Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет97/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

65 


министр  Миклош  Немет,  47-жастағы  қаржы  министрі  Ласло  Бекеши,  сонымен  бірге  Петер  Медьяши, 

Ференц Глатц және т.б. билік басындағылар [11, 21]. Осындай саясаттан кейін 1990 ж. жазда Венгрияда 

еркін демократиялық үлгідегі сайлау болады. 

1990  жылы  наурызда  Мемлекеттік  жиналысқа  көппартиялы  сайлау  болады  (1947  жылдан  кейін), 

бірінші  орынды  консервативті  партия  болып  тұрған  –  Венгерлік  демократиялық  форум  иемденеді, 

үкіметті  осы  партияның  өкілі  Йожеф  Анталл  басқарады.  Мемлекеттік  жиналысқа  сайлаудағы  386 

орынның 33 – Венгерлік Социалистік партиясы имеденді, Венгерлік демократиялық форум – 164 орынға 

ие  болды,  Еркін  демократтар  одағы  –  92,  Христиандық-демократиялық  халықтық  партиясы  –  21  орын, 

Жас демократтар одағы – 21 орын. Венгрияның премьер-министрі – Йожеф Анталл болды. Ол 1932 жылы 

бұрынғы  Ұсақ  ауыл  шаруашылық  партиясы  көшбасшысының  отбасында  дүниеге  келген,  Будапешт 

университетінде  тарихтан  білім  алған,  1956  жылғы  венгерлік  революцияға  белсене  қатысып,  тұтқынға 

алынады, осыдан кейін тек оқытушылық қызметпен ғана айналысуға рұқсат беріледі [12]. Дәрігерліктің 

тарихымен  айналысып,  сосын  ғылыми  институтты  басқарады.  Венгрияның  жаңа  президенті 

оппозициялық  Еркін  демократтар  одағының  мүшесі  Арпад  Гёнц  болды,  танымал  жазушы  және 

аудармашы.  

Сонымен  –  Венгерлік  демократиялық  форум  партиясы  мен  оның  одақтастарының  алдына  қойған 

басты  мақсаты  –  нарықтық  экономика  мен  жекеменшікке  көшу,  және  жекешелендіру  жүргізу  болды. 

Алғашқы жылдары олар мемлекеттік мүліктің төрттен бірін жекешелендірді, сонымен бірге Венгриядағы 

шетелдік капиталдың ауқымын кеңейтті.  

Қорыты айтқанда Венгрия өз саяси сипатын сапалы түрде өзгертуге қол жеткізе білді. Экономикалық 

модерницацияны табысты қолға алды. Бұған айғақ 2004 жылы көктемде Венгрияның Еуропалық Одаққа 

мүше болып қабылдануы. Шындығында, жаңа ғасырдың бастамасы Венгрия үшін жақсы экономикалық 

көрсеткіштердің  жемісі  болды.  Анталлдың  кабинеті  тұсында  инфляция  мен  жұмыссыздар  саны 

айтарлықтай азайды, валюталық курс тұрақтанды, ұлттық валютаның бағасы көтеріліп, сауда жақсарып, 

экономика  тек  жоғары  көтерілді.  Елдегі  тек  нарықтық  шаруашылық  қана  емес,  сонымен  бірге 

шаруашылық құрылымы да талапқа сай модернизацияланды. Мысалы соғысқа дейін аграрлы ел болған 

Венгрия енді алып индустриялы елге айналды. Әрине, Венгрия алып державалардың қатарына қосылмаса 

да,  сонау  Габсбургтер  монархиясы  құрамында  болған  кезден  басталып,  ұзақ  уақытқа  созылған 

модернизациялық үдерісін толық аяқтады деп қорытындылауға әбден болады. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1. История Венгрии в 3-х т. // Под ред. Исламова Т. – ІІІ. – М.: Наук, 1972. – 968 с. 

2. «Страны и народы»: популярная энциклопедия. – Санкт-Петербург: «Дельта», 1997. – 352 с. 

3. Международные отношения и внешняя политика // Сб. документов. Под ред. М.И. Семиряга. – М.: 

Наука, 1957. – С. 120-123. 

4. Игрицкий  Ю.  И.  Концепция  тоталитаризма:  уроки  многолетных  дискуссий  на  Западе  //  История 

СССР. – 1990. – №6. – С. 172-190. 

5. Jackson J. L., Countries of the world and their leaders. Yearbook: Eastword Publications Development, Inc., 

Cleveland Ohio, 2002. 

6. Международные экономические отношения. – Т. 2. – М.: Новости,1991. – 235 с. 

7. Алтухов В. О. Смене порядков в мировом общественном развитии. – М.: «МЭНО»,– 1995. – 420 с. 

8. Глеб А.Х., Грей Ч.У. Экономические преобразования в странах Центральной и Восточной Европы: 

проблемы, тенденции, перспективы. – М.: Наука, 1995. – 283 с. 

9. Родионова  И.А., Бунакова Т.М. Экономическая география. – М.: Издательство: Московский лицей, 

2003. – 496 с. 

10.Авдаков Ю.К. Экономическая история социалистических стран. – М.: Экономика, 1988. – 345 с. 

11.Страны  и  регионы  мира:  экономико-политический  справочник  //Под  ред.  Булатова,  А.  С.  –  3-е 

издание. – М.: Проспект, 2009. – 894 с. 

12.CentralIntelligenceAgency//Информация о Венгрии [Электронный ресурс]. - 2009 - Режим доступа: 

https://www.cia.gov.- Дата доступа: [02.02.09]. 

 

 

 

 

 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

66 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет