Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
63
шарықтап кетуімен ұласты. 1945 жылдың тамыз айы мен 1946 жылдың шілде айы аралығындағы
гиперинфляция, Венгрия тарихында болып көрмеген қиратпа күшпен қалды [2, 33].
1946 жылы ақпанда Венгрия Республика болып жарияланып, елдің президенті – Золтан Тилди, ал
премьер-министрі – Ференц Надь болады. Алайда Одақтастар комиссиясы бақылау жасап отырған
коалициялық үкіметтің билігі күштірек еді, оны кеңестік маршал К.Е. Ворошилов басқарып, елдегі
түйінді орындардың барлығы коммунистердің қолына шоғырланды.
1947 жылғы Париж бейбіт конференциясы Трианон бейбіт бітімінің талаптарына сай Венгрияның
шекарасын қалпына келтіреді және Венгрияны Кеңес Одағы, Югославия мен Чехословакияға репарация
төлеуге міндеттейді. Коммунистер Ұсақ ауыл шаруашылық партиясы мен Ұлттық-шаруалар
партиясының алдыңғы қатарлы көшбасшыларын тұтқындайды, Бел Ковачта қамауға алынады. Ал елдің
премьер-министрі Ференц Надьтың батыстық державалардан көмек сұрауы әурешілік болды, осы жылы
оған «қастандық ұйымдастырушы» деген жала тағылып, нәтижесінде шетелге эмиграцияға кетуіне тура
келді. Коммунистік саясат шіркеуді де жәйден-жәй қалдырмайды, кардинал Миндсенти және лютерандық
епископ Ордаш, басқа да көптеген діни қызметкерлер тұтқынға алынады, діні ұйымдар таратылып,
шіркеулер мен шіркеулік мектептер мемлекет қарамағына беріледі.
1949 жылы 20 тамызда кеңестік үлгілегі жаңа Конституция қабылданады. Сталиннің саясатын
басшылыққа ұстанған Матьяш Ракоши осы кезде бүкіл елге бақылау жасап отырады, яғни оның режимі
барысында ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономикада саяси террорлық сипат қарқындап кетеді. Ол
концлагерлер ашып, онда жаппай елдегі «капиталистік тыңшыларды» қамаумен айналысады. Бүгінгі
таңдағы мәліметтер бойынша Матьяш Ракошидің билігі тұсында Венгрия халқының 3,5 миллион
адамдары әртүрлі себептермен саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі [3, 51].
Ал экономиканы тез қарқынмен мемлекет қарамағына өткізгеннен кейін, 1948 жылы жазда венгерлік
халық шаруашылығы әкімшілік принципке көше бастады, яғни 1950-1954 жж. бірінші бесжылдық
жоспары қабылданды [4, 84, 102]. 1949 жылы жазға қарай коммунистердің лидері Матьяш Ракоши
«қақталған шұжық турау әдісін» (өзінің барлық саяси бәсекелестерін кезең-кезеңмен жаппай репрессияға
ұшырату) пайдалана отырып, елді дамытудың «таза сталиндік жолына» көшеді. Коммунистер
экономиканы басқарудың әкімшілік жүйесін орнатты. Бұл өз кезінде Венгрияның көршілері, мәселен
Польша немесе Югославиямен салыстырғанда барлық салада әлдеқайда күшті жүргізілді, өйткені Ракоши
режиміне ешқандай қарсылық көрсетілген жоқ. Матьяш Ракошидің ең жақсы көретін ұраны: «Ешқандай
шек жоқ – тек аспанда жұлдыздар ғана» [5, 42], сондықтан бұл жүйеде ешқандай өзгеріссіз өмір сүру
ондаған жылдарға созылды.
Ал 1953 ж. Сталин қайтыс болысымен сталиншыл Матьяш Ракоши тез арада Кремльден сөгіс алды
(тіпті Лаврентий Берияның өзі оны «еврей сияқты венгерлік билікте сионизм қорығын жасады» деп
айыптапты). Венгрияда Министрлер Кеңесінің төрағасы Имре Надь болады, әрине ол Ракошимен
салыстырғанда басқа саясат ұстанды [6, 113]. Бірақ оның «басқа саясаты» жақсы жағынан бола қойған
жоқ, кейбір деректерге қарағанда Имре Надь «Берияның адамы болатын», соғысқа дейін-ақ ол кеңестік
НКВД-ның ақпараты бойынша венгерлік коммунистердің арасынан шыққан [7, 143]. Сонымен жаңа
басшы толығымен коммунистік ортадан шыққан және «коммунисшілдіктен» басқа ештеңе білмейді.
Имре Надь билік құрып тұрған кезде Венгриядағы ауыл шаруашылығында кооперативтерді құру
үдерісі тоқтатылды. Қаланың ұсақ өндірушілері өз өнімдерін шығаруға лицензия алды. Ал экономиканың
басым бөлігі кеңестік үлгі бойынша құрылғандықтан айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Сондықтан
Надьтың елді дамытуға деген жоспары бола қойды деуге сену қиын. Ол билік құрған жылдары ешқандай
нақты реформалық қадамдар жасалған жоқ. Надьтың экономикалық бағыты КСРО-ғы Маленковтың
бағытына ұқсас болды, яғни халықтың қолданысындағы тауардың өндірісін дамыту есебінен дәулетті
арттыру. Ал бұл кезде Венгрияның оңтүстік көршісі Югославия мен солтүстік көршісі Чехословакияда
нарықтық социализм жолына түсіп жатқан болатын. Саясаткерлердің пайымдауынша: «венгерлік
басшылар кейбір артта қалушылықпен СОКП-ның барлық саясатын қайталап отырды»,-деп жазды [8,
120]. Дегенмен осымен қатар халықта қандайда бір өзгеріс байқала бастады деуге де болады.
СОКП-ның ХХ съезі мен Польшадағы халықтық қозғалыстың әсерінен Венгрияда 1956 жылы өзгеріс
басталды. 1956 жылы күзде Будапеште болған демонстрация жаппай белсенді сипат алды, яғни мұндай
оқиға шығыстық блоктағы елдердің ешқайсысында болмаған еді. Бұл халықтық толқу кеңестік әскердің
көмегімен басып-жаншылып, премьер-министр Имре Надь ату жазасына тартылады. Бұл кезде Надь
Югославияның елшілігіне барып жасырынған болатын. Бірнеше уақыттан кейін оны жаңа үкіметі өмір
сүруін тоқтатты. 1958 жылы мусымда сот оны «отанын сатқан» деп айып тағып, Имре Надь өлім
жазасына кесілді.1956 жылдың қазан айында орын алған бұл оқиға экономикалық емес саяси құбылыс
болды. Егер оны «экономикалық»
|