ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
62
Қазіргі венгер халқының мәдени өмірі Х ғасырдан, яғни І Иштван патша тұсынан бастау алады. Осы
кезде мемлекет батысеуропалық үлгі бойынша құрылды, ескінің көзі жойыла бастады, шығыс мәдениетің
кейбір тұстары күйреді. Римдік-католик шіркеуі қолданып отырған латын тілі Венгрияның «арнайы» тілі
болып белгіленді. Бұл әсіресе Ортағасырлар кезінде ерекше көрініс тапты, өйткені көптеген
жылнамашылар мен педагог ғалымдар діни қызметкерлер болатын. Қайта өрлеу дәуірінде ғалымдар мен
өнер шеберлері, барлық гуманистердің қамқоршысы болған Митиаш І Корвин патшаның сарай маңына
жиналды. Ал 1825 жылы құрылған «Венгерлік Академия» өз заманында батыстық элементтерді венгерлік
мәдениетке ассимиляция жасады. ХІХ ғасырдың соңында елдің мәдени өміріне венгерлік еврейлердің
ықпалы күшті болды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін елдегі алдыңғы қатарлы интеллектуалдар
ұлттық мәдениетті батыстық үлгіде дәріптеумен айналысты, ол топ «Ньюгат» (Батыс) деген атпен
танымал болды. Бұл «Шығыс халықтарына» қарсы оппозиция сияқты көрініс тапты.
Венгрияны көбінесе бір ұлтты мемлекет деп атайды. Мұны түсіндірер болсақ, жергілікті халықтың тек
3% ғана басқа тілде сөйлейді. Сонымен бірге венгерлерден басқа бұл елдің территориясында немістер,
словендер, хорваттар, сербтер, румындар, сығандар және еврейлер өмір сүреді. Дегенмен ХХІ ғасырдың
басында елде жүргізілген санақ бойынша жергілікті халықтың 97% венгерлер. Көптеген жүзжылдарға
созылған түркілердің немесе словяндардың шапқыншылығына қарамай-ақ вегер тілі өзінің ерекшелігі
мен түпнұсқалығын сақтап қалды. Елде сонымен қатар 260-қа жуық мәдени орталықтар мен діни
бірлестіктер бар. Мұндай көрсеткіштерге қармай-ақ елдегі үстемдік етіп тұрған дін католиктік болып
табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа мемлекеттеріне үлкен экономикалық және демографиялық
шығын алып келді. Өндірістік және көлік инфрақұрылымының бүлінуі, инфляцияның өсуі, дәстүрлі сауда
байланыстарының бұзылуы және күнделікті тұтынушылық тауардың жетіспеушілігі, аймақтағы
мемлекеттердің басты мәселесіне айналды.
Соғыстан кейін көптеген шығындарға тап болған елдерге тән соғыс алдында бұл елдер әлеуметтік-
экономикалық даму жағынан биік сатыда болған - Польша, нацистік оккупация жылдарында толық
күйзеліске ұшырады, Венгрия Германия одақтастары арасындағы соғыстың аяқталу қарсаңында және
кеңес оккупациясының алғашқы жылдарында ең көп зардап шекті, Чехословакия бірнеше территориялық
бөлшектенуді басынан кешірді. Шығыс Еуропаның әлемдік өнеркәсіп пен өндірістегі үлесі екі есе
төмендеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Шығыс Еуропада болған территориялық бөліністер 1918-
1920 ж.ж. сияқты ірі көлемді болған жоқ, бірақ аймақтың саяси картасы өзгерді. Олар Потсдам және
Крым (Ялта) конференцияларындағы келісімдер, герман блогына қатысқан мемлекеттермен бейбіт
бітімдер, сонымен қатар КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы 1944-1946 жж. шарт
жасасқан бірнеше келісімдер. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай Шығыс Еуропа
мемлекеттеріндегі қалыптасқан ішкі саяси жағдай күрделі еді. Авторитарлық фашистік режимнің күйреуі,
халықтың кең түрде қарсыласу қозғалысына қатысуы, мемлекеттік саяси жүйенің терең өзгеруінің
салдарын тудырып жатты. Бірақ шын мәнінде демократиялық қайта құруларға дайындық үстіртін сипатта
болды. Авторитарлық саяси психология соғыс жылдарында сақталып қана қоймай, сонымен қатар
нығайып та үлгерген.
Шығыс Еуропа мемлекеттерінде билік басына келген жаңа мемлекеттік элитаның басым бөлігі
авторитарлық саяси мәдениетінде қалыптасқан болатын. Осы саясаткерлердің көпшілігі өз өмірін
бұрынғы режиммен күресуге арнады. Бастарынан түрмені, айдауды, эмиграцияны кешірді. Соғыстан
кейін Шығыс Еуропаның саяси өмірінде күрес рухының заңы орнады. Бұған ықпал еткен қоғамдық
үлгідегі идеологиялық жүйенің қарама-қайшылығына толы соғыс мұрасы, национал-социализмнің
жеңілісі, басқа қарсыластарды коммунизм мен либералды демократияны бетпе-бет қалдырды. Ұлттық
идеяның ықпалының өсуімен де жағдай қиындатылып отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Венгрияға Қызыл Армия әскерлері орналастырылған соң, мұнда
«үлкен аға» үлгісінде кеңестік әкімшілік-шаруашылық жүйесі құрылды. Сонымен 1945 жылы 4 қарашада
Крым (Ялта) конференциясының шешімдеріне сай елде сайлау болады. Сайлаудың қорытындысы
бойынша парламенттегі 409 орынның 245 орынын Ұсақ ауыл шаруашылық партиясы иемденді, 70 орын –
коммунистерге, 69 – орын социал-демократтарға, 23 – Ұлттық шаруалар партиясының өкілдеріне, 2 –
орын Азаматтық демократиялық партияның өкілеріне тиесілі болды. Елдің билігін қолдарына алған Ұсақ
ауыл шаруашылық партиясының өкілдері үлкен мәселелерге тап болды, мәселен соғыстан кейін венгерлік
экономиканың әбден берекесі кетіп, күйреген болатын. Ал экономиканы қалпына келтіруге жұмсалған
ақша, енді қаржы тапшылығына алып келді [1, 32-33]. Баға өсіп, мұның ақыры инфляцияның тез