Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Ой еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы



Pdf көрінісі
бет17/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   122
  3. Ой еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Еңбек гигиенасы 
өзінің  ерекшеліктері  мен  шешетін  мәселелерінің  өзіндік  мәніне 
қарай  өзара  айырмашылықтары  бар  іргелі  бөлімдерге  бөлінеді. 
Оларға  еңбек  физиологиясы,  өнеркәсіптік  токсикология,  еңбек 
психологиясы жатады. 
  Еңбек  физиологиясы  адам  ағзасында  еңбек  ету  нәтижесінде 
пайда  болатын  физиологиялық  өзгерістерді  зерттейді,  сондай-ақ 
адамның  денсаулығын  және  қажетті  деңгейде  жұмыс  қабілет-
тілігін  сақтауға,  қажудың  алдын  алуға  мүмкіндік  беретін 
физиологиялық  тұрғыдан  негізделген  еңбек  үрдісін  қолайлы 
ететін әдістерді ұсынады. 
  Еңбектің  барлық  түрлерін  дене  және  ой  еңбегіне  бөледі. 
Мұның алғашқысына бұлшық ет белсенділігінің басым болуы, ал 
соңғысына  –  ой  жұмысы  мен  шығармашылық  іс-әрекет  тән 
болады. 
  Ой  еңбегі,  әдетте,  есте  сақтауды,  зейін  қоюды  жұмылдыра 
отырып,  әр  түрлі  көлемді  ақпараттарды  өңдеу  қажеттілігімен, 
стресс  жағдайлардың  едәуір  жиілігімен  сипатталады.  Мұнда 
бұлшық етке көп күш түспейді, энергия шығыны тәулігіне 2 400-
2 000  ккал  шамасында  болады.  Ой  еңбегі  операторлық, 
шығармашылық,  медицина  қызметкерлерінің,  оқытушылардың, 
оқушылар  мен  студенттердің  еңбегіне  бөлінеді.  Операторлық 
еңбек  жоғары  жауапкершілікпен  және  шамадан  артық  жүйкелік-
сезімдік  күш  салумен  ерекшеленеді,  мысалы,  бұған  телефонда 
жұмыс  істейтіндердің  еңбегін  айтуға  болады.  Басқарушылық 
еңбек  ақпараттар  көлемінің  шамадан  тыс  көбеюімен,  оларды 
өңдеуге  уақыт  тапшылығының  өсуімен,    қабылдаған  шешіміне 


 
 
38  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
өзінің 
жоғары 
жауаптылығымен, 
шиелініс 
тудыратын 
жағдайлардың  жиі  болып  тұруымен  белгілі.  Шығармашылық 
еңбек  (ғылыми  қызметкерлер,  жазушылар,  композиторлар, 
әртістер,  суретшілер,  сәулетшілер,  конструкторлар)  –  бұл  едәуір 
есте сақ-тауды, зейін қоюды, күш салуды қажет ететін, жүйкелік-
сезімдік зорлану дәрежесін жоғарылататын ең күрделі еңбек түрі. 
Оқытушылар  мен  медицина  қызметкелерінің  еңбегі  адамдармен 
үнемі  қарым-қатынаста  болумен,  жоғары  жауапкершілікпен, 
дұрыс 
шешім 
қабылдау 
үшін 
уақыт 
және 
ақпарат 
жетіспеушілігімен белгілі. 
  Дене  еңбегінің  екі  түрін  ажыратады:  динамикалық  және 
статикалық  еңбек.  Статикалық  еңбек  кезінде  бұлшық  ет  күші 
жұмыс  кезіндегі  дене  қалпын  сақтауға  және  еңбек  құралдарын 
қозғалтпай  ұстап  тұруға  бағытталады.  Бірінші  жағдай  бұлшық 
еттердің  жиырылуымен,  екіншісі  –  олардың  ұзындығы  мен 
жуандығы 
өзгермей 
жиырылуымен 
қамтамасыз 
етіледі. 
Динамикалық еңбек жүкті тиеп-түсіруге, тасуға және адамның өз 
денесін  немесе  оның  бөліктерін  кеңістікте  қозғалтатын  бұлшық 
еттердің  жиырылу  үрдісі.  Статикалық  еңбек  динамикалық 
еңбекке  қарағанда  тез  қажытады,  себебі  бұлшық  еттер  үздіксіз 
жұмыс іс-тейді. 
  Дене  еңбегінің  қарқындылығы  өсуіне  қарай  газ  алмасу  да 
жоғарылайды.  Тыныштық  күйде  өкпеде  ауа  алмасу  көлемі 
минутына  5-8  л  құрайтын  болса,  жұмыс  кезінде  тыныс  алу 
тереңдігі  мен  жиілігінің  өсуі  есебінен  минутына  50  л-ге  дейін 
және одан да көбейеді. Қандағы эритроциттердің саны мен гемог-
лобин  мөлшері  артады.  Жеңіл  және  ауырлығы  орташа  жұмыс 
кезінде глюкозаның мөлшері біршама төмендейді. 
  Бұлшық 
еттің 
қарқынды 
жұмыс 
істеуі 
кезінде 
пайдаланылатын  оттегінің  мөлшері  едәуір  артады.  Адам 
тыныштық  күйде  минутына  150-300  мл  оттегін  қажет  ететін 
болса, ауыр дене еңбегі кезінде оның мөлшері 10 – 15 есе артады. 
Тыныштық  күйдегі  деңгейімен  салыстырғанда  бұлшық  еттің 
қарқынды жұмыс істеуі кезінде ағзаның энергия шығыны 10 – 15 
есе  өседі.  Бұлшық  еттің  жұмыс  істеуі  айналымдағы  қанның 
мөлшерін  көбейтеді  және  жүрекқан  тамырлары  жұмысының 


 
 
 
39
 
көрсеткіштеріне  әсер  етеді.  Жүректің  минуттық  көлемі  3  –  5  л-
ден 20 – 40 л-ге дейін артады. Оның жиырылу жиілігі минутына 
140  –  180-ге  жетуі  мүмкін.  Максимум  артериялық  қан  қысымы 
180 – 200-ге дейін өседі. 
  Ой  еңбегі  кезінде  жүктеме  ең  алдымен  орталық  жүйке 
жүйесіне  әсер  етеді,  өйткені  ой  еңбегімен  айналысатын 
қызметкерлердің  миы  реттеуші  ғана  емес,  сондай-ақ  ой  еңбегін 
атқарушы  мүше  болып  табылады.  Қарқынды  ой  еңбегі  кезінде 
мидың  энергияны  қажетсінуі  артады.  Мысалы,  көпшілікке  дәріс 
оқыған  кезде  энергия  шығыны  94  %  жоғарыласа,  отырып  да-
уыстап оқыған кезде тек 48 %-ға көтеріледі. 
  Ой 
еңбегінде  айтарлықтай  жүйкелік-сезімдік  жүктеме 
болмайды. Мысалы, кітап оқу, дене еңбегіндегі сияқты жүрекқан 
тамыр  жүйесі  мен  сыртқы  тыныс  алу  жағынан  өзгерістер 
туғызбайды.  Мысалы,  әуежай  диспетчерлері,  ұшқыштар, 
хирургиялық  дәрігерлер  күрделі  мәселелерді  шешу  кезінде 
олардың жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 160 – 180-ге дейін 
өсуі мүмкін, артериялық қан қысымы жоғарылап, жүрек қыспасы 
да  байқалуы  мүмкін.  Өкпеде  ауа  алмасуы  және  оттегін  тұтыну 
артады, дене қызуы көтеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет