77. Қазақстандықтар- ғарышты бағындырушылар Қазақстан ғарышкерлік дамуының басынан бастап ғарыш кеңістігін игерумен тарихи байланысты болды. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы жасанды Жер серігі 1957 жылы ұшырылғаны белгілі. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин де 1961 жылы «Восток» ғарыш кемесімен қазақ даласынан ғарышқа аттанды.
Қазақстанда басқарылатын кешендердегі ғарыштық зерттеулер қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіровтің ұшуымен тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда, аталған зерттеулер 1991 жылы «Қазақстан-Ғарыш» нысаналы кешенді ғылыми бағдарламасы аясында серпінді дами бастады.
Әлемдік басқарылатын ғарышкерліктің даму тәжірибесі және «Мир» ОК мен ХҒС бортында Қазақстан Республикасының ғылыми ізденістері мен ғарыштық эксперименттерінің бағдарламаларын іске асыру ұшу алдындағы кезеңде даярлықтан өтетін ғарышкерлерге жаңа бірегей ғылыми нәтижелерді алуда айқындаушы рөл берілетінін көрсетті. Бұл өздерінің функционалдық міндеттерін орындау және ұлттық ғылыми бағдарламалар шеңберінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жүргізу үшін ғана емес, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде бірін-бірі өзара алмастыру мақсатымен басқа елдердің ғылыми бағдарламаларын іске асыру үшін қажет болды.
Біздің ғарышкерлер әлемдік деңгейде қазақстандық ғылымның жоспарланған ғарыштық эксперименттерін орындап қана қоймай, басқа мемлекеттердің ғарыш саласындағы ғылыми бағдарламаларын орындауда тең құқылы әріптестер болды.
78. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан ғылымы мен білімі Осы кезенде мектептерде мемлекеттік стандартқа сейкес бағдарламаны жанартуға ерекше көңіл бөлінді. Жалпы білім беру мектептеріндегі оқу жүйесі 1984 жылдан бастап 11 жылдыққа көшірілді. 1984 жылы мектеп реформасы бойынша балалар мектепке 6 жастан баратын болды.1-4-сыныптар бастауыш, 5-9-сыныптар орта, 10-11-сыныптар толық орта білім беретін сыныптар болып белгіленді. 1985-2000 жылдар аралығында орта білім мен жоғары білім беру саласы түпкілікті өзгеріске ұшырады. 1990 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенін баламалы жүйесі - отбасылық, коммерциялық және мемлекеттік білім беру мекемелері қарқынды дами бастады. Жалпы білім беретін бала-малы мектептер, сонын ішінде телемакысы жоғарылығына қарамастан жекеменшік мектептер көбейді. Ана тілінде оқытатын мектептер (өзбек, ұйғыр т.б.) саны да артты. Бірқатар мектептерде әзірбайжан, грек, корей, түрік, поляк, татар тілдері ана тілі ретінде оқытыла бастады және олар оқу жоспарына енгізілді. Барлық мектептер ағылшын, француз, араб тілдерін міндетті пән ретінде оқытуға кірісті. Осы жылдары мектептегі түбірлі өзгеріс - кеңес мектептеріне тән идеологиялық бірсарындылықтан арылды. Қазақстан тарихы мен мәдениеті толық, жүйелі түрде оқытыла бастады. Қайта құру мен тәуелсіздік тұсында ғана жұртшылық сталинизмнің қорқынышты жылдарынын шынғыры, ұжым-дастыру кезеңіңдегі миллиондаған адамның қырылу трагедиясы, Екінші дүниежүзілік соғыстын ақиқаты туралы нақты мағлұмат ала алды.
Еліміз тәуелсіздік алысымен білім саласындағы маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі - жаңа буын оқулықтарын әзірлеп, шығаруға кірісті. Жаңа буын оқулықтарын жазуға, оқу кұралдарын дайындау ісіне республикамызға белгілі мамандар мен ғалымдар, әдіскер мұғалімдер, тәжірибелі ұстаздар және білікті баспагерлер мен полиграфистер тартылған. Осы ұжымдық еңбектің жемісі саналатын отандық тел оқулықтар мен оқу құралдары Білім және ғылым министрлігінін басшыларымн жарық көруде.
Қазақстандық жаңа буын оқулықтары - тәуелсіздіктін бір белгісі, демократиялық даму жолына түскен халықтың өршіл рухын бейнелейді.Бүгінгі күнгі технологиялық талаптардын бәріне толық сай келетін кұнды басылымдар.
Қазақстан ғылымынын даму ерекшеліктері кандай?
Қазақстан ғылымы дамуынын жаңа кезеңі Ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі кұрылған 1992 жылдан басталды. 1998 жылы бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымнын болашағы зор салаларын анықтауға, маңызды ғылыми орталықтарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды. Ғылымга жаңа - әлеуметтанушы,саясаттанушы, мәдениеттанушы кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттық технологиялар, бизнес пен экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық комиссия қайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары қайта қаралды.