Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет96/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

64 


Венгриядағы осы «кіші-соғыстан» кейін 2 652 венгр және 661 кеңестік солдаттар қаза болып, 26 адам 

қуғын-сүргінге  ұшырайды.  Жүздеген  мажорлар  өз  отардарынан  қашып,  көрші  Австрияға  барып  бас 

сауғалайды,  мұндағы  Грац  қаласының  маңында  тіпті  босқындар  лагері  құрылады.  Мысалы, 

босқындардың ішінде Ференц Пушкаш, Шандор Кочиш және т.б. Венгрияның спорт шеберлері де болды. 

Нәтижесінде Кеңес Одағы социалистік лагердің бірлігін тағы отыз жыл ұстап тұруға қол жеткізді.  

Венгрияда 1956 жылғы көтеріліс басылғаннан кейін 33 жыл социалистік құрылысты салумен болды. 

Дегенмен Янош Кадар социалистік елдердің басшылары арасындағы ең демократы болды. Венгриядағы 

сияқты  еркіндік  басқа  ешқандай  елде  болған  жоқ.  Осы  оқиғадан  кейін  Венгриядағы  қираған  жерлерді 

қалпына  келтіру  үшін  Кеңес  Одағы  миллиардтап  ақшалай  көмек  көрсетеді.  Венгерлік  тауарлар  КСРО-

ның  тұрақты  қолданыстаға  нарығына  айналды.  Қазіргі  кезде  Венгрияда  Имре  Надьты  ұлттық  батыр 

санайды,  ал  КСРО  мен  қазіргі  Ресейде  көпшілігі  «бостандыққа  қарай  қозғалысты»  тоқтатушы 

«қолшоқпар»  деп  есептейді.  Арнайы  түрде  тарихтың  бұл  беті  жабылғанмен  венгерлік  қоғам  үшін  ол 

ешқашан ұмытылмайды.  

Көтеріліс  басылғаннан  кейін  Венгрияда  коммунистік  билік  толығымен  қалпына  келтірілді.  Янош 

Кадар (Кадар – саяси лақап аты, оның шын фамилиясы Черманек) табиғатында реформатор болған емес, 

дегенмен  экономиканың  кеңестік  үлгісін  жақсы  жүргізе  білді  [9,  36].  Кадар  билік  басында  болған 

жылдары Л.Брежневпен де жақсы тіл табыса білді, яғни Кремльдің саясатын «жақсы» орындап отырды. 

«Үлкен ағаға» деген сенімділігін сөзбен де іспен де адал орындай білді.Нағыз экономикалық реформалар 

Венгрияда  60-шы  жылдары  басталды.  Венгрия  социалистік  жұмысшы  партиясы  (ВСЖП)  Орталық 

Комитетінің пленумында елдегі экономикалық жағдайды жақсарту үшін арнайы көмиссия құрылып, оны 

бұрынғы социал-демократ Реж Ньерш басқарды. Соңғы шешім 1966 жылы мамырда қабылданып, 1968 

жылы жаңа экономикалық механизм өз жұмысын бастайды [10, 24-25, 72-73].  

70-80-ші  жылдары  Венгрияда  «қыдырымпаз  коммунизм»  деп  аталатын  жүйе  қалыптасты.  Онда 

кеңестік үлгідегі экономикалық қағидалардан біртіндеп бас тарта бастады. Мұндай жағдай Югославияда 

және  Прага  көктемінен  кейін  Чехословакияда  да  орын  алған  болатын.  Янош  Кадар  елдегі  саясатты 

тұрақтандыру үшін «ымыраластыру» саясатын ұстанды. Мәселен, Ракошидің қысқа желідегі тезисі: «Тот, 

кто  не  с  нами,  тот  против  нас»  болса,  ал  Кадардың  тезисі:  «Кто  не  против  нас,  тот  с  нами»  болды. 

Қандайда  бір  жеккөрінішті  сталиншылдар  қуғын-сүргінге  ұшырады,  ал  университеттер  «тап 

жауларының» балаларын қабылдай бастады, жұмысты кәсіпқойлықты партияның жоғарғы мүшелері де 

бағалай  бастады.  Парасатты  адамдар  үлкен  еркіндікке  қол  жеткізді,  оларға  батыстық  әдебиеттер  мен 

фильмдерге  қол  жеткізу  мүмкіндігі  берілді.  Римдік-католиктік  шіркеумен  ара  қатынас  қайта  қалпына 

келтіріліп,  реттелді.  Алайда,  мұндай  ішкі  реформаларға  қарамай-ақ  Венгрия  Чехословакиядағы 

демократиялық  реформаларға  қатысты  жауластық  позиция  ұстанды.  Нәтижесінде  1968  жылы  Кеңес 

Одағы мен басқа одақтастарға қосылып Чехославакияға басып кірген болатын.  

Венгрия социалистік жұмысшы партиясында 1989 жылы басшылық ауысады, партияның идеологиясы 

социал-демократия  деп  жарияланады,  ал  партияның  өзі  атын  Венгрия  социалистік  партиясы  деп 

ауыстырады,  бір  партиялық  жүйе  жойылады,  бірнеше  либералды  партиялар  құрылады  –  Еркін 

демократтар  альянысы,  бірқатар  консерваторлық  партиялар  да  құрылады  –  Венгерлік  демократиялық 

форум,  Тәуелсіз  ұсақ  шаруашылық  партиясы,  Христиан-демократиялық  халықтық  партиясы,  Венгрия 

азаматтық  одағы.  Венгрия  қайтадан  Венгрия  республикасы  деп  жарияланды  –  яғни,  Венгрияның 

тарихында  үшінші  демократиялық.  Сыртқы  саясат  өзгереді  –  ел  енді  Еуропаға  қайта  оралу  бағытын 

ұстанады. 

Шығыс Еуропадағы барлық «барқыт революцияларының» ішінде Венгриядағы революция бәрінен де 

«нәзік»  болды.  Мәселен,  Венгрияда  басқа  югославиялық  республикалар,  немесе  Румыниядағы  сияқты 

аяусыз  күшті  азамат  соғысы  болған  жоқ,  оппозицияның  бастауымен  ұзақ  уақыт  бойы  үкіметте  қарсы 

тұрған  Польшадағы  сияқты  саясат  орын  алған  жоқ,  тіпті  Чехословакия  мен  Словениядағы  сияқты 

мыңдаған адам қатысқан демонстрациялар да болған жоқ. Бұл кеде Венгрияда ең жарқын оқиғалардың 

бірі  Имре  Надьты  салтанатты  түрде  қайта  жерлеу  болды  (оның  үстіне  осы  шаралар  барысында  Янош 

Кадар қайтыс болып, оны да ерекше атап өтті). Сонымен 1989 ж. жаздағы жаңа саяси жүйеге өту кезеңі 

жәй бейбіт келіссөздер үдерісінің нәтижесі болды. Мұны билік басындағы партиялардың түп-тамырымен 

өзгергенінен байқауға болады.  

Мәселен,  бұл  жылдары  елде  үш  топ  бәсекелестік  танытып  отырған  болатын,  олар:  Кадардың 

басшылығындағы лояльды социалистер, Гростың басшылығындағы коммунист-реформаторлардың жаңа 

ұрпағы және Ньерш мен Пожгаи басшылығындағы реформатор-социалистер. Ал 1989 жылы жазда жас 

технократ-прагматиктер  алдыңғы  қатарға  шыққанан  соң  жағдай  түбегейлі  өзгерді  40-жастағы  премьер-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет