Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Қазақстанда қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы



Pdf көрінісі
бет63/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   122
7. Қазақстанда қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы
Қазіргі  уақытта  әлемде  уытты  қалдықтарды  жою  жөніндегі 
стратегия 
болашақта 
қоршаған 
орта 
нысандарындағы 
пестицидтердің қолдықтарын азайтуға бағытталған. 
     Қазақстан  Республикасының  санитарлық-эпидемиологиялық 
зертханалары  судағы,  топырақ,    ауа  және  азық-түлік 
өнімдеріндегі  пестицидтердің 
қалдық 
мөлшеріне 
ұдайы 
зерттеулер жүргізіп келеді. 
     Өткен  онжылдықта  қолданылатын  пестицидтердің  көлемі        
4  есе  дерлік  кеміген.  Пестицидтермен  өңделетін  егістіктер 
ауданы  1986  –  1995  жылдары  26,7  млн  гектардан  6,0  млн. 
гектарға  дейін  азайған.  Алайда  пайдаланылатын  пестицидтер 
тізбесі жыл сайын артып, қазіргі уақытта 200 атаудан артып отыр. 
     Өсімдіктерді  қорғайтың  жаңа  құралдардың  алуан  түрлілігіне 
қарамастан,  Қазақстанда  қазірге  дейін  өткен  ғасырдың  50-60-
жылдарында  шығарылған  мынадай  препараттар  қолданылуда: 
ГХЦГ,  гептахлор,  ДДТ,  ДДВФ,  хлорпиридин,  тигам, фентиурам, 
метафос  және  басқалары.  Бұлардың  қоршаған  ортадағы 
уыттылығы,  тұрақтылығы  және  зиянды  әсері  жоғары  болып 
қалуда. 
     Қазақстанның 
көптеген 
өңірлерінде 
хлорорганикалық 
пестицидтердің  максимум  шекті  деңгейі  шектен  тыс  үлгілердің 
саны  артқан.  Мұндай  фактілер  Алматы  қаласында,  Оңтүстік 
Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл 
облыстарында тіркелген. 
     Бүкіл  дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  деректері 
бойынша  пестицидтерді  қолданудың  салдарынан  әлемде  жыл 
сайын 2 млн-ға жуық жазатайым жағдайлар тіркеліп, олардың 30 
-  40  мыңы  адам  өлімімен  аяқталады.  Сондықтан    бүгінде  көп-
теген  көптеген  елдерде  бірқатар  пестицидтерді,    атап  айтқанда, 
әйгілі  пестицид  ДДТ-ні  қолдануға  тыйым  салынған.  Ауыл 
шаруашылығында  пестицидтерді  одан  әрі  пайдалануға  қарсы 
белсенді  күрес  жүргізіліп,  өсімдіктерді  биологиялық  қорғау 


 
 
130  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
шараларына және құрамында пестицидтер жоқ экологиялық таза 
өнімдер өндіруге көшу туралы талаптар қойылуда. 
     Адамдардың  денсаулығы  үшін  пестицидтердің  қауіптілігін 
және  олардың  табиғат  процестерін  бұзуы  мен  қоршаған  ортаны 
ластаудағы  рөлін  ескере  отырып,  пестицидтерді  барынша 
сақтықпен,  қатаң  дозамен  және  басқа  күрес  жүргізу  шаралары 
дәрменсіз болатын мәжбүрлі жағдайларда ғана қолдану керек. 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Пестицидтер  дегеніміз  не?  Олар  қандай  мақсаттарда 
қолданылады? 
2.  Өздерінің  химиялық  тегіне  қарай  пестицидтерді  қалай 
жіктейді? 
3.  Пестицидтердің  тірі  организмдерге  әсер  ету  механизмдері 
туралы айтыңдар. 
4.    Пестицидтердің  ұзақ  сақталғыштығы  деген  не?  Ол  бұл 
жөнінен қандай топтарға бөлінеді? 
5. Пестицидтердің табиғи ортада бұзылу жолдарын атаңдар. 
6.    Пестицидтер  қоршаған  ортаның  химиялық  ластануына 
қандай «үлес» қосады? 
7.    Қазақстанда  пестицидтердің  қолданылуы  және  олардың 
қоршаған орта нысандарын ластау жағдайы қандай?   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
131
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет