Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет283/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   493
Keywords:  Central  Asia,  colonizations  of  Russia,  Khivan  campaign,  Madelikhodzha  Sultankhodzhauly, 

Syzdyk  Kenesarin,  governor  general  K.P.  fon  Kaufman,  general  N.N.  Golovochayev,  military  painter  V.V. 

Vereshchagin. 

 

Оңтүстік өңірі ақындар мектебінің көрнекті өкілі Мәделіқожа Сұлтанқожаұлының шығармалары орыс 



отаршылығы мен оған қарсы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының әдеби дереккөздері ретінде қарастырылып 

келеді.Ақынның тарихи жырлары қатарында оның «Қиуа жорығы туралы» жырының тарихилығы біздің 

талдауымызға өзек болады. 

Қазақ жеріне билік ету үшін өрістеген Қоқан-Ресей теке-тіресі стратегиялық мәні зор Түркістан қаласы 

төңірегінде  үлкен  шиеленіс  туғызды.  Ел  тізгінін  ұстаған  Хан  Кененің  ұрпақтары  Тайшық,  Ахмет 

сұлтандар  Қоқан  хандығы  «ендігі жерде өзін қорғай алатын  түрі жоқ, орыстардың бұл хандықты алып 

болуын күтпей-ақ Русие жағына шығайық. Реті келсе, қызметіне кіреміз, болмаса солардың қол астында 

тыныш  отырамыз»  десе,  Сыздық  сұлтан  «Ата-бабамыздың  ұстаған  жолын  тастап,  орыс  жағына 

шықпаймын.  Олар  Қоқанды  алса,  Бұқарға  барамын.  Егер  Бұқарды  алса,  онда,  басқа  да  мұсылман 

мемлекеттер бар ғой, кез-келген бір мұсылман еліне барамын. Қалайда ата-баба жолынан аумаймын» [1, 

22-23  б]  деп  екіге  жарылған  жолды  таңдады.  Дәстүрлі  қоғамның  билеуші  элитасы  арасындағы  бұндай 

жолайрық таңдау екі мемлекеттің талауына түскен  жергілікті ру-тайпалардың  да көңіл-күйін білдіретін 

еді. Оңтүстіктен Қоқан билеушілері, солтүстіктен Ресей отаршылары екі жақтан қыспаққа алғанда Сыр 

бойының  халқы  абдырап  қалды.  Тәуелсіздік  үшін  орыс  әскерімен  жұлқысып  өткен  Кенесары 

ұрпақтарының сындарлы сәтте екіге жарылуын да, бір рудың адамдарының «баррикаданың» екі жағынан 

табылуын да елдің ішіндегі саяси жіктеліс деп айтуға болмас еді.  

Одан  әрі  Сыздық  Кенесарыұлының  ширек  ғазырға  созылған  ерлік  эпопеясы  басталады.  Шымкент, 

Ташкент  қалалары  орыс  отаршыларының  қолына  өткеннен  соң  Сыздық  Дұхараға  кетеді.  Оның  Бұқара 

әмірлігіндегі  қызметі  туралы  бірден-бір  нарративті  дерек  Молла  Сәми  Бустанидің  «Тухфа  и  шахи» 

(Шахқа  сыйлық)  еңбегінде  біршама  құнды  мағлұматтар  бар.  Онда  Бұқара  әмірінің  құзырына  Сыддық 




ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

208 


(Сыздық) төремен бірге оның немере бауырлары Арыстан төре, Әбілқайыр төре және Садан би сияқты 

қазақ  билеушілері  қосылғандығы  айтылады.  Әмір  ел  ішіндегі  бүлікшілерді  жазалау  үшін  Шахрисабзға 

аттанғанда  билікті  басып  алуды  көздеген  Сыддық  төре  Бұқарадан  кетіп,  қазақтардың  ортасына  барып 

тұрды.  Ол  қазақтардан  қол  жинап  Ғиждуанға  шабуыл  жасап,  көп  олжаны  қолға  түсірді  және  үлкен 

қосынмен  Керминге  шабуылдап,  оны  да  күшпен  басып  алды  [2].  Осы  жерде  басын  ашып  айтатын  бір 

мәселе бар. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты Бұхара әмірлігінің құзырында Орта жүз бен Кіші жүз 

тайпалары аз болмаған. Саяси қысымшылық жағдайда болған бұл тайпалар Бұхараға тәуелділіктен босап, 

қолайлы сәт туса өзін-өзі билеуге қол жеткізіп, қазақ еліне қосылуды көксеген. Жоғарыда аталған деректе 

Сыздықтың әрекеті билікке таласу деп суреттелгенімен оның астарында елдікке ұмтылған саяси мүдде 

жатқан еді. Бұл мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді. Осындай күрделі жағдайға тап болған Бұқара әмірі 

өз  билігін  сақтап  қалу  үшін  орыс  отаршыларымен  өзіне  тиімді  келісімге  келуге  мүдделі  болады. 

Нәтижесінде Бұхара билеушісі Мұзаффар орыс әскерінің көмегімен өз иелігіндегі көтерілісті баса алды. 

Бұхара  әмірінің  баласы  ханзада  Әбдімәлік  пен  Сыздық  сұлтан,  Телқожа  батырлар  соңына  ерген 

қосындармен бірге әмірлік аумағынан тыс жерлерде отаршыларға қарсы әскери қимылдарын жалғастыра 

берген.  

Ханзада Әбдімәліктің Керминедегі жеңілісінен соң олардың отаршыларға қарсы күресі бүліншілік деп 

бағаланып,  көтеріліс  басшылары  Садық  (Сыздық)  сардар  мен  Телқожаның  одан  әрі  Бұқарада  қалуы 

мүмкін болмады. Содан да олар соңына ерген әскермен ізіне түскен бұқарлықтардан және орыс әскерінен 

бой тасалап, Нұратаға, одан әрі Хиуа хандығына қарай шегінеді. Олардың әскери іс-қимылдары туралы 

сол кездегі орыс баспасөзінде кеңінен сөз болды. 1869 жылдың көктемінде өз қосынымен Хиуаға өткен 

Сыздық  Кенесарин  мен  Телқожа  батырды  ІІ  Мұхамед  Рахым  хан  (Феруз)  (Мұхамед  Рахым  1865-1910 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет