Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
383
1877 жылы Қытай еліндегі Дзо-Цунь-Тан бұйрығыменен біздің саудагерлерге қалада сауда жасауға
тыйым салады. Оның айтуы бойынша орыс саудагерлері Қытай аймағында сауда жасау үшін Цунь-Танға
Ресейлік чиновник жіберіліп арнайы сауда-саттық келісім шартын жасауы керек деп шарт қойды.
Дегенмен де, бұл мәселе бірнеше келіссөздерден кейін және Ресей тарапынан аздаған сыйлықтар
тапсырылғаннан соң өз шешімін тапты. Ресей шенеуніктері қазақтарға ең алдымен мал саудасын жасауға
рұқсат етті, сонымен қоса басқа тауарларға да рұқсат біртіндеп беріле бастады. Дзо-Цунь-Тан Батыс
Қытайдың кеден ведомоствосының басшысы. Дегенмен де бұл реттегі саудаға рұқсат етілгенімен олардан
Чәуешек қаласына сауда саласына жаңа келісім шарт жасалмайынша бұл қалаға сауда жасауға
келмейтіндіктері туралы қолхат алады. 1877 жылға қарағанда қой малының құны төмендеген және басқа
да тауарлар төмен бағада сатылғандықтан саудагерлер бұған разы болмаған.
Қытай империясымен сауда жасайтын Зайсан саудагерлері шекара аймағынан өтер кезде шекаралық
билеттермен өтіп отырған бұл билеттерді уез басшылары алдын-ала жоғарғы жақтан берілген
бланкаларға жазып, толтырылған билет берілген өз әкімшілігі ол бланкiде уездік әкімшіліктің аты,
саудагердің аты-жөні, тауары жазылып қазналық мөр басылады. Ал Қытай аймағына тауарсыз барғанда
уездік әкімшіліктен лигитимациялық билеттер арқылы өтіп отырған.
1880 жылдары Зайсан кедені учаскесінің басшысы Попов болған және бұл Зайсан қаласында
Бекшентаев, Абылқановтардың сауда үйлері болған. Бекчентаев, Абылқанов сауда үйі 540 қалмақ шәйін,
10 жәшік түйiршiктелген шәй, 300 кірпіш шәйін қытай аймағынан әкелген. Бұл Зайсан бекінісіне 40
жәшiк қалмақ шәйін, 2 жәшік түйiршiктелген шәй, 300 кірпіш шәйін сату үшін белгілі мөлшерде салық
төледі. 286 сом сырттан әкелгені тауар үшін төледі.
Батыс Қытаймен шекаралық аймақтағы Зайсан кедендік учаскесінің 1876 жылы шығыны.
Басқарушы 2000 с.
Оның жүріс тұрысы 500 с.
Көмекшісі 1200 с.
Алқабек пунктінің көмекшісі 1200 с.
Канцелярия чиновнигі 480 с.
Керуен жүргiзушiсі 600 с.
Күзетшілері 440 с.
ХIХ ғасырдың барысында Зайсан қаласы мен Қытай империясы арасында сауда (жолдары) керуендері
өтіп жатқан. 1877 жылғы осындай керуендердің бірі жайлы деректерде былай келтірілген: Батыс Сібір
генерал-губернаторына берілген мәлімдемеде көкек пен мамыр айларында 14 керуен 30 жұмысшысы
менен 83 арба және 14 түйеге артқан 110699 сом қаржы көлемінде тауар, оның ішінде 74 түйе, 505
жылқы, сиыр 370, 9452 бас қой, осы тауарларды қорғау үшін күзетшілер 41 мылтық, 22 тапаншалары
болған, тауарлардың ішінде нан өнімдері болмаған [8].
1881 ж. Ресей мен Қытай арасында Пекин келісімі жасалды. Бұл бойынша Орыс шекарасы Нарын
даласынан Зайсан өзенінің оңтүстігіне қарай жетті және Тарбағатай арқылы Тянь-Шаньға қарай бойлап
жатты. Бұндай территорияның ұлғаюы сауда айналымын қытайлармен және монғолдармен жүзеге
асырды, олардан шәй мен шикізаттарды сатып алып, оларға фабрикалық бұйымдарды сатты. Бұндай
сауда айналымы Зайсан өңірі арқылы өтті. Сөзіміз дәлелді үшін Ж. Қ. Қасымбаевтың «Города восточного
Казахстана» деген кітабындағы мына бір таблицаны [9] дерек ретінде келтірдік:
Кесте 2
Зайсан кеденіндегі шай саудасының жалпы көлемі .
Кеден аты
жыл
шәй
түйiршiктелген
салық
кiрпiш
шәйі
Белгіленген
салық
Кеден
Зайсан
1894
1895
1896
1887
11 п. 25ф
7п. 17ф.
-
9п. 31ф
447р. 10т
288р. 60т
-
351с. 90т
1п. 33ф
9п. 30ф
22ф
7п. 11ф
240с
143с 80т
5с
79с 90т
Бұндай сауда айналымы Зайсан өңірі арқылы өтті. Бұл жерде екі үлкен маңызды сауда жолы болды.
Ол Шәуешек пен Зайсан жолдары болды. Осы жерлерге өз үстемдігін орнату нәтижесінде Россия
ешқандай қауіпсіз сауда байланысын жүргізуге жол ашар еді.
|