Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет467/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

382 


Құлжада  және  арнайы  Шәуешекте  қазақтарға  арнайы  рыноктар  қалыптастырды.  Бұнда  қазақтар 

отарымен қой, жылқы әкеліп тұрған.  

Құлжа  келісімі  алдында  Ресей  мен  Қытай  арасында  құрлықтағы  сауданың  көпшілігі  Кяхта  жолы 

арқылы өтті. Қытай мен сауда байланысын кеңейту үшін Құлжа келісімінің ролі зор. Келісім бойынша екі 

жақ  салықсыз  сауда  жүргізуге  келісті.  Орыс  көпестерін  Қытай  күзетшілерi  қорғауы  қажет  болды.  Бұл 

келісімнің барысында Қытайда Ресей керуендерінің келуінің белгілі бір мерзімі белгіленді. 25 наурыздан 

10 желтоқсанға дейін енгізілген. Белгіленген  уақыттан кейін Ресей керуендерінің келуі тоқтатылған [6]. 

Құлжа келісімінің басты мақсаты, саяси мүдделерден туындады. Олардың бiрiншi мақсаты Мемлекеттік 

шекараны  күзету,  қорғау.  Сауда  саттықты  дамыту  және  Шығыс,  Орта  Азиялық  аймақтардың  тауар 

айналымын кеңейту.  

Орынбор  және  Батыс-Сібір  кеден  кешендерінде  және  осы  аймақта  орналасқан  кедендер  мен  керуен 

жолдары  өтетін  тіректерде  Азиялық  тауарлардың  Орынбор  және  Сібір  линияларындағы  айналымына 

салынатын  салықтан  босатылды.  1867  жылғы  21  қазандағы  кеден  департаменті  Орта  Азиялық  сауда 

саласына еркіндік берді. 1851 ж. Қытай мен Ресей арасында сауда келісім-шарты жасалмақшы болып алға 

қойылды. Бұл келісім шартта екі жақтың саудагерлерінің құқықтары талқыланды. 

Онымен  қатар  Батыс  Қытай  кедендік  басқармасы  аталған  кезеңде  Семей  әскери-губернаторына 

Шәуешекте  шетелдіктерге  сауда  жасауға  Ресей  чиновниктері  арасында  келісім-шартқа  қол 

қойылмайтындығын рұқсат берілмейтіндіктерін айтқан. Бұл мәселе жөнінде 1851 жылғы Қытай менен екі 

арадағы Құлжа келісім-шарты орнына жаңа сауда келісім шартының қажеттілігі туындай бастайды.  

Семейден Зайсан арқылы өтетін сауда керуендері Қобдаға немесе көшпелі қазақтар мен торғауыттарға 

жылжиды. Осы аталған кезеңде Шәуешекте жоғарыда аталған қазақтар келген саудагерлерден белгілі бір 

пайыз салық алынып отырған. Сонымен қатар салық мөлшерін күннен-күнге өсіріп отырды.  

1857  жылы  шыққан  Қытай  сауда  кедендік  уставының  2092-ші  бабында  Батыс  Қытайдың  Құлжа, 

Шәуешек қалаларына Ресей саудагерлерінің барлық үш гильдиясына айырбас саудасына рұқсат етіледі.  

Бұл  бап  1863  жылы  сауда-саттық  жағдайындағы  салықтық  құқтарға  байланысты  өзгертілді.  Ол 

бойынша Шәуешек, Құлжа т. б. Батыс Қытай аймағына сауда жасауға бірінші және екінші гильдиялық 

саудагерлік куәлік алғандарға ғана рұқсат берілді. Бұндағы сауда жалпы жағдайға байланысты жасалды.  

Бұл  бойынша  тауар  айырбас,  тұтыну,  алтын,  күміс  т.  б.  заттармен  сауда  жасау  барысында  олардың 

көлеміне шек қойылмады. Батыс Қытай саудасына байланысты 1869, 1876, 1879 жылдары заңдар шықты. 

Осы  заңдардың  6-шы  бөлімдерінде  Батыс  Қытай  арасындағы  айырбас  саудасы  1868  ж.  22  сәуірдегі 

қаулыға байланысты алынып тасталды.  

Көкпекті  көпесі  Дамина  Абдрашитов  1875  жылы  өзінің  көмекшісі  Зайнул  Ғайбулинді  Қытай  елінің 

қаласы  Шыңжанға  тауар  менен  сауда  апаруға  жіберді.  Қайтар  жолда  күміспен  Шыңжан  қаласынан 

шығып  сол  жерге  жақын  Уорун  елді  мекенінде  оны  қытайлықтар  тонайды.  Бұндай  жағдайлар  көптен 

кезігіп отырған. Келiсiмшарттарда бұндай мәселелер туралы белгiлi шешiмдер жасалмаған.  

1875 ж. Қытай аймағындағы Бұлун Тоқай аймағындағы Қытай қол астындағы қалмақ Крон ауылына 

қонған  қазақ  саудагерiн  осы  ауылға  қонған  күнi  тонайды.  Сол  күні  оның  екі  аты  ұрланады.  Басқару 

орындарға  шағымданғанымен  шара  қолданылмайды.  Бұл  да  қазақ  саудагерлерiнiң  сол  қоғамдағы 

құқықтық теңсiздiгiнiң бiр мысалы.  

Зайсан  қаласына  сондай-ақ  Монғолиядан  тауарлар  әкелінген  Қытай  мен  сауда  байланысында  тауар 

түрлерінің бірі шай саудасы. Осындай шай саудасы жөнінде мұрағат деректерінде 1891 ж. шай саудасы 

жүргізілген әкелінген шайларда мөрлеу болмаған және шай тамақ болмағандықтан шай қаптарға салынып 

жеткізілген. 

ХІХ ғасырдың аяғында саудагер Абдишев әкелген шайлар жәшiктерге салынып әкелінген еді. Бұл шәй 

саудасы саласындағы біраз жылдардан бері бірінші рет кезігіп тұр. 

 Қазақ қозғамында ауылдар арасындағы саудада саудагерлер несиеге де сауда жасаған. Мысалы 1871 

ж.  Көкпектінің  қазағы  саудагер  Шарып  Бексүгіров  Зайсан  уезінің  Керей  болысының  Өміржан  Шубаев 

қарыз кітапшасын беріп сол болыстағы қарыздарды жинап беру үшін тапсырды [7]. 

 XIX  ғ.  екінші  жартысында  Зайсаннан  Қытайдың  Баркуль,  Гучень  және  Үрімші  қалаларына  Қытай 

армиясына астық тасылған. Осы кезеңде Қытайда Дүнген көтерілісі болып жатқан еді. Оған қарамастан 

керуендер  Қытайға  өтіп  жатты.  1876  ж.  Зайсанда  казак  әскерлеріне  қарамастан  Дүнгендер  керуенді 

тонаған. Содан кейін үкімет Арқат тауы арқылы жүруге үлкен фирмаларға тиым салған. Зайсандағы iрi 

фирмалардың бiрi Каменский фирмасының керуенін тонаған.  

Қытай елімен Қазақстанның Шығыс қалалары арасындағы сауда-саттық барысында қай кезеңдерде де 

қиындықтарға кездесіп отырған.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет