Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет285/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

аталады.  Қазақ  тіліндегі  деректерде  «Үш  ошақ»  деп  айтылады.  Дұрысы  «Үш  шошақ»  болуы  керек  – 

авт.) Адамқырылғанға шұғыл жетіп, күтпеген жерден осындай соққы берген [4, С.91-92]. Осы шайқасты 

Мәделіқожа «Қиуа жорығы туралы» жырында 

Орыс оны елемей жатып алды, 

Қиналып Қиуаның аты қалды. 

Ертеңіне көшті де, енді әскер 

Үшошақтың құмына жақын барды [5, 115 б] – деп жырлаған. 

Орыс  әскерінің  Хиуа,  Үшошақ,  Халата,  Адамқырылған  қала  үшін  болған  шайқастарында  Садық 

сардар, Телқожа батыр мен Хиуа ханының әскербасы Матмұрад диуанбегі бастаған сарбаздар көзсіз ерлік 

көрсеткенімен, озық қару-жарақпен қаруланған орыс әскері 1873 ж. 25 мамырда Хиуаны тізе бүктіреді.  

1873 ж. 12 тамызда Хиуа ханы Сейіт Мұхамет-Рахым мен орыс әскерінің қолбасшысы К.П.Кауфман 

арасында  жасалған  келісім  шарт  бойынша  хан  өзін  Ресейдің  вассалы  деп  мойындап,  орыс  мемлекетіне 

көп контрибуция төлеуге мәжбүр болды [6, 367 б]. Хиуа хандығы орыс әскеріне тізе бүккен соң Садық 

Сардар мен Телқожа батыр Қарақұм шөліне қарай шегінеді.  

Қытай әскерімен қақтығыста қолынан жараланып, 1888 ж. патша өкіметінің қарсылық көрсетушілерге 

жасаған  кешірімін  негізге  алып,  генерал-губернатор  К.П.Кауфманның  құзырына  өз  еліне  оралуға  және 

отбасымен қауышуына өтініш жасайды. Оның өтініші қанағаттандырылып, Сырдария облысы Шымкент 

уезінің Арыс өзені бойындағы Қарабұлақ қыстағынан отыз шақырым жердегі Абылай ханға орда болған 

Ханқорған деген жерге орнығып, бейбіт өмір кешкен Сыздық Кенесарин 1910 ж. Шымкент қаласында 73 

жасында қайтыс болады. 

Осы оқиғаның қазақ поэзиясында көркемдік тұрғыда баяндалуына қатысты әзірге қолымызға екі ғана 

өлең  ілікті.  Оның  бірі  –  Мәделіқожаның  «Қиуа  жорығы  туралы»  жыры.  Жырдың  «Түркістан  уалаяты 

газетасында» жарияланған толық атауы «Шымкент оязына қараған Мәделіқожа деген ақынның Сырдария 

облысының  уаенный  гүбірнаторы  Калауашевтың  Хиуаға  барғаны  тақырыпта  шығарған  өлеңі» 

(«Түркістан уалаяты» газеті 1875 жыл, №17, 18, 19) деп аталады. Жырдың жалпы көлемі 325 жолды 

құрайды. Жырдың мазмұнына Серікбай Қосанов, Әсілхан Оспанұлы біршама талдау жасаған. Осы «Қиуа 

жорығы туралы жырды» Серікбай Қосанов «кішігірім поэма» деп бағаласа, Әсілхан Оспанұлы «жолжазба 

саласындағы тарихи шежіре» деген анықтамаға тоқталады [5, 217 б.]. 

Ал екінші еңбек Мәделіқожа жырынан 40 жылдан астам кейін жазылған. Бұл жеке жыр емес, авторлар 

ұжымының еңбегі. 1913 ж. жарық көрген «Русия патшалығында Романов нәсілінен хүкімранлық қылған 

патшалар  тарихлары»  кітабы.  Еңбектің  авторлары  Қоңырқожа  Қожықов,  Әлиасқар  Қасымов,  Сұлтан 

Шәді  Жәңгіровтер  [7,  150-151  бб].  Осы  еңбекте  «Хиуамен  болған  соғыс»  атты  жыр  бар.  Осы  оқиғаны 

Шәді  төре  бастаған  авторлар  барынша  қысқа  жырлаған.  Жырдың  барлық  көлемі  52  ғана  жол.  Жырда 

Хиуа жағында соғысқан Сыздық Кенесарыұлы мен Мәтнияздың, ал Хиуа жорығында белгілі шайқастар 

өткен «Адамқырылған» және «Үшошақ» сияқты жер-су атаулары ғана аталады. 

Отарлық  биліктің  тапсырысымен  шығарма  жазғандардың  басы  да,  соңы  да  Мәделіқожа  емес.  Қазақ 

тарихының деректануында 1602 ж. жазылған Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» атты еңбегі 

ерекше  аталады.  Осы  еңбек  сол  кездегі  дәстүр  бойынша  орыс  патшасы  Борис  Годуновты  мадақтауға 

арналған.  Бұл  жердегі  патшаны  мадақтаудың  мәнісі  билеушіге  жағынудан  бұрын  түркі  халықтары 

арасында  кеңінен  тарған  «биліктің  киелілігі»  ұғымынан  туындап  отырғандығы  ескерілуі  керек.  Жыр 

авторының  өзі  бодан  болып  отырған  соң  оның  жат  ел  билеушісін  мадақтауы  негізді  болар.  Ал 

Мәделіқожаның отаршыл билеушіні мадақтауының жөні бөлек. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет