Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет284/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

жылдары  Хиуаны  билеген  хан.  Ол  қоңырат  тайпасының  билеушілері  әулетінен  болатын.  Оның 

Телқожаға іш тартуына саяси мүдделестікпен бірге осындай туыстық жақындықтың да елеулі ықпалы 

болғандығын  аңғаруға  болады  –  авт.)  құшақ  жая  қарсы  алып,  өз  қызметіне  қабылдайды.  Оның  мәнісі, 

1869-1872 жылдары Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфман Хиуа ханына орыс иелігіне өз еркімен 

қосылу туралы екі рет талап хат жолдаған. Ол талапты қабылдаудан бас тарта отырып, Мұхамед Рахым 

хан отаршылардың шабуылына тойтарыс беруге дайындала бастаған. Содан да өзінен саяси баспана іздеп 

келген  Сыздық  сұлтан  мен  Телқожа  батырға  жағдай  жасап,  олардың  иелігіне  Амударияның  оң 

жағалауындағы Шаббаз бектігінен 900 танап (250 га шамасында) шұрайлы жер бөліп береді. Сонымен 

бірге  Мұхамед  Рахым  Сыздық  сұлтан  Кенесаринді  қазақ,  қарақалпақ,  түркімен  рулары  мекендеген 

Шавват, Мойнақ, Қожейлі, Қоңырат аумағының бектігіне наиб етіп тағайындап, осы иеліктерден салық 

жинау және кедендік бақылау қызметін тапсырады. Осы жерде назар аударатын жағдай, Хиуада қызмет 

еткен  кезінде  Сыздық  Кенесарин  Садық  сардар,  Садық  Бухонтов  фамилиясымен  танылады.  Бұндай 

фамилияның  берілуі  оның  Хиуаға  келгенге  дейін  «ауырып,  Қызылқұм  ішінде  Бұқан  тауында  үш  ай 

жатқандығымен» [1, 41б] байланысты болса керек. Әрине, орыс әскеріне қарсы жасаған жорықтары мен 

Бұқар  әмірлігіндегі  ханзада  Әбділмәліктің  көтерілісіне  қатысқан  әрекеттерін  жарнамалағысы  келмеген 

Сыздық  Кенесарин  үш  ай  мекен  еткен  жердің  атымен  «бұқанттық  Садық»  -  Бухонтов  Садық  болып 

аталуы қисынға келеді. Өзбекстан мұрағаттарында және экспедицияларда жинақталған деректерде оның 

Сыздық  Кенесарин  деген  есімі  емес,  көбіне  Сыддық  төре,  Садық  Сардар,  Садық  Бухонтов  деген 

есімдермен кеңінен танылғандығы белгілі болды.  

Осы кезде қарамағында 2000 нөкер болған Садықтың негізгі қызметі жақындап қалған орыс әскерінің 

шабуылына тойтарыс беруді ұйымдастыру еді. Түркістан өлкесінде ең алғашқы қазақ тіліндегі баспасөз 

органы  - генерал-губернатордың ресми газеті  «Туркестанские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде 

1870-1882 жж. «Түркістан уалаятының газеті» жарық көрген. Газет Жетісу және Сырдария облыстарына 

кеңінен  тараған.  Ресми  газеттің  қосымшасы  болғандықтан  да  онда  көбіне  аударма  материалдар 

жарияланып,  отарлық  биліктің  саясатын  насихаттады.  Содан  да  газет  бетінде  орыс  отаршыларына 

қарсылық  көрсеткен  ұлт-азаттық  қозғалыс  барысына  отаршылардың  көзқарасымен  баға  берілген 

материалдар  жарық  көрді.  Мысалы,  газеттің  1871  ж.  2  санында  қазақ  халқының  қас  жауы  Кенесары 

Қасымовтың баласы Садық сұлтан Сырдарияның сол жағалауындағы қазақ ауылдарына Хиуа ханының 

айдап салуымен жиі шабуыл жасайды деген мәлімет жарияланған [3, 74 б]. 

Хиуа хандығында Телқожа батыр Сарыби қыстағында шаруашылық жүргізіп, отбасын құрады және 

қазақ, өзбек, қарақалпақ жігіттерін әскери өнерге дайындауымен қатар 400 нөкерімен Хиуа хандығының 

Дарған атадан Арал теңізіне дейінгі шекарасын күзетеді. Ол Нұрмұхамед жүзбасы, Қадырберген жүзбасы, 

Абдулла  жүзбасылармен  бірге  орыс  әскерінің  Қызылқұмды  басып  өту  бағыттарын  зерттеп,  оларға 

тосқауыл қоюды ұйымдастырады. 




Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

209 


1873  ж.  ақпан-мамыр  айларында  генерал-адьютант  К.П.  фон  Кауфманның  қолбасшылығымен  орыс 

әскері Хиуаға жорық жасайды. Садық сардар мен Телқожа мың қаралы жасақпен осы жорыққа шыққан 

әскердің  жолын  бөгеуге  қатысады.  Олар  Ташкент-Хиуа  бағытындағы  керуен  жолының  бойында 

орналасқан  60  құдықты  көміп  тастап,  оқтын-оқтын  отаршылардың  керуендеріне  шабуыл  жасайды. 

Олардың осындай тегеурінді қарсылығы арқылы бейбіт жағдайда 15-16 күнде жүріп өтетін жолға орыс 

әскерлері  101  күн  жұмсайды.  Профессор  Е.Желябужский  «Очерки  и  завоевания  Хивы»  еңбегінде 

«шөлден,  індеттен  және  әскерге  көрсетілген  қарсылықтан  13  мың  орыс  солдатының  7,5  мыңы  ғана 

Хиуаға  жетті»  деп  жазды.  Сонымен  қоса  орыс  әскері  лауға  алған  бес  мыңнан  аса  күш-көлігінен 

айрылады.  Осы еңбекте 6 мамырда  Алтықұдық  пен Адамқырылған арасында  орыс әскеріне таңғы  4-те 

генерал-майор  Бардовскийдің  қосынына  танымал  дала  қарақшысы  Садықтың  басшылығымен  200 

түркімен  және  соған  шамалас  қырғыз  (қазақ)  әскері  шабуыл  жасағандығы  жазылған.  Орыс  әскери 

керуенінің  қозғалысын  қадағалап  отырған  Садық  Үш  шошақтан  (орыс  деректерінде  «Три  холма»  деп 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет