Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Ксенобиотиктердің  биологиялық  әсері



Pdf көрінісі
бет56/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   122
     4.  Ксенобиотиктердің  биологиялық  әсері.  Химиялық 
заттардың  адам  организміне  нақты  әсер  етуі  қоршаған  орта 
сапасының  гигиеналық  өлшемдерімен  анықталады.  Осыған  орай 
ластаушы  агенттердің  биологиялық  әсері  екіге  –  шұғыл  және 
созылмалы 
әсерге 
бөлінеді. 
Ұзақ 
уақыт 
өткен 
соң 
ксенобиотиктердің  созылмалы  және  шұғыл  әсері  бірқатар 
адамдарда  алыстаған  әсерді  –  онкологиялық  ауруларды  немесе 
генетикалық бұзылуды тудыруы мүмкін. 
     Белгілі  бір  аумақ  үшін  әдеттегі  агенттердің  қоршаған  ортаны 
ластау  дәрежесі  артып  кететін  немесе  ластаушы  жаңа  агенттер 
уақытша  пайда  болатын  жағдайда  ксенобиотиктердің  шұғыл 
биологиялық 
әсері 
байқалады. 
Бұл 
халықтың 
жалпы 
аурушаңдығын  арттырып,  денсаулығын  нашарлатады,  кейде 


 
 
 
117
 
өлім-жітімге  әкеп  соқтырады.  Науқастар  көбіне  ентігіп,  тыныс 
алуы қиындайды, жөтеледі, жүрек соғуы жиіліп, лоқсиды. 
     Атмосфера  ластануының  шұғыл  әсері  осы  аумақтағы  ауа 
райының  күрт  өзгеруі  (температураның  ауысуы,  тұман,  өндіріс 
орындары  жақтан  соғатын  тұрақты  күшті  жел),  сондай-ақ 
өнеркәсіп  орындарында  авария  болуы  салдарынан  ластану 
концент-рациясының  рұқсат  етілетін  деңгейден  ондаған  есе 
артып кетуіне байланысты байқалады. 
    Ластаушы  агенттердің  созылмалы  әсер  етуі  адам  организміне 
қолайсыз  әсер  етудің  негізгі  түріне  жатады.  Мұның  өзі  әдеттегі 
созылмалы  және  ерекше  созылмалы  деп  аталатын  екі  түрге 
бөлінеді.  Әдеттегі  созылмалы  әсер  етуден  ауаның  ластануы 
айтарлықтай көп емес. Ал ерекше созылмалы әсер ету процесіне 
әр түрлі химиялық кластарға жататын заттар қатысады, олардың 
биологиялық әсері ерекше болады. 
     Қоршаған  ортаның  организмдердің  тұқым  қуалаушылық 
қасиеттерін  бұзатын  факторларын  (мутация)  зерттеумен 
токсикогенетика  ғылымы  шұғылданады.  Мұндай  факторларды 
мутагендер  немесе  генотоксиканттар  деп  атайды.  Мутацияны 
туғызатын  кез  келген  агент  (қоршаған  орта  факторы)  мутаген 
болып  табылады.  Ластаушылардың  мутагендік  әсері  –  бұл 
организмде  мутациялық  өзгерістер  туғызатын  әрекет.  Мутация 
(латынның  mutation  −  өзгеріс  деген  сөзінен  шыққан)  – 
генетикалық  ақпарат-тың  сақталуына  және  оның  клеткадан 
клеткаға,  ата  тегінен  ұрпағына  берілуіне  жауапты  тұқым  қуалай 
берілетін  құрылымдардың  кенеттен  табиғи  немесе  жасанды 
жолмен өтетін орнықты өзгерісі. Генетикалық аппараттың өзгеру 
сипатына қарай мутагендер мынадай үш топқа бөлінеді: 
     1)    физикалық  мутагендер  –  бұлар  иондаушы  радиация, 
ультракүлгін  сәуле,  электромагниттік  өріс,  жоғары  және  төмен 
температуралар; 
     2)    химиялық  мутагендер  –  пероксидтер,  ауыр  металдар, 
хлорланған 
көмірсутектер, 
азотты 
қышқыл 
мен 
оның 
туындылары және т.с.с.; 


 
 
118  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     3)    биологиялық  мутагендер  –  вирустар,  вирусқа  қарсы 
қолданылатын вакциналар, бөгде ДНҚ мен РНҚ, эндопаразиттер 
(гельминттер, қарапайымдар) бөліп шығаратын токсиндер. 
     Бүгінде  бірнеше  жүздеген  мың  мутагендер  белгілі.  Олар 
адамның күнделікті пайдаланатын көптеген заттарында кездеседі. 
Айталық,  оларды  шаш  бояуларынан,  көшірме  техникаға  қажетті 
ұнтақтардан, қызыл шараптан, жоғары температурада қуырылған 
ет пен балықтан, темекі түтінінен табуға болады.   
     Мутагендер  адам  организміне  тікелей  де,  жанама  (қоректік 
тізбек,  өсімдіктер  мен  жануарлардың  ұлпаларында  сақталатын 
химиялық  заттар  арқылы)  да  әсер  етеді. Мутагендердің  әсерімен 
адамды  ауруға  шалдықтыратын  микроорганизмдер  түрлерін 
өзгертуі мүмкін (СПИД). 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
     1. Экоуыттылық, уыттылық дозасы дегенді қалай түсінеміз? 
     2.  Уытты заттардың қандай түрлері белгілі? 
     3.    Экотоксиканттардың  тірі  организмдерге  түсу  жолдары 
қандай? 
     4.    Ксенобиотиктердің  тірі  организмге  қандай  ену  жолдары 
мен ерекшеліктері бар? 
     5.  Ксенобиотиктердің биологиялық әсері қандай болады? 
     6.    Мутагендердің  қандай  түрлері  және  генетикалық  рөлі 
белгілі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
119
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет