Әлемнің  алпауыт  мемлекеттерінің  санатына  жатқызылатын  Ресей  Федерациясы  (РФ)  мен  Қытай 

Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы байланыстар әрқилы кезеңдерде әртүрлі сипатта өрбіген. Кейде 

қос мемлекет арасында соғыс оты тұтанса, енді бір кезеңде ынтымақтастық пен әріптестік байланыстар 

белең алған. Десек те, тарих қойнауына үңіле зер салғанда екі елдің тарихы мен тағдыры бір-біріне ұқсас 

екенін  көреміз.  Геосаяси  тұрғыдан  өз  алдына  шоқтығы  биік  елдерге  баланатын  РФ  мен  ҚХР-дың  қос 

құрлықтың  қақ  ортасында  орналасып  қана  қоймай,  қазіргі  заманғы  геосаяси  теориялар  бойынша 

жаһандануға  бет  бұрған  бүгінгі  әлемдегі  өз  алдына  шешуші  рөлге  ие  мемлекеттердің  қатарына  енуі 

оларды бір-біріне жақындастыратын маңызды факторлар болып табылады. Осы мақалада Қытай Халық 

Республикасының  энергетикалық  стратегиясындағы  Ресейдің  маңыздылығы  қарастырылған.  Мақала 

Қытай  мен  Ресей  арасындағы  қолданыстағы  және  жоспарланған  энергетикалық  жобалар  бойынша 

деректерді қамтиды. Сондай-ақ, мақалада Қытай ресейлік мұнай және газ энергия ресурстарын тұтынуда 

қаншалықты тәуелді екені зерттеліп, Таяу Шығыс елдерімен салыстырылған. Сонымен қатар мақалада, 

Қытайдың  энергетикалық  саясатындағы  өзгерістер  талқыланды.  Өз  кезегінде,  бұл  факт  Ресей  -  Қытай 

қарым-қатынастарының  екі  жақты  және  көп  жақты  аспектілерін  талдауға  көмектеседі,  және  Қытайдың 

энергетикалық стратегиясында Ресейдің орнын айқындайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет