29. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы. Музыка өнері
Халық арасына ең көп тараған әрі кеңінен танымал қазақтың музыкалық және ән өнері Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап большевиктер партиясының аса мән берген, қызығушылығын тудырған нысанға айналды. Халықтың шығармашылық мұрасын жинастыру мен жүйеге келтіру жұмысы Азамат соғысынан кейін іле-шала басталды. 1921 жылы Бас саяси ағартушылық комитет құрылып, оның музыкалық бөлімі халық музыкасын жазып алумен, музыкалық ұжымдар ұйымдастырумен айналысты. Белгілі ғалым-этнограф А.Затаевич өз өмірін қазақтың музыкалық шығармаларын жинау мен оны бір жүйеге келтіруге арнады. А. Затаевич 2300 астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады.
Театр өнері
1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Қазақстан үкіметі атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді.
Сурет өнері
Қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеп көрсетуге прогресшіл бағыттағы орыс суретшілері маңызды үлес қосты. Сол уақыттағы белгілі суретшілердің бірі Н. Г. Хлудов болды. Ол қазақ халқының өміріне арналған көптеген кескіндемелік жұмыстардың негізі болған тұрмыстық көріністерді қағазға түсірді. Бұл кезде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды.
Спорт және цирк өнері
Қазақтың спорт және цирк өнерінің дамуына атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы зор еңбек сіңірді. Қажымұқан 1909 жылы Германияның Кельн қаласында өткен жарыста латыштың атақты балуаны Вейланд Шульцті жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы атанады. 1927 жылы Қажымұқанға Қазақ АКСР ОАК Президиумы "Қазақ даласының батыры" атағын берді.
30. Алғашқы жоғары оқу орындары. Алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ).
1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). Ол Орта Азия мен Қазақстан үшін кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанынан қазақ жастарын оқыту үшін арнайы бөлімдер жұмыс істеді. 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды.